Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұқының негізгі өсімдік қорегімен қоректенуі

Читайте также:
  1. A) негізгі ќўралды тегін алуды
  2. А) негізгі құралдар амортизациясы
  3. Абылдаудың негізгі қасиеттерін айқындаңыз
  4. Абылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаныз?
  5. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  6. Азіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
  7. Алқатұқымдастар-кіріккен өсімдіктер
  8. Аржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты
  9. Аржылық ресурстарының негізгі өсу факторлары
  10. БҰДСЖ негізгі принциптері

 

 

Контрольные вопросы:

 

1. Где применяются высоковольтные выключатели ?

2. Какие требования должны удовлетворять выключатели ?

Лекция 3.Тоғандарда балықтарды қоректендіру және жасанды қоректің негізгі компоненттеріне сипаттама.

Балықтардың қорек рационы әртүрлі болуы керек, неғұрлым қорек әртүрлі болса, со ғұрлым сіңімді болады. Ең жақсы Отандық және Шетелдік балық комбикормның құрамына витаминдер және минералды тұздарды қоспағанда 9....12 компонент кіреді.

Өсімдік тектес қоректер. Олар В тобының витаминдері мен көмірсулардың негізгі көзі болып табылады. Дәнді – дақылдар тұқыны қоректендіруде маңызды орын алады. Бидайдың дәнінің құрамындағы протеиннің мөлшері 8-ден 12% арасында ауытқиды, кейбір бидай сорттарында ол 22%-ға жетуі мүмкін. Ақуыздың негізгі массасына альбумин, глобулин, прогамин кіреді. Дәндерінің, көмірсуының құрамына крахмал 49-86%, қант -3,5, клечатка және целлюлоза – 2-30% мөлшерде кездеседі. Злаковтың майын негізіне линоген және олеин қышқылы құрайды. Дәннің құрамындағы микроэлементтер негізінен фосфор мен калий және магниймен тотықтырылған, ал кальцийдің мөлшері аз. Бидай түрлердің ішінде ең сіңімді және ақуызға өте бай. Бидайдың құрамындағы аминқышқылдар мен протеин жақсы сіңіріледі. Тұқы 1кг бидайдан 500г маңызды зат алады. Бидайда лимиттейтін аминқышқыл – лизин б.т. Жүгерінің құрамына крахмал кіреді, бірақ протеин аз. Балықтар жейтін аралас қоректің құрамында кебек болады. Барлық кебектер протеинге, майға, бидай дәніне қарағанда бай. Олдар фосфорға өте бай. Бобловтың өсімдіктердің дәнінің құрамында 25-35% протеин және гидролитикалық ферменттер бар. Бобловтың құрамындағы протеиндер 70-80% дейін сіңіріледі.

Құнарлылығы жағынан соя 1-ші орында тұр, оның аминқышқылының құрамы жануарлардікіне өте ұқсас. Бобовтың аминқышқылдарын лимиттеуші метионин, изолейцин, фенилаланин, лизин б.т.

Май өндіруші өнеркәсіптерде күнжара, шрот қалдық б.т. Олардың құрамында ақуыз көп.

Күнжараны майды престеу жолы арқылы алса, ал шротты майдан экстракционды әдіс арқылы алады. Күнжарада 2-5% май көп, ал шротта 2-5% протеин көп. Соялық шроттың тағамдық құндылығы жоғары. Себебі оның аминқышқылдық құрамы жақсы. Күнбағыстық шрот соялыққа қарағанда құнсыз, себебі оның құрамында клетчатка (15-20%) көп. Күнбағыстық шрот балықтарды қоректендіруде кеңінен қолданылып, аралас қоректе оның мөлшері 20-30% жетеді. Мақталық шроттың құрамында – госсипол (0,03-0,2%) деген улы зат бар. Қоректік мақсатта тек госсиполдың мөлшері 0,1%-тен аспайды.

Арахистік, коноплялық шроттарды балық қорегінде сирек қолданады.

Тұқының негізгі өсімдік қорегімен қоректенуі

  Қорек   Протеин   Аминқышқыл Өсуге кеткен протеин,% Энергияға айналған азот пен азотсыз заттардың байланысы
Бидай 1:2,6
Тары 1:3,0
Арпа 1:4,1
Сұлы 1:4,7
Бұршақ 1:1,2
Люпин 1:0,2
Шрот:        
Соялы 1:0,5
Күнбағыс 1:0,6
Арахисті 1:10,7
Мақталы - -
Күнжара:        
  1:0,7
  1:0,6
  1:0,4
           

 

Загрузка...

Жануартектес қоректер. Ең негізгі құнарлылығы жоғары балық шаруашылығында қолданылатын балық ұны болып саналады. Оның сапасы протеиннің мөлшерімен есептеледі, неғұрлым ол көп болса қоректік қатынаста жоғары болады. Балық ұнында аминқышқылдардың ауыстырылмас жинағы бар, оның құрамында көп мөлшерде лизин, метионин, триптофан, валин бар. Ұнның құрамында организмді энергиямен, қажетті қоректік элементтермен қамтамасыз ететін тотықпаған май қышқылдары бар.

Етті сүйекті ұн – жануар ақуызының көзі Оның құрамында аргинин мен гистидин бар.

Ал қан ұнының қоректік маңызы жоғары емес, оның құрамында аргинин мен метионин аз және ол қиын қортылады.

Крил ұны теңіз шаянтәрізділерін өңдеуден шығады, ол протеиннің және тотықпаған май қышқылдарына өте бай. Организмде болатын маңызды физиологиялық процестерге қатысатын каратиноидтарға бай. Бұл ұн бахтақты, тұқыны және т.б балықтарды қоректендіруде маңызды рөл атқарады. Балықтарға әсіресе жас балықтардың аралас қорегіндегі құнды ингредиенттер сүт өнімдерінде көп болады. Олар көптеген ақуыз және көмірсу, сонымен қатар В тобының витаминдерінің көзі б.с. Жануартектес қоректердің соның балық ұнының жетіспеушілігі және қымбаттылығы оларды ауыстыратын өнім керек екендігін көрсетеді.

Микробиологиялық синтез өнімдері. Төменгі сатыдағы автотрофтар мен ашытқылардың көмегімен алынған ақуыздың көзі. Микроорганизмдер қарапайым, күрделі және синтетикалық заттарды (аммоний тұздарын, спирт, сірке қышқылын, көміртегі, парафин, мұнай, табиғи газдарды) бағалы қоректік ақуызға айналдырады. Ашытқылар құрамына 44-54% протеин, 1,5-6% май, 22-40% азотсыз экстрактивті заттардан және 6-12% минералды тұздардан тұрады. Ашытқылардың протеині биологиялық құндылығы жағынан жануар протеинінен кем түспейді. Ашытқылар жануар организмінде зат алмасуға әсер ететін Е, Н, В тобының витаминдеріне, ферменттерге, гормондарға байланысты.

Аралас (комбикорм) қоректің құрамы. Балықтардың қорек рационын ұйымдастырғанда қоректің қоспасына, элементтеріне үлкен мән береді. Индустриальды балық өсіруде қолданылатын қорекке қарағанда тоғанда өсірілетін балықтарға берілетін аралас қорек толық құрамды болмайды. Бұл тоғанда табиғи қорек болып, балықты қажетті мөлшерде қорекпен, витаминдермен қамтамасыз етумен байланысты. Аралас қорек тұқының барлық жастағы түрлеріне қарастырылған. Тұқының шабақтарына арналған жасанды қорегі 2-3 жастық балықтарға қарағанда құнарлы заттарға байытылған. Бір жылдық шабақтарға арналған ПК-110 қорегінде протеиннің мөлшері 26%, ал 2-3 жылдықтардың қорегі К-111-де 23%, майдың мөлшері 2-4-ке дейін болады.

ВБС-РЖ және ВБС-РЖ-81 жасанды қорегі тұқының 1-ден 25-нан жоғары осы жылдығына арналған. Жоғары интенсивті тоған шаруашылықтарда бұндай жасанды қоректерді қолдану биологиялық және экономикалық тиімді. Жоғары деңгейде өнім және отырғызылған материалды физиологиялық жағынан алу үшін бұл қорекпен қоректендіруде. Қоректендіру басталғаннан бастап тамыз айына дейін жүргізу керек. Қыркүйек, қазан айларында температура төмендегенде РЗГК немесе 110-1 жасанды қорегіне ауыстырылады. Тұқының өсуіне байланысты қоректің шығыны маусымдық орта ауытқуы балық өнімділігі 12-24ц/га болғанда 1,9-2,9 болады. Балық ұнының ақуызының жоғары болуы бұл жасанды қорекпен жоғары сапалы отырғызылған материалды қыстан жақсы өтіп, екінші жылда жоғары темппен өсуіне көмектеседі.

СБС-РЖ, МБП және МБЯ, сонымен қатар ПК-ВР және 111-1 жасанды қоректері тауарлы екі жылдық балықтарды маусым бойы қоректендіруге арналған. СБС-РЖ аралас қорегін пайдалану екі жастық тұқыларды өсіру оптимальды өсіру технологиясында орташа 2,4-3,4 құрайды.


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 21 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав