Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР

Читайте также:
  1. ЕСІРТКІ ДАҚЫЛДАРЫ
  2. ТАЛШЫҚТЫ ДАҚЫЛДАР

Жалпы сипаттамасы

Майлы өсімдіктерге қүнбағыс, қыша, рапс, майкене, май бұршақ және басқа дақылдар жатады. Бұл дақылдар дәнінің құрамында 24-27 процент май болады. Осы қасиеттеріне қарай майлы өсімдіктер халық шаруашылығында жан-жақты пайдаланылады.

Өсімдік майы жоғары кенеулі, сіңімді тағам. Сондықтан олар маргарин, консерві, кондитер, нан пісіру өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Өсімдік майлары тоқыма өнеркәрібінде (су өткізбейтін маталар, сиса жасау), клеенка өндірісінде, медицина саласында қолданылады. Олар жеңіл өнеркәсіп өндірісінде яғни сабын, зәйтүн, линолеум өндіру үшін шикізат қоры болыл табылады.

Май бұшақтың күнжарасы мен май кене қоспалары желім, пластмасса және басқа заттар алу үшін қолданылады.

Кейбір майлы өсімдіктердің (күнбағыс, зығыр, кенепшөп және тағы басқалары) күнжаралары мал үшін концентратты бағалы жем. Көптеген майлы дақылдар — балды өсімдіктер.

Өсімдік майы — әртүрлі май қышқылдары қосылысынан құрылған күрделі үш атомды спирт-глицеринді эфирлер.

Белок және углевод қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы аз қышқылданатын жоғары кенеулі қосылыс, өйткені 1 г. өсімдік майында 9500 каллория болса, ал 1 г. белок пен углеводта осыған сәйкес 4400-4500 және 4000-4200 каллория бар.

Әртүрлі майлы дақылдардың дәніндегі майдың мөлшері мен оның сапасы топырақ, климат, қолданылатын агротехника, әр өсімдіктің сорттары мен түріне байланысты болады (кесте бойынша).

Кейбір майлы өсімдіктер дәніндегі майдың мөлшері мен оның сапасы (И.А.Минкевич пен В.Е.Борковский деректері бойынша)

Дақылдар Дәннің абсолютті құрғақ салмағынан алғандағы майдың мөлшері,% есебімен Иод саны Сабындану саны Қышкылдығы
Күнбағыс Көкшіл сұр Қыша Күзгі рапс Май кене 29,0-56,9   35,2-47,0 45,0-49,6 47,2-58,6 119-144   92-119 94-112 81-86 183-196   182-183 167-185 182-187 0,1-2,4   0,0-3,0 0,1-11,0 0,9-6,8

 

 

Иодтық санының, мөлшеріне қарай Л.С.Иванов барлық майлы дақылдарды үш топқа бөледі:

Бірінші топқа техникалық қолданылатын, тез кебетін, иодтық саны 130 дан жоғары зығыр, перилла және басқа өсімдіктерден алынатын майлар жатады. Тамаққа пайдаланылатын, баяу кебетін, иодтық саны 85-тен 130 ға дейінгі күнбағыс, май бұршақ, қыша, рапс және басқа дақылдардан алынатын майлар екінші топқа кіреді.

Үшінші топқа тамақ және техникалық мақсат үшін падаланылатын, кеппейтін, иодтық саны 85 тен кем май кене және басқа өсімдіктерден алынатын майлар жатқызылады.

Өсімдік майларының дәмі консистенциясы және басқа белгілері жағынан да бір-бірінен айырмашылығы бар. Қазақстанда 1990 жылы майлы дақылдардың егіс көлемі 266,0 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 27,0 мың гектар болып, әр гектардан орташа түсімі 8,6 центнер, жалпы өнімі 229,76 мың тонна болды.

Лекция

КҮНБАҒЫС (HELIANTUS ANNUS Z.)

Маңызы. Күнбағыс өсімдік майын алатын ең басты дақыл. Жалпы өсімдік майының 80% күнбағыстан алады. Оның дәнінде 29-59% (ядросында 53-60%) жартылай кебетін ашық сары түсті тамаққа пайдаланатын дәмді май бар. Майы мал майынан кем емес, каллориясы жоғары. Дәні майдан басқа белок, А, Д, Е, К витаминдеріне бай, одан халва және кондитерлік тағамдар дайындайды.

Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы — күнбағыс. Оның дәнінде 50-52% май және 16-16,5% протеин болады. Күнбағыс майы үшін, яғни маргарин, майонез, балық және көкөніс консервілерін нан және кондитер өнімдерін шығаруға қолданылады. Сонымен қатар оның майы сабын қайнату және зәйтүн өндірісінде пайдаланылады.

Дәнінің қауызы жақсы отын. Күнбағыстың табағының күлте жапырақшаларынан дәрі дайындайды.

Күнбағыстың күнжарасында 8-10% май, 1,1 малазықтық өлшем болады, сондықтан ол малға бағалы концентратты жем. Күнбағыс — бағалы балды өсімдік және отамалы дақыл болғандықтан ауыл шаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы дақыл.

Күнбағыстың майын сығып алғаннан кейін, қалдығынан жмых, шрот дайындап малға береді. Жмых құрамында 33-37% белок, 7-8% май болады. 1 кг жмыхта 1,1 мал азықтық өлшем бар. Күнбағыс – жақсы, ұзақ мерзімге бал беретін дақыл. Бір гектардан 100 кг. дейін бал алуға болады. Корзинасын уатып малға бергенде 0,8 мал азықтық өлшемге тең. Күнбағысты егіп, уатып көк шөп күйінде немесе балаусаға (силосқа) жасап малға беруге болады.

Күнбағыстың агротехникалық маңызы бар, отамалы дақыл ретінде егістікті арам шөптерден, аурулардан, зиянкестерден тазартуға, қыста қар тоқтатуға, ылғал жинауға пайдаланады.

Егіншілікте пар танаптарында ықтырма дақыл ретінде егіледі.

Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Күнбағыстың отаны Солтүстік Американың оңтүстік жағы. Еуропаға испандықтармен 1510 жылы әкелінген, жабайы өсімдік түрінде. Ресейге күнбағыс ХVІІІ ғасырда Голандиядан келген, бірақ 125 жыл өзін декоративті түрінде тұқымын шағуға пайдаланған. 1779 жылы А. Т. Болотов күнбағыстың тұқымынан май алып қарап, және май алуға болатынын хабарлаған. 1825 ж бастап Белград облысының Алексеев селосының крестьянин Бокарев күнбағысты өзінің шарбағына егіп, оның тұқымынан алғашқы май ала бастаған (М. И. Подгорный 228 б.). Содан кейін май алатын дақыл ретінде егіле бастаған Украинада, Солтүстік Кавказда, Ворорнежде, Саратов губернияларында. 1860 жылдары Ресейде селекциялық жұмыс басталып, жаңадан майлы сорттар шығарылып, басқа елдерге соның ішінде әсіресе Америкаға да жіберілген. Кеңес Одағы кезінде күнбағыс Украйнада, Кавказда, Поволжияда, Молдавияда, Азербайжанда, Грузияда, Қазақстанда көп көлемде егілді.

Күнбағыс Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында дән және сүрлем үшін, ал реслубликаның басқа облыстарында тек сүрлем үшін ғана өсіріледі.

Қазақстан бойынша күнбағыстың 5 сорты және 1 буданы аудандастырылып беірілді. Олар мыналар - Армавирец, Восход, 3аря, Салют, Скороспелый-87 және Юбилейный-75 буданыы.

Ботаникалық құрылымы. Күнбағыс – күрделі гүлділер (астро) тұқымдас майлы дақыл, бір жылдық өсімдік.

Тамыр жүйесі – кіндікті, 1,5-2 м тереңге кететін күшті жанама, тамырлары көп.

Сабағы – қатты, іші ұлпаға толы, сыртында тікенегі бар, сабағы тарамданбаған, сабағы үлкен жалғыз себетпен (корзинамен) аяқталады.

Жапырағы – үлкен жүрек тәріздес, шеттері ара сияқты тісті, тегіс емес, ұзын сабағы бар. Ұзындығы 10-40 см.

Гүлшоғыры – үлкен себет, 8-40 см, онда жүздеген гүлдері бар. Жалпақ тілше гүлдер себеттің шет жағына қарай өседі, ортасында түтікшелі гүлдер болады. Гүлдерінің түстері ашық, сары түсті болып келеді.

Жемісі–дәні 8-22мм. Тұқымының 1000 шт салмағы 40-100 г.

Жалпы майлы дақылдар йодтық санына пайдалануына байланысты үш түрге бөлінеді:

1) Кебетін – (йодтық саны 130 жоғары). Бұл техникалық май алатын лен, перила.

2) Жартылай кебетін – (йодтық саны 85-130). Тағамдық май алынады мысалы: күнбағыс, соя, кунжут, рапс, рыжик, сафлора, мак.

3) Кеппейтін – (йодтық саны 85 төмен). Тағамдық май алады – арахис, горчица, техникалық кастор майы алынады.

Соның ішінде күнбағыс сортына байланысты, дәнінің үлкендігіне, майлылығына, қабығына қарап үш түрге бөлінеді:

1) Майлы – дәні уақ (8-14 мм ұзындығы) 1000 шт дәннің салмағы (35-75 гр), қабықтануы (25-35%), ядросы үлкен, майы 53-63%.

2) Аралық – дәні үлкен, көрсеткіштері орташа екеуі аралық.

3) Шағатын - дәнінің ұзындығы 15-25 мм, 1000 шт дәннің салмағы 100-170 гр, қабықтануы 42-56%, ядросы нашар қуысты, майлылығы (20-35%). Бұл түрін көбіне балауса(силос) алуға егеді.

Биологиялық ерекшелігі. Күнбағыс жылылықты, жарықты, жердің құнарлығын талап етеді, құрғақшылыққа төзімді келеді. Дәні ылғал топырақта 4-6° температурада өседі, 8-10° көктеуі тездейді. Алғашқы даму кезеңінде күнбағыс жылуды онша керек етпейді. Оның себілген дәні топырақтың тұқым сіңіру тереңдігіндегі жылылық 3 градусқа жеткенде өне бастайды. Бірақ себілген тұқым тез және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы температура 20-25°С шамасында болып табылады. Топырақта жатып бөртіп, бірақ өнбеген тұқымы -13°С градуста, ал жер бетіне көктеп шыққан жас өркені -5-6°С суыққа үсімейді.

Күнбағыстың гүлдену кезеңіндегі қолайлы температура 20-25°С болып саналады.

Қысқы мезгілдегі салқындыққа төзімді келеді. Сондықтанда жазғытұрым ерте егуді көтереді. Көктеп шыққаннан кейін 43-45 күнде себеті (корзинасы) пайда бола бастайды. Күнбағыс қысқа күндікі. Күннің жарығын жақсы көреді, тез өседі. Тұманды ауа райы өсіп-өнуіне кері әсер етеді.

Гүлденуі көктеп шыққаннан кейін 50-60 күннен кейін бастайды, гүлденуі 20-25 күндей өтеді, ал корзинасы 8-10 күндей гүлдейді. Сортына байланысты (корзинасының) себетінің пісуі 70-130 күндей, көктеп шыққаннан кейін.

Күшті дамыған және топырақтың терең қабатына бойлап өсетін тамыр жүйесі болғандықтан күнбағыс құрғақшылыққа да төзімді келеді.

Дамуының алғашқы кезеңінде ауа және топырақ құрғақшылығын жақсы көтереді.

Ылғалды ең көп қажет ететін мезгілі — күнбағыстың табағы пайда болу-гүлдену кезеңі. Осы мезгілде өсімдік өсу кезеңі бойында сіңіретін барлық суының 44% пайдаланады.

Аталған уақытта ылғал жеткіліксіз болса, табақтың ортасындағы дәндер толыспай, жеңіл болып қалады.

Күнбағыстың бір ерекшелігі ол көктеп шыққаннан бастап табақ құрғанға дейін топырақтың 80 см. тереңдігіне дейінгі ылғалды пайдаланады. Бірақ одан артық тереңдегі ылғалды пайдалану оған қиындыққа соғады. Сондықтан жаздың екінші жартысында жауған жаңбыр күнбағыс үшін өте пайдалы.

Құрғақшылыққа төзімді болғанымен күнбағыстың транспирациялық коэффициенті 470-570-ке тең, сондықтан одан мол өнім алу үшін топырақтың ылғалдылығы оның танаптық су сиымдылығының 70 процентінен кем болмауы керек. Күнбағыс егуге қара және қызыл-қоңыр топырақтар қолайлы. Механикалық құрамы ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтар күнбағыс өсіруге жарамайды.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 275 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав