Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

С. Ковалев бойынша қаржы нарығының құрылымы

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  3. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  4. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  5. IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
  6. Автокөлік құралдарын жөндеу» пәні бойынша емтихан сұрақтары
  7. Агрономия» мамандығы бойынша
  8. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  9. Азақстан Республикасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
  10. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы

Қаржыға қатысты нарықтардың қызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді шамалайды. С.Ковалевтың түсіндірмесіне орай қаржы нарығының жіктелімі келтірілген, сондай ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама берілген:

Қаржы нарығы

 

Валюта     Алтын   Капитал   Ақша

С. Ковалевтың тұжырымдамасына сәйкес валюта нарығы – бұл валюталық құндылығы бар объектілер тауар болып табылатын нарық:

· Шетелдік валюта (ақшалай белгілер – банкноттар, қазынашылық билеттер, заңда төлем құралдары болып табылатын немесе алынатын, бірақ айырбасталатын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріндегі, халықаралық немесе есептік ақша бірліктері шоттарындағы құрал);

· Бағалы қағаздар (чектер, вексельдер, акциялар, облигациялар) және басқа да қарыздық міндеттемелер);

· Бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий, рутений, осмий) және табиғи асыл тастар (алмас, жақұт, зүбәржат, сапфир, александрит, меруерт).

Алтын нарығы – бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында, сондай ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін алтынды сату-сатып алумен б-ты экон.қ қатынастар саласы.

Капитал нарығы - өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді. Бұлай бөліну осы нарықта сатылатын тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылар мен қаржы құралдарының эмитенттері арасындағы қатынастардың сипатын білдіреді. Егер қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл несиелік қатынас күйінде қалады.

Ақша нарығының құралдары - ең алдымен бизнес салалары мен мем. Ұйымдардың өтімді қаражаттарын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақтау және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцептерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т.б. жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын келесі үлгіде көрсетуге болады.

Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге

асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы б.т.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы пайыздар төлейді.Қазақстан қаржы нарығының құрылымы:ақша, валюта,депозит,несие,зейнетақы,сақтандыру,бағ.қағаздар

Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.

Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жақсы әсерін тигізеді.

Бағалы қағаздар нарығын оны шығару бойынша және оның (бағалы қағаздар нарығының) қатысушылары арасындағы бағалы қағаздардың айналасы бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық объектісін жеке-дара салыстырғанда ғана айыр­машылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенкла­турасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқы­зуға болады: коммерциялық, мақсатты, ақпараттық, реттеуші




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 52 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав