Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ

(ВЕТА VULGARIS Z.V. SАССНАRIFERА)

Маңызы. Қант қызылшасының тамырында 17%-22% қант бар. Бұл қант троснигінен көп. Сондықтан да қант қызылшасы қант алудың негізгі шикі заты болып саналады. Қант қызылшасын кондитерлік өндірісте және жемісті, көкөністі консервирование жасауға пайдаланады. Кристалды қант негізінен екі өсімдіктен алынады – қант троснигінен және қант қызылшасынан. Қазіргі кезде қант қызылшасынан алынатын қант жалпы өндірілетін қанттың 40% ұстайды. Қамыс қантының негізгі өндірушісі Куба – 6 млн т қант дайндайды. Қант адам организімінде азайса, шаршау пайда болады, сондықтан да қантты шаршамай, жұмыс қабілетін сақтау үшін береді. Қант қызылшасын мал азығына пайдаланады. 1 цр тамырында 26 мал азықтық өлшем бар. Жапырағын (ботвасын) мал көк күйінде, сүрлем күйінде жақсы жейді. Қант қызылшасынан жом, патока дайындайды.

Жом – (кесілген қалдықты) сиыр малы жақсы жейді.

Патока – қайнатқаннан кейінгі қалдық. Онда қант көп қалады. Оны спирт, глицерин алуға және малға, әсіресе сиырға сүт алуға береді. Сонымен қатар қант қызылшасының агротехникалық маңызы зор. Отамалы дақыл ретінде арам шөптерден тазартады, жердің құнарлығын арттырады, ауру зиянкестерден тазартады.

Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Тамыр жемісті қызылша жөнінде ең бірінші 2500 жыл бұрын Азияда белгілі болған. Еуропаға қызылша ХІІІ-XIV ғасырда әкелінген. Одан кейін қызылшаның асханалық, қант, мал азықтық қызылшаға бөлінетіні ХVІІІ ғасырда анықталған. 1747 жылы граф Марк кристалды қантты, қызылшадан тауып ашқан. Қант қызылшасынан алынған қант, қант троснигінен алған қантпен (идентично) бірдей болған. Қант қызылшасынан қайнатып қант алу ХVІІІ ғасырдың аяғында басталған. Ресейде қант қызылшасын егіп, қант қайнатуға 1802 жылы Тула губерниясы қант қайнататын завод салынған. Содан бері қант қызылшасын егу, өндіру көлемі көбейіп, дүние жүзінде қант қызылшасын өндіруден үшінші орынға ие болған. Қант қызылшасын егу, өндіру көлемінің өсуіне Кеңес Одағының селекциясының бір тұқымды Белоцерковский және Ялтушковский сортын шығаруы үлкен мүмкіндік туғызды. Кеңес Одағы кезінде 1967-1968 жылдары 87-93,6 млн. т. қант қызылшасы өндіріліп, 8,5 млн т секер-песок алынса, сол жылдары АҚШ-та 4,5 млн т секер көп алынады.

Пайдалануы. Қазақстанда қант қызылшасы — бағалы техникалық дақыл. Ол халық шаруашылығында ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінденде қант алу үшін пайдаланылады.

Қант қызылшасы - құнды мал азықтық дақыл, себебі оның пәлегі (жапырағы мен сабағы), заводта өңдегеннен кейінгі қалдықтары — сірне, сығынды мал азығы үшін пайдаланылады. Қант қызылшасы түсімінің 40 проценттейі пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысьнда 15 процент құрғақ заттар, З процент клетчатка, 0,7 процент күл, 0,1 процент май және 1,2 процерт протеин болады. Осы сығындының 100 кг-да 80 мал азықтың өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар.

Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында суармалы жерлерде өсіріледі. Республикадағы барлық қантн қызылшасы шикізат өндірісінің 60 процентке жуығы Жамбыл облысының үлесіне тиеді.

Республикада қант қызылшасының екі сорты, яғни «Ялтушковская односемянная» және «Ялтушковская односемянная-30» аудандастырылып, себіледі.

Өсу және даму ерекшеліктері. Қант қызылшасы — екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңнің ұзақтығы 150-170 күн.

Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңнің ұзақтығы 100-125 күнге тең.

Кейде қант қызылшасы бірінші жылдың өзінде гүлденуі мүмкін, онда мұны «сояуланып кету» деп атайды. Мұның өзі көктемнің салқын, күннің ұзаруына байланысты болады.

Керісінше, қант қызылшасы екінші жылы гүлденбей, тек жапы-рақ жайып қана қойса, онда оны «қасарысу» деп атайды. Бұл жағдай тұқымға арналған түбірдің жылы жерде сақталуынан оның тыныс алуы күшейіп кеткендіктен де болады.

Қант қызылшасы тұқым жарнағы жер бетіне шығатын өсімдік. Олар зақымданса алынатын өнімнің мөлшері кемиді.

Ботаникалық құрылымы. Қант қызылшасы түйнек жемісті, ала бұталар тұқымдасына жатады. Екі жылдық өсімдік бірінші жылы тамыр жемісін, екінші жылы тұқым-дән береді. Қызылшаны өндіретін мақсаты қант алу және мал азығы үшін көптеп егеді.

Қызылшаның пайдалануына және қанттың құрамына байланысты келесі түрге бөлінеді: қант қызылшасы – қанты 20%, асханалық – 6-12%, жапырақты (мангольд) қанты 9-14%, мал азықтық 9-10% қанты болып.

Тамыр жүйесі – кіндік тәрізді, жанының тамырлары екі жанына тараған 2-2,5 м. тереңге кетеді. 40-50 см. өскен тамырлары жыртылған қабатқа тараған.

Жапырағы – сабақты, жүрек сияқты, шеттері иректелген, беті жиырылған. Әуелі жапырағы екеуден, кейін біреуден шығады. Вегетация кезінде 50-70 жапырақ шығады. Тамырындағы қант тегіс орналаспаған, тікесінен және көптегені орта жерінде, шетінде орналасқан.

Сабағы – гүл сабағы екінші жылы пайда болады, сабағының уақ жапырақтары бар.

Жемісінің түрі жаңғақ сияқты (орешек).

Биологиялық ерекшелігі. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Оның топыраққа себілген тұқымы 2-5°С жылылықта бөртіп, өне бастайды, алайда көктеп шығуы үшін оған ең қолайлы темдература 14-16° шамасында жылылық керек. Өсу кезеңінде жақсы дамуы үшін қолайлы температура 20°С болады.

Қант қызылшасының көктеп шыққан жас өркені — 4-5°С суықтыққа шыдайды, ал суықтық 6-7°С градусқа төмендесе, үсікке шалдығады.

Күзде температура 2-4°С болғанда қант қызылшасы өсуін мүлде тоқтатады.

Бірінші күннен бастап-ақ қант қызылшасы суды қажет ете бастайды. Дәнінің бөртіп өнуі үшін оның салмағьның 150-170 процентіндей су қажет. Қант қызылшасы суды тиімді жұмсайтын өсімдіктер қатарына жатады. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400-ге тең. Активті температурасы 2200-2400°С.

Суды ең көп қажет ететін мерзімі — оның күшті өсетін уақыты, бұл шілде, тамыз айларына сәйкес келеді.

Органикалық заттарға бай,құрылымы оңды қара топырақтарда ол жақсы өседі. Сонымен қатар, қант қызылшасы Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы сұр топырағында да тәуір өседі. Оған топырақ ортасының қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (РН-6,5-7,5 тең болуы керек).




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 93 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав