Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

Читайте также:
  1. A) Еркін қолданатын берілгендерді уақытша сақтайтын ішкі жады
  2. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  3. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  4. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  5. D) ертикальды және горизонтальды
  6. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  7. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  8. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  9. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  10. I. Сабақ тақырыбы: Мисауыт сүйектерінің құрылысы.

 

II. Тақырыптың мақсаты: Жамбас белдеу сүйектері мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстарының құрылысы мен қызметін білу.

 

ІІІ. Оқыту міндеттері:

1. Жамбасты түзетін сүйектерді көрсетіп, атау.

2. Жамбасты біртұтас етіп біріктіріп тұратын қосылыстарды атап, көрсету.

3. Ұршық буынының құрылым ерекшеліктерін білу.

4. Тізе буынын түзетін сүйектер мен буындық беттерді атау.

5. Аяқ ұшы буындарын атау және көрсету.

6. Сирақ-асық буынының түзілуі – пішіні, қозғалыстары.

IV. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1. Жамбасты түзетін сүйектерді атап, көрсетіңіз.

2. Жамбасты біртұтас етіп біріктіріп тұратын қосылыстарды атап, көрсетіңіз.

3. Қасаға симфизінің байламдарын атап, көрсетіңіз.

4. Жапқыш тесік қалай түзіледі?

5. Үлкен және кіші шонданай тесіктерін түзетін байламдарды атап, көрсетіңіз.

6. Сегізкөз-мықын буынын түзетін буындық беттерді атаңыз. Буын пішіні қандай?

7. Ұршық буынының буындық беттерін атаңыз. Буын пішіні бойынша қандай?

8. Ұршық буынының құрылым ерекшеліктерін атаңыз.

9. Ұршық буыны қапшығының бекінетін жерін атаңыз.

10. Ұршық буынын қандай байламдар бекітеді?

11. Ұршық буынында қандай қозғалыстар болады және олар қай біліктерде жасалады?

12. Тізе буынын түзетін сүйектерді және буындық беттерді атаңыз.

13. Буынішілік байламдар мен менискілерді атап, көрсетіңіз. Олардың маңызын айтып беріңіз.

14. Тізе буынын қандай байламдар бекітеді?

15. Тізе буынының пішіні қандай, бұл буында қандай қозғалыстар болады және олар қай біліктерде жасалады?

16. Сирақтың сүйекаралық жарғағын көрсетіңіз.

17. Жілікаралық буынның құрылымын айтып беріңіз.

18. Сирақ сүйектерінің дистальді шеттерінің арасында қандай қосылыс түзіледі?

19. Ылғал препаратта аяқ ұшы буындарын көрсетіп, атап беріңіз.

20. Сирақ-асық буынының проксимальді дистальді буындық беттері немен түзілген? Буын қапшығы қайда бекінеді?

21. Сирақ-асық буынының байламдарын атап, көрсетіңіз.

22. Сирақ-асық буыны пішіні бойынша қандай, буында қандай қозғалыстар болады және олар қай біліктерде жасалады?

23. Аяқ ұшы сүйектерінде және ылғал препаратта тілерсек сүйектері арасындағы буындарды атап, көрсетіңіз.

24. Асық-өкше-қайықтәрізді және асықасты буынын бекітетін байламдарды атап, көрсетіңіз.

25. Асық-өкше-қайықтәрізді және асықасты буынында қандай қозғалыстар болады және олар қай біліктерде жасалады? Олар қалай үйлеседі?

26. Аяқ ұшының үйлесімді буындарында қандай қозғалыстар болады және олар қай біліктерде жасалады?

27. Тілерсек-табан буындарын, оларды бекітетін байламдарды атап, көрсетіңіз.

28. Тілерсектің табандық байламдарын атап, көрсетіңіз.

29. Бунақаралық буындарды, оларды бекітетін байламдарды атап, көрсетіңіз. Мұнда қандай қозғалыстар болады және олар қай біліктерде жасалады?

 

V. Оқыту және сабақ беру әдістері: топтар, ылғал препараттар, сүйектер, рефераттар, муляждар, планшеттер.

VІ. Әдебиеттер Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І-том.

VІІ. Бақылау:

Тест түріндегі сұрақтар:

1. Аяқтың қандай буындары көп білікті болып табылады?

a) ұршық буыны

b) тізе буыны

c) сирақ-асық буыны

d) бунақаралық буын

2. Сегізкөз-мықын буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?

a) жалпақ

b) ер-тоқым тәрізді

c) эллипстәрізді

d) айдаршықтәрізді

3. Сегізкөз-мықын буынына қандай байламдар жатады?

a) сегізкөз-төмпе байламы

b) сегізкөз-мықын байламы

c) сегізкөз-қылқан байламы

d) мықын-бел байламы

4. Кіші шонданай тесігін қандай анатомиялық құрылымдар шектейді?

a) кіші шонданай тілігі

b) үлкен шонданай тілігі

c) сегізкөз-төмпе байламы

d) сегізкөз-қылқан байламы

5. Ұршық буынындағы ең мықты байламды көрсетіңіз:

a) қасаға-ортан жілік байламы

b) шонданай-ортан жілік байламы

c) ортан жілік басының байламы

d) мықын-ортан жілік байламы

6. Ұршық буыны пішіні бойынша қандай?

a) шартәрізді (тостағантәрізді)

b) ертоқымтәрізді

c) бокалтәрізді

d) эллипстәрізді

7. Ұршық буынындағы буыннан тыс байламдарды көрсетіңіз:

a) шонданай-ортан жілік байламы

b) ортан жілік басының байламы

c) ұршық ойығының көлденең байламы

d) қасаға-ортан жілік байламы

8. Ұршық буынына қандай байламдар жатады?

a) сегізкөз-ортан жілік байламы

b) шап байламы

c) дөңгелек байлам

d) қасаға-ортан жілік байламы

9. Ұршық буынында қандай қозғалыстар болады?

a) шеңбер бойымен айналу

b) ортан жілік басын айналдыру

c) бүгу және жазу

d) әкету және әкелу

10. Тізе буынын құруға қатысатын сүйектер:

a) кіші жіліншік

b) асықты жілік

c) ортан жілік

d) тізе буыны

11. Тізе буынында қандай қозғалыстар болады?

a) бүгу және жазу

b) әкету және әкелу

c) шеңбер бойымен айналу

d) бүйір байламдар босаңсығанда айналу

12. Тізе буынының буынішілік байламдарын көрсетіңіз:

a) тақымның доғатәрізді байламы

b) тақымның қиғаш байламы

c) тізенің көлденең байламы

d) менисктер

13. Тізе буынының байламдарын атаңыз:

a) тақымның қиғаш байламы

b) алдыңғы кресттәрізді байлам

c) артқы кресттәрізді байлам

d) тізенің көлденең байламы

14. Тізе буынының буыннан тыс байламдарын көрсетіңіз:

a) көлденең байлам

b) тақымның қиғаш байламы

c) тақымның доғатәрізді байламы

d) артқы кресттәрізді байлам

15. Сирақ-асық буынын құруға қатысатын сүйектер:

a) өкше сүйегі

b) асықты жілік

c) кіші жіліншік

d) асық сүйек

16. Сирақ-асық буыны пішіні бойынша қандай?

a) ертоқымтәрізді

b) шартәрізді

c) айдаршықтәрізді

d) шығыршықтәрізді

17. Сирақ-асық буынында қандай қозғалыстар болады?

a) әкету және әкелу

b) айналу

c) бүгу және жазу

d) шеңбер бойымен айналу

18. Сирақ-асық буынының медиалді (дельтатәрізді) байламының қандай бөліктері болады?

a) асықты жілік-қайықтәрізді бөлігі

b) асықты жілік-өкшелік бөлігі

c) алдыңғы асықты жілік-асық сүйектік бөлігі

d) артқы асықты жілік-асық сүйектік бөлігі

19. Аяқ ұшындағы ең мықты байлам:

a) ұзын табан байламы

b) табандық өкше-текше байламы

c) асық-қайықтәрізді байлам

d) екіге айырылған байлам

20. Аяқ ұшындағы бунақаралық буын пішіні бойынша қандай?

a) эллипстәрізді

b) шартәрізді

c) шығыршықтәрізді

d) жалпақ

 

 

Құрастырған: аға оқытушы Искакова Л.А.

 




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 107 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав