Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жәрдемақыны тағайындау шарттары 1 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 3 страница

Мысалдар: Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары

1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар;

1-1) бала кезiнен мүгедектер

2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;

3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер

4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;

5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады.

Жәрдемақыны тағайындау шарттары

1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады

2. 2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:

1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;

2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;

3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi;

4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.

3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы ба

4. 4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.

5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi.

Жасына байланысты жәрдемақылар: Жасына байланысты жәрдемақылар азаматтарға Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтанлыру қорынан 448624 мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

· еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша — 295265,3 мың теңге;

· асыраушысынан айрылуы бойынша — 146544,8 мың теңге;

· жұмысынан айрылуы бойынша — 6813,9 мың теңге.

2007 жылдың I жартыжылдығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдер сомасы 243 339,7 мың теңгені құрады, бұл 2006 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 4 есе артық. 2007 жылдың 1 жартыжылдығында еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айрылуы бойынша төленген әлеуметтік телемдер сәйкесінше 160123 мың теңге, 60509,8 мың теңге және 63,9 мың теңгені құрады, және де бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың осындай көрсеткіштерінен 4 есе жоғары. Ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып, ел Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арналғаа Жолдауында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуді тапсырды. Әлеуметтік сақтандырудың осы түрлері бойынша әлеуметтік төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысынан төлеу тапсырылды. Осылайша, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әйелдердің жүктілігіне, босануына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне әлеуметтік төлемдер жүргізіледі. Мұндай төлемдерді алуға ол үшін жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар жүргізген, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған, өзі үшін әлеумсттік аударымдар төлеген жұмыс істейтін әйелдер құқылы. Жүктілігі және босануы жағдайына әлеуметтік төлем 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққан күннен жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күнтізбелік күніне тағайындалады. Осылайша 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші төлейтін жүктілігі және босануы бойынша төленетін төлемнің орнына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалады. Жүктілігі және босануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер жұмыс істейтін әйелдердің орташа айлық еңбек ақысы мөлшерінде тағайындалады деп жоспарланып отыр. Бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем нәрестеге күтім жасайтын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалады. Осылайша, жұмыс істейтін әйел нәресте күтімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдем-ақының орнына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алады. Бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады деп жоспарлануда. Егер, бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде зейнет-ақы жинақтауы одан әрі жалғасады.Төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және тұрақты төлеуі әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне маңызды әсер етеді. Осыған байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік аударымдар төлеуге міндетті әрбір қызметкер төлеушіден және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан өзі үшін төленген әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуі және толықтығы туралы ақпаратты сұрауға және тегін алуға құқылы Әлеуметтік төлемдер кімге тиеісілі? 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе әлеуметтік тәуекел жағдайы туғанда, халыққа материалдық көмек беруді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта міндетті әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік тәуекелдің үш түрін – еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылуды қамтиды. Осылайша, жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, меншіктің барлық түрімен шұғылданатын ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін барлық тұлғалар еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айрылу жағдайы туындағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Еңбек ету қабылетінен айрылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер – егер медициналық әлеуметтік сараптама оған еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгіліген жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алудан басқа, еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы. Еңбек ету қабілетінен айрылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері еңбек ақының орташа айлық мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетін төлемдер — қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелеріне тағайындалады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасы мүшелері мемлекеттік әлеуметтік жордемақыдан басқа асыраушысынан айрылуы жағдайына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік -сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Асыраушысынан айрылуы жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық табысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін төлемдер — егер ол үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар аударылған және ол ресми түрде жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы жергілікті бюджет арқылы жұмысқа орналастыру, кәсіптік қайта дайындау, қоғамдық жұмыстарға тартудан басқа жұмысынан айырылуы жағдайына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алуға құқылы. Жұмысынан айырылуы жағдайына байланысты берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс мөлшеріне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Мүгедектік бойынша жәрдемақы кімге тиесілі? 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ай сайынғы ақшалай төлемдер, -дейді Қойшыбаева. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады. Жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге: жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, бала кезiнен мүгедектер, он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек балалар; Мүгедектікке әскери қызметтен өту кезінде алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан душар болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық нысандардағы авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық нысандардағы авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар; әскери қызмет міндеттерін (қызмет міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызмет борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедектікке душар болған жағдайда әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы мен қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан мүгедектер; әскери қызметтен өту кезінде жаралану, контузия, мертігу, ауыруы салдарынан мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), қызмет міндеттерін атқару кезінде жаралану, контузия, мертігу, ауыруы салдарынан мүгедектікке душар болған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан шыққан мүгедектер; себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады. Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған жағдайда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген әйелдерге 58, еркектерге 63 жасқа жеткен кезде Орталықтан, жинақтаушы Зейнетақы қорларынан тағайындалады.[2]

Босанғаннан кейінгі демалысқа шығу: «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына таяуда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, - дейді Г.Қойшыбаева. - Заңның 4-бабына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын әлеуметтік төлемдер төмендегідей бөлінеді: еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына байланысты; асыраушысынан айрылған жағдайда; жұмысынан айрылуына байланысты; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда; жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер. Ол бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін жәрдемақыға және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда төленетін жәрдемақыларға қатысты көп сауал түсетін болғандықтан толығырақ тоқталды. Сонымен, бұл төлем түрін тағайындау үшін өтінішке: жеке басты куәландыратын құжат; тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы); баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ, оны салыстыру үшін түпнұсқасы; отбасының құрамы туралы мәліметтер; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу фактісін растайтын құжат: қызметкерлер үшін – әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста екені туралы жұмыс беруші бұйрығының үзінді көшірмесі; әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар (салық төлеушілер) үшін – олардың қызметін тоқтата тұру туралы салық органына берген өтінішінің көшірмесі; 6) банк ұйымдарында ашылған банктік шотының нөмірі; 7) бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық органдары берген баланы асырап алу туралы сот шешімінен үзіндінің көшірмесі; 8) бір жасқа толмаған балаға (балаларға) қорғаншылық белгіленген жағдайларда – қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешімінің көшірмесі қоса берілуі тиіс. - Жұмыс беруші қызметкерінің жүктілігіне және босануына байланысты демалыс күндері біткен соң, оның арызы негізінде бала бір жасқа (үш жасқа) толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс береді. Және жұмыс беруші шығарған бұйрықтың үзіндісін арызданушы жергілікті Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайдағы әлеуметтік төлемге қажетті басқа да құжаттарға қоса тапсырады,

Жүктілігіне және бoсануына байланысты төлемдер- жаңа туылған баланы, балаларды асырап алу) 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен төленетін жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік жәрдемақының орнына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалады.

Әлеуметтік төлемді алу құқығы туындайды; Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда - жүктілігіне және босануына байланысты еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген демалыс күнінен бастап, белгіленген ретпен барлық күнтізбелік күндер үшін; жаңа туылған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда –туылған баланы асырап алушы жұмысшыға еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген демалыс күнінен бастап. Жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік төлем құқық пайда болған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға 12 айдан артық емес жүгінген мерзімде тағайындалады.

26.Халықтың еңбекке қабілетсіз және тұрмыс-тіршілігі төмен топтарына қандай әлеуметтік қорғау көрсетілетінін негіздеңіз: Еңбеккке қабілетсіз жандарға берілетін көмектер: Еңбекке уақытша жарамсыздығы, қызметкердің емделуде үздiксiз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жекелеген аурулар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиiс. Қызметкер емделуде үздiксiз болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, өзiнiң одан әрi қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландырудан өтуге тиiс.

Қызметтік мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қызметкерлердің емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландыруға емделiп болған соң немесе ауруының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi. Жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлердің, егер еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны он екі айда сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз төрт айға дейiнгі немесе жыл iшiнде әртүрлi аурулар бойынша бес айға дейiнгi уақытты құрайтын болса, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн құқық қорғау органының кадр бөлімшелері емдеу-профилактика мекемелерінiң ұсыныстары бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына шығарып беріледі. Қызметкерлерге олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде ақшалай үлес толық көлемінде төленеді.

Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер: Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда оған бiржолғы өтемақы төленедi, ал қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ол оны алуға құқығы бар адамдарға беріледі. Біржолғы өтемақыны төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Қызметкер қызметтiк міндеттерін атқару кезiнде не орындалуы міндетті қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл бойы ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

Қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде, оған:

1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;

2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 99 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав