Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нім өндіру технологиясы

Читайте также:
  1. Lt;variant>Шикізат өндірумен байланысты салаларда.
  2. Token Ring технологиясы
  3. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы еңбек пен жалақыны ұйымдастыру және жоспарлау
  4. Ндіріс шығындары – өнімді өндіруге кеткен шығындар.
  5. ндірістік капитал пайдаланатын сфераӨндірісте; Өнеркәсіпте; Кәсіпорында. Айырбас құнды өндіру.
  6. Нім өндіру технологиясы
  7. Нім өндіру технологиясы
  8. Нім өндіру технологиясы
  9. Нім өндіру технологиясы

Ауыспалы егістегі орны. Май бұршақтың биологиялық ерекшеліктерінің бірі —

ол алғашқы кезде баяу өседі. Сондықтан оның алғы дақылын дұрыс таңдап алмаса, егістікті арам шөп басып кетеді. Осыған орай май бұршақты танапты арам шөптерден тазартатын және өзінен соң азотты аз қалдыратын дақылдардан кейін себу тиімді. Мұндай алғы дақылдарға картоп, жүгері, күздік бидай, қант қызылшасы жатады.

Тыңайтқыш ролі. Өзінің өсіп-өнуіне май бұршақ қоректік заттарды көп мөлшерде керек етеді. Бір тонна дән құрау үшін май бұршақ топырақтан 77-100 кг азот, 40 кг-ға дейін фосфор мен калий алады. Май бұршақ өзінің өсу кезеңінде даму кезіне байланысты қоректік заттарды әр түрлі мөлшерде қажет етеді. Мысалы, көктеп шыққаннан гүлдену кезеңіне дейін барлық қажетті азот пен фосфордың тек 15 процентін, ал калийдің 25 процентін ғана пайдаланады. Қоректік заттарды ең көп қажет ететін мезгілі — гүлденуден дәнденуге дейінгі кезең. Осы кезде ол барлық пайдаланылатын азот пен фосфордың 80 процентін, калийдің тең жартысын (50%) сіңіреді.

Дамудың алғашқы кезеңінде (көктеу-гүлдену) өсімдік фосфорды, бүрленуден гүлденгенге дейін азотты, ал бұршақ түйе бастағаннан олар толыққанша калийді қажет етеді.

Фосфор (60-90 кг) және калий (30-45 кг) тыңайтқыштарын күзде сүдігер жыртумен бірге, ал азотты (40-60 кг) көктемде культивациялау кезінде және үстеп қоректендіргенде енгізеді.

Себер алдында май бұршақтың тұқымын нитрагин препаратымен өңдеген оның түсімін арттыруға ықпал етеді. Орташа есеппен алғанда тұқымы нитрагинмен өңделгенде бұл дақылдың өнімі 1,5-2,0 ц артады.

Май бұршақ тұқымын себер алдында микро тыңайтқыштармен, әсіресе молибденмен (1 тонна тұқымға, 1,5-2,0 литр, суға ерітілген 20-25 грамм молибден) өңдеген жақсы нәтиже береді.

Жерді өңдеу жүйесі. Топырақ өңдеу жүйесі алдыңғы дақылдарға байланысты.Күздік бидайдан кейін топырақты6-8 см тереңдікте ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқышымен өңдейді. Арам шөптер өне бастағанда осы құралдармен 10-12 см тереңдікке қайталап өңделеді. Егер танапта атпа тамырлы арам шөптер болса, жер жыртуға 8-10 күн қалғанда әр гектарға препарат бойынша 2,5 кг амин тұзы, 0,7 кг бутил эфирі шашылады. Екінші, сыдыра өңдеуден 10-12 күн өткен соң жерді 25-27 см тереңдікте ПТК-9-35 немесе ПЛП-6-35 түренді плугтармен жыртады.

Отамалы дақылдардан соң (жүгері, картоп, қант қызылшасы) танапты 25-27 см тереңдікте аталған плугтармен сүдігерге жыртады. Ерте көктемде топырақ өңдеу оны БЗТС-1,0 немесе БЗСС-1,0 тырмаларынан, ШБ-2,5 шлейф-тырмадан құралған агрегатпен ылғал жабудан басталады.

Арам шөптерді жою үшін тұқым сепкенге дейін танап 8-10 см және 6-8 см тереңдікте екі рет КРН-4,2 немесе РВК-3,6 культиваторларымен өңделеді.

Егін себуге 1-10 күн қалғанда әр гектарға препарат бойынша 5-10 кг трефлан, немесе 2-5 кг дуалды ОН-400, ОВТ-1В машиналарымен шашып, БЗТС-1,0 немесе БДТ-7, БД-10А тырмаларымен сіңіреді.

Тұқымды дауындау себуге. Май бұршақтың әр түрлі ауруларына қарсы (аскахитоз, фузариоз, сұр шірік, бактериоз және басқалар) тұқымды себерден 1,5 ай бұрын мына препараттармен дәрілейді: 50 проценттік фундазол (1 тонна тұқымға 3 кг немесе 80 процентік фундазол (1 тонна тұқымға 3 кг) немесе 80 проценттік ТМДТ (3-4 кг). Препараттарды шашу үшін ПС-10 «Мобитокс» машинасын қолданады.

Май бұршақтың себу мерзімі топырақ қыртысының жылынуына байланысты. Негізінен тұқымды топырақ 12°С қызғанда СКОН-4,2 немесе СПЧ-6 сеялкаларының бірімен себеді.

Тұқым себу мөлшері әр гектарға 0,4-0,5 млн өнгіш дән.

Май бұршақ отамалы дақыл болғандықтан оны кең қатарлы әдіспен (қатар аралығы 45, 60, 70 см) себеді.

Егісті күтіп-баптау. Май бұршақтың өнімділігі егісті күтіп-баптауға көп байланысты. Дәннің бөртуі үшін қара топырақтағы ылғал қорының мол болғаны жөн. Сондықтан оны сепкеннен кейін топырақты катоктармен нығыздау керек.

Май бұршақ көктеп шыққанға дейін арам шөптер де өсіп үлгереді. Сонымен қатар жауын-шашын мол жауса топырақ бетінде қабыршақ пайда болады. Осындай қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін тұқымның көктеп шығуына 3-4 күн қалғанда әр гектарға 7,7-12,3 кг рамрод, 9-24 кг дактал немесе тетрал, ал арам шөп шыққан жағдайда май бұршақтың 2-4 жапырағы пайда болған кезде 1,0-3,0 кг базагран гербицидтерін ОН-400, ОВТ-1В машиналарымен шашып, БЗТС-1,0, БДТ-7, БД-10 тырмаларымен топыраққа сіңіреді.

Май бұршақты сепкеннен соң ол көктеп шығып, жақсы тамырланған кейін екі рет тырмалайды. Бұл ретте жеңіл салмақты БЗСС-1,0 тырмалар қолданылады.

Егісті күтіп-баптау және жинау. Егістікті күтіп-баптаудағы агротехникалық шаралардың бірі — май бұршақты суару. Дақыл гүлдену мен дән түю кезінде суды көп қажет етеді.

Май бұршақты суару мөлшері топырақтың сулық-физикалық қасиеттеріне, жауын-шашын мөлшеріне және басқа жағдайларға байланысты. Өсу кезеңінде дақылды 4-5 рет суарады. Суару мөлшері әр гектарға орташа есеппен 500-700 текше метр. Құрғақшылық жылдары суару саны көбірек, ал ылғал молдау жылдары, керісінше, аздау болады.

Жаз бойы май бұршақ егісі 3 рет культивацияланады.

Бірінші өңдеу 10-12 см, екінші-үшінші - 6-8 см тереңдікте КРН - 4,2, КЛТ 3,8, КРН -5,6 культиваторларымен жүргізіледі. Май бұршақтың қатар аралығы гүлденгеге днйін культивацияланады. Дақылдың пісуін тездету үшін оның бұршақтары сарғайған кезде әр гектарға 10 кг 60 проценттік магний хлоратын 20 проценттік реглонмен қосып, АН-2 ұшағы арқылы егістікке бүркеді. Мұны дефолиация деп атайды.

Май бұршақ бізтұмсығына қарсы өсу кезеңінде әр гектарға 0,35-0,70 кг 30 проценттік метафос немесе 0,5-1,0 литр 40 проценттік фосфамид қолданылады.

Басқа дақылдармен салыстырғанда май бұршақтың дәні біркелкі піспейді. Сондықтан оны орудың мезгілін дәл анықтай білу керек. Жинау мерзімі жақындағанда май бұршақтың жапырақтары түсіп, бұршақтары сарғая бастайды, дәні бұршақ қабынан оңай ажырайды және ылғалдылығы 20-22 %-тен аспайды. Осы кезде май бұршақты қайта жабдықталған «Нива» комбайнымен тікелей орады.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав