Читайте также:
|
|
II. Мақсаты: Негізгі халықаралық антомиялық терминдер, жазықтық пен білік туралы ұғым. Тұлға сүйектерінің құрылысын оқып білу.
III. Оқыту мақсаты: Студент омыртқалардың ерекшеліктерін және орналасқан жерін білуі керек. Мойын, кеуде, бел омыртқаларын тауып, атап көрсете алу.
ІV. Өткізу түрлері:
Анатомия пәнінен практикалық сабақты өткізу кезіндегі студенттерге қойылатын негізгі талаптар туралы әңгіме. Анатомия терминдерін жаттау, оқулық материалды, қанқадан, жеке сүйектерден оқып бақылау. Студенттермен әңгiмелесiп, олардың материалды түсiнгендерiн байқау, сабақтағы жұмыс, презентация, бақылау.
V. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Адам қаңқасына жалпы шолу.
2. Омыртқа бағанасының құрылысы мен қызметі және жасына қарай ерекшеліктері.
3. Омыртқа бағанасына жалпы сипаттама.
4. Омыртқалардың жалпы белгiлерiн айту.
5. Мойынның типикалық омыртқаларына сипаттама.
6. I –мойын омыртқасын айт.
7. II-мойын омыртқасын атап, көрсет, оның ерекшiлiктерi.
8. Кеуде омыртқаларына жалпы сипаттама.
9. I- XI- XII- кеуде омыртқаларының ерекшелiктерiн айт.
10. Бел омыртқаларының ерекшелiктерiн айт.
11. I- II- XII-қабырғалардың құрылыс ерекшiлiктерi.
12. Омыртқа бағанасының сыртқы пішіні, иілімдері және қызметі және жасына қарай ерекшеліктері?
13. Омыртқалардың топографиялық орналасуына қарай қандай топ омыртқалардан тұрады. Омыртқалардың жалпы ерекшеліктері.
14. Кеуде омыртқалардың ерекшеліктері
15. Мойын омыртқалардың ерекшеліктері. I, II – мойын омыртқалардың ерекшеліктері
16. I, II, VII, X, XI, XII- кеуде омыртқалардың ерекшеліктері.
17. Омыртқа бағанасының сыртқы пішіні, иілімдері және қызметі және жасына қарай ерекшеліктері?
18. Омыртқалардың топографиялық орналасуына қарай қандай топ омыртқалардан тұрады. Омыртқалардың жалпы ерекшеліктері.
VІ. Тарату құралдары: силлабус, тесттердің жиынтығы, әдістемелік оқулық, кестелер, суреттер, сызбалар.
VІI. Әдебиеттер:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Сапин М.Р., Никитюк Д.Б., Швецов Э.В. Атлас нормальной анатомии человека, 2-х томах. М.: «МЕДПресс-информ», 2006.
2. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека, в 2-х томах. М.: «ОНИКС Альянс-В», 2001.
3. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека - I, II, III, IV тома, М.: «Медицина», 1999.
4. Привес М.Г., Лысенков Н.К., Бушкович В.И Анатомия человека, С-П.: «Медицина», 2000.
5. Гайворонский И.В. Нормальная анатомия человека, в 2-х томах. СПб.: «СпецЛит», 2004.
6. Михайлов С.С. Анатомия человека. М., 2000.
Қосымша:
1. Гайворонский И.В. Анатомия и физиология человека: Учебник для мед. ВУЗов., СПб.: «СпецЛит», 2004.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І,II том 2004
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.
3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.
Қосымша:
1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.
Ағылшын тілінде:
Негізгі:
2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.
Қосымша:
1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.
VІІI. Бақылау:
1.Көрсетілген сүйектердің біліктік қанқаға жатады:
А. бас сүйектері.
Б. аяқ сүйектері.
В. омыртқа бағанасының сүйектері.
Г. кеуде қуысының сүйектері.
2.Көрсетілген сүйектердің қосымша қанқаға жатады:
А. қол сүйектері.
Б. кеуде қуысы сүйектері.
В. бас сүйектері.
Г. аяқ сүйектері.
3.Омыртқаларда өсінділер болады:
А. құс тұмсық тәрізді өсінді.
Б. жота өсіндісі.
В. тәж тәрізді өсінді.
Г. буындық өсінділер.
4. Омыртқалардың қосымша бөліктері:
А.доға.
Б. аяқтары.
В. буындық өсінділері.
Г. емізік тәрізді өсінді.
5. Мойын омыртқаларына анатомиялық құрылымдары:
А. көлденең өсінділерінің тесіктері.
Б. жота өсінділерінің екіге бөлінуі.
В. көлденең өсінділерінің алдыңғы, артқы төмпешіктері.
Г. емізік тәрізді өсінді.
6. Кеуде омыртқаларына тән анатомиялық түзілістері:
А. массивті боб тәрізді денесі.
Б. ұзын қылқан тәрізді өсіндісінің болуы.
В. көлденең өсінділерінің алдыңғы, артқы төмпешіктері.
Г. емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
7. Бел омыртқаларына тән анатомиялық түзілістері:
А. массивті боб тәрізді денесі.
Б. ұзын қылқан тәрізді өсіндісінің болуы.
В. қабырғалық шұңқырлардың болуы.
Г. емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
8. I кеуде омыртқасына тән анатомиялық түзілістері:
А. денесінде 1 толық және 1 төменгі қабырғалық жартылай
шұңқырлардың болуы
Б. денесінде 1 жоғары қабырғалық жартылай шұңқыршақтың болуы.
В. денесінде 1 толық емізікті өсіндісінің болуы.
Г. емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
9. X кеуде омыртқасына тән анатомиялық түзілістері:
А. денесінде 1 толық және 1 төменгі қабырғалық жартылай
шұңқырлардың болуы
Б. денесінде 1 жоғары қабырғалық жартылай шұңқыршақтың болуы.
В. денесінде 1 толық емізікті өсіндісінің болуы.
Г. емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
10. X I кеуде омыртқасына тән анатомиялық түзілістері:
А. денесінде 1 толық және 1 төменгі қабырғалық жартылай
шұңқырлардың болуы
Б. денесінде 1 жоғары қабырғалық жартылай шұңқыршақтың болуы.
В. денесінде 1 толық емізікті өсіндісінің болуы.
Г. емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
11. Омыртқаның өсінділері:
а) көлденең өсіндісі;
b) қылқандық өсіндісі;
с) тәждік өсінді;
d) буындық өсінді.
12. Омыртқалар бөліктері:
а) доғасынан;
b) денесінен;
с) буындық өсіндісінен;
d) бізтәрізді өсіндісінен.
13.Мойын омыртқаларының ерекшеліктері:
а) көлденең өсіндісінде тесіктері бар;
b) екіге айырылған қылқандық өсінділері;
с) еміздік тәрізді өсіндісі;
d) көлденең өсіндісінің алдынғы және артқы төмпешіктері.
14. II.- XI – кеуде омыртқаларының ерекшеліктері:
а) омыртқа денесінің бүйір бетінде жоғарғы және төменгі жартылай қабырғалық
шұңқыршалар орналасқан.
b) көлденең- қабырғалық өсінділері бар;
с)көлденең өсіндісіндегі қабырғалық шұңқыршалар бар;
d) еміздіктік өсінді бар.
15. Кеуде омыртқаның денесінің бүйір бетінде толық және
жартылай шұңқыршалары:
а) I- кеуде омыртқада;
b) XI – кеуде омыртқада;
с) XII – кеуде омыртқада
d) VI- кеуде омыртқада.
16. Омыртқаның мүйісі орналасқаны:
а) мойын омыртқаларда;
b) кеуде омыртқаларда;
с) бел омыртқаларда;
d) сегізкөз бен Ү-бел омыртқасының арасында
17. Қабырғалардың бөліктері:
а) денесі;
b) төстік шеті;
с) омыртқалық шеті;
d) доғасы.
18. Қабырғалардың басында қыры:
а) II- қабырғаның;
b) I- қабырғаның;
с) IX- қабырғаның;
d) VII- қабырғаның.
19. Қабырғалардың басында қыры жоғы:
а) I- қабырғаның басында;
b) X – қабырғаның басында;
с) XII- қабырғаның басында;
d) V- қабырғаның басында.
1.Омыртқа бағанасының сыртқы пішіні, иілімдері және қызметі
және жасына қарай ерекшеліктері?
2. Омыртқалардың топографиялық орналасуына қарай қандай топ омыртқалар
дан тұрады.
Омыртқалардың жалпы ерекшеліктері.?
3. Мойын омыртқалардың ерекшеліктері. I, II – мойын омыртқа-
лардың ерекшеліктері
Жағдайлық есептер:
№2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?
Жауап эталоны: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.
Орындаған: аға оқытушы Абилова А.А.
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 309 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |