Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Этил спиртін дегидраттап этилен алу.

Читайте также:
  1. E) Этилендиамин
  2. Берілген заттар-ң Cl2,HCl,H2O,Br2,HBr арасында этилен гомологымен әрекеттесетіні*барлық аталған заттар
  3. Опыт 1. Получение этилена и исследование его свойств
  4. Острое отравление метанолом или этиленгликолем чаще всего развиваются вследствие контакта яда с организмом
  5. ЭТИЛЕНГЛИКОЛЬ

Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл конц. Күкірт қышқылын (немесе екеуінің дайын қоспасынан 3-4 мл) абайлап құйып алыңдар.Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнау үшін, қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбек етіп тұрғыға бекітеді.Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.

Этиленнің қасиеттерін зерттеу:

А) газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл бром (йод) суы құйылған сынауыққа салып, ерітіндінің сарғылт түсі жойылғанша газ өткізіңдер.

Б) газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл калий перманганаты ерітіндісі құйылған сынауыққа салып, ерітіндінің түсі жойылғанша газ өткізіңдер.

В) газ жүретін түтіктің ұшын жоғары қаратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар.

Қыздыруды тоқтатып, қоспа салқындағаннан кейін жұмыс орнын жинап, тәртіпке келтір

 

 

Бақылау жұмысы тапсырмалары:

I. 1. Паули принципі, Гунд ережесі, Клячковский ережесіне сәйкес № 19 элемент атомының электрондық конфигурациясын жаз. Электронды-графикалық формуласын валенттілік электрондары үшін жазып:а) валенттіліктері мен тотығу дәрежелерін анықта; б) квант сандарын анықта

2. Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі 3 –ші период элементтерінің: а) тотықсыздандырғыштық- тотықтырғыштық; б) негіздік –қышқылдық қасиеттерінің өзгеруін көрсет.

3. Бор хлоридіндегі: а) бордың гибридтену типін анықта; б) молекуланың кеңістіктегі геометриялық формасын анықта; б) химиялық байланыстардың түзілу механизмдерін жаз.

II. 1. Химиялық кинетика. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторларға реакция теңдеулерінен мысалдар келтіре отырып, әсерін көсрет: а) әрекеттесуші заттардың табиғаты; б) температура (Вант-Гофф ережесі); в)концентрация; г) қысым; д)өршіткі. Химия және биохимиядағы катализатордың рөлі (гомогенді (біртекті) және гетерогенді(әртекті)).

II. 2. Химиялық тепе -теңдік. Химиялық тепе –теңдіктің ығысуын Ле – Шателье ұстанымына сүйене отырып, мысалдар келтіріп түсіндір: а) температура; б) қысым; в) әрекеттесуші заттармен реакция өнімдерінің концентрациясы.

2CO +O2 = 2CO2; ∆H = -566,4 кДж

III. Төменде берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазып, жұлдызшамен көрсетілген реакцияның (*)механизмін түсіндір және (**)тұздың гидролиз реакциясының молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.

NaCl(ер-ді) *→ Cl2 →HCl →C2H5Cl → C2H5OH

↓ ↑

NaOH→ **Na2CO3→NaHCO3 →CO2→C6H12O6

IV. Көлемі 300 мл 10 % -дық, тығыздығы 1,109 г/мл натрий гидроксиді ерітіндісіне 500мл 30% -дық тығыздығы 1,180 г/мл азот қышқылы ерітіндісін қосқанда массасы 65 г тұз түзіледі.Реакция өнімінің шығымын есепте.

V. Массасы 20,5 г сусыз натрий ацетатын натрий гидроксидімен қосып қыздырғанда бөлінген газ, жарықтың әсерінен хлормен әрекеттесті.Бұл хлор 130,5 г марганец диоксидін қолданып алынған. Хлорлау реакциясы толық жүріп өткеннен кейін барлық газ тәрізді заттарды суда еріткен. Сонда алынған ерітінді бейтараптау үшін қажетті натрий гидроксидінің зат мөлшері тап. (2моль)

Бақылау жұмысының дұрыс жауаптары:




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав