Читайте также:
|
|
Дәнді бұршақты дақылдарға ас бұршақ, май бұршақ, үрме бұршақ (фасоль), мал азықтық бұршақ, бөрі бұршақ, жасымық, ноқат, т.б. жатады.
Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда белок көп болады. Белок әсірісе май бұршақ дәнінде мол (39%). Сары бөрі бұршақ дәніндегі 6елоктың мөлшері 36 процентке, ас бұршақ дәнінде — 24 процентке тең. Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі — олардың, белоктары тез қорытылып, организмге жақсы сіңеді. Май бұршақ дәнінің белогының сіңімділігі 89 процент, мал азықтық бұршақтыкі — 87 процент, ал жасымық пен ас бұршақ дәніндегі белоктың сіңімділігі 85 процентке тең. Белокпен қатар дәнді-бұршақты дақылдардың дәнінде майлар мен А , В , Д , Е , С витаминдері бар. Осындай қасиеттерінің арқасында дәнді бұршақты дақылдар тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Тіпті, дәндерінде белок мөлшері көп, сіңімділігі жоғары болғандықтан бұршақ дәні етке парапар деп есептеледі. Дәнді бұршақты дақылдар құнды мал азығы да, өйткені олардың дәнінде, сабағында, жапырағында жеткілікті мөлшерде белок және мал азықтық өлшем бар. Мысалы, олардың құрғақ шөбінде 8 ден 15 процентке дейін белок болады. Дәнді бұршақты дақылдардағы мал азықтық өлшемнің мөлшері мынадай: май бұршақтың 100 кг дәнінде 138, сары бұршақта — 112, мал азықтық бұршақта 109, ас бұршақта — 117, ал олардың көк балаусасында осыған сәйкес 21, 15, 18, 16 мал азықтық өлшем болады.
Дәнді бұршақты дақылдардың тамырларында түйнек бактериялары болады. Солардың көмегімен ауадағы азоттан дәндері мен вегетативтік органдарына белок түзіп қана қоймайды, сонымен қатар топыраққа азот та жинайды.
Егістіктің әр гектарына дәнді бұршақты дақылдар 100 кг-нан 400 кг-ға дейін азот жинайды, яғни олар топырақтың құнарлығын арттырады.
Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан тез пісіп, танапты ерте босатады. Мұның өзі жерді сапалы және уақтылы өңдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алып қарағанда дәнді бұршақты дақылдар көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл болып санадады.
Дәнді бұршақты пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа 6өлінеді, атап айтқанда, тағамдық дәнді бұршақтар (ас бұршақ, үрме бұршақ, ноқат), мал азықтық дәнді бұршақтар (пелюшка, мал азықтық бөрі бұршақ, мал аықтық бұршақ), техникалық дәнді бұршақ (май бұршақ), аралас пайдаланылатын дәнді бұршақтар (алколоидты бөрі бұршақ).
Дәнді бұршақты дақылдардың тағы да бір пайдаланылатын жері аралық дақыл ретінде себіледі. 1990 жылы дәнді бұршақты дақылдардың республика бойынша жалпы көлемі 152,0 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 0,9 мың гектар, орташа өшемділігі әр гектардан 11,1 центнер, ал жалпы түсімі 176,0 мың тонна болды.
Дәнді бұршақты дақылдар сабақтарының өсуіне қарай әртүрлі болады. Мысалы, мал азықтық бұршақтың, бөрі бұршақтың, ноқаттың сабақтары тігінен өседі және мықты келеді, сондықтан олар піскен кезде жатып қалмайды, ас бұршақ, үрме бұршақ, жасымық сабақтары шырмалып өседі, сондықтан оларды жинау қиынға түседі.
Дәнді бұршақты дақылдардың интенсивті өсетін уақыты бүрлену және гүлдену кезеңі. Дәнді бұршақты дақылдардың кемшілігі — олар жатып қалуға бейім келеді, піскен кезде сабағы ашылып, дәні шашылып қалады, яғни дер кезінде жинап алмаса, егіннің шығымдылығы төмендейді. Әр дәнді 6ұршақты дақылдардың сыртқы ортаның факторларына қоятын талабы әр қилы және олардың өсу мерзімі де әртүрлі. Олардың ішінде ерте (ас бұршақ, жасымық, ноғатық) және кеш (мал азықтық бұршақ, үрме бұршақ, май бұршақ) бұршақ пісетіндері бар. Міне, осы ерекшеліктерін ескере отырып, әр Жердің табиғи — климат жағдайларына сай келетін және өнімді көп беретін сорттарды өсірудің үлкен маңызы бар. Егер сыртқы ортаның факторларына қоятын талабына келетін болсақ, суыққа төзімді дәнді бұршақты дақылдарға жасымық, ноғатық, ас бұршақты, ал жылу сүйгіш дақылдарға май бұршақ пен үрме бұршақты жатқызуға болады.
Ылғалды көбірек керек ететін болғандықтан мал азықтық ас бұршақ пен бөрі бұршақты жауын-шашын мол түсетін аймақта еккен жөн.
Құрғақшылыққа төзімді келетін дақылдарға ноқат жатады.
Дәнді бұршақты дақылдар механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі.
МАЙБҰРШАҚ (CLICINE HISPIDA Z)
Май бұршақтың маңызы. Май бұршақ – бұршақ тұқымдас, бір жылдық өсімдік. Май бұршақ универсалды, тағамға, мал азығына, техникалық маңызы бар дақыл. Дәннің құрамында 30-45% белок, 30% крахмал, 20% май бар. Құрамында көп белогы, майы бар, белогы мал белогына жақын және қорытылуы сүт казеиніне жақын дақыл. Сондықтан май бұршақтан сүт, творог, сыр дайындауға болады, сондықтанда бұл өсімдікті «Өсімдік сиыры» дейді. Тағамға жұғымдылығы жөнінен 1 кг май бұршағы 3 кг сиыр етіне тең. Ұнынан әртүрлі тағам әсіресе кондитерлік тағам дайындайды. Бидайдың ұнына қарағанда соя ұнында 7% фосфор, 10% темір, В1 витамині 10 есе көп.
Май бұршақтан тағамға пайдаланатын сапалы май алады.
Соя сүтін медицинада қарны, ішегі, бауыры, бүйрегі, нерв жүйесі ауырғанда қолданады. Сояны малға жмых көк шөп күйінде және сабанын пайдаланады. 1 кг соя жмығында 47% белок, 1,26 мал азығы, 368 г белогы бар.
Ең бастысы сояның агротехникалық маңызы зор, жерді азотпен байытып, құнарландырады, арам шөптерден тазартып, барлық дақылдарға алғы дақыл бола алады.
Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Май бұршақтың отаны Оңтүстік-шығыс Азия, Қытайда соя 6000 жыл бұрын белгілі болған. Май бұршақ (соя) ертеден көптеген елдерде егіліп, пайдаланылып келген Үндістанда, Қытайда, Жапонияда, Вьетнамда, Азия елдерінде. Олар сояны негізгі тағам есебінде пайдаланып, одан белок, май, соя ұнын алып келген.
Пайдалануы. Етпен салыстырғанда май бұршақтың белогында қышқыл екі есе, минералдық тұздар төрт есе көп. Бұл дақыл организмге сіңімді және жеңіл қорытылады. Сондықтан ол тамақ өнеркәсібенде кеңінен қолданылады. Мұның ұсақталған күнжарасынан нан жасалады, макарон өндірісінде оны қоспа ретінде пайдаланады.
Май бұршақтан лецитин, желатин алынады және кондитер тағамдары дайындалады. Май бұршақтың 1 тонна дәнінен 113 кг май алуға болады. Сүзілген майы тағам ретінде пайдаланылады.
Май бұршақ — бағалы мал азығындық дақыл. Оның шөбі дәмді, өйткені құрамында 36,4 процент шикі протеин, 6,47 процент май, 32,4 процент азотсыз заттар, 5,24 процент клетчатка және 5,64 процент күл болады.
Май бұршақтың 100 кг шөбінде 51 мал азықтық өлшем және 15 кг қорытылғыш протеин бар.
Май бұршақтың майы сабын, бояу өндірісінде қолданылады. Май бұршақты көктей шауып алуға, сүрлемге арнап өсіруге болады. Оның судан шөбімен, жүгерімен, қонақ жүгерімен бірге өсірілген қоспасын шауып алса, сапалы сүрлем салынады.
Дәнді бұршақты дақылдарға жататын болғандықтан май бұршақ өзінің түйнек бактерияларының көмегімен топырақтағы азот мөлшерін молайтуға әсерін тигізеді. Атап айтқанда, ол жердің әр гектарына 70-80 кг сіңімді азот жинайды.
Май бұршақтың егіс көлемі республиканың оңтүстігіндегі суармалы жерлерінде, әсіресе Алматы облысында орналасқан.
Республикада май бұршақтың мына сорттары аудандастырылған: Аврора, Букурия, Гибридная-670, Волгоградка-1, Казахстанская-200, Скынтея, Эврика-357.
Ботаникалық құрылымы. Май бұршағы бұршақ тұқымдас тамырлары бар, жыртылған жерге орналасқан.
Сабағы – тіке, құламайтын, сабақшалары бар, биіктігі 0,3-1 м.
Жапырағы – күрделі, үш жапырақты, жапырағы жалпақ немесе жұмыртқа тәрізді.
Май бұршағының сабағы, жапырағы, бобы, гүл сабағы қылтанақтармен жамылған.
Гүлі – уақ, ақ, ашық фиалетовый түсті, жапырақ қолтығында 3-6 гүлі бар. Әуелі төменгі, сосын жоғарғы гүлдері гүлдейді.
Бобы – екі-төрт тұқымды, әртүрлі формасы бар.
Дәнінің – дөңгелек, қисық, бүйрек тәріздес формасы болады. 1000 дәнінің салмағы 100-250 гр.
Мәдени май бұршақтың климаттық жағдайға биологиясына морфологиясына байланысты. 5 түршеге бөлінеді: 1) Маньчжурия 2) Славяниялық 3) Қытайлық 4) Кореялық 5) Үнділік болып бөлінеді.
Биологиялық ерекшелігі. Май бұршақ — жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы топырақ қыртысының температурасы 6-7°С болғанда өне бастайды. Бірақ, әбден жылынбаған топыраққа егілсе, оның тұқымы көпке дейін өніп шықпайды да, содан шіри бастайды, әр түрлі ауруларға шалдығы, көгі сирек болып өседі.
Май бұршақтың жас өркендері көктемгі — 1-2° суыққа шыдағанымен бұл кезде өсуін баяулатады, ал 2-3°С суықта үсіп те кетеді.
Тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақ температурасы жоғарылаған сайын май бұршақтың шығуы да тездейді. Егер тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақтың температурасы 10-12°С болса, ол 10-12 күнде, ал 18-20°С болса — 6-7 күнде көктеп шығады. Себілген тұқымның көктеп шығуына ең қолайлы температура 20-21 °С шамасында болса, гүлдену кезеңінде - +22-23°С, пісу кезінде 18-20°С болуы керек.
Май бұршақтың өсу кезінде қажетті температура жиынтығы ерте және орташа пісетін сорттар үшін 1500-2000°С, ал кеш пісетін сорттар үшін 2000-3000°С болады.
Май бұршақтың дәнінің бөртуі үшін ылғал мол болуы керек, ал көктеп шыққан соң гүдденгенге дейінгі суға деген мұқтаждығы онша жоғары емес, сондықтан азғана күндік құрғақшылыққа төзеді. Ылғалды ең көп қажет ететін мезгілі — гүлдену мен дәндену кезеңі. Бұл кезде топырақта ылғал жеткіліксіз болса, май бұршақтың өнімі төмендейді.
Май бұршақ топырақ талғайды. Ол қара, қызыл-қоңыр және сұр топырақты тәуір көреді. Оны сортаң, құмды, аса нығыздалған жерлерге себуге болмайды. Топырақ ортасының реакциясы қышқылдау, не бейтарап болуы керек (РН-6,0-7,0).
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 244 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |