Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

І. Тақырыбы: Тұлға бұлшықеттері мен шандырлары: құрылысы, топографиясы мен қызметі.

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. I. Сабақ тақырыбы: Мисауыт сүйектерінің құрылысы.
  3. I. Тақырыбы: Қол сүйектерінің буындары
  4. I. Тақырыбы: Қолдың топографиясы
  5. I. Тақырыбы: Аралық бақылау – коллоквиум
  6. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  7. I. Тақырыбы: Бет сүйектерінің құрылысы.
  8. I. Тақырыбы: Бет сүйектің топографиясы.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Мисауыттың топографиясы.

ІІ. Сабақтың мақсаты: Тұлға бұлшықеттері мен шандырларын тауып, көрсетіп, латынша атау. Бұлшықеттердің топографиялық ерекшеліктерін білу. Бұлшықеттердің басталатын, бекитін жерлерін және қызметін білу.

 

ІІІ. Оқыту міндеті: студент кеуде, арқа және іш бұлшықеттерін атап, көрсете білуі керек.

 

ІV. Өткізу түрі: студенттердің оқытушы кеңесімен және өзара жұптасып жұмыс істеуі. «Тұлға бұлшықеттері мен шандырлары» бөлімі – фильм көрсету.

 

V. Тақырып бойынша тапсырма: ылғалды препараттар мен муляждарда, планшеттерде тұлға бұлшықеттерін оқып үйрену.

VІ. Үлестірілетін материалдар: силлабус, әдістемелік нұсқаулар, тесттер жинағы.

VІІ. Әдебиеттер:

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы. І,II том 2004

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жұмабаев Ү.Д., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005

VІІІ. Бақылау:

Тесттер:

1. Үлкен кеуде бұлшықетнің бекитін жері:

a) тоқпан жіліктің кіші төмпешігінің қырқасы

b) тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасы

c) жауырынның құстұмсығы тәрізді өсіндісі

d) жауырынның медиалды жиегі

2. Кіші кеуде бұлшықетінің бекитін жері:

a) тоқпан жіліктің кіші төмпешігінің қырқасы

b) тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасы

c) акромион

d) жауырынның құстұмсығы тәрізді өсіндісі

3. Көкеттің қызметі:

a) тыныс бұлшықеті

b) іш пресінің бұлшықеті

c) омыртқа бағанасын бүгу

d) омыртқа бағанасын жазу

4. Арқаның беткей топ бұлшықеттеріне жатады:

a) жоғарғы және төменгі артқы тісті бұлшықеттер

b) мойынның таспатәрізді бұлшықеті

c) омыртқа бағанасын тіктейтін бұлшықет

d) қылқанды бұлшықет

5. Арқаның терең бұлшықетіне жатады:

a) жауырынды көтеретін бұлшықет

b) бас, арқа және мойынның таспатәрізді бұлшықеттері

c) трапециятәрізді бұлшықет

d) арқаның аса жалпақ бұлшықеті

6. Шап байламын құруға қатысатын құрылым:

a) іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

b) белдің шаршы бұлшықеті

c) пирамидатәрізді бұлшықет

d) іштің тік бұлшықеті

7. Іштің алдыңғы топ бұлшықетіне жатады:

a) іштің тік бұлшықеті

b) белдің шаршы бұлшықеті

c) іштің көлденең бұлшықеті

d) іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті

7. Көкеттік грыжаның түзілу орны:

a) төменгі қуыс венаның көкеттік тесігі

b) бел-қабырға үшбұрышы

c) көкеттің қолқалық тесігі

d) көкеттің өңештік тесігі

8. Іштің тік бұлшықетінің қынабын түзуге қатысатын бұлшықет:

a) іштің көлденең бұлшықеті мен пирамидатәрізді бұлшықет

b) іштің сыртқы, ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің апоневроздары

c) іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы мен белдің шаршы бұлшықеті

d) көлденең шандыр мен іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

9. Шап өзегінің қабырғасын құруға қатысатын құрылым:

a) пирамидатәрізді бұлшықет

b) іштің тік бұлшықеті

c) белдің шаршы бұлшықеті

d) шап байламы

10. Терең шап сақинасына сәйкес келетін құрылым:

a) медиалды шап байламы

b) қуықүстілік шұңқыр

c) латералды шап байламы

d) тамырлы лакуна

11. Шап өзегінің беткей сақинасын құруға қатысатын құрылым:

a) алдыңғы мықын-сегізкөз байламы

b) иілген байлам

c) артқы мықын-сегізкөз байламы

d) сүйекаралық сегізкөз-мықын байламы




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 91 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав