Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нім өндіру технологиясы. Егістегі орны.Күздік рапстың алдыңғы егілген дақылдарының алдына қойылатын ең басты талап — танапты ерте

Читайте также:
  1. Lt;variant>Шикізат өндірумен байланысты салаларда.
  2. Token Ring технологиясы
  3. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы еңбек пен жалақыны ұйымдастыру және жоспарлау
  4. Ндіріс шығындары – өнімді өндіруге кеткен шығындар.
  5. ндірістік капитал пайдаланатын сфераӨндірісте; Өнеркәсіпте; Кәсіпорында. Айырбас құнды өндіру.
  6. Нім өндіру технологиясы
  7. Нім өндіру технологиясы
  8. Нім өндіру технологиясы
  9. Нім өндіру технологиясы

Егістегі орны. Күздік рапстың алдыңғы егілген дақылдарының алдына қойылатын ең басты талап — танапты ерте босату. Осы тұрғыдан алып қарағанда күздік рапстың жақсы алғы дақылы ретінде сүрлемге жиналатын күнбағыс, жүгері, ерте пісетін картоп, көк азық үшін себілген күздік қара бидай дақылдарын атауға болады.

Әртүрлі аурулары мен зиянкестері етек алып кетпеу үшін рапсты бір орында ауыстырылмай үнемі себуге болмайды. Бір себілген орынға төрт-бес жылсыз қайталап оралу тиімсіз.

Тыңайту және топырақ өңдеу. Рапс өзінің өсіп-дамуы үшін топырақтан қоректік заттарды көп мөлшерде пайдаланатындықтан, ол егілетін танапты тыңайтқанда ғана мол өнім алуға болады. Әр гектарға 30-60 тонна көң және оған қоса әсерлі заттар есебімен 45-60 кг фосфорлы-калийлі минералдың тыңайтқыштарды күзде жерді сүдігерге жыртқанда топыраққа сіңіреді. Рапс азот сүйгіш өсімдік. Сондықтан рапс егісінің әр гектарына әсерлі заттар есебімен 120 кг азот минералдық тыңайтқышын берген жөн. Оның төрттен үш бөлігін егін себер алдындағы культивациялау кезінде, ал қалған төрттен бір бөлігін үстемелеп қоректендіріу арқылы береді.

Топырақ өңдеу жүйесі рапстың себілу мерзіміне байланысты.

Күздік рапсты мал азығы үшін өсіріп, оның көк массасын жазда және күзде пайдаланатын жағдайда рапс себу үшін алғы дақылды жинап алғаннан кейін танапты сыдыра жыртқыштармен қопсытады, содан соң түренді плугтармен жыртады. Егін себер алдында топырақты культивациялайды.

Егер жаздық рапсты ерте себетін болса, онда негізгі топырақ өңдеу жүйесінің күзгі рапсты себуге арналып жүргізілген топырақ өңдеу жүйесінен айырмашылығы жоқ.

Ал жаздық рапс топырақтың механкалық құрамы ауыр жерлерлерде кеш себілетін болса, күзде дайындалып, қыста нығыздалып қалған танапты қайталап жыртады.

Ерте көктемгі топырақ өңдеу танаптарда ылғал жабу үшін оларды тырмалаудан басталады. Тұқым себер алдында жер культивацияланады. Қуаңшыл аймақтарда себілген тұқым біркелкі көктеп шығуы үшін егін себудің алдында танапты катоктармен нығыздайды.

Күздік рапс жақсы қыстап шығуы үшін оны ерте, яғни күздік дәнді дақылдардан екі-үш апта бұрын себеді.

Жаздың рапстың қолайлы себу мерзімі ерте көктемде жаздың дәнді дақылдарды себумен қатарлас.

Себу мерзімі кешеуілдеп қалса, онда рапстың жас өркені айқыш гүлдер битімен күшті зақымданады, сондықтан себу мерзімін дәл анықтай білудің үлкен өндірістік мәні бәр.

Рапсты негізінен кәдімгі жай қатарлы әдіспен себеді. Себу мөлшері әр гектарға 12-15 кг. Кең қатарлы әдіспен сепкен жағдайда тұқым себу мөлшері екі есе азайтылады, яғни әр гектарға 6-8 кг тұқым себіледі.

Тұқым сіңірілу тереңдігі 2-3 см, ал топырақтың беткі қабаты құрғап кетсе, онда 4-5 см тереңдікке себуге болады

Күтіп-баптау, жинау. Егер рапс себілгеннен кейін топырақ қабыршағы пайда болса, онда өскіндердің жер бетіне көктіп шығуын жеңілдету үшін, оны жеңіл тырмалармен жояды.

Рапс кең қатарлы әдіспен себілсе, өсу кезеңі бойына өсімдіктердің қатар аралығын екі рет қопсытады. Қатар аралықты бірінші қопсыту өсімдіктің 2-3 жапырақшасы пайда болған кезде 5-8 см тереңдікте, ал екінші рет керек болған жағдайда 10-12 см тереңдікте жүргізеді.

Рапстың зиянкестеріне қарсы өсу кезеңінде әр гектар егістікті 0,6-0,8 литр 50%-тік карбофоспен өңдейді.

Рапс жинаудың өз қиындығы бар. Біріншіден, оның дәні бір мезгілде пісіп жетілмейді, ал екіншіден, дәннің қауызы тез ашылады да, уақытында жиналмаса дәні көп шығын болады. Сондықтан дәнге арналған рапсты оның төменгі жапырақтары қурап түсе бастағанда, негізгі сабағындағы бұршақтары сары, ал олардағы дәндері қоңыр немесе қара түске жеткен мезгілде ЖВН-6А, ЖРБ-4,2А жаткаларымен бөлектеп орады. Дестедегі дәндерді ылғалдылығы 10-12%-ке жеткенде ПКК-5 құрылғысымен жабдықталған астық бастыратын комбайндармен жинап алады. Бастыру барабанының бір минуттагы жылдамдығы 700-800 айналыс болу керек.

Күздік рапсты көк балауса алу үшін сепкенде оны екі рет шабуға болады. Бірінші рет есімдіктің биіктігі 50-60 см болғанда, ал келесі жолы бірінші рет шапқаннан бір жарым ай өткеннен кейін орады.

Лекция

МАЙКЕНЕ (RICINUS COMMUNIS Z.)

Маңызы. Майлы дақылдардың ішіндегі жоғары майлы өсімдіктің бірі май кене. Май оның барлық органдарында, әсіресе тұқымында (40-57%) көп болады. Тіпті дәніндегі майдың мөлшері 65-70 проценке жетеді.

Майкене немесе майсана майы қоймалжың әйтсе де отқа тұтана қоймайды, әрі кеппейді және төменгі температурада тоңазымайды. Осы қасисттеріне байланысты оны әртүрлі мақсатта қолданады. Майкененің майын пластмасса өндірісінде, тоқыма өнеркәсібінде, жасанды былғары істеуге, сабын қайнатуға, парфюмерия, сыр-бояу жасауға, металл өңдеуге, құрылысқа, медицинаға кеңінен пайдаланады.

Тұқымы мен күнжарасында улы зат рицинин болады бірақ ол майдың құрамында кездеспейді.

Май кене күнжарасының құрамында 7,5 процентке дейін азот болғандықтан оны тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Қазақстанда майкене Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі. Осы облыста 1991 жылы Донская крупнокистная сорты аудандастырылып себілді.

Биологиялық ерекшелігі. Май кене — жылу сүйгіш өсімдік. Оның себілген тұқымы 10-12°С та өніп-өсе бастайды. Топырақтың температурасы жоғарылаған сайын май кененің себу-көктеп шығу мезгілі қысқарады. Егер топырақтың жылылығы 15°С болса, онда майкене тұқымы 8 күнде, ал 20°С болғанда 4-5 күнде көктеп шығады.

Көктемгі -1°С суықта майкененің жас өркені үсіп кетеді.

Май кененің жақсы дамып өсуіне ең қолайлы температура +20-25°С шамасында. Температура бұдан төмен болса, май кененің өсу кезеңі ұзарып, оның тұқымындағы майдың мөлшері азаяды және өнімділігі төмендейді.

Сонымен қатар майкене — ылғал сүйгіш дақыл. Сондықтан ол суармалы жерлерде ғана жақсы өнім береді. Май кененің өсу кезеңі бойында топырақтың ылғалдылығы оның танаптық толық су сиымдылығының 75-80 процентінен кем болмауы керек.

Май кене топырақты да талғайды. Ол әсіресе қара және қызыл қоңыр топыраңтарда жақсы өсіп, тәуір өнім береді.

Өсіру технологиясы. Май кене топырақтан қоректік заттарды көп алады, сондықтан органикалық және минералдық тыңайтқыштармен қоректендіргенді ұнатады.

Күзде жерді сүдігерге жырту алдында әр гектарға 20-30 тонна көп және сонымен қоса әсерлі заттар есебімен алғанда 60 кг фосфор және 40 кг азот тыңайтқыштарын беру тиімді. Тұқым себумен бірге аз мөлшерде түйршікті суперфосфат бергенде жақсы нәтижеге жетуге болады.

Май кене үстеп қоректендіруді ұнатады. Егер тыңайтқыштар күзде сүдігер жырту кезінде берілсе, онда өсімдікті оның орталық шашақ-түкті кезеңінде, ал күзде тыңайтқыштар берілмеген жағдайда, өсімдікті сирету мақсатымен жүргізілетін қатар аралықты өңдеу кезінде егістіктің әр гектарын әсерлі заттар есебімен алғанда 20-30 кг аммиак селитрасы және суперфосфатпен үстеп қоректендіреді. Май кенені себуге жерді дайындау негізгі, тұқым себер алдындағы және күтіп-баптау кезіндегі топырақ өңдеу жүйесінен тұрады.

Топырақты негізгі өңдеуге алдыңғы дақылдарды жинап алынғаннан кейін аңызды 6-8 см тереңдікте сыдыра жырту (күздік дәнді дақылдардан кейін) және сүдігерге 27-30 см тереңдікте айдау жатады.

Тұқым себу. Топырақты тұқым себер алдында өңдеу ерте көктемде 1-2 ізбен ылғал жабу және ең кем дегенде екі рет культивациялаудан тұрады. Танапты культивациялауды міндетті түрде тырмалаумен бір мезгілде (немесе бір агрегатта) жүргізген жөн.

Май кенеден жоғары өнім алу шарттарының бірі — сапалы, яғни іріктеген, шығымдылығы мен тазалығы жоғары тұқым себу. Егін себер алдында ауруларға қарсы май кене түқымының әр тоннасын 2 кг боялған гранозанмен дәрілейді.

Май кенені себудің ең қолайлы мерзімі — топырақтың жоғары 10 см-лік қабаты +10-12 градус болып қызған уақыт. Бұл мезгілден ерте сепкенде тұқым өнбей, топырақта жатып шіри бастайды, ал кеш себілгенде ылғал жеткіліксіз болғандықтан тұқым селдір көктеп, егіннің түсімін азайтады. Май кенені пунктирлі әдіспен СУПН-8, СПЧ-бФС сеялкаларының бірімен өсімдіктердің қатар аралығын 70 см етіп 6-8 см, ал топырақтың беткі қабатында ылғал аз болса 8-10 см тереңдікке себеді.

Тұқым себу мөлшері дәннің ірі-ұсақтығына байланысты.

Ірі дәнді май кенені әр гектарға 30-40 кг, ал ұсақ дәндісін —15-20 кг мөлшерінде себеді.

Интенсивтік технологиямен өсіргенде көрсетілген мөлшерді 25-30 процент көбейтеді.

Күтіп-баптау, жинау. Май кене тұқымы себілгеннен бастап көктеп шыққанға дейін екі-үш аптадай уақыт өтеді. Егер осы мезгілде егістікті бір-екі рет БЗСС-1,0 тырмасымен тырмаламаса, онда танапты арам шөптер басып кетеді.

Тұқым көктеп шығуға үш-төрт күн қалғанда бір жылдық қос жарнақты арам шөптерге қарсы 2,4-Д амин тұзын қолданады. Оның бір гектар егістікке жұмсалатын мөлшері 2-2,5 литр.

Май кененің екі-үш нағыз жапырағы пайда болған мезгілде егістікті БЗСС-1,0 тырмасымен тырмалайды.

Өсу кезеңі бойына егістікті бір-екі рет культивациялайды. Бұл кезде зиянкестерге қарсы 80 проценттік хлорофос қолданады. Препарат бойынша 1 гектар егістікке оның жұмсалатын мөлшері 1,5-2,0 кг.

Май кене өсімдігінің күшті жапырақтануы, оның дәнінің бір уақытта пісіп жетілмеуі егінді жинау мезгілін кешіктіреді.

Өсімдік жапырақтарын түсіру жәке дәннің пісуін тездету үшін май кене өсімдігінің сабағы қоңырлана бастағанда оған дефолиация және десикация жүргізеді. Осы мақсатпен май кене егісінің әр гектарына препарат бойынша 15-20 кг 60 проценттік магний хлоратын қолданады.

Май кененің, жапырағы түскен кезде, яғни дефолиациядан 8-10 күннен кейін қауашақтары жарылып ашылмайтын сорттарды ККС-6 комбайнымен тікелей жинауға кіріседі. Бұл кезде май кене дәнінің ылғалдылығы 8-12 процент шамасында болады.

 

Лекция

ЗЫҒЫР (SINUM USITISSIMUM Z.)

Маңызы. Зығыр үш мақсатта, ягни тек талшық (талшықты зығыр), тек дән (майлы зығыр), бір мезгілде талшық және дән алу үшін өсіріледі. Талшықты зығыр егісі негізінен Ресейде шоғырланған. Ол тоқыма өнеркәсібі үшін бағалы шикізат, өйткені оның сабағында 20-28 процент талшық, ал дәнінде 33-37% май болады.

Зығыр талшығынан жасалған маталар мен бұйымдар (орамал, дастархан және басқа) әрі сәнді, әрі берік болады. Зығырдан жасалған қаптар өте мықты келеді.

Зығыр майы тамақ өнеркәсібінде, медицина косметика саласында кеңінен қолданылады.

Лак, баспахана бояуларын жасауда зығыр майы ең бағалы деп есептеледі. Зығыр күнжарасының құрамында 30-36% белок және 32%-ке дейін азотсыз заттар болады, сондықтан ол малға құнды концентратты жем.

Қазақстанда тек майлы зығыр өсіріледі. Оның егіс көлемі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында шоғырланған.

Қазақстанда зығырдың Воронежский-1308, Исилькульский, Карабалыкский-7 және Сибиряк сорттары аудандастырылып себілді.

Биологиялық ерекшелігі. Зығырдың тұқымы топырақ 3-4°С қызғанда өне бастайды, ал температура 10-12 °С жеткенде тез және біркелкі көктеп шығады.

Көктеп шыққаннан піскенге дейінгі орташа тәуліктік температураның жиынтығы 1600-1800°С қа тең.

Зығыр — ылғал сүйгіш өсімдік. Ол өсуі үшін топырақтың ылғалдылығы оның толық танаптың су сиымдылығының 70%-не тең болу керек.

Суды ең көп қажет ететін мезгілі — бүрлену кезеңі.

Зығыр үшін ең қолайлысы қара және қызыл-қоңыр топырақтар. Сортаң топырақта зығыр өспейді.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 73 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав