Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нім өндіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарының суармалы жерлерінде

Читайте также:
  1. Lt;variant>Шикізат өндірумен байланысты салаларда.
  2. Token Ring технологиясы
  3. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы еңбек пен жалақыны ұйымдастыру және жоспарлау
  4. Ндіріс шығындары – өнімді өндіруге кеткен шығындар.
  5. ндірістік капитал пайдаланатын сфераӨндірісте; Өнеркәсіпте; Кәсіпорында. Айырбас құнды өндіру.
  6. Нім өндіру технологиясы
  7. Нім өндіру технологиясы
  8. Нім өндіру технологиясы
  9. Нім өндіру технологиясы

Ауыспалы егістегі орны. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарының суармалы жерлерінде картоптың жақсы алдыңғы дақылдарына күздік, дәнді бұршақ, көкөніс (пияз, сәбіз, қияр) дақылдары көп жылдық шөптердің қыртыстары мен олардың аударылған құйқасы жатса, ал республиканың суарылмайтын солтүстік аймағында картопты ықтырмалы таза пардан кейін орналастырған дұрыс. Егер топырақ дұрыс өңделіп, жеткілікті мөлшерде органикалық және минералдьқ тыңайтқыштар берілсе, оның аурулары мен зиянкестері болмаса, онда картопты бір орынға қатарынан 2-3 жыл бойы отырғызуға болады,яғни өсіру агротехникасы жақсы болған жағдайда қайталап отырғызылған картоптың өнімі төмендемейді.

Дегенмен, тұқыма арналған картопты ауыспалы егістерде өсіріп, бұрынғы орнына кем дегенде үш-төрт жылдан кейін ғана отырғызған жөн.

Тыңайтқыш беру, қоректендіру. Картоптың қоректік заттарға қоятын талабы үлкен. Бұл дақыл бір тонна өнім және сол шамалас сабақ құру үшін топырақтан 6 кг азот, 2 кг фосфор және 9 кг калий элементтерін пайдаланады. Картоп егісін тыңайтқанда осыны ескере отырып, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін белгілейді.

Республиканың суармалы аймақтарында күзде жер жырту алдында әр гектарға 40-50 тонна көң, 6,5 центнер фосфор және 1,5 центнер калий тыңайтқыштарын РУН-15БМ, РОУ-6, 1РМГ-4, РУМ-5 машиналарымен шашып, түренді плугтармен жыртып, топыраққа сіңіреді.

Картоп отырғызған мезгілде тұқыммен бірге әр гектарға 0,3-0,5 центнер аммиак селитрасы меп 1,0 центнер түйіршікті суперфосфат сіңіргенде, жақсы өнім алуға болады. Қазақстанның солтүстік облыстарында жерді жырту алдында әр гектарға 50-100 тонна көң, әсерлі заттар есебімен алғанда 140 кг фосфор және 160 кг калий тыңайтқыштарын ПРГ-16, ПРТ-10, РУМ-8, РУМ-5 құралдарымен шашып, плугтар мен жыртып топыраққа сіңіреді, ал азот тыңайтқышының (әр гектарға 45 кг ) 2/3 бөлігін картоп отырғызу алдында және 1/3 бөлігін үстеме қоректендіру кезінде береді.

Күзде және картопты отығызған кезде жеткілікті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар берілсе, онда картопты үстеп қоректендірудің қажеті шамалы. Ал көрсетілген уақыттарда тыңайтқыштар тапшы болып, жеткілікті мөлшерде берілмесе картоп көктегеннен кейін бір аптаның ішінде егістің әр гектарын әсерлі заттар есебімен алғанда 20-50кг азотты тыңайтқышпен үстеп қоректендірген жөн.

Жерді дайындау, өңдеу. Күзде алдыңғы егілген дақылдарды жинап алғаннан кейін кіріседі. Күздік дәнді дақылдардан соң танаптағы аңызды ЛДГ-10 сыдыра жыртқыштарымен 10-12 см тереңдікте өңдейді. Арам шөптер көктеп шыққаннан кейін жерді ПНЛ-8-40, ПЛН-6-35, ПЛН-5-35, ПЛН-4-35 түренді плугтарының бірімен 27-30 см тереңдікте сүдігерге жыртады.

Отамалы және көкөніс алдыңғы дақылдарынан кейін топырақты сыдыра өңдемей-ақ бірден терең жыртуға кіріседі. Егер топырақтың үстіңгі жыртылу қабатының қалыңдығы шамалы болса, онда топырақ тереңдеткіш құралдар пайдаланылады. Қазақстанның, солтүстік аймағында қыста СВУ-2,6 құралымен танапта қар тоқтатылады.

Көктемгі топырақ өңдеу танапта БЗСС-1,0 тырмаларымен ылғал жабудан басталады. Содан кейін сүдігерді 20-22 см тереңдікке ПЛН-4-35 түренді плугы мен БЗСС-1,0 тырмасынан тұратын құрама агрегатпен қайталап жыртады.

Картоп отырғызу алдында топырақ екі КПС-4 культиваторлары мен сегіз БЗСС-1,0 тырмаларынан тұратын құрама агрегатпен қопсытылады, содан кейін КОН-2, 8ПМ, КНО-2,8, КРН-4,2 культиваторларының бірімен танапта жал жасалып, тыңайтқыштар сіңіріледі.

Картоп тұқымын отырғызуға дайындау. Егісте зиянды жәндіктермен зақымдалмаған, сапалы тұқым отырғызылуы керек. Ол үшін тұқымдық түйнектерді картоп сорттайтын КСП-25 пункттерінде іріктеп, үш фракцияға бөледі. Майда фракцияға салмағы 30-50 г, орташа фракцияға – 50-80, және ірі фракцияға — 80 граммнан ауыр түйнектерді кесіп отырғызады. Түйнектерді кесуді картоп отырғызатын күні ғана жүргізеді. Бүтін және кесілген түйнектердің ара қатысын 1:3 есебімен араластырып отырғызған дұрыс.

Картоп түйнектерін отырғызуға 5-7 күн қалғанда ТГ-1А двигателін пайдалануға, ауа қыздырғыш қондырғымен +25-27°С шамасында қыздырады. Отырғызар алдында жуылып және іріктелген түйнектерді концентрациясы 0,002 проценттік амин тұзы +1,0 проценттік бор қышқылы қосындысынан тұратын қоректік-дезинфекциялық ерітіндісімен дәрілейді. Бұл ерітінді 1 тонна тұқымға 30-50 литр мөлшерінде жұмсалады.

Тұқым түйнегі топырақта жақсы жетіліп өсуі, мол өнім беруі үшін кейінгі кезде оны күн көзінде өсіру тәсілі қолданылып жүр. Күн жарығында ерте, орташадан ертерек және орташа пісетін сорттарды өсіру ғана экономикалық жағынан тиімді. Ол үшін жарық бөлмеде ені 1,5 метрлік, ұзындығы бөлменің көлеміне байланысты көп қатарлы үлдіріктер дайындалады. Қатарлардың ара қашықтығы 60-70 см, үлдіріктердің арасы 50-60 см болуы керек. Үлдіріктердің 1 шаршы метріне 50-60 кг картоптың түйнегін екі-үш қабат етіп орналастырады.

Осы қалпында 25-45 күн бойы түйнектен ұзындығы 0,5-2 ем өскіндер пайда болганша күн жарығында өсіреді. Ауаның ылғалдылығы 85-90 процент болуы қажет. Бөлмедегі температура ерте пісетін сорттар үшін — 9-10°С, орташа пісетін сорттар үшін— 12-14 С болғаны жөн.

Осылай етіп дайындалып отырғызылған түйнектер бір апта — он күн бұрын көктеп шығып, жарты айдай ерте пісіп, картоптың өнімін 15-30 процент жоғарылатады.

Картопты отырғызудың жақсы мезгілі топырақтың 10см тереңдігі +6-80С-қа дейін қызған кезі болып саналады. Бұл мерзім оңтүстік облыстарда сәуір айының үшінші онкүндігі мен мамыр айының басына, ал солтүстік облыстарда мамыр айының 1-3 онкүндіктеріне сай келеді.

Отырғызуды қысқа мерзімде, яғни 10-12 күннің ішінде аяқтау керек, өйткені әрі қарай түйнектер өнім сапасын жояды.

Картоп ең алдымен механикалық құрамы жеңіл топырақтарда отырғызылады. Сонымен қатар бірінші кезеңде ерте пісетін сорттарды отырғызу керек. Өсірілетін түйнектердің өскіні 4 мм-ден ұзын болмаса, оларды КСМ-4, СН-4Б-1, КСМ-6 картоп отырғызғыштарымен, ал өскіні 4 мм=дан ұзын болғанда арнайы САЯ-4 машинасымен отырғызады. Картоп отырғызу тереңдігі 8-10 см.

Тұқым себу мөлшері түйнектердің көлемін, сорт ерекшеліктеріне, топырақ климат жағдайларына, жүргізілетін агротехникалық шараларға, картопты қандай мақсат үшін өсіретініне және басқа жағдайларға байланысты.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарының өндірістік суармалы егістерінде картоптың себу мөлшері әр гектарға 55-60 мың дана, ал тұқымдық учаскелерде —65-70 мың дана, солтүстік облыстарда осыған сәйкес 50-55 және 55-60 мың дана болады.

Картопты кең қатарлы әдіспен отырғызудың тиімді схемасы-70ХЗОсм.

Картопты күтіп-баптау. Картопты күтуге өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған барлық агротехникалық шаралар жатады.

Өсімдік көктеп шыққанға дейін шөптерді жою үшін танаптағы ылғалды сақтау мақсатымен БРУ-0,7 ротациялық тырма тіркелген КОН-2,8 ПМ культиваторымен топырақты 1-2 рет өңдейді, ал картоп көктеп шыққаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 5-6 см-ге жеткенше тағы 1-2 рет аталған құралдармен топырақ қопсытылады.

Картоп көктеп шығуға 3-4 күн қалғанда арам шөптерге қарсы ОВТ-1В (штангамен) машинасымен әр гектарға 3-5 кг прометрин гербицидін шашады.

Қатар аралықтарың бірінші культивациялау өсімдіктердің биіктігі 6-10 см болған кезде КОН-2.8ПМ, КНО-2,8, КНО-4,2Г культиваторларымен түптейді. Бұл агротехникалық шара түйнектер айналасындағы топырақты жақсы қопсытып, оның үлкеюіне мүмкіндік туғызады.

Картоптың көктеп шыққаннан бүршіктену кезеңіне дейінгі мерзімде топырақтың ылғалдылығы оның ең төменгі су сиымдылығының 70 процентіндей, ал гүлдену кезеңінде — 80 процент болуы керек. Міне осындай ылғалдылықты ұстап тұру үшін картоп егісін мезгіл-мезгіл суарып отыру қажет.

Өсу кезеңінде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады. Суару мөлшері барлық жерде бірдей емес. Ол топырақтың ылғалдылығына, ыза суының тереңдігіне, картоп өсірілетін аймақтың ауа-райына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, республиканың суармалы тау бөктерінің далалық аймақтарында бір гектарға 2000-3000 текше метр, тау бөктерлері — шөлейт аймақтарында 4000-5500 текше метр болса, Қазақстанның солтүстік облыстарында 2500 текше метрге тең.

Егісті бороздалар арқылы немесе ДДА-100МЛ агрегатымен жаңбырлату әдісімен суаруға болады.

Картопты жазда отырғызу. Ауа райы ыстық, ылғал жетіспейтін республиканың оңтүстік аудандарында көктемде отырғызылған картоптың түйнегі жаз кезінде пайда болып, ол азғындайды. Осы картоптың азғындауын болдырмау мақсатымен және түйнектің тұқымдық қасиетін жақсарту үшін аталған аймақта картопты жазда отырғызады.

Картопты жазда отырғызу үшін құнарлылығы жоғары суармалы жерлер алынады. Картоп отырғызылатын танапқа жер жырту алдында әр гектарға 700-800 текше метр су, 20-30 тонна көң, 3-4 центнер суперфосфат және 1,0-1,5 центнер калий минералдық тыңайтқыштары беріледі. Осыдан кейін жер 27-30 см тереңдікте түренді плугтармен жыртылады. Картоп отырғызу алдында арам шөптерді жою үшін топырақты культивациялайды.

Картопты жазда отырғызудың мерзімі жер жағдайына байланысты әр түрлі. Мысалы, Алматы облысындағы жазда картоп отырғызудың ең қолайлы мерзімі маусымның үшінші онкүндігінің ортасынан шілденің бірінші бескүндігі, Жамбыл облысында шілденің екінші-үшінші онкүндігі болса, ал Шымкент облысында маусымның екінші жартысынан шілденің үшінші онкүндігінің ортасына дейінгі уақыт.

Картоп жинау әдістері. Картопты жинауға 10-15 күн қалғанда суару тоқтатылып, егер солып қалмаса жинау алдында КИР-1,5Б машинасымен оның сабағын шауып алады. Қазіргі кезде картоп түйнегін төрт әдіспен жинауға болады.

Бірінші-тасқынды әдіс. Бұл әдіспен жинағанда картопты ККУ-2А комбайнымен қазып, оның сұрыптау столында жұмысшылар картоп түйнегін өсімдік қалдықтарымен топырақтан тазартады. Осы дан кейін картоп комбайн шанағына түсіп оған тасымалдау құралдарына (ГАЗ-САЗ-4509, САЗ-3502, ГАЗ-53) тиеліп, сұрыптау пунктіне, содан соң қоймаларға сақтауға жөнелтіледі.

Екінші әдіс — бөлектеп жинауда картоп УКВ-2 машинасымен қазылып, жалға үйіледі, кептіріледі. Жалда әбден пісіп жетілгеннен кейін ККУ-2А комбайнымен бастырылып, автомашиналарға тиеліп сұрыптау пунктіне жөнелтіледі, одан кейін қоймаға сақтауға жіберіледі.

Контейнерлі-тасымалдау әдісімен жинағанда картоптың қатарларын шетінен бастап КТН-2В, КСТ-1,4 комбайндарымен қазып, топырақтан айырып, түйнектерді бір жерге үйеді. Содан кейін жұмысшылар түйнектерді стандартты және стандартты емес топтарға сұрыптап, ПЭ-0,8Б контейнерлеріне тиейді. Ол контейнерлерді жүк шиналары картоп сақтайтын қоймаларға жеткізеді.

Контейнерлі тасымалдау әдістің мәні сонда, қапталған түйіндер контейнерлерге тиеліп, одан жүк машиналарына артылған контейнерлер сақтау қоймасына жеткізіледі.

Шаруашылықтың мүмкіндігіне қарай картоп әдістердің бірін қолдану керек.

Картопты сақтау. Картопты үлгілі қоймаларда сақтаған жақсы. Картопты сақтау тәртібі көп жағдайларға, оның ішінде түйнектердің сапасына, ауаның ылғалдылығына және басқа факторларға байланысты. Картоп қоймаға сақталуға салынғаннан кейін 15-18 күн ішінде ауаның температурасы +15-18 °С, ылғалдылығы 95 процент болуы шарт. Тәулігіне 5-6 рет 30-35 минут бойы әрбір 1,5-2 сағаттан кейін картоп түйнегін желдетіліп тұруы керек. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін қоймадағы ауа температурасын +2-4°С-ға дейін төмендетеді. Температуаны төмендету жылдамдығы картоптың түйнегінің сапасына байланысты. Зақымдалмаған, сау түйнектер сақталған қоймадағы ауа температурасын тәулігіне 0,5°С, ал зақымдалған түйнектер болғанда 1°С-қа төмендетеді. Әрі қарай қоймадағы ауа температурасы +2-3°С шамасында бүкіл картоп сақтау мерзімінде тұрақты болу керек.

Лекция




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 226 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав