Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Картоптың сорттары

Читайте также:
  1. Картоптың өсу, өнуінің ерекшеліктері және биологиялық ерекшеліктері.
  2. Картоптың тұқымдар
  3. Картоптың физиологиялық ерекшеліктері
  4. Ырықжапырақтың сорттары

Кокшетауский ранний. Сорт.А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-ның КФ-да шығарылған. Өте ерте пісетін сорт. Түптерінің өсу тік, жинақы, биік. Сабақтары аздап жайылыңқыраған. Жапырақтардың көлемі орташа, шеттері қаттытілінген, күрең-жасыл түсті, тарамданулары орташа. Гүлденуі молынан, ұзаққа созылымды. Гүл шоғыры жинақы, көпгүлді. Жеміс құрастыруы молынан. Түйнектері ақ, сопақ-домалақша, көзшелері ұсақ болын келген. Түйнектің массасы 116-175 г. Крахмалдың көлемі – 12,4-17,5%. Дәмділік бағасы 4,2 балл, стандарт Приекульский ранний мен бірдей. Сорт жақсы сақталанады. Ылғалды шірікке төзімді, паршамен аз залалданады.

Акша. Сорт Қостанайдың АШҒЗИ-да шығарылған. Орташа кеш пісетін, әмбебап бағытты сорт. Түптері жинақы, биік, сабақтары көп, жайылымы аздау. Жапырақтары ірі, шеттері шамалы тілінген, күрең-жасыл түсті, тарамданулары анық көрінеді. Гүлденуі молынан, ұзаққа созылымды. Түйнектері ақ, домалақша столонның батқан ізі бар. Қабықтары тегіс, көзшелері көп, тереңдіктері орташа, боялмаған. Жеміс етінің түсі ақ, кесілгенде қараймайды. Түйнектің массасы 102-167 гр., Лорх-стандарттан 60-65 гр ауыр. Ақуыздың көлемі 13,2-23%, стандартпен бірдей. Дәмділік бағасы 4,4 балл, стандартта 4,8. Сорт механикаландырылған жинауға жарайды, күздік-қыстық мерзімдерде жақсы сақталанады – сақталымы 94%. Рак ауруына төзімді. Фитофторозбен залалдануы орташа, стандарт сияқты, вирустық аурулармен күшті, ал парша, ооскорозбен және ризоктониозбен – аз залалданады.

Приекульский ранний. Сорт Приекуль селекциялық тәжірибе стансасында Кобблер*Юнель сорттарын будандастырудан шығарылған. Түптері жақсы жайылымды, тез жатып қалады. Сабақтары ұзын емес, жасыл, негізгі бөлегінде аздап антицианмен боялған. Қолтықты өркендері жоқ. Жапырақтары күрең-жасыл түсті, шеттері шамалы қиылған. Бөлшектері ірі жалпақсопақша. Төбесіндегісі дөңгелек, негізшелері жүрек тәріздес, көлемі бойынша қырындағылармен бірдей деуге болады. Гүлдеуі мол, бірақ көп тұрмайды. Гүлшоғыры үлкен емес, жасыл түсті, қос шиыршықтан тұрады, жинақы. Тостағаншалары кішкентай, ұштары өткірлі біз тәріздес. Күлтелері ақ. Тозақтық жұптары конус тірізді, тозақтары ірі. Біліктері жуан, тік, тоз- ақтылық жұптардан аздап биіктеу. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақ, домалақтау-сопақ пішінді. Жұмсағы ақ түсті, крахмалдығы орта- дан төмен, дәмдік сапасы жақсы, сақталуы қанағаттанарлық, кескенде аздап қарайады. Сорт өте ерте піскіш, асханалық. Өнімдігі жоғары. Тауарлық түй- індерінің массасы 100-120 г. Қрахмалдылығы 10-16%. Далалық жағдайда фи- тофторозбен залалдануы жоғары, вирустық аурулармен, паршамен залал- дануы кәдімгідей. Көкшетау өңірінде аудандастырылған.

Шортандинский. Сорт А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ мен Қазақ- тың картоп шаруашылығы ҒЗИ-да Агнес сортынан клондық сұрыптау әдісімен шығарылған. Түптері биік, жапырақтануы сенімді. Сабақтары жуан, тік, бояу түстері өң бойы жақсы. Қанаттарының жалпақтығы орташа. Жапы-рақтары ірі, шеттері шамалы қиылған. Гүлденуі мол, ұзаққа созылады. Гүл-шоғырлары жинақы, ұзын гүл тұқырына орналасқан. Тостағаншасы орташа көлемді, аздап түктенген. Күлтелері ақ түсті, ірі. Тозақтық жұптары конус тірізді. Тозақтары орташа, сары түсті. Біліктері жуан, тік, тозақтылық жұптардан аздап биіктеу. Өнімі ортадан жоғары, аурумен әлсіз залалданады, қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Түйнектері ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа тереңдікте, жұмсағы ақ түсті.

Сорт орташа піскіш, асханалық. Өнімділігі 399-484 ц/га. Тауарлық түйіннің массасы 75-137 г. Крахмалдылығы 23%-ға дейін. Ақмола облысында аудандастырылған [7].

 




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 66 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав