Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нім өндіру технологиясы.

Читайте также:
  1. Lt;variant>Шикізат өндірумен байланысты салаларда.
  2. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы еңбек пен жалақыны ұйымдастыру және жоспарлау
  3. Ндіріс шығындары – өнімді өндіруге кеткен шығындар.
  4. ндірістік капитал пайдаланатын сфераӨндірісте; Өнеркәсіпте; Кәсіпорында. Айырбас құнды өндіру.
  5. Нім өндіру технологиясы
  6. Нім өндіру технологиясы
  7. Нім өндіру технологиясы
  8. Нім өндіру технологиясы
  9. Нім өндіру технологиясы

Ауыспалы егістегі орны. Мақтаның ең жақсы алдыңғы дақылы жоңышқа қыртысы мен оның аударылған қүйқасы. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады. Осының арқасында топырақ құрылымы жақсарып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Сонымен қатар жоңышқа топырақты екінші рет тұзданудан сақтайды және мақтаның негізгі ауруы солдырманы (вилт) азайтады.

Мақта өте жылу сүйгіш дақыл болғандықтан Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отырғызуға тура келеді. Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың тәжірибесі органикалық және толық минералдық тыңайтқыштарды қолданса ауыспалы егісте мақтаның меншікті салмағын 70-75 процентке жеткізіп, бір танапта қатарынан 5-6 жыл сепкенде, оның өнімділігі төмендемейтіндігін дәлелдеді.

Тыңайтқыш беру және қоректендіру. Мақта егісіне минералдық тыңайтқыш енгізудің мөлшері жоспарланған өнімге, топарықтағы қоректік заттардың қорына, қолданылатын агротехникаға байланысты.

Шитті мақтаның 1 тоннасы топырақтан 40-50 кг азот, 15-20 кг фосфор және 60 кг калий сіңіреді. Осы алынған элементтердің орны топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы толтырылады.

Мақта өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде қоректік заттарды аз мөлшерде пайдаланады. Атап айтқанда, көктеп шыққаннан кейін бүрлену кезеңіне дейін барлық пайдаланылатын азот пен фосфордың 3-4 процентін, ал калийдің небәрі 2-3 процентін сіңіреді.

Аталған қоректік заттарды ең көп мөлшерде пайдаланатын кезең, гүлденуден жапай піскенге дейін. Осы уақыт ішінде азоттың 65-70 процентін, ал калий мен фосфордың 75-80 процентін пайдаланады.

Мақтаны интенсивтік технологиямен өсіргенде, осы көрсеткіштерге сүйене отырып, берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен мезгілін белгілеу керек.

Берілетін барлық азот тыңайтқыштарының 25 процентін егін себер алдында, ал қалған 75 процентін тұқым себу кезінде және үстеме қоректендіру арқылы берген дұрыс.

Негізінен оған фосфор тыңайтқыштарының 75 процентін күзде сүдігер жырту алдында, 25 процентін үстеп қоректендіру кезінде береді. Алайда, Мақтаарал тәжірибе станциясында мақтаның жақсы дамуына және фосфор тыңайтқыштарының ең жоғарғы тиімділігіне жыртылған жерге 20-30 см тереңдікте фосфор тыңайтқышының жылдық мөлшерінің 60 процентін, ал егу алдында 10-12 см тереңдікке оның 40 процентін енгізгенде қол жетті.

Егін себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 15-20 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ауыспалы егіске фосфор енгізудің мөлшері бірінші және екінші жылы әр гектарға 140-150 кг, үшінші жылы 130-140 кг, ал одан кейінгі жылдарда 120-130 килограмнан болу керек.

Азоттың фосфорға қатынасы жоңышқа қыртысы және оның аударылған құйқасы бойынша 1:1,5, үшінші жылы 1:0,8, ал кейінгі жылдары 1:0,6-0,7 болуы керек.

Алайда әрбір танапта фосфор енгізудің, мөлшерін анықтағанда агротехникалық картограммалардың көрсеткіштеріне қарай өзгертулер енгізген жөн.

Мақта егісі өсу кезеңінде екі-үш рет үстеп қоректендіріледі. Екі рет үстеп қоректендірілген жағдайда тыңайтқышты шанақтану мен гүлденудің басында, ал үш рет қоректендіргенде —2-4 нағыз жапырақ шыққанда, шанақтану кезеңінде және гүлденудің басында енгізу керек.

Үстеме қоректендіру ретінде берілетін тыңайтқыштарды мақта өсімждігінің жақсы сіңіру үшін оларды тамырларға жақынырақ орналастыру керек. Бұл арақашықтық тамыр жүйенің өсуіне қарай алыстай түседі. Мысалы, 2-4жапырақша пайда болған кезде минералдық тыңайтқыштар қатардан 12-15 см қашықтықта және мүмкіндігінше тереңдеу, ал шанақтану кезінде қатардан 15-18 см қашықтықта 14-16 см тереңдікке енгізіледі.

Үстеп қоректендіруді шілденің ортасына дейін аяқтау керек.

Минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру тәсілдершің бірі оларды органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көңмен бірге енгізу. Көңді ауыспалы егісте жоңышқаны жыртқаннан кейін төртінші немесе бесінші жылы енгізген жөн. Оның мөлшері гектарына 20-40тонна.

Жерді дайындау және өңдеу. Мақтадан жоғары және тұрақты өнім алудың маңызды шарттарының бірі — топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін қолдану болып табылады. Ол күзде және көктемдегі егіс себер алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады.

Күзде топырақты негізгі өңдеу тәсілі мақтаның алдынғы дақылдарына байланысты.

Алдыңғы дақыл жоңышқа қыртысы болған жағдайда жерді сыдыра жырту жоңышқалықтың көктеп кетуін тежейді.

Жер ПЯ-3-35 плугтарымен жыртылатын болса ғана оны сыдыра жыртқыштармен өңдеген дұрыс. Өйткені аталған плугтар жоңышқаның 30 проценттей кесілмеген түсімін қалдырып отырады. Олар көктемде өсіп кетеді де, топырақты өңдеуді қиындатады. Сыдыра өңдеу мен жыртудың арасы 10-15 күн болғаны дұрыс, себебі бұл уақытта жоңышқа қалдықтары қурап кетеді.

Алдыңғы дақыл мақта болса, онда солдырма ауруына қарсы күресу үшін танап қоза-паялардан босатылуы керек. Қоза-пая топыраққа көміледі.

Мақтаарал тәжірибе станциясының деректері мақтаның алғы дақылы мақта, яғнн бұрыннан жыртылып жүрген, арам шөптен таза жер болса, оны 30-35 см тереңдікте, ал ажырық сияқты зиянды арам шөптер басым болған жағдайда 35-40 см тереңдікте жыртқанда мол өнім алынатындығын көрсетті.

Оңтүстік Қазақстан облыстың ауыл шаруашылық станциясы да осындай қорытындыға келді. Осы станцияның мәліметтері бойынша 20 см тереңдікте жыртылған сүдігерге шитті мақта түсімі әр гектрдан 23,0 центнер, ал 30 см тереңдікте жыртылғанда —26,8 центнер болған.

Егер жыртылатын қабаттың қуаты жеткіліксіз болса, оны қажетті тереңдікке бірте-бірте жеткізу керек.

Жерді ярустық жыртудың артықшылығы мол, өйткені ол топырақтың құнарлылығын арттырады, ластануын тежейді, соның нәтижесінде мақта өінімі артады.

Сүдігер жыртудың тиімді болуы көктемде егін себер алдында топырақ өңдеу жүйесіне тығыз байланысты. Топырақ тұқым себуге дейін жақсы өңделсе, өскендер тез өсіп шығады, топырақта ылғал жақсы сақталады, арам шөптер азаяды, мақтаның аурулары мен зиянкестері кемиді.

Ерте көктемде топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Егер топырақты тырмалауды 10 күнге кешіктірсе, әр гектардан 200-300 текше метр ылғал жоғалады.

Сондықтан топырақ дегдісімен оны екі ізбен тырмалау керек.

Ылғал жабудан кейінгі ең бірінші жұмыс егістікті, бөлгіш бороздаларды, топырақ жолдарын тегістгу болып табылады. Топырақ жалдары мен бөлгіш бороздаларды ПР-5 тегістегіш-түзеткіш және ұзын базалы тегістегіштердің көмегімен екі рет тегістейді.

Шитті мақтаның сапасын және өнімділігін арттыруда тұқымды егісіке әзірлеудің маңызы ерекше зор.

Гаммоз жұқпалы ауруын жою және тұқымдарды сусымалы ету үшін мақта заводтары мен дайындау пункттеріндегі арнаулы цехтарда тұқым аршығыш машиналармен тұқымның түбіт-түгін механикалық ажырату, бір орталықтан дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, шаруашылықтар тұқымды заводтардан себуге әзір күнінде алады. Себу алдында тұқым тек ылғалдандырылады. Бір тонна тұқымға 900 литр су жұмсап, полиэтилен пленкасының астында 12-20 сағат ұсталады. Ылғалдандыру көрсетілген мөлшермен үш рет жүргізіледі.

Мақта жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан оны топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі 12-14°С қызғанда себеді. Тым ерте немесе ерте себілген тұқым температураның төмен болуына байланысты топырақта 20-25 күннен астам уақыт өнбей жатып қалып шіри бастайды. Ал көктеп шыққан өніктер өте сирек және әлсіз, ауруға шалдыққыш келеді.

Көп жылдық тәжірибелерге сүйене отырып және облыс аудандарындағы табиғи аймақтардың топырақ климат жағдайларын ескеріп мақта себудің мына қолайлы мерзімдері ұсынылады: ауа райы жақсы оңтүстік аймақ үшін — сәуірдің 10-нан 20 на дейін, солтүстік аймақ үшін — сәуірдің 15-нен 25-не дейін.

Тұқымды себуге әзірлеу және тәсілдері. Мақтаны қатар аралығы 60 және 90 см жиі ұялы, немесе нүктелі әдіспен себеді. Қазіргі кезде мақта өсіруді комплексті механикаландыру, қол еңбегімен қаржыны аз жұмсау үшін қатар аралығын кең —90 см етіп себеді.

Пунктирлі әдіспен қатар арылығы 90 см етіліп себілген өсімдіктер 90X20-2 схемалары бойынша орналасады.

Ұялы әдіспен қатар аралығы 60 см етіліп себілгенде өсімдіктер 60X25 —2-3 схемалары бойынша орналасады.

Тұқым себу мөлшері мен тереңдігі. Себу схемасына байланысты әр гектарға 40 тан 100 кг.-ға дейін тұқым себіледі. Орта талшықты мақталар үшін бір гектардағы өсімдік жиілігі 100-120 мың, ал жіңішке талшықты мақтаныкі —120-130 мың дана болуы керек. Интенсивтік технологаямен өсіргенде мақтаны төрт қатарлы СХУ-4 және сегіз қатарлы СХС-8 сеялкаларымен 4-5 см тереңдікке себеді.

Мақтаны күтіп-баптау. Себуден кейінгі топырақ өңдеу жүйесін себуге дейінгі өңдеу жүйесін себуге дейінгі өңдеу жүйесімен ұштастырып жүргізу керек.

Әдетте, мақта себу кезінде жауын-шашын жиітүседі, яғни топырақ бетінде қабыршақ пайда болады. Бұл мақта тұқымының жер бетіне көктеп шығуына кедергі жасайды. Сондықтан мақта әлі көктеп шыға қоймаған кезде егістікті себу бағытына кесе-көлденең «зиг-заг» тырмаларымен тырмалап, қабыршақты жояды.

Ал өсімдік әр жерден қылтиып көріне бастаған кезде қабыршақты ротациялық шабықтаушпен бұзады.

Өскіндер толық өсіп шыққаннан бастап екі нағыз жапырақ пайда болғанша мақтааралықты сиретеді. Осыдан кейін өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу басталады. Оның басты мақсаты — арам шөптерге қарсы күресу және топырақтың беткі қабатын қопсыту.

Қатар аралықты бірінші рет қопсыту мақта өсімдігі көктеп шыққан бойда КХУ-4 өсімдік қоректендіргіш культиваторымен жүргізіледі.

Қатар арылығы 90 см егістіктегі топырақты өңдеу үшін аталған культиваторға ені 165 мм, екі пар кескіш және ені 120-150 мм бір және тәрізді табан орнатады.

Қатар аралықты бірінші культивациялау кезінде шеткі өсімдікке жақын бірінші пар кескіштерді 8-10 см тереңдікке қойылады. Қатар аралығы 60 см мақта егісіндегі топырақты өңдеу үшін культиваторға бір пар кескіш жебе тәрізді табан орнатылады.

Екінші культивациялаудан бастап кескіштерді қопсытқыш табандар-наральниктермен ауыстырады.

Қең қатарлы әдіспен себілген егістіктегі қатар аралықты өңдеу үшін культиваторға үш пар қопсытқыш табан, бір кіші және бір үлкен терең қопсытқыш жебе тәрізді табан орнатады.

Қопсытқыш табанныц бірінші жұбын 6-8 см, екіншісін —10-12 см тереңдікке қояды. Қатар аралықтың ортасын өңдеу үшін кіші жебе тәрізді табан 10-12 см, ал үлкені—12-14 см тереңдікке қойылады.

Келесі қатар аралықтарды қопсыту әрбір суарғаннан 1-2 күннен кейін топырақ дегдігесін жүргізіледі.

Мақта гүлдеген кезде қорғау аймағының енін 14-16 см қылып, қатар аралықтың ортасын кіші жебе тәрізді табанмен 12-14 см, ал үлкен жебе тәрізді табанмен 14-26 см тереңдікте қопсытады.

Қатар аралықтардың топырағын қопсыту қатарлардағы өсімдіктердің түйіскен шағына дейін жүргізіледі.

Мақта егісін суару. Мақта егісіне берілетін су мөлшерін топырақтың сортаңдану, ыза суының тереңдігі мен минералдану дәрежесін ескере отырып белгілеу керек.

Мақтаарал тәжірибе станциясының зерттеулеріне қарағанда, ыза суының деңгеиі жер бетінен 1 м тереңдікте жатқанда мақта егісінің жылдық пайдаланған су мөлшерінің қосындысы 11700 текше метр болып, оның ішінде 9140 текше метр ыза суын пайдаланған. Бұл жалпы пайдаланылған судың 78 проценті.

Ыза суы 3 метр тереңдікте жатқанда бұл көрсеткіштер осыған сәйкес 4780 текше метр және 5,6 процент болған. Осы келтірілген деректерден ыза суы неғұрлым жер бетіне жақын жатса соғұрлым қолдан берілетін су мөлшері аз болатынын көрсетеді.

Егер топырақта тұз мөлшері шамалы болса, онда жырту алдында әр гектарға 2000-2200 текше метр тұзы көп жерлерге 3000-3500 текше метр, яғни1,5 есе су көп береді. Жырту алдында танапты осылайша 2-3 рет суарады.

Мақта егістігі үшін ең қолайлы ылғалдылық жалпы топырақтың ылғал сиымдылығының 70% болып есептеледі. Мақта пісуі кезеңінде бұл көрсеткішті 60 процентке дейін төмендету керек.

Мақтаны суландыру мөлшері оның даму кезеңіне байланысты. Мысалы, бүрлену кезеңінде суландыру мөлшері әр гектарға 500-700 текше метр, гүлдеу-жеміс құрау кезеңінде 800-1000, ал пісу мезгілінде —500-600 текше метр болып есептеледі. Өсу кезеңіндегі барлық жұмсалатын су мөлшері суару санына және мөлшеріне байланысты. Мақтаны негізінен оның екі-үш жапырағы пайда болғаннан бастап гүлдегенше 2-3 рет, гүлдену кезеңінде 3-4 рет, ал пісе бастағанда —1-3 рет суарады. Өсу бойы кезеңінде мақтаның әр гектарына 5700-7500 текше метр су жұмсалады.

Мақта егісін негізінен жүйектік әдіспен суарады. Суару жүйегінің ұзындығы жер бедеріне, топырақтың су өткізгіштік қабілетіне және өсімдіктердің қатар аралықтарының кеңдігіне байланысты.

Мақта кең қатарлы әдіспен, яғни өсімдіктердің қатар аралығы 90 см етіліп себілгенде, топырақтың су өткізгіштігі нашар, жердің еңістігі үлкен болса, жүйектің ұзындығы 350-400 м, еңістігі өте аз болғанда —200-250 метр, ал топырақтың су өткізгіштігі жоғары жағдайда бұл көрсеткіштер осыған сай 250-300 және 120-150 метр шамасында болуы керек.

Топырақ ылғалдылығының тапшылығын ескеретіп аз суару мөлшері тек ДДА-100М жаңбырлатқыш агрегаттарының көмегімен жүзеге асырылады.

Әр түрлі топырақтық-климаттық жағдайларда жүргізілген зерттеу жұмыстары жаңбырлата суару әдісі тек минералдануы шамалы немесе тұщы ыза судың деңгейі жақын орналасқанда ғана тиімді екенін көрсетті.

Егінді күтіп-баптаудағы басты агротехникалық шаралардың бірі — арам шөптерге қарсы гербицид қолдану.

Бір жылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арам шөптерді жою үшін әр гектарға 1,6-3,5 кг 80 проценттік которан гербицидін СХС-8 сеялкасына икемделген ПВГ-8 құралымен шашады.

Танапты тырмалау кезінде бір жылдық астық тұқымдас және қос жарнақты арам шөптерге қарсы әр гектарға 3,3-8,3 литр 30 проценттік которан топыраққа енгізіледі.

Көп жылдық құмай, ажырық, жатаған бидайық сияқты арам шөптерді құрту үшін сүдігер жыртқаннан кейін әр гектарға 40-55 кг 80 проценттік далопонды бүркіп, тырмалар арқылы топыраққа сіңіреді.

Өсімдік бойындағы қоректік заттарды реттеуге, пісуінің тездеуіне және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агротехникалық шаралардың бірі-шырпу.

Дер кезінде және дұрыс шырпылған жағдайда мақта көсегінің салмағы артады, олардың пісіп жетілуі тездейді және алынатын өнім көбейеді.

Шырпу өсімдіктердің көпшілігінде 10-15 өнім беретін бұтақ пайда болған кезде КРХ-5,4 қопсытқышына ЧХВ-5,4 шырпуышын тіркеу арқылы жүргізіледі.

Шырпудың нақты мерзімдері өсімдік дамуының жағдайына байланысты белгіленеді.

Мақтаны жинау. Мақтаның бір ерекшелігі — оның көсектері бір мезгілде пісіп-жетілмейді. Көсектердің ашылуына байланысты мақтаны бірнеше рет жинауға тура келеді.

Қазіргі кезде өсірілген өнімнің басым көпшілігі машиналармен жиналады.

Мақта жинайтын машиналарды тиімді пайдалану үшін өсімдіктердің жапырақтарын химиялық препараттар қолдану арқылы жояды. Бұл агротехникалық шараны дефолиация дейді.

Дефолиация жүргізілу мерзімін дұрыс анықтай білу керек. Ол тым ерте жүргізілсе өнімнің сапасы мен мөлшері төмендейді, ал өңдеуді кешіктіру дефолианттардың нашар әрекет етуіне және механикаландырылған өнім жинаудың қолайлы мерзімдерін өткізіп алуға әкеп соғады.

Дефолиация жүргізудің ең қолайлы мерзімі мақта өсімдігінің басым көпшілігінде 2-3 көсек пайда болған кез, яғни бұл календарь бойынша қыркүйек айының бірінші онкүндігіне сәйкес келеді. Дефолиация 7-10 күннің ішінде, яғни қыркүиектің 20-шы жұлдызынан кешікпей аяқталуы керек.

Дефолянт ретінде бутифос (әр гектарға 2-3 кг), орта талшықты (әр гектрар 8-10 кг) және жіңішке талшықты (12-15 кг) сорттарды бүрку үшін магний хлораты қолданылады. Мақтаны алғашқы машинамен жинау жұмысына өсімдіктердегі көсектердің 60 проценті ашылғаннан кейін кіріседі.

Екінші рет жинауды өсімдік кесектерінің тағы да кемінде 25-30 проценті ашылған кезде бастайды.

Керек болған жағдайда мақта машинамен үішінші рет жиналады. Бүл жолы өсімдікте қалған көсектерді тұтасымен қорек жинағыштармен, механикалық тергіштермен жинайды.

Мақта жинауға ХВН-1,2А, 14ХВ-2,4А (қатар аралығы 60 см) және ХНП-1,8 (қатар аралығы 90 см), ал қорек жинау үшін СКО-24, СКО-3,6, СКО-54 машиналары қолданылады.

Мақта жинайтын машиналармен жұмыс істеген кезде жерге түсіп қалған шитті мақтаны ПХ-2,4 және ПХС-3,6 тергіштермен жинайды.

Машинамен жинаумен қатар шитті мақтаны қолмен жинау да жүргізіледі. Тұқымдық учаскелерде, машинамен жинауға қиынға түсетін егістіктерде мақта қолмен жиналады.

Мақта жиналып біткеннен кейін оның сабағы қоза-паяны жинап, КВ-4А, КВ-3,6А машиналарымен дестеліп егістіктен шығарып, танапты келесі дақылды себу үшін дайындауға кіріседі.

 

Лекция




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав