Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нім өндіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Ауыспалы егісте күнбағысты күздік және жаздық дәнді дақылдардан

Читайте также:
  1. Lt;variant>Шикізат өндірумен байланысты салаларда.
  2. Token Ring технологиясы
  3. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы еңбек пен жалақыны ұйымдастыру және жоспарлау
  4. Ндіріс шығындары – өнімді өндіруге кеткен шығындар.
  5. ндірістік капитал пайдаланатын сфераӨндірісте; Өнеркәсіпте; Кәсіпорында. Айырбас құнды өндіру.
  6. Нім өндіру технологиясы
  7. Нім өндіру технологиясы
  8. Нім өндіру технологиясы
  9. Нім өндіру технологиясы

Ауыспалы егістегі орны. Ауыспалы егісте күнбағысты күздік және жаздық дәнді дақылдардан, жүгеріден, дәнді бұршақты дақылдардан кейін орналастырғанда жақсы өнім алуға болады. Әр түрлі аурулары, зиянкестері және арам шөртері әсіресе сұңғыла көп тарап күнбағысқа зиян келтірмеу үшін оны бір егілген жеріне 7-8 жылсыз қайталап себуге болмайды.

Тыңайтқыш беру және қоректендіру. Күнбағыс 1 тонна дән құрау үшін топырақтан 60 кг азот, 26 кг фосфор және 186 кг калий пайдаланады. Осы сіңірілген элементтердің орнын толтыру үшін топырақты тыңайту керек. Ол үшін күнбағыстың осы элементтерді қай уақытта қалай пайдалану ерекшеліктерін білген жөн.

Күнбағыстың фосфорды ең қажет ететін кезі көктеп шыққаннан бастап, гүлдегенге дейін, ал одан кейін ол бұл элементт шамалы мөлшерде пайдаланады. Ал алғашқы өсу-даму кезеңінде азотқа онша зәру болмағанымен кейін, бас алып табақ құрғаннан гүлдегенге дейін оны көп мөлшерде керек етеді, бірақ бұдан соң оның азотты сіңіруі тағы да төмендейді.

Калийді бүкіл өсу кезеңі бойынша пайдаланады, дегенмен оны табақ құрудан толық пісіп жетілгенге дейін көбірек сіңіреді.

Егер топырақта азот көп, фосфор жеткіліксіз болса, күнбағыстың өсу кезеңі ұзарып, дәніндегі майдың мөлшері азаяды. Күнбағыстың жақсы өсіп дамуына топырақтың өзіндегі калий қоры жеткілікті, сондықтан оған минералдық тыңайтқыш берудің қажеті жоқ.

Күзде сүдігер жырту алдында әр гектарға 30-40 тонна көң және әсерлі заттар есебімсн 60-90 кг фосфор шашып, топыраққа сіңіреді.

Себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 10-15 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді.

Азот минералдық тыңайтқышымен күнбағысты әр гектарға әсерлі заттар есебімен 15-20 кг мөлшерде үстеп қоректендіру қажет.

Жерді дайындау және өңдеу. Басқа дақылдар сияқты күнбағысқа да танапты дайындау алдыңғы егілген дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақты негізгі өңдеуден басталады.

Күзде топырақ өңдеу тәсілі күнбағыстың алғы дақылына, танаптағы арам шөптердің түрлеріне және басқа жағдайларға байланысты.

Дәнді дақылдар мен жүгері алғы егістерінен кейін танапта бір жылдық арам шөптер басым болса, топырақты ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен 6-8 см-ден 8-10 см-ге дейін 2-3 рет өңдейді, содан кейін ПН-4-35, ПН-8-35 және басқа түренді плугтардың бірімен 20-22 см тереңдікте сүдігерге жыртады.

Танапта көпжылдық арам шөптер басым болғанда оған гербицидпен қоса әртүрлі тереңдікте қабаттап өңдеу жүйесін қолданады. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін аңызды ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен 6-8 см тереңдікте өңдейді, ал арам шөптер көктеп шыққаннан кейін танапты жазық сыдыра жыртқыштармен 12-14 см тереңдікке өңдеуді қайталайды. Арам шөптерді толық жою үшін әр гектарға 1,5-2 кг 2,4-Д гербицидін бүркеді. Осыдан 10-15 күн өткен соң жерді 27-30 м тереңдікте түренді плугтардың бірімен жыртады.

Топырақ жел эрозиясына ұшырайтын аудандарда жерді жазық табан сыдыра жыртқыштармен аудармай өңдейді.

Ерте көктемде жер дегдісімен топырақтың күзде негізгі өңделген әдісіне қарай БЗСС-1,0, БЗТС-1,0 (түренді плугтармен жыртылған жерлерде), БИГ-ЗА (аңыз сақталып жазық табан сыдыра жыртқыштармен қопсытылған танаптарда) тырмаларымен ылғал жабылады.

Егін себер алдында бүркілетін гербицидтердің топырақтың беткі қабатына дұрыс бөлінуіне және егін себу жұмысы сапалы болуына жағдай жасау үшін танапты ВП-8 құралымен тегістейді: Содан кейін ар гектарға 1,5 кг трефлан, 2-3 кг прометрин немесе 3,5 кг түйіршікті эптам гербицидтерінің бірін енгізіп, топырақтың 8-10 см жоғарғы қабатымен араластырады. Осы гербицидтер арам шөптерді 60-95 процентке дейін құртады. Тұқым себер алдында топырақты 6-8 см тереңдікте культивациялайды.

Тұқымды егуге әзірлеу және егу. Жоғары сапалы, іріктелген тұқымдар сепкенде ғана күнбағыстан мол өнім алуға болады. Әр түрлі ауруларға шалдықпау және зиянкестермен зақымданбау үшін тұқымның әрбір тоннасын 2-3 кг ТМТД препаратымен дәрілейді.

Тұқым себу мерзімін белгілей білудің зор маңызы бар. Қолайлы мерзімде себілген танапта арам шөптер жойылып, егінді күтіп-баптауға шығын аз жұмсалады, күнбағыстың өнімі гектарына, 1,3-3,2 центнер артады.

Күнбағысты себудің ең колайлы мерзімі тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақтың 10-12°С жылынған кезі. Егер температура бұдан төмен болса, себілген тұқым көпке дейін өніп шықпайды. Мұның өзі топырақта жатқан тұқымның өну қабілетін төмендетіп, олардың біразының шіруіне әкеліп соқтырады.

Тұқым себу мөлшері жергелікті жердің ауа райына, топырақтағы ылғал қорына, себу әдісіне және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

Орманды-далалық және далалық аймақтардағы тұқым себудің қолайлы мөлшері әр гектарға 40-45 мың дана, жартылай құрғақшылық-далалық аймақта — 30-40 мың дана дән болады.

Өсірудің иитенсивтік технологиясын қолданғанда тұқымның себу мөлшері 10 процентке көбейтіледі.

Күнбағысты қазіргі кезде пунктирлі әдіспен өсімдік қатар аралығын 70 см, ал олардың қатардағы ара қашықтығын 24 см етіп СПЧ-бМФ немесе СУПН-8 сеялкаларының бірімен себеді. Тұқым себу тереңдігі құрғақ топырақтарда 8-10 см, ал ылғалы мол жерлерде — 4-5 см.

Күнбағысты күтіп-баптау және жинау. Егісті күтіп-баптау жұмысы тұқым себумен бір мезгілде жүргізілетін топырақты нығыздаудан басталады.

Егін себілгеннен соң 4-5 күннен кейін, яғни арам шөптердің «ақ жіпше» кезеңінде оны бірінші рет тырмалайды, ал екінші рет тырмалау тұқым көктеп шығуға 3-4 күн қалғанда жүргізіледі. Күнбағыс көктеп шыққанша жүргізілген бұл екі тырмалау арам шөптер өскінін 50-60 процент жояды. Агрегаттардың жүру жылдамдығы сағатына 6-7 км ден аспауы керек.

Күнбағыстың 2-3 нағыз қос жапырағы пайда болған танапты егін себу баттына кесе-көлденең жеңіл тырмалармен тырмалау ерте шығатын арам шөптердің өскінін 90 процентке дейін құртады. Бірақ, бұл агротехникалық шараны ептілікпен байқап жүргізбесе күнбағыс өскіні де залал табады, оның 6-9 проценті жойылуы мүмкін.

Егістікті әрі қарай күтіп баптауға өсімдіктердің қатар аралығын культивациялау жатады.

Қатар аралықты бірінші культивациялау күнбағыстың үш-төрт нағыз қос жапырағы пайда болған кезде, келесі культивациялау 10-12 күннен кейін жүргізіледі.

Өсімдіктердің қатар аралығын культивациялағанда 12 см-ге дейін қорғау аймағын қалдыру керек.

Қатар аралықтарды өңдеу үшін негізінен КРН-4,2, КРН-5,6 культиваторларын қолданады. Қорғау аймағындағы арам шөптерді жою үшін қосымша жұмыс органдарымен жабдықталған ротациялық тісті-дискілі КЛТ-28 (қатар аралықты бірінші культивациялағанда), сымды-тырмалағыш КЛТ-38 (екінші рет культивациялағанда) үйгіш қайырмашығы бар КРН-52 және КРН-53 (келесі культивациялауларда) культиваторларымен жүргізіледі.

Өсімдіктің ақ және сұр шірік ауруына қарсы күнбағыс жаппай гүлдегенде әр гектарға 1,0-1,5 кг. 50%-тік ронилан қолданылады.

Күнбағыс егісінің әр гектарына 2 ара семьясын қойып өсімдікті тозаңдандыру оның өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Жапырақтарын қуратып, дәні мен табағын тез кептіру, соның арқасында күнбағыстың жинау мерзімін жақындату үшін оның егісін жаппай гүлдеген соң 30-40 күннен кейін десикациялайды, яғни гектар егістікке 20 кг. магний хлоратын ұшақпен бүркеді. Егер жауын-шашын болмаса ауаның температурасы 18-20°С шамасында болса қолданған десикант жақсы нәтиже береді. Егістікті магний хлоратымен таңертең ерте және күн батуға 3-4 сағат қалғанда бүріккен дұрыс. Десикациялаған соң 10-15 күн өткеннен кейін дәннің ылғалдылығы 12-14%-ке жеткенде күнбағысты ПСП-1,5 құралымен жабдықталған астық комбайндарымен жинауға кіріседі.

Тұқым уатылып кетпеуі үшін дән бастырғыш барабанны жылдамдығын минутына 300-350 рет айналатын етіп қояды.

Егістікті десикациялауға мүмкіндік болмаған жағдайда күнбағысты оруды оның ішінде май әбден толық жиналып біткен бастайды. Бұл уақытта дәннің ылғалдылығы құрғақ, оның 12-15%, күнбағыс табағы құрғақ, оның 12-15% ғана сары, ал қалғандары, яғни 85-88% қоңыр-сары болады.

Егісті жинау, тұқымды тазалау және кептіру жұмыстары қатар жүруі керек, әйтпесе дән бұзылып кетеді.

Сорттың дәніндегі майдың мөлшеріне байланысты қоймада сақталатын тұқымның ылғалдылығы 7 (дәндегі май мөлшері 43%) -9 проценттен (дәндегі майдың мөлшері 37%) аспауы керек.

 

 

Лекция

КӨКШІЛ СҰР (BRASSICA JUNCEAE) ЖӘНЕ АҚ




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 207 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав