Читайте также:
|
|
Егістегі орны. Тамыр жүйесі нашар және алғашқы кезде өсімдік баяу өсетіндіктен ауыспалы егістікте зығырды жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырғанда ғана одан тәуір өнім алуға болады.
Зығырдың жақсы алғы дақылдары жүгері, пардан кейінгі бірінші жаздық бидай, дәнді бұршақты дақылдар болып саналады.
Саңырауқұлақ ауруларынан сақтандыру үшін зығырды бұрынғы орнына 5-6 жылдан бұрын қайталап себуге болмайды.
Тыңайту және өңдеу. Танапты тыңайту арқылы зығырдың өнімділігін арттыруға болады. Фосфор және калий минералдық тыңайтқыштарын күзде жерді негізгі өңдеген кезде, ал азот минералдық тыңайтқышын көктемгі егін себу алдындағы топырақ өңдеу кезінде топыраққа сіңірген дұрыс. Фосфордың ең тиімді мөлшері өсерлі заттар есебімен алғанда әр гектарға 60 кг, калий мен азотты — 45 килограмнан.
Тұқым себумен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 10 кг түйіршікті суперфосфат берсе, жақсы нәтижеге жетуге болады. Зығыр себуге арналған танаптың топырағын негізгі өңдеу басқа дақылдар үшін топырақты өңдеуден айырмашылығы жоқ. Күзде жерді сүдігерге түренді плугтармен 20-22 см тереңдікте жыртады, ал жел эрозиясына ұшырайтын топырақтарды жазық табан сыдыра жыртқыштармен өңдейді.
Көктемде жер дегдісімен танапта тырмалармен ылғал жабу басталады, ал арам шөптер көктеп шыққаннан кейін топырақ культивацияланады.
Тұқым себу. Зығырды себу стандартының II классынан кем емес аудандастырылған жоғары сапалы тұқыммен себу керек.
Себу мерзімі топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі +10-12°С қызғанда, яғни мамыр айының екінші-үшінші онкүндігінің аралығы болады.
Себу мөлшері жер жағдайына байланысты әр гектарға 40-50 кг-нан (Қостанай облысы) 75-90 кг-ға дейін (Ақмола облысы) өзгеріп отырады.
Тұқымды кәдімгі жай қатарлы әдіспен ауыр топырақтарда 3-4 см, ал жеңіл топырақтарда 5-7 см тереңдікке себеді.
Егістіктікүту және жинау. Егісті күтіп-баптау жұмысы арам шөптерді жою үшін гербицидтер қолданудан басталады. Егер егістікте көп жылдық қос жарнақты арам шөптер (дала қалуені, қызғылт қалуен, дала шырмауығы) басым болса, онда зығыр өсімдігінің биіктігі 12-14 см-ге жеткенде («елочка» кезеңі) әр гектарға әсерлі заттар есебімен 0,7-0,8 кг, 2,4-Д натрий тұзын, немесе 0,5-0,6 амин тұзын қолданады. Гербицид ұшақпен шашылса бір гектарға жұмсалатын судың мөлшері 250-300т литр болуы керек.
Майлық зығырды оның өсімдік қауашығының 50 проценті піскен кезде 10-15 см биіктікке астық комбайндарымен бөлектеп орады.
Дестені жинап, бастыру бөлектеп орғаннан соң 7-10 күннен кейін, яғни дәннің ылғалдығы 13 процонтке жеткенде жүргізіледі.
Комбайнның астық бастыру барабанының бір минуттагы жылдамдығы 800-900 айналыс шамасында болуы керек.
Лекция
МАҚСАРЫ (САФЛОРА)
Маңызы. Мақсары майының дәмі күнбағыс майынан кем емес. Дәнінде 25 32% жартылай кебетін (йодтық саны 130) ашық сары түсті майы бар. Майын тамақ, маргарин дайындауға техникалық бағытта – олив, сабын, линолеум жасауға, гүлінен жібек бояйтын май алады. Мақсары тұқымын тауыққа жем ретінде береді. Жмыхы ащылау, дәмі егер бір қалыпты дозада берсе, малды азықтандыруға жарайды.
Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Мақсары Ресейде ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында, оңтүстікте, әсіресе Украинада, Төменгі Поволжияда егіле бастаған. Мақсары құрғақшылық аймақтарда, су құймайтын жерлерде, Қазақстанда, Закавказияда, Өзбекстанда, Тәжікстанда егілген. Сонымен қатар мақсары Үндістанда, Иранда, Орталық, Оңтүстік Америкада, Австралияда егіледі.
Ботаникалық құрылымы. Мақсары – күрделі гүлдер тұқымдас, майлы, ксерофитті, бір жылдық дақыл.
Тамыры – кіндікті, дамыған, 2 м дейін тереңге кетеді.
Сабағы – жуан, дөрекі, күрделі сабақты, биіктігі 0,5-1 м.
Жапырағы – ұзынша, жұмыртқа тәріздес, немесе эллипсті сабаққа отырған, жапырағының шеті тіс сияқты тікенек.
Гүлшоғыры – себет (корзинка) диаметрі 1,5-4 см. Бір өсімдікте 6-30 себет (корзина болады).
Гүлі – түтік сияқты, 5-ке бөлінген, түсі сары, қызыл, оранжевый сияқты.
Әр себетте 30-70 тұқым, піскенде төгілмейді. 1000 шт тұқым салмағы 25-50 гр.
Биологиялық ерекшелігі. Мақсары жылылық сүйгіш, әсіресе гүлдену және пісу кезінде. 3-5° салқындыққа төзімді.
Көктегеннен бастап, гүлдегенге дейін 70-90 күн, гүлденуден піскенге дейін 35-40 күн қажет. Вегетациясы 105-130 күндей. Құрғақшылыққа майлы дақылдардың ішіндегі ең төзімдісі, сонымен қатар тұзданған топыраққа төзімді келеді. Жағытұрым ерте егіледі, кең аралықпен, 1 гектарға егуге 10-12 кг. тұқым қажет. Тұқымды егу тереңдігі 7-5 см.
Мақсарының тұқымы әбден піскесін, бірден комбайнмен орады, себебі тұқымы піскенде төгілмейді.
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 151 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |