Читайте также:
|
|
II. Тақырыптың мақсаты: Студенттердің тірек-қимыл аппараты бойынша алған білімдерін тексеру.
III. Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Омыртқа бағанасы, оның бөліктері.
2.Омыртқалардың жалпы құрылысы.
3.Қатардағы омыртқаның құрылысы.
4. Мойын, кеуде омыртқаларының ерекшеліктері.
5. І, ІІ, ҮІ, ҮІІ мойын омыртқаларының ерекшеліктері.
6. I, X, XI, XII- кеуде омыртқаларының ерекшеліктері.
7.Төстің құрылысы.
8. Қабырғаның құрылысы.
9. Қолдың еркін бөлігінің сүйектері.
10. Өзіңізден қолдың бастапқы жағдайын көрсетіңіз.
11. Қол қаңқасының қандай бөліктерден тұратынын айтыңыз.
12. Иық белдеуінің сүйектерін атаңыз.
13.Жауырынның құрылысы.
14. Бұғананың құрылысы.
15. Тоқпан жіліктің құрылысы.
16. Кәрі жіліктің құрылысы.
17. Шынтақ жіліктің құрылысы.
18. Қол ұшы сүйектерінің құрылысы.
19. Білезік сүйектерін атаңыз.
20. Саусақ сүйектері.
2 1.Жамбас сүйектің құрамына кіретін сүйектерді атаңыз
22. Мықын сүйектің бөліктерін атап, көрсетіңіз.
23. Шонданай сүйектің бөліктерін атаңыз.
24. Қасаға сүйектің бөліктерін атаңыз.
25. Ортан жілік.
26. Асықты жілік.
27. Асықты жілік шыбығы.
28. Тілерсек сүйектерін атаңыз.
29. Бақайлар сүйектерін атаңыз.
30. Бассүйектің жалпы сиппаттамасы.
31. Күмбез бен бассүйек негізінің шекрасы.
32. Мисауыт пен бассүйектің беттік бөлігінің сүйектерін атап көрсетіңіз.
33. Маңдай сүйек.
34.Шеке сүйектер.
35.Шүйде сүйек.
36. Самай сүйек.
37. Самай сүйектің өзектері.
38. Торлы сүйектің (кеңсіріктің) құрылысы.
39. Сынатәрізді сүйек.
40. Жоғарғы жақсүйек.
41.Таңдай сүйек.
42.Төменгі жақсүйек.
43.Мисауыттың ішкі негізінің топографиясы.
44. Мисауыттың сыртқы негізінің топографиясы.
45.Көзұя.
46. Мұрын қуысы
47. Самай, самайасты, қанат-таңдай шұңқырлары.
48. Сүйектер қосылыстарының жіктелуі.
49.Үздіксіз қосылыстардың түрлері.
50. Үздікті қосылыстар.
51. Буындардың құрылымдық бөліктері.
52. Буындардың жіктелуі (пішіні, құрылысы, қызметтері бойынша).
53. Омыртқалар қосылыстары.
54. Қабырғалардың омыртқа бағанасы және төспен қосылыстары.
55. Кеуде торы.
56. Бассүйек сүйектерінің қосылыстары.
57. Шықшыт буыны.
58. Омыртқа бағанасының бассүйекпен қосылысы.
59. Төс-бұғана буыны.
60. Иық буыны.
61. Шынтақ буыны.
62. Қол ұшы буындары.
63. Сегізкөз – мықын буыны.
64. Қасаға симфизі.
65. Үлкен, кіші жамбас астауы, өлшемдері және жыныстық ерекшеліктері.
66. Ұршық буыны.
67. Тізе буыны.
68. Аяқ ұшы сүйектерінің қосылыстары.
69. Сирақ-асық буыны.
70. Тұтас аяқ ұшы.
71. Бұлшықеттердің құрылысы.
72. Бұлшықеттердің жіктелуі.
73. Бұлшықеттердің көмекші аппараты.
74. Бұлшықеттер жұмысы.
75. Бұлшықеттердің дамуы.
76. Арқа бұлшықеттері мен шандырлары.
77.Кеуде бұлшықеттері мен шандырлары.
78. Көкет.
79.Іштің бұлшыеқттері, қызметі.
80. Шап өзегінің қабырғалары, терең және беткей сақиналары. Шап өзегінің
ішіндегі құрылымдар.
81. Іштің ақ сызығы.
82. Мойынның бұлшықеттері мен шандырлары.
83. Мойынның аймақтары.
84. Мойынның топографиясы.
85. Мимикалық бұлшықеттер.
86. Шайнау бұлшықеттері.
87. Иық белдеуі бұлшықеттері, топографиясы.
88. Иықтың бұлшықеттері, топографиясы. Тоқпанжілік-бұлшықет
өзегі, қабырғалары қызметі.
89. Білек бұлшықеттері, топографиясы.
90.Қол ұшы бұлшықеттері, топогарфиясы.
91. Жамбас астау бұлшықеттері, топографиясы.
92.Санның бұлшықеттері және шандырлары. Тамырлық және бұлшықеттік
тесіктер.
93.Сан өзегі.
94. Сирақ бұлшықеттері, топографиясы.
95. Аяқ ұшы бұлшықеттері, топографиясы.
IV. Оқыту және сабақ беру әдістері: ауызша сұрау, тесттер,бұлшықеттік препараттар, планшеттер және муляждар.
Тест сұрақтары:
1 Омыртқаның қандай өсінділері бар?
а) көлденең өсіндісі;
b) қылқандық өсіндісі;
с) тәждік өсінді;
d) буындық өсінді.
2. Омыртқалар қандай бөліктерден тұрады?
а) доғасынан;
b) денесінен;
с) буындық өсіндісінен;
d) бізтәрізді өсіндісінен.
3.Мойын омыртқаларының ерекшеліктерін белгілеңіздер
а) көлденең өсіндісінде тесіктері бар;
b) екіге айырылған қылқандық өсінділері;
с) еміздіктәрізді өсіндісі;
d) көлденең өсіндісінің алдыңғы және артқы төмпешіктері.
4. II.- XI – кеуде омыртқаларының ерекшеліктерін белгілеңіздер
а) омыртқа денесінің бүйір бетінде жоғарғы және төменгі жартылай қабырғалық
шұңқыршалар орналасқан.
b) көлденең- қабырғалық өсінділері бар;
с) көлденең өсіндісіндегі қабырғалық шұңқыршалар бар;
d) еміздіктік өсінді бар.
5. Қандай кеуде омыртқаның денесінің бүйір бетінде толық және
жартылай шұңқыршалар бар?
а) I- кеуде омыртқада;
b) XI– кеуде омыртқада;
с) XII – кеуде омыртқада
d) VI- кеуде омыртқада.
6. Омыртқаның мүйісі қай жерде орналасқан?
а) мойын омыртқаларда;
b) кеуде омыртқаларда;
с) бел омыртқаларда;
d) сегізкөз бен Ү-бел омыртқасының арасында
7. Қабырғалардың қандай бөліктері ажыратылады?
а) денесі;
b) төстік шеті;
с) омыртқалық шеті;
d) доғасы.
8. Қандай қабырғалардың басында қыр бар?
а) II- қабырғаның;
b) I- қабырғаның;
с) IX- қабырғаның;
d) VII- қабырғаның.
9. Қандай қабырғалардың басында қыр жоқ?
а) I- қабырғаның басында;
b) X – қабырғаның басында;
с) XII- қабырғаның басында;
d) V- қабырғаның басында.
10.Қандай сүйектер иық белдеуі сүйектеріне жатады?
а) I – қабырға;
b) бұғана;
с) тоқпан жілік;
d) жауырын.
11. Жауырын қандай қабырғалардың аралығында орналасқан?
а) I-V- қабырғалардың аралығында;
b) V –X – қабырғалардың аралығында;
с) II – VII – қабырғалардың аралығында.
d) VII – XII- қабырғалардың аралығында.
12. Жауырынның қандай бөліктері ажыратылады?
а) құстұмсық тәрізді өсіндісі;
b) басы;
с) мойны;
d) буынүстілік төмпешегі.
13. Жауырынның буындық ойысы қай жерде орналасқан?
а) акромионда;
b) жауырынның басында;
с) жауырынның латералдық бұрышында;
d) жауырынның төменгі бұрышында.
14. Қандай анатомиялық құрылымдар тоқпан жіліктің проксималдық
бөлігінде орналасқан?
а) тоқпан жіліктің басы;
b) тоқпан жіліктің мойыны;
с) тоқпан жіліктің айдаршығы;
d) латералдық айдаршық.
15. Қандай анатомиялық құрылымдар шынтақ жіліктің дисталдық бөлігінде
орналасқан?.
а) шынтақ жіліктің басы;
b) шынтақ жіліктің бізтәрізді өсіндісі;
с) шынтақ жіліктің мойыны;
d) шынтақ жіліктің тәждік өсіндісі.
16. Білезік сүйектердің просималдық қатары қандай сүйектерден тұрады?
а) бұршақәрізді сүйек;
b) қайықтәрізді сүйек;
с) жартыайтәрізді сүйек;
d) ілмектәрізді сүйек.
17. Қандай қол сүйектерінде бізтәрізді өсінділері бар?
а) тоқпан жілікте;
b) шынтақ жілікте;
с) кәрі жілікте:
d) жауырында.
18. Қандай сүйектер жамбас белдеуін құрауға қатысады?
а) сегізкөз
b) жамбас сүйек;
с) мықын сүйек:
d) қасаға сүйек.
19. Қандай сүйектер жамбас сүйектің ұршықтық ойығын құрайды?
а) мықын сүйек;
b) шонданай сүйек;
с) ортан жілік;
d) қасаға сүйек.
20. Құлақ тәрізді буындық бет қандай сүйектерде орналасқан?
а) мықын сүйегінде;
b) сегізкөзде
с) шонданай сүйегінде;
d) қасаға сүйегінде.
21. Ортан жіліктің проксималдық бөлігінде қандай анатомиялық
құрылымдар орналасқан?
а) ортан жіліктің басы;
b) ортан жіліктің үлкен ұршығы;
с) медиалдық айдаршық.
22. Ортан жіліктің дисталді бөлігінде қандай анатомиялық құрылымдар
орналасқан?
а) медиалдық айдаршық;
b) ортан жіліктің басы;
с) латералдық айдаршық
d) айдаршық аралық щұңқыр.
23.Асықты жіліктің дисталді бөлігінде қандай анатомиялық құрылымдар
орналасқан?
а) латералді айдаршық;
b) медиалді толарсақ.
с) асықты жілік шыбығының тілігі;
d) медиалді айдаршық
24. Тілерсек қандай сүйектерден тұрады?.
а) өкше сүйектен;
b) асық сүйектен;
с) қайықша тәрізді сүйектен;
d) сына тәрізді сүйектерден.
25. Мисауыт сүйектерін көрсетіңіздер.
а) маңдай сүйек.;
b) сынатәрізді сүйек;
c) торлы сүйек;
d) шүйде сүйек.
26. Бассүйектің қандай анатомиялық құрылымдары бассүйектің күмбезін
құрауға қатысады?
а) самай сүйектің қабыршақтық бөлігі;
b) шүйде сүйектің қабыршағы;
c) маңдай сүйектің қабыршағы;
d) шеке сүйегі
27. Маңдай сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?
а) қабыршағы;
b) денесі;
с) көзұялық бөлігі;
d) мұрындық бөлігі.
28. Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігінің сыртқы бетінде қандай
анатомиялық құрылымдар орналасқан?
а) самайлық сызықшалар;
b) маңдайлық қыр;
с) торлық тілік
d) кеңсірікүсті
29. Шүйде сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?.
а) базилярлық бөлігі;
b) денесі;
c) латералдық (бүйір) бөліктері;
d) қабыршағы.
30. Бассүйектің алдынғы шұңқырын қандай сүйектер құрауға қатысады?.
а) сынатәрізді сүйек;
b) маңдай сүйек;
c) шеке сүйек;
d) торлы сүйек.
31. Бассүйектің ортаңғы шұңқырын қандай сүйектер құрауға қатысады?
а) маңдай сүйек;
b) шүйде сүйек;
c) сынатәрізді сүйек;
d) торлы сүйек
32. Бассүйектің ортаңғы шұңқырын қандай сүйектер құрауға қатысады?
а) жоғарғы жақсүйек;
b) бетсүйек;
c) самай сүйек;
d) шүйде сүйек.
33. Сынатәрізді сүйек денесінің беттерін белгілеңіздер
а) жоғарғы беті;
b) артқы беті;
с) алдыңғы беті;
d) бүйір беттері.
34.Самай сүйектің тастық бөлігінің алдынғы бетінде қандай анатомиялық
құрылымдар орналасқан?
а) бұлшықет-түтік өзегі;
b) мойындырық тілігі;
с) мойындырық шұңқыры;
d) доға тәрізді томпақ.
35. Самай сүйектің тастық бөлігінің артқы бетінде қандай анатомиялық
құрылымдар орналасқан?
а) үшкіл ми нервінің батыңқысы;
b) көлденең қойнаудың жүлгесі;
с) ішкі есту тесігі;
d) дабыл қуысының қақпағы.
36. Қандай анатомиялық құрылымдар самай сүйектің тастық бөлігінің төменгі
бетінде орналасқан?.
а) доға астылық шұңқыр;
b) есту түтігінің тесігі;
с) ұйқы өзегінің сыртқы тесігі;
d) мойындырық шұңқыр.
37.Торлы сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?
а) перпендикулярлық табақша;
b) горизонталдық табақша;
с) торлы сүйектің лабиринті;
d) көзұялық табақша.
38.Жоғарғы жақсүйектің қандай өсінділері ажыратылады?
а) таңдайлық өсінді;
b) самайлық өсінді;
с) маңдайлық өсінді;
d) алвеоларлық өсінді.
39.Қандай қалқан торлы сүйектің өсіндісі болып саналады?
а) таңдайлық өсінді;
b) жоғарғы қалқан;
с) төменгі қалқан;
d) ортаңғы қалқан.
40.Төменгі жақсүйек тармағында қандай анатомиялық
құрылымдар орналасқан?
а) тәждік өсінді;
b) айдаршықтық өсінді;
с) төменгі жақсүйектің тілшігі;
d) иек қылқаны.
41. Жоғарғы жақсүйектің мұрындық бетінде қандай анатомиялық
құрылымдар орналасқан?
а) қылқандық қыр;
b) ілмекті өсінді;
с) көзжастық жүлге;
d) жоғарғы жақсүйектік саңылау.
42. Қандай анатомиялық құрылымдар төменгі жақсүйектің денесінде
орналасқан?
а) қиғаш сызық
b) қос қарыншалық шұңқыр;
с) төменгі жақсүйек-тіласты жүлгесі;
d) иек төмпешігі
43. Мисауыттың сүйектерін белгілеңіздер
а) маңдай сүйек;
b) сынатәрізді сүйек;
с) торлы сүйек;
d) шүйде сүйек.
44. Бассүйектің күмбезін қандай анатомиялық құрылымдар құрауға қатысады?
а) самай сүйектің қабыршақтық бөлігі;
b) шүйде сүйектің қабыршағы;
с) маңдай сүйектің қабыршағы;
d) шеке сүйек.
45. Маңдай сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?
а) қабыршағы
b) денесі
с) көзұялық бөлігі;
d) мұрындық бөлігі.
46. Маңдай сүйектің қабыршағының сыртқы бетіндегі анатомиялық құрылымдар а) самайлық сызық;
b) маңдайлық қыр;
с) торлық тілік;
d) кеңсірікүсті.
47. Шүйде сүйегінің қандай бөліктері ажыратылады?
а) базилярлық бөлігі;
b) денесі;
с) латералдық бөліктері;
d) қабыршағы.
48. Шүйде сүйегінің латералдық бөліктерінде қандай анатомиялық құрылымдар
орналасқан?
а) көлденең қойнаудың жүлгесі;
b) тіласты өзегі;
с) мойындырықтық өсінді:
d) шүйде айдаршығы.
49. Самай сүйектің тастық бөлігінің алдынғы бетінде қандай анатомиялық
құрылымдар орналасқан?
а) бұлшықет-түтік өзегі;
b) мойындырық тілігі;
с) тастық шұңқырша
d) доғатәрізді томпақ.
50. Самай сүйектің тастық бөлігінің артқы бетінде қандай анатомиялық
құрылымдар орналасқан?
а) үшкіл нервтің батыңқысы;
b) сигматәрізді қойнаудың жүлгесі;
с) ішкі есту тесігі;
d) дабыл қуысының төбесі.
51. Қандай анатомиялық құрылымдар самай сүйектің тастық бөлігінің артқы
бетінде орналасқан?
а) доғаасты шұңқыры;
b) дабыл өзекшесінің тесігі
с) ұйқы өзегінің тесігі;
d) мойындырық тесігі.
52. Самай сүйектің қандай өсінділері ажыратылады?
а) бізтәрізді өсінді;
b) емізіктәрізді өсінді;
с) маңдайлық өсінді;
d) бетсүйектік өсінді.
53. Самай сүйектің пирамидасының бойында қандай өзектер орналасқан?.
а) көру өзегі;
b) беттік өзек;
с) емізіктәрізді өзекше
d) айдаршық өзегі.
54. Сынатәрізді сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?.
а) үлкен қанаты;
b) қанаттәрізді өсіндісі;
с) денесі;
d) кіші қанаты.
55. Торлы сүйектің бөліктерін белгілеңіздер
а) перпендикулярлы табақшасы;
b) көзұялық табақшасы:
с) торлы лабиринті;
d) торлы табақша.
56. Жоғарғы жақсүйектің қандай өсінділері бар?
а) таңдайлық өсіндісі;
b) бетсүйектік өсіндісі;
с) ұяшықтық (альвеоларлық) өсіндісі;
d) самай сүйектік өсіндісі.
57. Қандай қалқан торлы сүйектің өсіндісі болып саналады?
а) жоғарғы мұрын қалқаны;
b) төменгі мұрын қалқаны;
с) өте жоғарғы мұрын қалқаны;
d) ортаңғы мұрын қалқаны.
58. Жоғарғы жақсүйекің мұрындық бетіндегі анатомиялық құрылымдар
а) жоғарғы жақсүйек саңылауы;
b) қанат-таңдай шұңқыры;
с) көзжастық жүлге;
d) жоғарғы жақсүйек төмпесі.
59. Төменгі жақсүйектің тармағында қандай анатомиялық құрылымдар
орналасқан?
а) тәждік өсінді;
b) иек шодыры;
с) айдаршықтық өсінді;
d) қос қарыншалық шұңқыр.
60. Жоғарғы жақсүйектің мұрындық бетінде орналасқан:
а) қалқандық қыр;
b) ілмектік өсінді;
с) көзжастық жүлге;
d) жоғарғы жақсүйектің саңылауы;
61. Маңдай сүйек қандай қуыстың қабырғаларын құрауға
қатысады?
а) мұрын қуысының;
b) ауыз қуысының;
с) көзұяның;
d) қанат-таңдай шұңқырының.
62. Таңдай сүйектің қандай өсінділері ажыратылады?.
а) таңдайлық өсіндісі;
b) көзұялық өсіндісі;
с) сынатәрізді өсіндісі;
d) пирамидалық өсіндісі.
63.Қандай анатомиялық құрылым төменгі жақсүйектің денесінде
орналасқан?
а) қиғаш сызық;
b) қанаттәрізді өсіндінің шұңқыры;
с) қос қарыншалық шұңқыр;
d) жақсүйек- тіласты сызығы.
64. Қанат-таңдай шұңқыры қандай қуыспен жалғасады?
а) мұрын қуысымен;
b) мисауытының ортаңғы шұңқырымен;
с) қос қарыншалық шұңқырмен;
d) көзұямен.
65. Қанат-таңдай шұңқыры қандай тесік арқылы көзұямен
жалғасады?
а) көзұяның төменгі саңылауы арқылы;
b) көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы;
с) дөңгелек тесік арқылы;
d) сопақ тесік арқылы.
66. Қанат-таңдай шұңқыры қандай тесік арқылы мұрын қуысымен
жалғасады?
а) сопақ тесік арқылы;
b) сынатәрізді-таңдай тесігі арқылы;
с) қанаттәрізді өсіндінің өзегі арқылы;
d) қылқанды тесік арқылы;
67. Көзұяның медиалді қабырғасын қандай сүйектер құрайды?
а) сынатәрізді сүйек;
b) торлы сүйек;
с) көзжас сүйегі:
d) жоғарғы жақсүйек.
68. Қандай сүйектер мұрын қалқасын құрауға
қатысады?
а) мұрын сүйегі;
b) мұрын желбезегі;
с) көзжас сүйек;
d) торлы сүйек.
69.Қандай тесіктер, мұрынның ортаңғы жолына ашылады?.
а) Гаймор қойнауы;
b) торлы сүйектің алдынғы ұяшықтары;
с) мұрын-көзжас өзегі;
d) дөңгелек тесік.
70. Буындар қандай анатомиялық элементтерден тұрады?
а) буын беттері;
b) буын қапшығы:
с) байламдар;
d) буын қуысы
71. Пішіні бойынша қандай буындар бір білікті
буындарға жатады?
а) цилиндртәрізді буындар;
b) шығыршықтәрізді буындар;
с) шартәрізді буындар;
d) жалпақ буындар.
72. Екі білікті буындарға қандай буындар жатады?
а) эллипстәрізді;
b) шығыршықтәрізді;
с) шартәрізді;
d) жалпақ буындар.
73. Екі білікті буындарды көрсетіңіз
а) кәріжілік-білезік буыны;
b) бас бармақтың білезік-алақан буыны;
с) тоқпан-кәріжілік буыны;
d) иық буыны.
74. Орталық ауыз омыртқа-білік буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
а) шығыршықтәрізді буынға;
b) цилиндртәрізді буынға;
с) шартәрізді буынға:
d) жалпақ буынға.
75. Латералдық ауыз омыртқа-білік буыны қандай буындарға жатады?
а) кешенді буынға;
b) қарапайым буынға;
с) күрделі буынға;
d) үйлесімді буынға.
76.Омыртқа бағанасының қозғалмалы бөлігі қай жерде орналасқан?
а) омыртқа бағанасының жоғарғы кеуделік бөлігінде;
b) омыртқа бағанасының төменгі кеуделік бөлігінде.
с) мойындық бөлігінде;
d) сегізкөздік бөлігінде.
77.Омыртқа бағанасының қызметін белгілеңіздер?
а) тіректік;
b) біліктік;
с) қорғаныштық;
d) рычагтық.
78. Төс-бұғана буынын құраушы элементтерді атаңыз.
а) бұғананың төстік шеті;
b) төс сүйегінің бұғаналық тілігі;
с) буынаралық диск;
d) буын қапшығы.
79. Иық буынын құраушы анатомиялық құрылымдарды белгілеңіз
а) тоқпан жіліктің басы;
b) буын ернеуі;
с) буын қапшығы;
d) буын дискісі.
80. Шынтақ буынының байламдарын белгіліңіздер
а) шаршы байлам;
b) кәріжіліктің сақиналық байламы;
с) кәріжіліктік коллатералдық байлам;
d) шынтақжіліктік коллатералдық байламы.
81. Иық буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
а) шартәрізді;
b) шығыршықтәрізді;
с) цилиндртәрізді буынға;
d) бұрандатәрізді буындарға
82. Иық буынының байламдарын белгілеңіздер
а) құстұмсық-акромион байламы;
b) құстұмсық- бұғана байламы;
с) құстұмсық –тоқпан жілік байламы;
d) жауырынның төменгі көлденең байламы.
83. Пішіні бойынша кәріжілік-білезік буыны қандай буындарға жатады?.
а) шығыршықтәрізді;
b) шартәрізді;
с) жалпақ буындарға;
d) цилиндртәрізді буындарға;
84. Бақайшық аралық буындар пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
а) шартәрізді буындарға;
b) шығыршықтәрізді буындарға;
с) цилиндртәрізді буындарға;
d) эллипстәрізді буындарға.
85. Сегізкөз-мықын буынын құраушы элементтерді белгілеңіз.
а) сегізкөздің құлақтәрізді буындық беті;
b) мықын сүйегінің құлақтәрізді буындық беті;
c) мықын сүйегінің денесі;
d) мықын сүйегінің қылқаны
86.Ұршық буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?.
а) шартәрізді;
b) жалпақ буындарға;
с) цилиндртәрізді буындарға;
d) шығыршықтәрізді буындарға
87. Тізе буыны пішіні бойынша қандай
буындарға жататындығын анықтаңдар.
а) шартәрізді;
b) цилиндртәрізді;
с) кешенді;
d) шығыршықтәрізді;
88.Тізе буынының буын аралық байламдарын белгілеңіздер.
а) алдыңғы мениск-ортан жілік байламы;
b) артқы мениск –ортан жілік байламы;
с) тізенің көлденең байламы;
d) тізенің кресттәрізді байламы.
89. Сирақ-асық буыны буынды құраушы сүйектердің санына
байланысты қандай буындарға жатады?
а) қарапайым буындарға;
b) күрделі буындарға;
с) кешенді буындарға;
d) үйлесімді буындарға.
90. Сирақ-асық буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
а) шартәрізді буындарға;
b) жалпақ буындарға;
с) шығыршықтәрізді буындарға;
d) эллипстәрізді буындарға
91. Асықасты буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
а) жалпақ буындарға;
b) шығыршықтәрізді буындарға;
с) эллипстәрізді буындарға;
d) цилиндіртәрізді буындарға.
92.Табан сүйектер-бақайшық буындары, пішіні бойынша қандай буындарға
жатады?
а) цилиндртәрізді буындарға:
b) шығыршықтәрізді буындарға;
с) шартәрізді буындарға;
d) эллипстәрізді буындарға.
93. Бұлшықеттердің атқарар қызметін белгілеңіздер?
а) тірек-қимыл қызметін;
b) мимикалық қызмет;
с) жұтыну қызметін;
d) тынысалу қызметін.
94.Бұлшықеттердің көмекші құрылымдарын белгілеңіздер
а) бұлшықеттің денесі;
b) басы;
с) сіңірі;
d) шандырлары.
95. Бұлшықеттердің көмекші құрылымдарын белгілеңіздер
а) синовиалді қабы;
b) сіңірлерінің синовиалді қынаптары;
с) дәнтәрізді сүйектер;
d) эндо- және перимизиум
96. Қандай бұлшықеттер денені тік ұстау қызметін атқарады?
а) мықын-қабырғалық бұлшықет;
b) тым ұзын бұлшықет;
с) көлденең- қылқанды бұлшықет;
d) қылқандық бұлшықет.
97. Қандай бұлшықеттер кеуде қуысын кеңейту қызметін атқарады?
а) қабырғаларды көтеруші бұлшықеттер;
b) кіші кеуделік бұлшықет;
с) алдыңғы тісті бұлшықет;
d) үлкен кеуде бұлшықеті.
98. Қандай бұлшықеттер кеуде торын төмен түсіруге қатысады?
а) қабырғааралық сыртқы бұлшықет;
b) қабырғааралық ішкі бұлшықет;
с) қабырғаастылық бұлшықет;
d) кеуденің көлденең бұлшықеті.
99. Қандай бұлшықеттер, іш қуысының қысымын реттеуге қатысады?
а) белдің шаршы бұлшықеті:
b) белдің үлкен бұлшықеті;
с) іштің көлденең бұлшықеті;
d) көкет.
100. Көкеттің қызметін белгілеңіздер?
а) тынысалу қызметті;
b) іштің қысымын реттеу:
с) омыртқа бағанасын иіу қызметін,
d) омыртқа бағанасын жазу.
101.Қандай бұлшықеттер жамбасты көтеруге қатысады?
а) іштің тік бұлшықеті;
b) іштің ішкі қиғаш бұлшықеті;
с) іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті;
d) іштің көлденең бұлшықеті.
102.Қандай бұлшықеттер жамбас буынын ішке қарай айналдыру
қызметін атқарады?
а) санның екі басты бұлшықеті;
b) санның жартылай жарғақты бұлшықеті;
с) санның жартылай сіңірлі бұлшықеті.
d) тігінші бұлшықет.
103.Сан ұшбұрышының шекарасын белгілеңіздер?
а) шап байламы;
b) тігінші бұлшықет;
с) қырлы бұлшықет;
d) санды ішке тартқыш ұзын бұлшықет
. 104.Қандай бұлшықет шонданай сүйегінің үлкен тесігі арқылы өтеді?
а) алмұрт тәрізді бұлшықет;
b) мықын-бел бұлшықеті;
с) ішкі жапқыш бұлшықет
d) сыртқы жапқыш бұлшықет
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 132 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |