Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сіру технологиясы және жинау

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Егістегі орны. Кенепшөптің биологаялық ерекшеліктерінің бірі — ол алғашқы кезде баяу өседі, сондықтан арам шөптер басып кетеді. Бұл қолайсыз жағдайды болдырмау үшін кенепшөпті таза танаптарға жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру керек. Кенепшөптің жақсы алғы дақылдарына картоп, қант қызылшасы, сүрлемдік жүгері, бір жылдық шөптер жатады. Бір танапта қатарымен бірнеше жыл сепкенде, кенешпөптің өнімі күрт төмендейді.

Тыңайтқыш беру және жерді өңдеу. Талшық және май алу үшін өсіргенде 1 тонна өнім беру үшін кенепшөп топырақтан 12-20 кг азот, 4,6 кг фосфор, 6-12 кг калий пайдаланады.

Аталған элементтерді кенешөп негізінен көктеп шыққаннан гүлдегенге дейін сіңіреді. Дегенмен әр элементті пайдаланудың мезгілі бар. Мысалы, азотты ең көп мөлшерде бүрленуден гүлдегенге дейін, ал фосфорды көктегеннен 5-6 қос жапырағы пайда болғанша және дәндену кезеңінде пайдаланады. Ал калийді өсу кезеңінің бірінші жартысында көп пайдаланады.

Қоректік заттарға мұқтаждығын қанағаттандыру үшін кенешпөп егісін тыңайту керек. Органикалық тыңайтқыштар енгізу жақсы нәтиже береді. Оның мөлшері топырақтың типіне байланысты әр гектарға 20 тоннадан (Қара топырақ) 30-40 тоннаға (күлді-саздақ және орташа мәдени топырақтар) дейін.

Фосфор тыңайтқыштарын күзде сүдігер жырту кезінде (әр гектарға әсер етуші заттармен алғанда 45 кг) органикалық тыңайтқышпен, немесе көктемде тұқыммен бірге (әр гектарға әсер етуші заттарымен алғанда 15 кг) берген жөн.

Тамыр жүйесі нашар дамитындықтан кенешпөпке топырақты жақсы және уақтылы дайындау керек. Егер алғы дақыл кенепшөп болса, онда әртүрлі аурулар мен зиянкестерден сақтандыру үшін танапты өсімдік қалдықтарынан тазартады, содан кейін жерді 30-см-ге дейін терең етіп сүдігерге жыртады.

Ерте көктемде жер дегдісімен шлеиф тырмасымен ылғал жабу керек.

Күңгірт — сұр, әлсіз күлгін-саздақ топырақтарда егін себер алдында топырақты культивациялау және бір мезгілде тырмалау қажет.

Орманның сұр, күңгірт-сұр, біршама сазды топырақтарын жебелі культиваторлармен 8-10 см тереңдікте қопсыту керек.

Тұқым себу, мезгілі, мөлшері, әдісі және тереңдігі. Кенешөп өсіретін аймақтарда оны ерте көктемде, топырақ +8-10°С-қа қызғанда себеді. Тұқьш себу мөлшері мен әдісі кенепшөпттің қандай мақсат үшін өсірілетініне байланысты әртүрлі болады. Мысалы, талшық үшін өсіргенде оны кәдімгі жай қатарлы әдіспен әр гектарға 5 млн өнгіш дән немесе 90-100 кг мөлшерде себеді. Егер әрі талшық әрі май үшін өсірсе, онда да кәдімгі жай қатарлы әдіспен бір үйлі кенепшөпті әр гектарға 4,0 млн өнгіш дән (70-80 кг), ал екі үйлі кенешөпті —5,0 млн өнгіш дән (90-100 кг) мөлшермен себеді.

Кенепшөпті СЗ-3,6 астық сеялкасымен, немесе СЗЛ-3,6 зығыр сеялкасымен 3-4 см тереңдікке себеді.

Күту және жинау. Егістікті күтіп-баптау оны тұқым себіліп болғаннан кейін нығыздаудан басталады. Егер топырақ қабыршағы пайда болса, кенепшөп көктеп шыққанша топырақтың тығыздығына байланысты егістікті ауыр немесе жеңіл тырмалармен тырмалайды.

Егістіктегі арам шөптерді жою үшін гебицидтер қолданылады. Осы мақсатпен егін себер алдындағы культивациялау кезінде тұқымдық учаскелердің әр гектарына 3-4 кг-нан (қара шірігі аз құмдақ топырақтар) 4-6 кг-ға (қара шірігі көп топырақтар) дейін тиллам гербицидін қолданады.

Сабақ көбелегі, бит және басқа зиянкестерге қарсы кенепшөп егістігінің әр гектарын 0,6-1,25 литр 40 проценттік метофоспен бүркеді.

Егін жинау мезгілі кенепшөптің пайдалану мақсатына байланысты. Әрі талшық, әрі дән алу үшін өсірілгенде кенепшөпті екі мезгілде, алдымен гүлдеп болған посконын, одан 30-35 күннен кейін, яғни тұқымы піскен кезде матеркасын жинайды. Кенепшөпті тек талшық алу үшін өсірсе, оны бір-ақ мезгілде, яғни техникалық пісу уақытында жинайды.

Кенепшөпті бөлектеп және тікілей жинауға болады.

Бөлектеп жинағанда ЖК-1,9 кенепшөп жинауыш, МЛК-4,5А кенепшөп бастырғыш және ККП-1,8 кенепшөп комбайнын қолданады, ал тікелей жинағанда тек ККП-1,8 комбайны ғана пайдаланылады.

 

Лекция




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 200 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2026 год. (0.053 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав