Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нім өндіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ, жылдар бойы ауыстырмай сепкенде

Читайте также:
  1. Lt;variant>Шикізат өндірумен байланысты салаларда.
  2. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы еңбек пен жалақыны ұйымдастыру және жоспарлау
  3. Ндіріс шығындары – өнімді өндіруге кеткен шығындар.
  4. ндірістік капитал пайдаланатын сфераӨндірісте; Өнеркәсіпте; Кәсіпорында. Айырбас құнды өндіру.
  5. Нім өндіру технологиясы
  6. Нім өндіру технологиясы
  7. Нім өндіру технологиясы
  8. Нім өндіру технологиясы
  9. Нім өндіру технологиясы
  10. Нім өндіру технологиясы.

Ауыспалы егістегі орны. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ, жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты көбейіп кетеді де шығымдылығы күрт төмендейді. Ал, бір орынға қайталап орналастыру қант қызылшасының қауіпті зиянкесі тамыр битінің көбеюіне себепші болады. Сондықтан, қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор.

Қазақстанның суармалы жерлерінде қант қызылшасының жақсы алғы дақылдарына жоңышқа қыртысы, жоңышқа қыртысының аударылған құйқасы, күздік бидай, жүгері, дәнді бұршақты дақылдар жатады.

Мысалы, қант кызылшасын жоңышқа қыртысының аударылған құйқасынан кейін орналастырғанда әр гектардан 564 центнер тамыр жеміс, ал бір танапқа қатарынан үш жыл сепкенде 60 центнер өнімжиналған.

Тыңайтқыш беру және қоректендіру. Қант қызылшасы — жоғары өнімді дақыл. Әр гектарға бір тонна тамыр жеміс және соған сәйкес пәлек түзу үшін қант қызылшасы орта есеппен топырақтан 6 кг азот, 2 кг фосфор және 6,7 кг калий сіңіреді. Осыған орай органикалық және миинералдық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор.

Тыңайтқыштар күзде жерді негізгі өңдеумен бірге, тұқым себумен қатар және үстеме қоректендіру түрінде беріледі.

Республиканың суармалы ашық қоңыр және сұр топырақты оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында күзде сүдігер жырту алдында әр гектарға 20-40 тонна көң немесе 60 кг азот, 20-120 кг дейін фосфор және 4б-100 кг мөлшерінде калийді 1-РМГ-4, РУМ-5, РУМ-8 құралдарымен шашады, содан кейін жерді жырту арқылы оны топыраққа сіңіреді.

Өзінің өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде қант қызылшасы азот пен фосфорды айрықша қажет етеді. Сондықтан егін себумен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен алғанда 9-10 кг түйіршікті супер-фосфат сіңіргені дұрыс.

Қант қызылшасын тыңайтудың үшінші кезеңі — оны үстеп қоректендіру. Республиканың суармалы жерлерінде қант қызылшасын өсу кезеңі бойына екі-үш рет үстеп қоректендіреді. Бірінші үстеп қоректендіргенде қант қызылшасын сиретіп болғаннан кейін егістің әрбір гектарына 30 кг азот, 10 кг фосфор және 20 кг калий тыңайтқыштарын КРН-4,2 немесе КРН-5,4, культиваторларымен 10-12 см тереңдікке сіңіріп, 20 килограмнан азот, фосфор және калий беріледі. Қажет болған жағдайда үшінші рет үстеп қоректендіреді, бұл ретте азоттың мөлшерін 10 кг кемітіп, фосфор мен калийді 20 кг дейін көбейтеді де, оны 14-16 см тереңдікке сіңіреді.

Жерді дайындау және өңдеу. Танаптағы аңыздарды топыраққа сіңіру және арам шөптерді жою үшін алдыңғы дақылды жинап алғаннан кейін аңызды 6-8 см тереңдікте ЛДГ-10 немесе БДТ-7 құралдарымен сыдыра жыртады. Жер жырту алдында ДДА-100М жаңбырлатқышымен немесе қолдан жүйектерге әр гектарға 500-800 текше метр су жіберіледі. Жер жырту тереңдігі алғы дақылға байланысты. Егер алдыңғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған құйқасы болса, оны 25-28 см, күздік дақылдар мен жүгеріден кейін 27-30 см тереңдікте жыртады. Жер жыртылып болганнан кейін ПН-4А құралымен тегістейді, содан соң сүдігерді КГС-4,8 культиваторымен терең қопсытады.

Ерте көктемде жер дегдісімен 2-3 күннің ішінде БЗТС-1,0 немесе БЗСС-1,0 тырмаларымен екі ізбен ылғал 2-4 см тереңдікке жабылады.

Қант қызылшасын интенсивтік технологиямен өсіргенде гербицидтерді дұрыс қолдана білудің маңызы үлкен.

Танаптағы арам шөптердің түрлеріне байланысты егін сепкенге дейін гербицидтер қолданылады. Егер бір жылдық қос жарнақты арам шөптер басым болса, онда гектарға 1,6-7,5 кг пирамин шашады. Бір жылдық астық тұқымдас арам шөптерге қарсы әр гектарға 7-14 кг трихлорацетат натрийін шашып, оны тырмалармен топыраққа сіңіреді.

Бір жылдық қос жарнақты және кейбір астық тұқымдас арам шөптерге қарсы егін себер алдында әр гектарға 1-2 кг вензир, ал бір жылдық арам шөптерге қарсы 6-9,7 кг мөлшерінде ронит (шашылысымен топыраққа сіңірілуі қажет) қолданылады. Бір жылдық астың тұқымдас және қос жарнақты арам шөптерді жою үшін әр гектарға 4-5,7 эптам, 4-6 кг тилламды егін себер алдындағы культивациялау кезінде шашады. Барлық жағдайда гербицидтер топыраққа АПР «Темп», ОП-450, ОШУ-50 машиналарымен шашылады.

Егін себер алдында жерді 2-4 см тереңдікте РВК-3,6, РВК-5,4, РВК-7,2 құралдарының бірімен культивациялайды.

Тұқымды егуге әзірлеу. Тұқымның қысқа мерзім ішінде сапалы және біркелкі өніп шығуы үшін оны себуге мұқият дайындау керек. Қант қызылшасының тұқымы қант заводтарында дайындалады. Мұнда ол тазаланғаннан кейін екі фракцияға (3,5-4,5 мм және 4,5-5,5мм)бөлінеді.

Ол тұқымды белгіленген мөлшерде дәл себу үшін істелді. Тұқым төгілгіш, сусымалы болуы үшін оның бетін тегістеп (сегменттеп) жұмыр түрге келтіреді. Кейінгі кезде тұқымды дражирлеу кеңінен қолданып жүр. Себер алдыныда әр тонна тұқымды 2-5кг гранозанмен дәрілейді. Сонымен қатар әрбір 100кг тұқымға 200г кобальт, марганец немесе мырыш микроэлементтерін береді және 0,1-0,05 проценттік никазин ерітіндісімен өңдейді.

Қант қызылшасынан жоғары өнім алу және оның қанттылығын арттыру егу мерзіміне байланысты. Тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдігі 5-6 С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың үшінші онкүндігі мен сәуір айының бірінші жартысына сәйкес келеді. Тұқым себу үшін ССТ-8-12А,Б сеялкасын қолданады.

Тұқым себу. Себу мөлшері танаптың арам шөптерден тазалығы мен тұқымның өнгіштігіне байланысты. Бір жылдық арам шөртермен ластанған танаптарда лабораториялық өнгіштігі 80 проценттен кем емес тұқымды пайдаланғанда оның себу мөлшері әр текше метрге 32-35 данада дән болуы шарт. Ал тұқымның лабораториялық өнгіштігі 85-90 процент, танапта арам шөптер шамалы және арам шөптерді құртуға тиімді гербицидтер жеткілікті болған жағдайда әрбір текше метрге 18-25 дана тұқым себу керек.

Қант қызылшасы қоректік алаң көлеміне өте талапшыл дақыл, сондықтан оның себу әдісін дұрыс белгілей білген жөн. Қазақстанның суармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60см кең қатарлы себу әдісі қолданылады.

Ылғалы мол топырақта тұқымды 1-3см, ал беткі қабаты құрғап кеткенде 3-4см тереңдікке сіңіру тиімді.

Қант қызылшасын күтіп-баптау. Қант қызылшасы егісін күтіп-баптауға байланысты агротехникалық шаралардың бәрі қызылшаның өсуі мен дамуына ең қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тұрғыдан алып қарағанда агротехникалық шара себумен бір мезгілде, немесе егіс себіліп бітісімен іле-шала топырақты ЗККН-2,8, ЗККШ-6 катоктарымен нығыздау. Ондағы мақсат – топырақтың төменгі қабатындағы ылғалды жоғары көтеріп, себілген тұқымның тез бөртіп біркелкі көктеп шығуына көмектесу.

Қызылша көгінің жер бетіне шығуын қиындататын топырақ қабыршағын жою үшін тұқым себілген соң 4-5 күннен кейін (арам шөп «ақ жіптеніп» тұрган кезде) қатарға кесе көлденең немесе қиғаш бағытта егісті 2-Зсм тереңдікте 3БП-0,6, 3ОР-4,7,УСМК-,4А,Б құралдарымен тырмалайды.

Бұлай тырмалау топырақ қабыршағында пайда болу жиілігіне қарай 1-3 рет қайталануы мүмкін. Бірақ соңғы тырмалауды топырақтағы өне бастаған тұқымның көгі 8-10 мм-ге жеткенде тоқтату керек. Қызылша көктеп шыққан соң УСМК-5,4А, УСМК-5,4Б, КРН 5,4, КРН-4,2 құралдарының бірімен — механикаландырылған шабықтау жұмысы жүргізіледі. Қызылшаның қатар аралықтарында шабықтау 3,5 см, ал қорғау аймағында 2,5 см тереңдікте жүргізілуге тиісті.

Көктеп шыққан қызылшаны тырмалау жауапты агротехникалық шаралардың бірі. Бұл жұмыстың мақсаты — ауаның топыраққа таралуын жақсарту, қызылшаны сирету, арам шөптерді жою.

Көктеп шыққан қызылшаны тырмалауды өсімдік толық қос құлақтанғаннан бірінші-екінші қос жапырак пайда болғанға дейін ЗБП-0,6, ЗОР-0,7, УСМК-5,4А, құралдарьның бірімен 3см тереңдікте жүргізеді. Тісті тырмалардан құралған агрегаттың жылдамдығы сағатына 3,5 км, ал ротациялық жұмыс органдары бар агрегаттардыкі — 7,0 км болуы керек.

Осы жүргізілген агротехникалық шара 45-70 процент арам шөптерді жояды, ал қызылша 20-40 процент сирейді.

Қызылшаның жиілігін реттеу — ең қиын әрі жауапты жұмыс, себебі әр гектарға қажетті өсімдіктер санын қалдырғанда ғана оларды қатарларда бірқалыпты орналастыруға болады. Егер қатарда өніп шыққан өсімдіктер жиі болса, онда олардың тамыр жемісі нашар өсіп, нәзік болады. Бұл қызылшаның өнімін кемітуге әкеліп соғады. Осы кемшілікке жол бермеу үшін қызылша егісі сиретіледі.

Қызылашаны сирету оның өсімдігінің бірінші, екінші қос жапырақ шығарған кезеңінде басталып, 10-12 күннің ішінде аяқталуы керек, өйткені мұнан кешіктіру түбірдің түсімі мен оның қанттылығын кемітеді. Өсімдіктерді УСМП-5,4А, УСМК-5.4А құралдарымен және қолдан сиретеді. Қызылша қатар аралығы 60 см етіп себілсе, сиреткеннен кейін әр текше метрге 6,0-6,5 дана, ал қатар аралығы 45 см болғанда —5,5 дана өсімдік болуы шарт.

Қызылшаны сиретуді аяқтағаннан кейін егісті тексереді. Онда қатардағы және шоқтағы жиі өсімдіктерді жұлып тастайды және арам шөптерді отайды.

Тексеру жұмысын қызылшаның 2-4 нағыз қос жапырағы пайда болғанға дейін бітіру керек.

Егіс сиретіліп болған соң қатар аралықты өңдеу жұмысы басталады.

Қатар аралықты бірінші культивациялау 5-6 см, одан кейінгі — 10-12 см тереңдікке жүргізіледі. Культивациялау кезінде арам шөптер жойылады, нығыздалған топырақ қопсытылып, оның ауа режимі жақсарады.

Топырақ қопсытуды әдетте, алғаш рет үстеп қоректендірумен, алғаш рет суару жүйектерін тартумен бірге жүргізеді.

Өсімдіктерді тексеру жұмысы аяқталған соң қатар аралықты қопсыту 10-12 см, ал бұдан кейінгі культивациялауды 16-18 см тереңдікте жүргізеді. Механикалық құрамы ауыр топырақты жерлерді 22-24 см тереңдікте қопсытады. Қатар аралықты өңдеу үшін КРН-4,2, КРН-5,4, УСМК-5,4А культиваторлары қолданылады.

Қажет болған жағдайда қызылша егісіндегі арам шөптерді отау жұмысы жүргізіледі.

Қызылша егісін күтіп-баптауға оны суару жұмысы да жатады. Егістікті уақтылы суару қызылшаның өнімі мен қанттылығын арттырумен бірге топырақтың құнарлылығын жақсартады. Сондықтан қызылша көктеп шыққаннан бастап оны жинағанға дейін суару арқылы ылғалмен қамтамасыз ету керек. Егін сепкен соң маусым айының ортасына дейін қызылшаны екі рет суарған жөн. Әр суару мөлшері — 1 гектар жерге 600-700 текше метр су беріледі. Маусым айының ортасынан тамыз айының ортасына дейін әр гектарға 800-900 текше метр су беріп, 4-5 рет суарған тәуір нәтиже береді. Тамыз айының ортасынан егін жинағанға дейін тағы да 1-2 суару қажет. Бұл жолы суару мөлшері әр гектарға 700-800 текше метр болады. Сонымен өсу кезеңінде қант қызылшасы 7-9 рет суарылып, әр гектарға 5100-7500 текше метр су беріледі.

Қант қызылшасын суару мөлшері топырақтың механикалық құрамына, оның танаптық су сиымдылығына, жер асты суының деңгейіне, суару әдістеріне және басқа жағдайларға тікелей байланысты. Мысалы, жер асты суы жақын орналасқанда өсу кезеңі бойы 4-5 рет суару жеткілікті болса, ал астында қиыршық малта тастар жақын жатқан жерлерді кемінде (әр гектарга 600 текше метр су) 10-12 рет суарған пайдалы.

Егісті негізінен жүйектеп немесе жаңбырлатып суарады.

Жаңбырлатып суару үшін ДДА-100М, «Днепр» жауындатқыш агрегаттарын пайдаланады.

Қант қызылшасын жинау. Ол өсіру технологиясындағы ең қиын процесс. Қызылшаны дәл уақытында жинау ысырапқа жол бермей, оның өнімділігін арттытуға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің және озық шаруашылықтардың тәжірибелеріне қарағанда қызылшаны қысқа мерзімде жинау өте тиімді.

Жинауды шапшаң қарқында жүргізуге прогрестік технологияны қолдану және оның барлық процесін механикаландыру арқылы жетуге болады.

Қант қызылшасын 15-20 кыркүйектен бастап бір айдың ішінде, яғни 20-25 қазаннан қалдырмай БМ-4, БМ-6, РКС-4, РКС-6 машиналарымен жинап алу керек.

Қант қызылшасын жинаудың, үш әдісі бар: тасқынды, жартылай тасқыңды және үймелі. Тасқынды әдіспен жинағанда қызылша комбайнмен қазылып, жапырағы қырқылып, тамыры тазаланбай-ақ машинаға тиеліп заводқа жіберіледі.

Шаруашылықта транспорт жетімсіз болган жағдайда қант қызылшасын арнаулы көмбеге төгеді де, оны топырағынан және шірігінен қолмен тазалап болғаннан кейін машинаға тиеп, қант заводына жөнелтеді. Жинаудың бұл түрін тасқынды үймелі әдіс деп атайды.

Егер қант қызылшасы тамыр шірігімен зақымданбаса және оның егісі қант заводтарынан алыста орналасса, онда жинаудың үймелі әдісі қолданылады.

Қант қызылшасын тұқымға өсіру. Бірінші жылы өсіріліп, келер жылы тұқым алу үшін сақталып қойылатын қант қызылшасының тамыр жемісін аналық деп атайды, ал қыстап шыққаннан кейін екінші жылы топыраққа отырғызылатын осы аналықты көшіріп егу немесе тұқымдық дейді.

Кейбір ерекшеліктері болмаса, аналықтың өсіру технологиясының кәдімгі қант қызылшасыньң өсіру технологаясынан аса көп айырмашылығы жоқ.

Тұқымдық қызылша технологиясының бір ерекшілігі — оның өсімдігі басқалардан жиірек болуы керек. Сондықтан суармалы жерлердегі тұқымдық, қызылшаның бір гектарында 160-180 мың өсімдік болғаны дұрыс.

Аналық қызылшаның күзгі суық түскенше, ауаның температурасы 6-8°С болғанда жинаған жөн. Пәлегін жинау үшін БМ-6А машинасын пайдаланады, ал аналық қызылшаның өзін РКС-6 комбайнмен түбірде 3-4 см сағағын қалдырып жинайды. Осылай жииалған түбір жақсы сақталып, өзінің тұқымдық қасиетін төмендетпейді.

Аналық қызылшаны қыста сақтау үшін оны жинауға 20-30 күн қалғанда ТКУ-09 машинасымен ұра қазып, оның әрбір 20 метрінен кейін жалпақтығы 20-25 см бөгет жасайды. ¥раның тереңдігі 70 см, ені 0,8-1,0 метр шамасында болады. Бұл ұралар бір бірінен 18-20 м қашықтықта қаз-қатар (жарыспалы) қазылады. Сонда бұларды машинамен күзде жабу және көктемде ашу оңайға туседі. Ұраға салынған түбірлердің деңгейі жердің бетінен 5-7 см төмен жатады және үсті тегістеліп 30-40 см топырақпен жабылады. Қағаттарды ақырғы жабу ауа температурасы 2-3 градусқа дейін төмендегенде жүргізіледі. Қағаттың бетіндегі топырақтың қалыңдығы 80 см шамасында болуы керек.

Көктемде түбірлерді іріктеу және отырғызу алдында ғана қағат ашылады. Ерте ашып қойса түбір бұзылып кетуі мүмкін.

Тұқымдық қызылшаны өсіргенде әрбір гектарға 30-40 тонна көң, 140-170 кг азот, 160-185 кг фосфор және 135-180 кг калий минералдық тыңайтқыштарын беру керек.

Күзде тұқымдық қызылшаны отырғызуға арналған танапты 30-32 см тереңдікке жыртады.

Ерте көктемде ылғал жабады, содан кейін топырақты 6-8 см тереңдікке культивациялаумен бірге гербицидтер шашылады. Аналық отырғызылар алдында танапты 16-18 см тереңдікке КПЭ-3,8 культиваторымен қопсытады және сонымен бір мезгілде тырмалайды.

Отырғызуға ең қолайлысы 550-600 грамдық түбір. ВПУ-4, ВПС-2,8 машиналарымен 70X70 см схемасымен отырғызады. Өсіп келе жатқан бүршік қурап қалмауы үшін түбір басы топырақ деңгейінен 2-3 см төмен отырғызылады.

Осыдан кейін күтіп-баптау басталады. Бірінші тырмалау дегелектің 20-30 проценті, ал екінші — 45-50 проценті пайда болғанда жүргізіледі. Бұл тырмалаулар кезінде арам шөптердің біразы жойылады.

Арасы ашылысымен қатар аралықты бірінші рет 2-3 см-ге кемітіп отырылады. Бірінші және екінші культивациялау кезінде 40 кг азот және 20 кг фосфор тыңайтқыштарымен үстеме қоректендіру жүргізіледі.

Тұқымдық қант қызылшасы бір мезгілде пісіп жетілмейді, сондықтан тұқымның барлығының сарғаюын күтпей-ақ оның 30-40 проценті қоңырланғанда ЖРБ-4,2П комбайнының жаткасымен шауып дестеге түсіреді, ол кепкеннен кейін ПЛТ-ЗА жинағышымен, қайта жабдықталған комбайнмен бастырады. Бастыру барабанының жылдамдығы минутына 550-600 айналыс болу керек.

Қант қызылшасының тұқымын алгашқы рет ОВП-2ОА, СМ-4 машиналарымен ЗАВ-20А, ЗАВ-40 агрегаттарын пайдалана отырып, оған араласқан жапырақ, сабақ қалдықтарынан және басқа қоспалардан шаруашылықтың өзінде тазартады. Тұқымның ылғалдылығы кептіру арқылы 13-14 процентке жеткізіледі. Осыдан кейін тұқым қант заводтарына жіберіледі. Қант заводтары тұқымды тазалап, іріктеп, себуге әзір етіп шаруашылықтарға жөнелтеді.

Қант қызылшасынан тұқым алу үшін қолданылып жүрген кеңінен тараған екі жылдық көшіріп отырғызу әдісі бір жағынан көп қаржы мен еңбекті керек етсе, екінші жағынан, өсіру технологиясы толық механикаландырылмаған. Міне осы жағдайды ескере отырып, соңғы кездерде қысы жұмсақ аймақтарда тұқым алу үшін қант қызылшасын көшірмей отырғызу әдісін қолданылып жүр. Бұл әдістің мәнісі мынада: қысқа қарай қант қызылшасының түбірі қазылып алынбай танапта қыстан шығады. Ол үшін бірінші жылы өсімдікте құрғақ затты мол жинау керек, себебі түбірде құрғақ зат көп болған сайын, ол қысқы аязға төзімді келеді. Осыған орай бірінші жылы жүргізілетін барлық агротехника түбірде құрғақ затты көп жинауға бағытталуы керек.

Қыстың алдында қызылша өсімдігін түптеп, оны қалыңдығы 10 см топырақпен жабады. Қант қызылшасын көшірмей отырғызу әдісімен өсіргенде күзде, яғни қыстап шыруға кетер алдында, әр гектарға 150-200 мың дана өсімдік болуы керек.

Аталған әдіспен өсіргенде қант қызылшасының тұқымы біркелкі пісіп, жинау мезгілін дұрыс белгілеуді жеңілдетеді.

 

 

Лекция

КАРТОП (SOLANUM TUBEROSUM Z.)

Маңызы. Картоп ең маңызды тағамдық дақыл, оны «екінші нан» дейді. Картоп тек қана тамаққа жарамды емес, ол – техникалық және мал азықтық дақыл. Картоп түйнегінің құрамында 15-25% крахмал, 2% белок, витамин С, В1, В2, басқада витаминдер бар. Адам өзіне қажетті С витаминінің жартысын картоптан алады. В витамині нерв жүйесінің жұмысын жақсартса, картоптың шикі шырыны қарын және шектің ішіндегі жарасын (язвасын) жазуға көмектеседі. Картоптан крахмал, спирт, патока, декстрин алады. Картоп кулинарияда кеңінен әр түрлі тағам дайындауға пайдаланылады. Мал азығына шикілей булап, уатып, езіп, ботық жасап береді, әсіресе шошқаға, сиыр малына. 100 кг картоптың түйнегінде 30 мал азықтық өлшемі бар. Картоптың түйнегінде күннің көзіне көгеретін 0,02 соланин улы заты бар, сондықтан оны малға бергенде соланиннен тазартып беру керек.

Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Картоптың отаны Орталық және Оңтүстік Америка, Чили, Перу, т.б. Сол жерлерде 2000 жыл бұрын белгілі болған. Чилиден 1565 ж. Испанияға әкелінген, одан Еуропаға картоп XVI ғасырда, Ресейге XVIII ғасыр кезінде Петр І Голандиядан (1720-1725 ж) басында әкеліп таратқан. Біздің жерлерімізге ХІХ ғасырдың екінші жартысында кеңінен тараған. Кеңес Одағы кезінде картоп 8,6 млн га жерге егілген. Қазіргі кезде картоп Францияда, Германияда, АҚШ, Ресейде, Башқұртстанда, Уралда, Сібірде, Қазақстанның Солтүстік, Шығыс облыстарында көптеп егіледі.

Пайдалануы. Қазақстанда картоп кең тараған ауыл шаруашылық дақылы. Картопты халық шаруашылығьнда жан-жақты пайдалану оның бағалы қасиеттеріне байланысты.

Картоп — құнды мал азықтық дақыл. Оның 1 кг түйнегінде 0,3 мал азықтық өлшем бар. Малдарға жем ретінде картоптың түйнегімен қатар крахмал және спирт өндірісінен қалған қалдықтар да пайдаланады.

Картоп — техникалық дақыл. Ол крахмал, спирт, глюкоза, каучук және басқа өнеркәсіп салаларында пайдаланылады. Картоп крахмалы тамақ, тоқыма, қағаз, сіріңке өнеркәсіптерінде пайдаланылады.

Отамалы дақыл болғандықтан егіншілікте дәнді және басқа дақылдарға жақсы алғы егіс болып табылады, себебі ол танапты арам шөптерден тазартады. Картоп республиканың барлық облыстарында өсіріледі.

Республика бойынша картоптың 15 сорты аудандастырылып өсірілді. Олар мыналар: Зауральский, Лорх, Рекорд, Ульяновский, Алатау, Весна, Гатчиаский, Мурманский, Невский, Огонек, Полет, Приекульский раний, Столовый-19, Тулунский, Шортандинский.

Ботаникалық құрылымы. Картоп түйнек жемісті, алқа тұқымдас өсімдік. Картоп вегетативті (түйнегімен) немесе тұқымымен көбейеді.

Тамыр жүйесі - шашақты, жан-жаққа тараған. Жер астындағы түйнектің көзінен екінші тамыр, кейін столонды тамыр, әр қайсысында 4-5 столоннан болады. Көптеген тамырлары жыртылған жерге орналасады.

Сабағы тіке тұратын, тарамдалған, үш-төрт қырлы, биіктігі 0,5-1 м. Сабақ саны отырғызатын тұқымға байланысты 4-8 болады. Жер астындағы сабақтың жапырағының қолтығынан түйнек салатын сабақ-столон пайда болады.

Түйнек – өзінше үлкен, толық, қысқарған жер астындағы сабақша, спираль сияқты орналасқан көзі бар.

Жапырағы – жәй жалпақ, көп тілінген, қос-қостан емес, спираль бойынша орналасқан.

Жемісі – егі ұялы, көп тұқымды, шар сияқты.

Тұқымы – уақ, сары, қоңыр түсті. 1000 тұқымның салмағы 0,5-1 гр.

Биологиялық ерекшелігі. Картоп 11-15°С температурада өсе бастайды. 15-20 күннен кейін түгел көктейді. Картоптың өсіп дамуына, түйнегін салуға оптималды 17-20° температура қажет. Ал температура 25° жоғары болса, түйнек салуы азайады, 29-30°С температурада түйнек салуы тоқтайды. Ерте пісетін сорттарға көктегеннен бүршігі (бутоны) шыққанша 15-22 күн, кеш пісетін сорттарға 39-75 күн керек. Картоптың сортына климаттық жағдайға байланысты вегетациясы 60-180 күн. Транспирациялық коэффиценті 600-650. Картоп жарық сүйгіш. Көптеген сорттары ұзақ күндікі, кейбір сорттары қысқа күнге бейімделген. Картоп ылғалды талап етеді, топырақтың 65-70% ылғал сиымдылығын. Картоп қопсытылған, құнарлы, жеңіл топырақты, ылғалы мол қаратопырақты жерге жақсы өсіп, мол өнім береді.

Картоп – жылылық сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өсіп-өнуі үшін топырақ қыртысында ең кем дегенде 7-8°С жылылық болуы керек. Бірақ мұндай температурада картоп жер бетіне 30-35 күнде көктеп шығады. Топырақтың тұқым отырғызылған тереңдігіндегі температура жоғарылаған сайын картоптың отырғызу-көктеп шығу кезеңі қысқарады. Аталған тереңдіктегі топырақтың температурасы 18-25°С болғанда 13-15 күнде өніп, жер бетіне көктеп шығады. Картоптың сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура 17-22°С шамасында болуы қажет. Температураның жоғарылауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, температура 3-5°С-тан төмен, ал 35°С-тан жоғары болса, картоптың өніп-өсуі тоқталады. Көктемде -3°С суықта картоптың жас өркені, ал күзде топырақтың температурасы -2°С болғанда картоптың түйнегі үсіп кетеді.

Картоп түйнек саларда ауаның температурасы + 15-18°С болғаны қолайлы.

Картоп өсімдігінің суды қажет етуі оның өсуі мен даму процессіне қарай өзгеріп отырады. Ол алғашқы өсу кезеңінде ылғалды онша қажет етпейді, бірақ осы мезгілде шамадан тыс құрғақшылық болса, картоп тамырының дамуы нашарлайды, яғни өнімі төмендейді. Картоп үшін топырақтың ең жақсы ылғалдылығы оның толық су сиымдылығының 70-80%-ке тең екені анықталды.

Картоп жапырағы табиғи қурай бастағанына дейін осындай ылғалдылық болуы керек. Топырақта ылғал көп болса да қолайсыз, өйткені бұл дақылға залалын тигізеді.

Картоп топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуын қалайды.

Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда, әсіресе, тығыз топырақта оның жер астындағы сабақтары бұтақтап кетеді, түйнекті де кеш байлайды, баяу өседі және кешігіп піседі. Оның ойдағыдай өсіп-дамуы үшін ауа еркін өтіп тұратын кеуекті топырақ қажет. Сондықтан картоп қара, қызыл қоңыр топырақта жақсы өседі. Оған жақсы тыңайтылған құмдақ және саздақ топырақтарда жарайды. Механикалық құрамы ауыр саздақ топырақ картоп өсіруге келмейді. Топырақтың қолайлы тығыздығы бір текше сантиметрге 1,0-1,2 грамм болуы қажет, ал бұл көрсеткіш 1,4-1,5 шамасында болса онда картоп түйнегі қысылып, жөнді піспей қалады. Картоп қышқылы (рн-4,5-5) топырақты ұнатады.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 208 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав