|
Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгеоістер ішінен цитоплазмада судың азаюын, оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді.Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсенділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынан ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды.Ұзақ уақыт бойына герантологияда мынандай пікір айтылып келген:қартаю кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады.
Адамдарда ерте қартаю белгісі- прогерия дейтін ауру екені белгілі. Бұл аурумен ауыратын адамдарда балалық шақтан бастап(мүмкін жыныстық жетілу шағында 13-15жаста)жасушаларда жедел қартаю құбылысьары байқалады.Олардың терісінде қыртыстар пайда болып, шаштары ағарады, көздері нашар көреді, тамырлардың атеросклерозасы т.б дамиды, яғни жасқа жетпейақ нағыз кәрі адамдардаға тән қартаю құбылыстары дамиды.тап осындай құбылыс жылы Атырау облысының тұрғыны жастағы Нұржан атты балада байқалған.Ғалымдардың пікірінше жасуша бөлінген сайын онда кейбір нәрселер біржолата жойылып не жинақталып отыра ма деген ой пайда болды.
59.Өлім және өлімнің түрлері.
Ағзаның зат алмасу құбылысы мен сыртқы ортамен қарым-қатнасы бұзылған кезде оның өлімі басталады. Ағза өлімінің табиғи себептері болып қартаю құбылыстарының тереңдеп үдей түсуі, паталогиялық құбылыстар, сыртқы орта факторларының зиянды әсерлері т.б. болуы мүмкін. Жоғары сатылы жануарлар мен адамдардаөлімнің екі түрін ажыратады: физиологиялық өлім және патологиялық өлім. Физиологиялық өлім табиғи өлім, қартаю құбылыстары нәтижесінде пайда болады. Паталогиялық өлім – мезгілсіз өлім, адам ағзасының ұзақ сырқаттану салдарынан мүшелерінің қажып, қызмет ете алмау жағдайларында пайда болады. Сол сияқты мезгілсіз өлім әр түрлі апат жағдайларының салдарынан да болуы мүмкін. Жоғары сатылы көпжасушалы ағзаларда өлім клиникалық және биологиялық өлім болып бөлінеді. Тіршіліктің негізгі қызметтерінің тоқталуы клиникалық өлімге жатады. Ол 5-6 минутқа созылады. Бұл кезде көптеген жасушалар мен мүшелер өздерінің тіршілік қабілетін әлі толық жоя қоймағандықтан олар өзін – өзі жаңарту құбылыстарын жүргізе береді, метобализм жалғасады, бас миы өз қызметін әлі толық жоғалтпайды. Сондықтан да өлім жағдайындағы адамдарды қайтадан тірілтуге болады. Оны реанимация деп атайды.
60.Қартаю және канцерогенез.
Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю – онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Қартаю – жасқа байланысты өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқарады.»Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды герантология (гр. geron-шал) деп атайды. Герантология қартаю құбылысының негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейінде анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді. Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жұйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы озгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді. Қалыпты жасушаның трансфармацияланған жасушаға (ісік жасушаларына) айналу процесі онкогенез немесе канцерогенез деп аталады. Канцерокенез өте ұзақ, бірнеше ондаған жылдарға созылатын күрделі, көпсатылы процесс. Канцерокенез сатылары: инициация, промоция, прогрессия.1)Инициация- сау жасушаның ісік жасушасына айналуы, яғни жасушаның шексіз көбею қасиет қабылдауы; 2) Промоция – ісік жасушасының көбеюі; 3) Прогрессия – ісік жасушаларының қатерлілігінің артуы.
61.Онтогенез, адам онтогенезінің кезеңдері.
Онтогенез- дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілмеуімен басталып тіршілігін жойғанға дейінгі (өлгенге дейінгі)дамуы. Онтогенез ұрықтану кезінде ата-ананың жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады.
Адам онтогенезін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Проэмбриональдық(гамотогенез)
2. Антенатальдық немесе туылғанға дейінгі(эмбринальдық және фетальдық)
3. Постнатальдық немесе туылғаннан кейінгі(репродукцияға дейінгі,репродуктивті және пострепродуктивті). Акушерлік және педиатрлық тәжірибеде адамның антенатальдық онтогенезін келесі кезеңдерге болу арқылы қабылданған:
1. Бастапқы ұрықтанғаннан кейінгі бірінші апта
2. Ұрықтың немесе эмбриональдық(ұрық-эмбрион)2-8апта
3. Іштегі нәрестелік немесе фетальдық(ұрық іштегі нәрестеден аталады)9-40апта
Адамның постнатальдық онтогенезін келесі кезеңдерге бөлуге болады.
1. Жаңа туылған нәресте 1-10күн
2. емізулі бала 11күн-1жас
3. ерте балалық шақ2-3 жас
4. балалық шақтың бірінші кезеңі 4-6 жас
5. балалық шақтың екінші кезеңі 7-12 жас
6. жасөспірімдік 13-16
7. бойжеткен 17-21
8. орта жас 1кезең 22-35
9. орта жас 2кезең 36-55
10. егде шақ 56-75
11. кәрілік шақ 76-90
көпжасушалылар 90 жастан жоғары.
62.Прогенез, гаметогенез, ұрықтану.
Прогенез- преэмбринальдық кезең, онтогенездің бастамасы, оған гамотогенезбен ұрықтану кіреді. Гамотогенез- жұмыртқа жасушасының(овогенез)және сперматозойттардың (сперматогенез) түзілу процестері. Гаметалардың тіршілік қабілеттілігі уақытпен шектелген, сондықтан жыныс жасушаларының жасы ұрықтану барысында маңызды рөл атқарады. Овуляциядан соң жұмыртқа жасушасында өзгерістер байқалады, оны қартаю деп сипаттауға болады. Адамда овуляциядан кейінгі 1 тәулікте немесе фолликуладан жұмыртқа жасушасы шыққан соң, 24 сағат ішінде ұрықтана бастағанда, жасуша пісіп, жетіліп кетеді де онда қайта қалпына келмейтін өзгерістер жүреді.
Әйел адамның жыныс жолдарында сперматозоит 6-7 тәулікке дейін қозғалғыштығын сақтайды, бірақ ұрықтандыру қабілеті 1 тәуліктен аспайды. Пісіп кеткен гаметалар кей кездерде қосылады, бірақ имплантацияның болмауынан немесе жүктіліктің ерте спонтанды түзілуінен(гаметопатиялар) тез арада олардың дамуы тоқтайды.
Ұрықтану- жыныс жасушаларының қосылып, диплойдты жиынтығы бар жасуша- зиготаны түзеді. Ұрықтану кезінде гаметалардың жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі мен гаметалардың қосылуы (оогамия)рет-ретімен жүреді.
Гаметалардың жақындауы гармондардың (гаметалар гармоны) әсерінен жүреді, оны жұмыртқа жасушаларымен сперматозоидтар бөледі. Гармондар сперматозоидтың қозғалысын және сперматозоидтың жұмыртқа жасушасының қабықшасына жанасуын активтендіреді. Сперматозоид жұмыртқа жасушасының қабықшасына жанасқанда акрасомдық реакция жүредіде, жұмыртқа жасушасының қабықшалары ериді. Сперматозоидтың центриолі мен ядросы жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына өтеді, сперматозоидтың мембранасы жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына өтеді, сперматозоидтың мембранасы жұмыртқа жасушасының жарғақшасына қосылады. Сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына жанасу нәтижесінде жұмыртқа жасушасы активтеледі, бұл құрылымдық және физико-химиялық өзгерістер.
63. Онтогенездің гистогенез және органогенез.
Гистогенез- маманданған ұлпалардың аз жіктелген жасуша материалдарынан пайда болу процесі, органогенез- мүшелердің қалыптасуы. Морфогенездің бастапқы механизмі детерминация және дифференциация болып табылады.
Детерминация- (анықтау,шектеу)морфогенездің алғашқы кезеңдерінде дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айырмашылықтардық п\б. Детерминация бүтіннен бөліктерге қарай жүреді-бірінші ұрықтың бүтін бастамасында детерминация жүреді, ал оның жеке элементтерінің тағдыры әлі белгісіз болады.
Жасушалардың дифференциялануы-жасуша, мүшелер мен ұлпалардың арнайы қалыптасуына әкелетін, дараның даму барысында біртекті жасушалар мен ұлпалардың арасында айырмашылықтардың п\б және өзгерулері. Дифференциялаудың негізгі факторлары-алғашқы эмбриональды жасушалардың цитоплазмасының ерекшелігімен көршілес жасушалардың арнайы әсері – индукция.
Эмбриональды индукция- дамып келе жатқан ағза бөліктерінің өзара әсері, мұнда бір бөлігі (индуктор) басқа бөлігімен (жауап қайтаратын жүйе)әрекеттесіп, оның даму бағытын анықтайды. Индукция жүзеге асу үшін компетацияларға ие болу керек, Компетация дегеніміз-эмбртональды материалдың әртүрлі өзгерістер қабілетіне жауап қайтара алу қабілеті.
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 184 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |