Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТАЛШЫҚТЫ ДАҚЫЛДАР

Читайте также:
  1. ЕСІРТКІ ДАҚЫЛДАРЫ
  2. МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР

Мақта (GOSSYPIUM)

Маңызы. Мақта – ең басты өсімдік, дәнінен талшық алатын өсімдік. Дүние жүзінде өсімдік талшығының 80% мақтадан алынады. Мақта талшығынан жіп жасап, мақта тоқиды. Мақта жеңіл өнеркәсптің негізгі шикізаты болып саналады. Мақтадан жеңіл өнеркәсібінде мақта, фетр, целлюлоза және әртүрлі заттар, қағаз, фотопленка жасайды. 1 кг. мақта талшығынан 3 м. киім тігетін, 8 м. простыня, 12 м. ситца, 20 ақ мата алуға болады. Сол сияқты 1ц. мақтадан 32 кг. талшық, 65 кг. тұқым алады. Мақта дәнінің құрамында 20-27% жәй кебетін май бар, оны тамаққа және техникалық бағытта пайдаланады.

Мақтаның дәнінен май алғаннан кейін, қалатын қалдықтан жмых дайындайды, оның құрамында 40% белок болады. Жмыхты малға аз мөлшерде береді, себебі құрамында улы алколойд госсипол бар.

Тұқымының қабығынан әртүрлі органикалық кислота және спирт дайындайды. Сабағын құрылысқа және отынға қолданады. Мақта гүлдеген кезде одан бал алуға болады.

Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Мақта өсіру ерте заманнан белгілі болған. Үндістанда, Қытайда біздің эрамызға дейін 3000 жыл бұрын мақтаны егіп, одан жіп дайындаған. Қытайдан мақта 500 жыл б. эр. дейін Египетке келген. ІV-V ғасырда мақта Орта Азияға жетіп, бұнда ІХ-Х ғасырда мақтадан талшық алып, сапалы мата шығара бастаған. ХІІІ ғасырда мақта Ираннан Кавказға тараған, Америкаға, Мексикаға, Перуға соңғы кезде келген. Мақтаны пайдаланып, өндірістік негізде мақта талшығын алу Еуропа және Америкада ХVІІ ғасырда басталған. ХVІІІ ғасырда 1767 ж. жіпті машинамен тоқитын әдісті ойлап шығарғаннан кейін және 1793 ж. мақтаны тазалайтын машина шыққасын, мақтаны өндірістік өңдеу, пайдалану кеңінен өседі. Дүние жүзінде мақтадан тоқитын жіп алу жеңіл өнеркәсіпте пайдалану дамыды. Мысалы, ХVІІІ ғасырда 5 %-ға, ХІХ ғасырда 75%-ға, ХХ ғасырда 84 %-ға дейін дамып отырған. (Н. А. Майсурян, В. И. Степанов 399 с.). Ресейде 1913 жылы 744 мың т, ал 1968 ж. 6 млн. т. мақта өндірілген. Кеңес Одағы кезінде мақтаға тәуелді болудан құтылып, дүниежүзінде өнім алу және өнім өндіру көлемі жөнінен бірінші орынға ие болды. Дүние жүзінде мақта 35 млн гектарға егілді. 60-тан астам елдер мақта егумен айналысады. Мақта егісімен айналысатын елдерде мысалы, Үндістанда (8 млн. га.), АҚШ (6,8 млн. га.), Қытайда (5,8 млн. га., Бразилияда (26 млн. га.), Пакістанда (1,4 млн. га.), ОАР (0,8 млн. га.) мақта егіледі.

Кеңес Одағында (2,45 млн га) жерге егілді. Оның ішінде мақта Орта Азия республикаларында, әсіресе Өзбекстанда 1605 гектар, Түркіменстанда 279 мың. га, Қазақстанда 48 мың га, Закавказияда 204 мың га. жерге егіліп, өнім алынды. Қазақстанда мақта Оңтүстік Қазақстанда, Шымкент облысының Мақтаарал ауданында егіледі.

Пайдалануы. Қазақстанда мақта — бағалы талшықты дақыл. Ол халық шауашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең бастысы — мақта тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат.Мәселен, бір тонна шитті мақтадан 330-360 кг. талшық, 550-580 кг. тұқым және 30-40 кг. линера (қысқа талшық) алынады.

Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар-бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орташа есеппен алғанда 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата тоқуға болады.

Мақтаның қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады.

Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағыш және басқа да заттар алынады.

Мақтаның тұқымында 20-25 процентке дейін май болады, сондықтан 1 тонна шитті мақтадан 100-110 кг жоғары сапалы май алынады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Мақтаның 1 тонна тұқымынан 400 — 420 кг күнжара алынады. Оның құрамында 40 процентке жуық белок бар, сондықтан ол мал азығы үшін де пайдаланылады. Бірақ, күнжараның құрамында улы зат госсипол болады, сол себепті оны тәулігіне 2-3 кг-нан ғана ірі қара малға береді, ал шошқаға беруге болмайды.

Мақтаның 1 тоннасынан 380-400 кг тұқым қабығы шығады. Ол этил, метил спирттерін, лак, қағаз, органикалық қышқылдар, целлюлоза және басқа заттар алуға пайдаланылады.

Мақтаның сабағы (козапая) отын ретінде қолданылады.

Отамалы дақыл болғандықтан егіншілікте мақта дәнді және басқа дақылдарға алғы дақыл болып есептеледі.

Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл — мақта. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі.

Мақтаның түрлері мен сорттары. Мақтаның екі түрі өсіріледі. Бірінші түрі – орташа талшықты кәдімгі немесе мексикалық мақта. Оның көсегі ірі, жұмыр, жоғарғы жағы үшкір, қауашағы 3-5 жерден ашылады, әр көсектің қауашығында 5-10 тұқымы бар. Талшығының сапасы жоғары, ұзындығы 30-35 мм, жіңішкелігі 17-20 мкм.

Екінші түрі жіңішке талшықты перу немесе египет мақтасы.

Оның көсегі ұсақ конус тәрізді, ұзынша келеді, қауашағы 3-4 ұялы, онда жалаңаш тұқым бар. Талшығының сапасы жоғары, ұзындығы 38-40 мм, жіңішкелігі 12-18 мкм.

Қазақстанда негізінен мақтаның орта талшықты сорттары өсіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның Киргизский -3, С-4727, С-6524 және 108 –Ф үш сорты аудандастырылып себілді.

Мақта талшығының технологиялық сапасы. Мақта шаруашылықтарының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі — мақта талшығының технологиялық сапасын жақсарту.

Талшықтың тоқымалық сапасына, мына көрсеткіштері жатады:

Талшық өнімінің көлемі. Ол — құрғақ шитті мақтадан алынған таза талшықтардың салмақ проценті. Әдетте бұл көрсеткіш 30-40 процент шамасында болады.

Талшықтың ұзындығы. Ол — арнаулы тақталарда мақта тұқымының жоғарғы үштен бір бөлігінде ширатылған талшықты тарағаннан кейінгі милиметр есебімен алынған ұзындық. Өсіру жағдайына және сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты талшықтың ұзындығы 25-40 мм аралығында болады.

Талшық ұзындығы моделді және штапелді болып екіге бөлінеді.

Метрлік номер – 1 г. талшықтағы барлық талшықтардың метр есебімен алынғандағы жалпы ұзындығы. Мақтаның сорттарына байланысты бұл көрсеткіш 5000-8000 метрге дейін ауытқып отырады.

Талшықтың жіңішкелігі – метрлік номермен анықталады. Оның көрсеткіші 7-10 мкм —15-25 мкм аралығында болады.

Талшықтың орташа үзілу күші. Бір талшықты үзуге жұмсалатын Ньютон есебімен алынған күшті оның мықтылығы немесе талшықтықтың орташа үзілу күші деп атайды. Бұл күштің мөлшері 0,040-0,-69 Н.

Талшықтың үзілу ұзындығы — оның метрлік номерін мықтылығына көбейткендегі метр есебімен алынған көрсеткіш.

Талшықтың пісуі — оның ішкі қуысының азайып, целлюлозамен толыққан кезі.

Осы көрсетілген технологиялық сапаларына қарай талшықтан тоқылатын маталардың түрлерін анықтайды.

Ботаникалық құрылымы. Мақта құлқайыр тұқымдас, көп жылдық, тропикалық өсімдік, біздің елімізде бір жылдық өсімдік ретінде пайдаланылады.

Тамыр жүйесі – кіндік тәріздес және көптеген жанындағы тамырлардан тұрады. Орталық тамыры 1-1,5 тереңдікке кетеді. Негізгі тамырлары 30-40 см. жыртылған жер қабатына орналасады.

Сабағы – тіке, тарамдалған, төменгі жағы қатып кеткен шашақты, немесе жалаңаш. Жанындағы бұтағы екі түрлі болады өсетін (моноподиально) және өнім беретін (симподиально).

Өсетін бұтағы негізгі бас сабағынан үшкір бұрышпен өседі, басында өсетін бүршігі болады. Өсетін бұтақтан және негізгі сабақтан өнім беретін бұтақ шығады.

Өнім беретін бұтағы бас сабақтан тіке немесе жайылма бұрышпен шығады. Ол өнім беретін бүршікпен аяқталады, ұзындығы сортына байланысты 25-30 см. болады. Өсетін бұтақ төменгі өнім беретін бұтақ сабақтың жоғарғы бүршігінен шығады.

Гүлі - екі ұрықты, үш жапырақ тәріздес гүл серігі бар. Гүлденуі бір гүлдің бір күнге жетеді. Тұқымы мақтаның өзін-өзі ұрықтандырудан немесе айқас ұрықтанудан пайда болады.

Жемісі – үш, бес ұядан тұратын коробка, диаметрі – 2-5 см.

Тұқымы – тұқымының формасы қисық, жұмыртқа сияқты. 1000 тұқымының салмағы 100-150 г.

Биологиялық ерекшелігі. Мақта жылылық, жарық сүйгіш, қысқа күннің өсімдігі. Тұқым 12-15° темпераурада өседі. Мақта салқындыққа шыдамайды. Мақта бүршіктену, гүлдену кезінде жылылықты өте жақсы көреді. Егілген тұқымның өсуіне қолайлы жағдай болса 5-6 күнде шығады. Бірінші негізгі жапырғы көктегеннен кейін 8-10 күнде көрінеді. Содан кейні 20-30 күнде бүршігі шығады. Бүршігін салғаннан, гүл ашылғанға дейін 25-35 күн, содан кейін коробкасы піскенше 50-60 күн қажет. Бүршігінің шығуы, гүлінің ашылуы, коробкасының пісуі ретімен жүреді (бойынша), төменнен жоғарыға дейін, жанындағы сабақтан түбінен басына дейін. Ауаның температурасы 25°С-тан кем немесе 36-37°С-тан артық болса, өсімдіктің дамуы баяулайды, ал температура 0°С-тан төмен түссе, мақта үшін өте қауіпті.

Өсу жағдайына, түріне, сортына байланысты мақтаның толық пісіп-жетілуі үшін 2800-3600°С, активті температура қажет.

Вегетациясы сортына байлансыты әртүрлі болады. Сорттың ерте пісетін вегетациясы 100-110 күн, орта пісетіндікі 115-120 күн, кеш пісетіннің вегетациясы 135-170 күн болады. Транспирациялық коэффиценті мақтаның 350-430.

Мақта құрғақшылыққа төзімді. Бүршігі шыққаннан піскенге дейін ылғал жеткілікті болуы қажет. Судың ең көп қажет ететін мезгілі гүлдену жеміс құру кезеңі. Мақтаны құнарлы, жеңіл, бозтопырақты жерге орналастырады. Мақта қара, қызыл-қоңыр және сұр топырақтарда жақсы өніп-өседі. Оған қышқыл және батпақты топырақтар қолайсыз.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 262 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав