Читайте также:
|
|
(CANNABIS SATIVA Z.)
Маңызы. Кенепшөпті негізінен талшық және май алу мақсатымен өсіреді. Оның сабағында 16-25 процент талшық болады. Кенепшөптің талшығы, басқа талшыкты өсімдіктермен (мақта, зығыр) салыстырғанда ірі, жуан, бірақ мықты келеді, суда ұзақ уақыт шірімейді. Сондықтан одан теңіз жібін, тралдық жіп, арқан (қанат), балық аулайтын тор жасайды.
Қысқа талшықтарынан бау байлағыш, буып-түйетін жіп, шаруашылықта қолданылатын арқан, кабельдік жіп, темір арқандардың өзегі және басқа заттар дайындалады.
Кенепшөптің түбірі брезент, парусник, әртүрлі техникалық маталар жасау үшін пайдаланады. Түбірді өңдегеннен кейінгі қалдық құрылыстарда қолданылады.
Сонымен бірге кенепшөптен қап, жетекті белдік, өрт шлангісі, кенеп және басқа бұйымдар жасалады.
Кенепшөптен талшықтан басқа май алынады, өйткелі оның дәнінде 35 процентке дейін май болады.
Тазартылған кенепшөп майы өзінің тусі және дәмі жағынан басқа майлардан кем түспейді, сондықтан ол тағам үшін кеңінен пайдаланылады. Сонымен қатар кондитер және балық-консерві өнеркәсіптерінде қолданылады.
Кенешпөп майы тез кебетіндіктен және құрамында шөкті қышқылдар болғандықтан сабын, сыр және олифа алу үшін пайдаланылады.
Кенешпөптің сыртқы қатты қабығы химия және ағаш өнеркәсіптерінде, кұрылыс тақталарын (плиткаларын), жылу тұтқыш материалдар, жасанды талшық, пластмасса жасау үшін қолданылады.
Кенепшөп күнжарасы жақсы мал азық, өйткені оның құрамында 30 процент белок, 8-10 процент май бар. Бұл күнжараның 1 килограмы 0,73 мал азықтық өлшемге тең.
Кенешпөп Ресей мен Украйнаның кейбір облыстары мен өлкелерінде өсіріледі. Қазақстанда оның өндірістік маңызы шамалы, сондықтан өсірілмейді.
Кенешпөптің орташа өнімділігі әр гектардан 5-6 центнер.
Биологиялық ерекшелігі. Кенепшөп — суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымы +1°С өне бастайды, бірақ ол біркелкі және тез көктеп шығуы үшін топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігіндегі температура +8-10°С болуы керек.
Оның жас өскіні — 3-б°С суықта үсімейді, бірақ осындай төменгі температурадан кейін оның көктеп шыққан өркенінің өсуі баяулайды.
Бүрлену кезінде ауаның температурасы 0°С-тан төмен болса, кенепшөп зақымданып, оның өсімдігі өліп қалады.
Кенешпөп — ылғал сүйгіш дақыл. Оның транспирациялық коэффициенті өсіру жағдайына байланысты 400-ден 800-ге дейін өзгеріп тұрады. Бүкіл өсу кезеңінде топырақтағы ылғал қорының жеткілікті болуын қалайды. Дегенмен ылғалды ең көп мөлшерде қажет ететін кезі — бүрлену кезеңінен бастап гүлдеп біткенше. Осы уақытта барлық пайдаланатын ылғалдың 50-70 поцентін сіңіріп үлгереді.
Үш қос жапырағы пайда болғаннан піскенге дейінгі топырақтың қолайлы ылғалдығы оның танаптық толық ылғал сиымдылығының 60-80 процентіндей.
Кенешөптен жоғары өнімді тек топырақта қоректік заттар қоры мол болғанда ғана алуға болады. Сондықтан ол қара топырақта, орманның күңгірт-сұр және ашық сұр топырақтарында, сонымен қатар шымды-күлгін топырақтарда жақсы өседі.
Топырақ ортасының бейтараптығын (рН = 7,1-7,4) ұнатады.
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 150 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |