Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Картоптың тұқымдар

Читайте также:
  1. Картоптың өсу, өнуінің ерекшеліктері және биологиялық ерекшеліктері.
  2. Картоптың сорттары
  3. Картоптың физиологиялық ерекшеліктері

Алегриа. Мол өнім беретін, түйнектерінің пішіні дұрыс картоп. Картоп ораумен айналысатын кәсіпорындарға қолдануға кеңес беріледі. Түйнек фитофторына өте сирек шалдығады және өнімді сақтау кезінде өсіп кету қаупі төмен, сондықтан сақтауға өте қолайлы. Қара дақ пайда болуы сирек және іші шикі күйінде қарайып кетпейді. Кептірілген картоп өнімдерін алу үшін де өсіруде қолданылады. Біркелкі шығуымен, өсуінің ерте кезеңінде тез дамуымен ерекшеленеді. Шөптері биік, жартылай тік тұрады, жапырақ типтес, орташа мөлшерде ақ гүлдері гүлдейді. Дәмі жақсы, құрылымы көбіне қатты (пісу типі В) және піскен кезінде түсі көп өзгермейді. Крахмал құрамы шамамен 14%.

Биргит НН. Орташа ерте пісетін, мол өнімді, түйнектері қызыл түстес асханалық сорты. Түйнектерінің көлемі орташадан үлкенге дейін, дәмдік сапасы өте жақсы. Зиянкестерге төзімділігі жақсы, қарайып шіруге бейімділігі төмен. Піскеннен кейін қаттылығын жоймауына (пісу типі В) және қызыл түске аса боялмауына байланысты картопты жартылай фабрикат және құрғақ өнімдер дайындауда қолдану ұсынылады. Ұзақ уақыт жақсы сақталады, сақтау кезінде бұзылмайды. Шөптерінің биіктігі орташа, аз мөлшерде ақшыл қызыл түстес гүлдері болады. Крахмал құрамы шамамен 14,2%-ды құрайды.

Бирте. Картоптың ерте пісетін, сапалы сорты, түйнектерінің шикі күйінде және піскеннен кейін қарайып кетуге және қара дақтар түсуге бейімділігі өте төмен. Бұл сорт өңдеу өнеркәсібі саласында жан-жақты мақсатта қолдануға да, сондай-ақ тамаққа қолдану мақсатында сату үшін де ұсынылады. Картоптың дәмдік сапасы өте жақсы, піскеннен кейін едәуір қатты құрылымын сақтайды (пісу типі В), крахмал құрамы 12%. Қолмен тазалауға өте ыңғайлы. Бастапқы даму кезеңінде тез дамиды. Шөптері жартылай тік тұрғыш, аралық типтес, биіктігі орташа.

Гала. Жоғары тауарлы, ерте пісетін асханалық сорт, түйнектері әдемі дөңгелек-сопақша және сопақша болып келеді. Түйнектері механикалық бұзылуларға шыдамды, сондықтан оларды орау өте ыңғайлы. Картоп сақталу кезінде бұзылмайтын жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Түйнектерінің шұқырлары ұсақ, сондай-ақ қара дақ түсуге және шикі күйінде қарайып кетуге бейімділігі төмен болғандықтан, қабығын қолмен тазалауға өте ыңғайлы болып табылады. Дәмдік сапасы жақсы, піскеннен кейін қаттылығын сақтайды (пісу типі В) және ішінің түсі аса көп өзгермейді. Өсімдік біркелкі шығады, қатарлары тез жақындайды. Крахмал құрамы – 14-16%.

Романце. Орташа ерте пісетін, мол өнімді асханалық сорт. Әдемі қызыл түйнектеріне, жақсы дәміне және жоғары сапасына байланысты қаптау үшін ұсынылады. Түйнектері жақсы сақталады, сақтау мерзімі орташа. Сорт бір уақытта өнім беруімен және сабағының тез өсіп шығуымен ерекшеленеді. Шөптері биік, жартылай тік тұрғыш, аралық типтес, көп мөлшерде шығатын қызыл-күлгін түстес гүлдері бар. Дәмдік сапасы жақсы, піскеннен кейін қатты құрылымын жақсы сақтайды (пісу типі В). Түйнектері пісіргеннен кейін аздап қараяды, құрамында крахмал мөлшері шамамен 14%.

Солист. Мол өнімді, түйнектерінің пішіні әдемі, өте ерте пісетін асханалық сорт, әдеттегі ерте пісетін сорттарға қарағанда егін 8–10 күнге ерте шығады. Қара даққа аздаған бейімділігі бар. Өте жақсы жуылады және қаптауға ыңғайлы, өте ұзақ уақытқа сақтауға болады. Дәмі жақсы, құрылымы қатты (пісу типі В), піскеннен кейін аздап қараяды. Сорт тез өсуімен ерекшеленеді. Шөптері орташадан биікке дейін, көлемді, аралық типтес, аздаған мөлшерде ақ гүлдері бар. Крахмалдылығы 14-20%.

Сорая. Мол өнім беретін, орташа ерте пісетін, асханалық мақсатта қолданылатын сорт. Түйнектері дөңгелек-сопақша, пішіндері әдемі, қабығы тегіс және шұқырлары терең орналаспаған. Гастрономияда және өңдеу өнеркәсібі саласында кеңінен қолданылады. Дәмдік сапасы жақсы, піскеннен кейін қаттылығын сақтайды (пісу типі В) және ішінің түсі аса өзгеріске ұшырамайды. Крахмал құрамы – 11–12 %. Сорт біркелкі шығады, сабағы қатарларда тез жақындайды және бірқалыпты өседі. Шөптері жартылай тіке тұрады, биіктігі орташа, жапырақ типтес, аздаған мөлшерде ақ гүлдері бар. Сақталуы өте жақсы. Сақтау кезінде өсіп кетуге бейімділігі – орташадан жоғарыға дейін.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 62 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав