Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

I. Тақырыбы: Мисауыттың топографиясы.

Читайте также:
  1. I. Сабақ тақырыбы: Мисауыт сүйектерінің құрылысы.
  2. I. Тақырыбы: Қол сүйектерінің буындары
  3. I. Тақырыбы: Қолдың топографиясы
  4. I. Тақырыбы: Аралық бақылау – коллоквиум
  5. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  6. I. Тақырыбы: Бет сүйектерінің құрылысы.
  7. I. Тақырыбы: Бет сүйектің топографиясы.
  8. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Мойын, кеуде, бел омыртқалардың құрылысының ерекшеліктері.

II. Тақырыптың мақсаты: Бассүйектің мисауыт сүйектерінің топографиясын оқып білу.

 

ІІІ. Оқыту мақсаты: Сүйектерді талдау барысында әрбір анатомиялық түзілістердің көлемдері мен пішіндерінің немен байланыстылығын түсіндіру, сүйектердің тұлғалық ерекшеліктеріне баса назар аудару

IV. Сабақ өткізу тәсілі: Шағын топтар,жағдайлық есептер, пікір-таластар

V. Тақырып бойынша тапсырма:

1. Бассүйектің күмбезі мен негізінің аралық шекарасын анықтаңыз.

2. Мисауыт негізінің ішкі бетінің құрылысы.

3. Мисауыт негізінің сыртқы бетіндегі негізгі анатомиялық құрылымдар.

 

VІ. Үлестірілетін материалдар:: силлабус, әдістемелік нұсқау, қаңқа, тесттер жинағы, бассүйек

VІІ. Әдебиеттер:

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І, ІІ том. Алматы, «Кітап», 2004ж.

2. Рақышев А.Р. «Халықаралық анатомиялық номенклатура» Алматы,

«Асем-систем», 2003ж

 

VІІІ. Бақылау:

 

1.Бассүйектің алдыңғы шұңқырының құрылысы.

2. Бассүйектің ортаңғы шұңқырының құрылысы.

3. Бассүйектің артқы шұңқырының құрылысы.

4. Мисауыт негізінің сыртқы бетіндегі негізгі анатомиялық құрылымдар.

5. Қанат-таңдай шұңқырының бассүйек қуыстарымен байланыстары.

6. Самай, самайасты шұңқырларын көрсетіңіз.

Тест:

1. Мисауытының сүйектерін белгілеңіздер?.

а) маңдай сүйек;

b) сынатәрізді сүйек;

с) торлы сүйек;

d) шүйде сүйек.

2. Бассүйектің күмбезін қандай анатомиялық құрылымдар құрауға қатысады?

а) самай сүйектің қабыршақтық бьөлігі;

b) шүйде сүйектің қабыршағы;

с) маңдай сүйектің қабыршағы;

d) шеке сүйек.

3. Маңдай сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?

а) қабыршағы

b) денесі

с) көзұялық бөлігі;

d) мұрындық бөлігі.

4. Маңдай сүйектің қабыршағының сыртқы бетіндегі анатомиялық құрылымдар

а) самайлық сызық;

b) маңдайлық қыр;

с) торлық тілік;

d) кеңсірікүсті.

5. Шүйде сүйегінің қандай бөліктері ажыратылады?

а) базилярлық бөлігі;

b) денесі;

с) латералдық бөліктері;

d) қабыршағы.

6. Шүйде сүйегінің латералдық бөліктерінде қандай анатомиялық құрылымдар

орналасқан?.

а) көлденең қойнаудың жүлгесі;

b) тіласты өзегі;

с) мойындырықтық өсінді:

d) шүйде айдаршығы.

7. Самай сүйектің тастық бөлігінің алдынғы бетінде қандай анатомиялық

құрылымдар орналасқан?

а) бұлшықет-түтік өзегі;

b) мойындырық тілігі;

с) тастық шұңқырша

d) доғатәрізді томпақ.

8. Самай сүйектің тастық бөлігінің артқы бетінде қандай анатомиялық

құрылымдар орналасқан?

а) үшкіл нервтің батыңқысы;

b) сигматәрізді қойнаудың жүлгесі;

с) ішкі есту тесігі;

d) дабыл қуысының төбесі.

9. Қандай анатомиялық құрылымдар самай сүйектің тастық бөлігінің артқы

бетінде орналасқан?

а) доғаасты шұңқыры;

b) дабыл өзекшесінің тесігі

с) ұйқы өзегінің тесігі;

d) мойындырық тесігі.

10. Самай сүйектің қандай өсінділері ажыратылады?

а) бізтәрізді өсінді;

b) емізіктәрізді өсінді;

с) маңдайлық өсінді;

d) бетсүйектік өсінді.

11. Самай сүйектің пирамидасының бойында қандай өзектер орналасқан?.

а) көру өзегі;

b) беттік өзек;

с) емізіктәрізді өзекше

d) айдаршық өзегі.

12. Сынатәрізді сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?.

а) үлкен қанаты;

b) қанаттәрізді өсіндісі;

с) денесі;

d) кіші қанаты.

13. Торлы сүйектің бөліктерін белгілеңіздер?

а) перпендикулярлы табақшасы;

b) көзұялық табақшасы:

с) торлы лабиринті;

d) торлы табақша.

14. Қандай қалқан торлы сүйектің өсіндісі болып саналады?

а) жоғарғы мұрын қалқаны;

b) төменгі мұрын қалқаны;

с) өте жоғарғы мұрын қалқаны;

d) ортаңғы мұрын қалқаны.

15. Маңдай сүйек қандай қуыстың қабырғаларын құрауға қатысады?

а) мұрын қуысының;

b) ауыз қуысының;

с) көзұяның;

d) қанат-таңдай шұңқырының.

16. Қанат-таңдай шұңқыры қандай қуыспен жалғасады?

а) мұрын қуысымен;

b) мисауытының ортаңғы шұңқырымен;

с) қос қарыншалық шұңқырмен;

d) көзұямен.

17. Қанат-таңдай шұңқыры қандай тесік арқылы көзұямен жалғасады?

а) көзұяның төменгі саңылауы арқылы;

b) көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы;

с) дөңгелек тесік арқылы;

d) сопақ тесік арқылы.

18. Қанат-таңдай шұңқыры қандай тесік арқылы мұрын қуысымен жалғасады?

а) сопақ тесік арқылы;

b) сынатәрізді-таңдай тесігі арқылы;

с) қанаттәрізді өсіндінің өзегі арқылы;

d) қылқанды тесік арқылы;

 

 

Орындаған: оқытушы Түкібаев Ж.А.


 




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 111 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав