Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Картоптың өсу, өнуінің ерекшеліктері және биологиялық ерекшеліктері.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Мойын, кеуде, бел омыртқалардың құрылысының ерекшеліктері.

Картоптың барлық өсу кезеңі шартты түрде 3 бөлімге (кезең) бөлінеді:

I кезең – көктеуден басталып гүлденуге дейін (биомассалары өседі, түйнектің өсімі шамалы);

II кезең – гүлденуден бастап пәлектерінің өсуі тоқтағанша, яғни солуына дейін;

III кезең – пәлектің өсуі тоқтайды, табиғилық солу. Түйнектердің өсуі жалғасады, бірақ сондай II кезеңдегідей емес, баяу.

I кезеңнің ұзақтылығы сорттың пісу тобына байланысты, яғни ауа райының жағдайларына байланысты ерте пісетіндерде 27-36 тәулік, орташа-пісетіндерде 38-42 тәулік, кештерде 46-48 тәулік. II кезеңнің ұзақтылығының айырмашылығы да сондай, ерте пісетін сорттарда, өнімнің қарқынды жи- налуы ұзақтылығы 26-28 тәулік, орташа ерте пісетіндерде 34-36 тәулік, ал ор-таша және кеш пісетіндерде 43-45 тәулік. Мысалға, осындай заңдылық III ке-зеңде де сақталынады. Түйнектердің құрастырылуы үшін II кезеңнің берері мол, осы кезеңде соңғы нәтиженің 65-75% жиналады.

Сол кезеңдердегі болған ауа райының жағдайы өнімнің деңгейін анықтайды. Кейбір жылдары түйнек өнімінің орташа тәуліктік өсуі 2,5-2,8 т дейін жетіп қалады, ал кейде, салыстырмалы қысқа кезеңнің ішінде 1,0-1,5 т дейін өседі.

Картоптың биологиялық ерекшеліктері. Картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім темпера-турасы айтарлықтай жоғары емес орта кіндік аудандарда алынады. Картоп өсу процестерін топырақтың 7-8˚С-да ақырындатады, ал +25˚С-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді. Түйнектер өсуін топырақтың температурасы 4-5˚С болғанда бастайды, топырақтың температурасы көтерілген сайын, оның өсу де артады. Топырақтың қолайлы температурасы 18-20˚С болғанда, өскіндер 10-12 тәулікте көріне бастайды. Тыныштық күйін өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-5˚С температурада өне бастайды. Бірақ бұл температура оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды. Әлбетте, картоптың тамырлары температура 7˚С-тан жоғары болғанда пайда бола бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы топырақ температурасы 16-19˚С, бұл дегеніміз ауаның температурасы 21-25˚С-қа сәйкес келеді. Түйнектердің өнуі температура төмендеген сайын, тежеленеді, ал 2˚С мүлдем тоқтайды. Топырақтың жоғары температурасы өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42˚СС-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал, -1-1,5˚ суықтық- та және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1000-1400˚С, орташа пісетіндерге 1400-1600˚С, ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800-2000˚С.

Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Оның ылғалға сұранысы өсіп-өнуіне байланысты өзгеріп отырады. Дақылдың ылғалға барынша қа- жетсіну кезеңі жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді (ылғалдың жетіспеуі өнімді тым төмендетеді).

Орташа есеппен транспирация коэффициенті 430-570 (167-659) өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақ 85-100 л, құнарсыз құмдақ топырақта 160-200 л дейін көтеріледі. Қорытындылап айтқанда (100-140 ц/га) өнім алу үшін, вегетациялық кезеңде 300 мм ылғал түсуі қажет. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (қуаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі, әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді.

Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топыпырақтың борпылда- ғына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режімі тығыздығы 1,0-1,2 г/см3 қара және қоңыр топырақта жасалады.

1 т түйнектер өнімін құрастыру үшін топырақтан N-5 кг, Р2О5-2 кг, К2О-9 кг, Са -4 кг, Мgо – 2кг алады. 1 т түйнектер өнімдерінде N-4,8 кг, Р2О5 -2,2 кг, К2О -10,3 кг сақталынады.

Картоптың өсіп-өну кезеңінде үстеп қоректендіру тыңайтқыш негізгі түрде, немесе отырғызған кезде еңгізілмеген жағдайда пайдаланады. Үстеп қоректендіруді қатараралықтарды өңдегенде жүргізген жөн. Ол үшін жеңіл еритін минералдық тыңайтқыштың әрқайсысын 15-20 кг/га әсер етуші зат мөлшерінде енгізген дұрыс.

Картоп – жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамасыз ету қажет, ал фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамасыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты.

Нақтылы жағдайда бір гектарда 40-50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептеледі. Картоптың көптеген сорт- тары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлденуіне қарай ұзақ күнді өсім- діктер қатарына жатады. Қазақстанда тіркелген сорттарының вегетациялық кезеңдерінің ұзақтылығы 60-90 тәулік (ерте және орташа ерте пісетіндері).

Агротехника ерекшеліктері. Картоптың азықтық, ылғалдылық және ауа режіміне қатты сұранысы, ол үшін алғыегістің алатын орнын анықтайды. Далалық ауыспалы егісте жақсы алғы егістер: көп жылдық шөптердің өңделген жерлері, тыңайтқыш сіңірілген күздік және дәнді бұршақты дақылдар, қант қызылшасы және майлы зығыр. Көкөністік ауыспалы егісте: тамыржемістілер, қырыққабат, қияр. Картоп үшін топырақты негізгі өңдеуді күзде бастайды, әсіресе танаптар ерте босағанда, дәнді дақылдардан кейін танапты сыдырғылау немесе тырмалау (БИГ-3) керек, олар арамшөптерді, зиянкестерді арандату және жою үшін жүргізіледі. Содан кейін сүдігер жерді дайындаймыз, ол үшін 27-30 см тереңдікте, шашылған органикалық тың- айтқышты (көң 30-40 т/га) қайырмалы соқалармен өңдейміз. Фосфорлық және калийлік тыңайтқыштарды жартылай дозасымен осы күзде сіңірген жөн, ал қалған жартысын көктемде қырқаларды (жоталар) тілгенде бірақ сіңірген дұрыс. Азоттық тыңайтқыштарды көктемде сіңірген өте дұрыс болады.

Қырқаларды тілуді күзде – қазанның бірінші жартысында немесе көктемде тұқымдарды отырғызуға 1-2 күн қалғанда немесе отырғызумен бірге жүргізеді. Қырқаларды тілуден бұрын танапты жазықтілгіштермен өңдейді. Қырқаларды тілу үшін КОН-2,8, КРН-4,2Г, КГФ -2,8 культиватор- ларын қолданады.

Отырғызуға тек қана нақты сортқа тән ауруға ұшырамаған түйнектерді іріктеп алу керек. Осы мақсатпен отырғызар алдында картопты сұрыптап іріктейді, шірігендерін, пішінін өзгерткен және жарақаттанғандарын аласта- ды. Түйнектерді тазалаған кезде оларды ірілігіне қарай (30-50, 50-80г және одан жоғары) сұрыптайды. Әртүрлі іріліктегі түйнектерді араластырып отырғызуға болмайды. Өйткені мұның өзі өркендердің әр кезде, созылыңқы пайда болуына әкеліп соғады және бұталар селдір болып қалыптасады да өнім кеміп кетеді.

Массасы 50-80г бүтін түйнектер отырғызуға ең қолайлы деп есептеледі.

Ашық және тиімді дайындау әдістерінің бірі отырғызар алдында түйнек- терді күн көзіне қыздыру болып табылады. Ауа райы жылы болғанда (+12-16˚С) отырғызардан 5-7 күн бұрын түйнектерді сақтау орындарынан далаға арнаулы алаңдарға шығарып қалыңдығын 30-50 см асырмай жайып тастайды.

Түйнектерді дәрілеуді отырғызардан 1-2 күн бұрын қырмандарда жалда, контейнерлерде, немесе арнаулы картоп отырғызатын машинаға асып қойылатын құралдармен жүргізіледі. Фотофторозға және ризоктониозға қарсы бенлатты – 50% сл. – 0,5-1,0 кг/т; витаваксты 200 – 75% с.п. 2 кг/т. дейін; сол сияқты кешенді препараттар Текто – 45%к.с., Рапкол – 46% с.п. қолданады.

Картоп отырғызуды мүмкіндігінше ерте 10-12 см топырақ тереңдігінде жылу 6-7˚С-қа жеткенде бастаған жөн. Мұндай мүмкіндіктер аймақ жағдайында орташа пісетіндерді мамырдың бірінші, ал ерте пісетіндерді ма- мырдың екінші онкүнділігінде жүргізген дұрыс болады.

Суармалы жерлерде картоп жиі отырғызылады – гектарына 50-57 мың. өсімдік (70*25, 70*28 см) ал суарылмайтын жағдайда 40-45 мың. өсімдік (70*35, 70*40 см). Тілінген қырқаларда отырғызғанда саздақ топырақта тереңдігі 6-8 см, ал құмдақ топырақта 8-10 см. Суармайтын жағдайда өсірі- летін картопты тегіс немесе жартылай қырқаларға 12-14 см тереңдікке отырғызады.

Ерте кезде жүргізілетін ең қарапайым және тиімді әдісі картоп көгі шыққанға дейін және шыққаннан кейін алқапты малалау болып табылады. Малалауды картоп отырғызғаннан кейін 5-6 күннен соң кірісу керек және 6-7 күннен кейін қайталау керек, ал үшіншісін картоп көгі шыққаннан кейін жүргізу керек. Қатар аралықтарды өңдеуге қырқаларға отырғызылған картоп көгі шыққанша, ал тегіс жерде отырғызылғанда картоп көгі анық байқалғанда кірісуге болады. Ластануына, ылғалдануына және топырақ тығыздығына қарай өсіп-өну кезеңінде бірнеше қатараралық өңдеу жүргізіледі. Егер алғашқы культивация 10-14 см тереңдікке қатардағы қорғаныс алаңын ең аз мөлшерде қалдырып жүргізсе, кейінгілерді 3-4 см таяз КОН-2,8П және КРН-4,2 культиваторларымен жүргізеді. Суармалы жерлерде және суарылмайтын, бірақ топырақ ылғалдылығы мол жағдайында әрі өсімдік биіктігі 15-17 см жеткенде картопты түптеуге кіріседі.

Картоп плантациясында арамшөптермен күресу үшін агротехникалық шаралар мен гербицид пайдалануды қабаттастырып жүргізу керек. Мысалы, фитофторозаға қарсы фунгицид Родимил 72% с.п. – 2,5 кг/га, көктер шыққаннан кейін 4-6 соң жүргіземіз, және картоп гүлдегенше 7-10 күн сайын фунгицид Даконил 75% сл. – 1,8-2,4 кг/га жүргіземіз.

Колорада қоңызына қарсы, бірінші бүркуді олардың топырақтан жаңа шыға бастағанда жүргіземіз. Ал олардың үлкендері жалпылай пайда болғанда бүркулерді қайталаймыз. Осы үшін Каратэ 5% к.э., Децис 2,5% к.э., Кинмикс 5% к.э. қолданамыз.

Түйнектердің пісуін тездету, жинау кезінде олардың жарақаттануын азайту және жинағыш машиналардың жұмыс жағдайын жақсарту ниетпен 5-7 күн бұрын жапырақ-сабақтарын ұсақтағышпен (КИР-1,5) 10-15 см биіктікте шауып тастайды. Сабақ, жапырақтарды дисикация әдісімен 12-14 күн бұрын тұқымдық түйнектерді, ал тауарлылықтарды 5-7 күн бұрын бүрку арқылы жоюға болады.

Картоп жинау – оны өңдірудегі барлық жұмыс жиынтығының ішінде көп еңбек сіңіруді талап ететін операция. Картоп өсіруге кететін барлық шығынның 50-60 пайызы осыған жұмсалады. Азық-түліктік картопты түйнектердің толық физикалық пісуі жеткен кезде, яғни сабақтары мен жапырақтары солып қураған кезде жинай бастайды және жинауды қыркүйек- тің екінші онкүндігінде бітірген дұрыс. Картопты жинау үшін SE-75-40UB, DK-1500 сияқты комбайндарды қолданады. Тұқымдық картопты қазғызтар- мен қопарып, қолмен жинаған дұрыс.

Осы заманғы қоймаларда негізінен екі сақтау әдісі қолданылады – үйіп тастап активті желдету және контейнерлік.

Картопты сақтағанда үш кезеңді анықтайды:

1)емдеулік – 10-15 күн, сақтау температурасы 15-18˚С, ауаның салыс-

тырмалы ылғалдылығы 85-90%. Желдету қойманың ауасымен жүргізіледі.

2)салқындату кезеңі – қойма температурасын 3-4 жұма бойы 0,5-10˚С

дейін төмендетеді, желдету сартқы ауамен. Ылғалдылығы 85-95%.

3)сақтаудың негізгі кезеңі – қарашадан мамырға дейін. Оңтайлы тем-

пература сортқа байланысты +1,5 — +5˚С, ылғалдылығы 85-95%.

Қоймаларда күнделікті түрде картоптың сақталуын және температура режімін қадағалап отырамыз. Температураның оңтайлық деңгейден төмендеп болмаса жоғарлап кетуі картоп тұқымының сапасын төмендетеді [4].




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 103 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав