Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р Еңбек кодексі.

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. Аристотель еңбектеріндегі ғылымдардың жіктелуі(« органон» « категориялар»).
  3. Еңбек құқы бойынша жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
  4. Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.
  5. Еңбек қауіпсіздігі заңнамасын бүзған үшін жауаптылық.
  6. Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қызметтері.
  7. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 1 страница
  8. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 2 страница
  9. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 3 страница
  10. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 4 страница

Еңбек тәртібінің ережелері. Қызметкерлердің ұсынысымен келісуі бойынша жұмыс берушімен бекітіледі.

Еңбек тәртібінің ережелерінде жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен демалу уақыты, еңбек тәртібіне жағдай жасау және өзге де еңбек қатынасын реттейтін мәселелер бекітіледі. Еңбек тәртібі ережелері жұмыс беруші мен жұмыскердің міндетті жұмысты орындау болып табылады.

Жұмыс уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.

Жұмыс уақытына сонымен қатар дайындамалы-қорытынды жұмыстары жатады (тапсырмаларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды алу, техника, құжаттармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және т.б) технология, еңбек ұжымымен, еңбек қорғау және нормалау ережелерімен қарастырылған үзілістер, жұмыс орнында орындалатын жұмыстар, яғни егер де жұмыскер өзінің жұмыс уақытында тиісті жұмыстарды атқармаған жағдайда, сондай-ақ ҚР нормативті-құқықтық актілерін, жұмыс берушінің актілерін орындамаған жағдайда жұмыс беруші (басшы) тарапынан жазалар қолданылады.Қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптада 40 сағаттан аспауы тиіс.

Еңбек және ұжымдық келісім-шарттарда аз жұмыс уақытының ұзақтығы да қарастырылады, ол қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығымен және төлемақы төлеу ретінде жүргізіледі. 18 жасқа толмаған жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған түрі бекітіледі:

а) 14 және 16 жас аралығындағы жұмыскерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспауы керек

б) 16 және 18 жас аралығындағы жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспауы керек

в) білім беру орындарының оқушылары үшін, оқу жылы ішінде оқу мен жұмысты бірлесіп істеп жүргендер үшін, 14 пен 16 жас - күніне 2,5 сағат; ал 16 мен 18 жас - күніне 3,5 сағаттан аспауы керек.

18 жасқа толмаған жұмыскерлерді түнгі ауысым жұмыстарына қалдыруға, қосымша жұмыстарды беруге, іс-сапарларға жіберуге және вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға жіберуге тыйым салынады.

Ауыр жұмыстарда, сондай-ақ зиянды (аса зиянды) немесе қауіпті еңбек жағдайларында орындалатын жұмыстарға әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынады.

Жұмыс беруші жүкті әйелдерді түнгі, демалыс және мерекелік күндері жұмысқа тартуға, қосымша жұмыстарды беруге, іс-сапарларға жіберуге және жазбаша түрде жазылған вахталық әдіспен жұмыс істеуге тыйым салынады.

Демалыс пен тамақ ішуден басқа ауысым ішіндегі және арнайы үзілістен кейін 1,5 жастағы баласы бар әйелдерге (ұлы немес қызы) балаларын тамақтандыру үшін үзілістен кейін 1 сағат берілуі тиіс.

Ауыр, әрі зиянды (аса зиянды) жұмыста істейтін жұмыскерлер аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек.

Өндіріс пен цехтардағы мамандықтар мен кәсіптер, сонымен қатар ауыр жұмыстар, зиянды сипаттағы жұмыстар (аса зиянды), еңбек жағдайындағы қауіптілікті айқындайтын жұмыстарға денсаулық сақтау мекемелерінің келісімімен мемлекеттік органдары айқындайды.

Уақытша демалыс түрлеріне:

1) жұмыс уақыты кезіндегі тамақтануға және демалуға арналған; ауысым ішіндегі және арнаулы үзілістер

2) күнделікті (ауысым аралық) демалыс

3) демалыс күндері (апта сайын болатын демалыс)

4) мерекелік күндер

5) кезекті демалыстар

Жұмыс уақытында үзілістен соң тамақтануға және демалуға болмайды.

Жұмыс беруші әрбір жұмыскерге кәсіптік дайындықты біліктілікті жоғарылатуды, жұмыс кезінде оқу жағдайын да жасауға, еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек келісім-шартындағы қарастырылған жағдайларды жасауға міндетті.

Кәсіптік дайындау, қайта дайындау және жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату жұмыс берушінің көмегімен жүзеге асырылады. Жұмыскерлер кәсіптік дайындыққа, қайта дайындауға және біліктілікті жоғарылатуға, яғни жаңа мамандық пен кәсіпті игеруге құқылы. Кәсіптік дайындықты, қайта дайындықты және біліктілікті жоғарылату кезінде жұмыскер осы еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек келісім-шартында қарастырылған кепілдемелерді қолданады.

Ұжымдық келіссөздер жүргізудегі принциптері болып табылады: тараптардың қызығушылықтарын сыйлау және олардың тепе-теңдігі; мәселелерді еркін түрде талқылау, яғни ұжымдық келісім-шарттар немесе ұсыныстардың мазмұны; тараптардың міндеттерін ерікті түрде қабылдау; ҚР еңбек заңнамасын сақтау.

Ұжымдық келісім-шарттардың тараптары болып табылады: жұмыскерлер мен жұмыс беруші. Ұжымдық келісім-шартта төмендегідей ережелер болады:

1. Ауыр және зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында және т.б. жұмыс істейтіндерге еңбек төлемақысының нормалары, формалары, жүйелері, олардың тарифтік ставкалары мен еңбекақысы жүргізілуі туралы;

2. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, кезекті еңбек демалысы;

3. Еңбек және тұрмыстық жағдайда салауатты және қауіпсіздік жағдай жасау туралы;

4. Еңбек тәртібін реттеу туралы;

5. Тұрғын және тұрмыстық еңбек жағдайын жақсарту туралы;

6. Жұмыскерлердің білім алу, санаторлы-курортты емделу және демалуы туралы;

7. Жұмыскерлер мен жұмыс беруші жауапты кезінде шығын келтірген жағдайда және басқа да мәселелер.

Келісім-шарттың қорытындысында еңбек қорғау және қауіпсіздікке құқылы кепілдігі ретінде еңбек жағдайын куәландыратын сипаттама көрсетілуі тиіс, яғни онда зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар, ҚР заңнамасында қарастырылған және ұжымдық келісім-шартындағы еңбек жағдайына қатысты кепілдемелер, жеңілдіктер мен өтемақылар көрсетілген.

Жұмыскерлермен еңбек келісім-шартына отырған жағдайда, оның ауыр, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында, сонымен қатар жер асты жағдайларында жұмыс істеуіне рұқсаттама сол азаматтың медициналық тексерістен өтуінен және денсаулық жағдайын мемлекеттік денсаулық сақтау саласындағы нормативті-құқықтық актілер талабына сәйкес жұмысқа қабылданады.

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттардың талаптарына, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

Берілген жұмысты жұмыскер орындамаған жағдайда және денсаулық немесе жанындағы адамдарға зардабы тиіп жатқан жағдайда, онда ол материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Егер жұмыс беруші жұмыскерге арнайы жұмыс киімін бермегенде, жеке және (немесе) ұжымдық қорғау құралдары ұсынылмаған жағдайда, жұмыскер еңбек міндеттерін толығымен тоқтатуға құқылы, сонымен қатар жұмыскер басшы тарапынан осы себептердің тууына байланысты өзінің орташа жалақы сын талап етуге құқылы.

Еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиян туып жатса, яғни оны осы Кодексте қарастырылған және азаматтық заңнамада, ұжымдық келісім-шартта қарастырылғандай белгілі-бір тәртіпте көрсетілген шығынға төлем жүргізіледі.

Аса ауыр, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында, яғни ҚР заңнамасында көрсетілгендей жұмыс беруші өзінің жұмыскерлерінің жүйелі медициналық тексеруден өтуін ұйымдастырады.

Аса қауіпті машиналар, механизмдарда жұмыс істейтін жұмыскерлер әрқашан да ауысым алдында медициналық куәландырылудан өтуі тиіс. Денсаулық сақтау саласында өкілетті мемлекеттік органдармен анықталады, ауысым алдындағы медициналық куәландыруды қажет ететін мамандар тізімі.

Жеке құралдар есебінен жұмыскер еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде жұмыскерлердің білімін тексеруді нұсқаулықтармен танысуды және оқуды жүргізеді.

Жұмысқа қабылданған жұмыскер міндетті түрде еңбек қорғаужәне қауіпсіздік бойынша алдын-ала оқудан өтуі тиіс. Алдын-ала еңбек қорғау және қауіпсіздік жөнінде нұсқаулықтан оқудан өтпеген жұмыскер жұмыс істеуге жіберілмейді.

Жұмыскер құқылы:

1) еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес құрал-жабдықтар мен жұмыс орнына;

2) санитарлы-тұрмыстық орындармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес арнайы киімдердің ұсынылуына, сондай-ақ еңбек және ұжымдық келісім-шарттар;

3) егер жұмыскердің денсаулығына немес өміріне қауіп-қатер мен зиян туып жатса, онда жұмыскер міндетті түрде жетекшіге немес басшыға сол жөнінде жазбаша мәлімет беруі тиіс;

4) еңбек қорғау қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сәйкес келмеуіне байланысты жұмысын тоқтатқан жағдайда орташа жалақысын қалдыруға;

5) басшыдан еңбек қорғау және қауіпсіздік саласында қысым немесе жәбір көрген жағдайда;

 

Жұмыскер міндетті:

1) өндірісте орын алған бақытсыз жағдайлар мен кәсіптік аурулар (улану) және сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер мен зиян тигізіліп жатқан жағдайда міндетті түрде басшыға хабарлауға;

2) міндетті жүйелі медициналық тексерістен және ауысым алдында мед. куәландырырудан өтуге;

3) жұмыс беруші ұсынған жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде оларды қолдануға;

4) өндірісте жұмыстың қауіпсіз жағдайда орындалуына, еңбек қорғау және қауіпсіздік нұсқаулығындағы ережелердің, норма талаптарын сақтауға;

 

Жұмыс беруші құқылы:

1) жұмыс орнын жұмыскерлердің қолайлы еңбек жағдайының қауіптілігін құрғаны үшін, тиімді ұсыныстарды жасағаны үшін марапаттауға;

Жұмыс беруші міндеті:

1) аса қауіпті өндірістік құрал-жабдықтар ауыстырылымын алдын-алу шараларын технологиялық процесс жолымен және жұмыс орнындағы әрбір қауіп-қатерді жою үшін шаралар қолдануға;

2) еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмыскерлерді оқыту және дайындауды жүргізуге;

3) еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша ұжымдық техникалық іс-шараларды жүргізуге;

4) өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз өткізу үшін құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге және нұсқаулықты жүргізуге;




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 35 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав