Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жәрдемақыны тағайындау шарттары 2 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 3 страница

3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

Егер қызметкердiң қазасы (қайтыс болуы), жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейдi. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балаларына, олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.

1. Тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік көмектер. Бұл мәселеге қатысты қазіргі қол­даныстағы заңнамаға сәйкес жергілікті дең­гейде жергілікті бюджет есебінен аз қам­тамасыз етілген отбасыларға мұқтаж­дығы мен табыс деңгейі ескеріліп, бірнеше әлеу­меттік көмек және қолдау түрлері ұсы­нылады. Біздің елдегі әлеуметтік кө­мектің бірінші жүйесі – ол табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Оның мөл­­шері жан басына шаққанда орташа табысы мен кедейлік шегі (ең төмен күн­көріс деңгейінің 40 пайызын құрайды) ара­сындағы айырма түрінде есептеледі.Тағы бір ескерер жайт, қазірде осы атау­лы әлеуметтік көмек енгізілгелі бері оны алушылардың саны шамамен ал­ты есеге төмендеді. Мысалы, 2002 жылы елде атау­лы әлеуметтік көмек алатындардың саны бір миллионнан астам болса, 2010 жылы 200 мыңға жуық адамды құраған. Мұның өзі елде еңбек белсенділігінің артып отыр­ғанын көрсетеді емес пе? Сондай-ақ республикамызда көрсеті­летін әлеуметтік көмектің екінші бір түрі – балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрі. Біздің елде 18 жасқа дейінгі ба­лалары бар отбасыларға жан басына шақ­қандағы табысы азық-түлік себетінен (ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы) тө­мен болған жағдайда отбасындағы әр ба­лаға 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1512 теңге мөлшерінде балалар жәрдем­ақы­сы төленеді. Бұл еліміздің «Балалы отбасы­ларға берілетін мемлекеттік жәр­дем­ақылар туралы» заңы аясында жүзеге асуда. Балалар жәрдемақысын төлеуге бөлінген жалпы соманың 75 пайызы ауыл­дық жерде тұ­ратын балаларға бөлінгенін айта кету керек. Бұдан кейін үшінші бір әлеуметтік көмек бар. Ол аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын жай­ды ұстауға және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету бойынша жүзеге асады. Бұл «Тұрғын үй қа­тынастары туралы» заң аясында жүргізіледі. Соған сәйкес, 2010 жылы 184,5 мың отбасыға жалпы көлемі 3,5 млрд тең­ге­нің тұрғын үй көмегі берілді. Ал, жалпы ал­ғанда, дағдарыс жағдайында халықтың аз қамтамасыз етілген тобына уақтылы әлеу­меттік көмек көрсету мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге ныса­налы ағымдағы трансферттер бөлінуде. Осы­лайша 2008 және 2010 жылдар ара­лығындағы мерзімде осы мақсаттарға рес­публикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат, соның ішінде атаулы әлеу­меттік көмек көрсетуге – 3,37 млрд теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәр­демақыларға – 6,8 млрд теңге бағытталды. Бұған қоса елімізде жоғарыда айтылған әлеуметтік көмектің үш түріне қоса жер­гілікті өкілдік органдардың шешімі бойын­ша әлеу­меттік қолдаудың қосымша тағы 30 түрі көрсетіледі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып айтарым, табысы төмен от­ба­сыларға әлеуметтік көмек көрсету – от­ба­сы­ның өмірлік проблемаларын тұрақты шешетін әрекет емес. Ол тек қана кедейлік проблемаларын шешуге бағытталған қо­сымша әлеуметтік қолдау болып табылады.

27.Мемлекеттің білім, денсаулық саласындағы өзгерістерді салыстырмалы таладу жасаңыз. Денсаулыққа жеке,білімге жеке бердим.дурыстап окп туснп алндар. Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер — туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.Қазақстанда медициналық мекемелердің 80 % мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20% жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сомасына бағаланады.Денсаулық сақтау саласының қаржы жүйесін мемлекеттік деңгейде басқару төмендегілерді қамтиды:

— экономикалық саясаттың тұжырымдары мен қағидаттарын және қаржы жүйесін реттеудің әдістерін қалыптастыру;

— қаржылық саясатты және оны реттеудің шараларын заңдық және нормативті-құқықтық қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау саласының қаржылық саясатының нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Азаматтық кодексі, Бюджеттік кодексі, Салық кодексі, Денсаулық сақтау Кодексі, «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңы және басқа да денсаулық сақтау саласына қатысты жарғылар, үкімдер, ережелер мен қаулылар, нормалар мен нормативтер құрайды.Денсаулық сақтау саласында пайда болатын қаржылық қатынастар бір жағынан денсаулық сақтау саласын ұстауға және дамытуға бағытталатын қаржы ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде қаралса, екінші жағынан саладағы қаржы ағындарын басқаратын экономикалық әдістерді жүзеге асыру мақсатында пайда болатын ақшалай қатынастардың жиынтығы ретінде қараладыСонымен, денсаулық сақтау саласындағы ауруларды қаржыландырудың бюджеттік тапшылығы жағдайында санитарлық іс-шараларды жеткілікті және толық қаржыландыру, қаржыландырудың баламалы мүмкіндіктерін іздестіру — өзекті мәселе. Мемлекет кепіл берген медициналық көмектер деңгейін өзгерткенде, медициналық көмекті тұтыну көлеміне, аймақтардың өзіндік ерекшеліктеріне, территориялардағы халық санына ерекше назар аудару қажет.

Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдiк қоғамдастықта балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың негiзгi нысаны ретiнде сыннан өткен балалар бақшасы бұл күндерi де үздiксiз бiлiм берудің бiрiншi сатысының және балалардың ерте бастап әлеуметтенуiнiң тиiмдi моделi болып қалып отыр. Мектеп жасына дейiнгi балалардың мектепке дейiнгi сапалы бiлiм беру бағдарламаларына қолжетiмдiлiгiн арттыру нысандарының бiрi мектепалды институты болады, ол балаларды балалар бақшасында, жалпы бiлiм беретiн мектепте және отбасында мектепалды даярлауды барлық жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Мектепалды - бұл мектепке дейiнгi ересек жастағы, негiзiнен бұрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшiн оқу-тәрбиелiк процестi мақсатты бағытта ұйымдастыру институты.

Жалпы орта бiлiм беру саласында оның мазмұнын бiлiм берудi демократияландыру және iзгiлiктi ету бағытында айтарлықтай жаңарту қажет. Оқушылардың сапалы білiм, бiлiк пен дағды алуының жоғары негiздерiне қол жеткiзген жөн. Мазмұнды жаңарту бiлiм берудiң жетiлдiрiлген мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеумен және енгiзумен қамтамасыз етiлуге тиiс. Жалпы орта бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жетiлдiрудi талап етедi. Оқу процесiне алуан көп нұсқалы оқулықтарды енгiзу - оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң сапасын жақсарту, бiлiмнің кең нұсқалылығына қол жеткiзу жолдарының бiрi. Мазмұны, тiлi, жағдайы мен оқыту нысандары бойынша әралуан ауыл мектебi өзiне ерекше қарауды талап етедi. Деңгейлiк әрi бейiндiк саралауды және оқытуды дербестендiрудi, соның iшiнде сыныптардың шағын толымдылығы жағдайында жүзеге асырудың қажеттiлiгi оқу процесiн принциптi түрде өзгеше ұйымдастыруды және педагог қызметкерлердiң даярлық деңгейiн айтарлықтай жақсартуды талап етедi. Педагог қызметкерлер мен бiлiм беру ұйымдары басшыларының еңбекақысының төмендiгi бiлiм беру жүйесiн кадрмен тиiсiнше қамтамасыз етуге қол жеткiзуге мүмкiндiк бермейдi. Мұғалiм мамандығы беделдi болудан қалды. Мұғалiмнiң әлеуметтiк рөлi мен беделiн көтеру үшiн оның еңбекақысын өсiру қажет - бiлiм беру қызметкерлерiнiң еңбекақы деңгейiн 2005 жылға қарай орташа республикалық деңгейден төмен емес деңгейге дейiн жеткiзу керек.
Кәсiптiк мектептердің, лицейлердiң, колледждер мен меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың iскерлiк, мүдделi әріптестiк шеңберiнде теориялық бiлiм мен жұмыс iстеп тұрған кәсіпорындардың базасында кәсiптiк практика шеңберiнде алынатын практикалық дағдының бiрлiгiн қамтамасыз ету қажет. Әрiптестiк кәсiпорындарды сапалы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесiндегi тараптардың өзара тиiмдi ынтымақтастығын бiлдiредi. Шағын және орта бизнес саласында талап етiлетiн жоғары разрядты, сыныптар мен санаттардағы бiлiктi жұмысшылар мен мамандарды даярлауды енгiзу керек. Жоғары кәсiптiк бiлiм беру саласында жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтарының мемлекеттiк жiктегiшi (тiзбесi) мен жоғары бiлiмнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары жетiлдiрудi талап етедi. Бұл салада студенттердiң қазiргi заманғы технологиялары бар кәсiпорындардың базасында өндiрiстiк практикадан өтуi және лабораториялық әрi практикалық сабақтарын, оқу ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесiн түбегейлi шешу талап етiледi.
Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң сапасын бағалау жоғары оқу орындарының рейтингтер жүйесiн енгiзу жолымен жүзеге асырылуға тиiс. Белгiлi бiр өлшемдер бойынша түрлi деңгейдегi оқу орындарының рейтинггерiн жүйелi түрде жасау жоғары бiлiм беру жүйесiнде бәсекелес ортаны құрады. Оқу орындары сапаны басқарудың iшкi жүйесiн құрып, оны қоғамның, жеке тұлға мен еңбек рыногының сұраныстарына жауап беру үшiн ұдайы жетілдiрiп отырады. Рейтингтер жасаудың технологиясы оқу орындарының қызметiн әдiлетсiз бағалауға жол бермеуге тиiс. Мемлекеттiк аттестациялау әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ену процестерiн ескере отырып жетiлдiрiлуге тиiс. Кәсiптiк бiлiм беру саласында Пан-Еуропалық тiркеу жүйесi (ЕQUАL), Халықаралық стандарттар ұйымының ISО 9000-9001 сапа стандарттары, Менеджменттi дамытудың Орталық Азия қоры (САМАN) және басқалар секiлдi білiм беруде сапаны қамтамасыз ету жүйелерiнің жетiстiктерi пайдаланылуы мүмкiн.
Кәсiптiк бiлiмнiң қолжетiмдiлiк деңгейiн арттыруға мемлекеттiк білім гранттары мен кредиттерiн беру тетiгiн одан әрi жетілдiру, сондай-ақ олардың санын өсiру жолымен қол жеткiзiлуге тиiс. Техникалық, педагогтiк және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырыстың ұлғайтылуын көздеу қажет.
Экономикалық өзгерiстердi кадрлық тиiстi қолдаумен қамтамасыз етуге қабiлетті кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң, колледждердiң және жоғары оқу орындарының түлектерiн еңбек рыногына қарай қозғаудың жүйесiн құру қажет. Бұған кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде маркетингтiк және еңбекке орналастыру қызметтерiн дамыту жолымен қол жетедi.
Жоғары оқу орнынан кейiнгі бiлiм беру саласында, бұл жүйеде ұйымдастырудың, қаржыландырудың және басқарудың тиiмділігiне байланысты, елеулi проблемалар қордалана бастағандықтан, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң жаңа тұжырымдамасын әзiрлеу керек. Бiлiм мен ғылымның интеграциялануы кәсiптiк бiлiм берудiң жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.
Оқыту мен тәрбие процестерiнiң бiрлiгiне қосымша бiлiм беру жүйесiн кеңейту, жастар мен балалардың қоғамдық бiрлестiктерiн көтермелеу және балалардың, жасөспiрiмдер мен жастардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолымен қол жетедi.
"Сапа" және "баға беру" - "басқарудың жаңа құралының" ажырамас құрамдас бөлiктерi - орталыққа тәуелсiздiктiң жойылу құралы ретiнде емес, орталыққа тәуелсiздiгi жойылған жүйенiң түрлi деңгейлерiнiң арасында шешiмдер қабылдаудың тепе-теңдiгiн қолдау құралы ретiнде қаралуға тиiс. Жоғарыда сипатталған күллi бағыттар қазiргi заманғы менеджменттің басқа мәселелерiмен қатар "Бiлiм берудi басқару" оқу бағдарламасында көрiнiсiн табуын және білім беру жүйесiнiң басқару кадрларын қайта даярлау мен білiктiлiгiн арттыру бағдарламасының ажырамас бөлiгi болуға тиiс. Бiлiм берудi реформалау бұл салаға принциптi түрде жаңа қаржыландыру схемасын енгiзудi көздейдi және бiлiм беру жүйесiн дамытудың қаржы-экономикалық тетiктерiн қолдау мен жетiлдiруге бағытталған бiрқатар қаржы-экономикалық мiндеттердi шешудi талап етедi. Мiндеттердi шешу бұл ретте мынадай принциптерге сүйенуге тиiс: білiм беру ұйымдарының шаруашылық және қаржылық дербестiгi; ресурстық қамтамасыз етудi қалыптастыруға нормативтiк тұрғыдан келу. Бiлiм беру саласындағы штат нормативтерiн, негiзгi экономикалық нормалар мен нормативтердi қайта қарау талап етіледi; қаржыландыруға көп деңгейлi (республикалық және аймақтық деңгейдегi) және кеп арналы тұғыдан келу; Бiлiм беру ұйымдарының желiсiн тұрақтандыру және дамыту. Бiлiмнің қолжетiмділiгi мен сапасының маңызды кепiлi бiлiм беру ұйымдарының желiсiн жеткiлiктi дамыту болып табылады.

Педагог қызметкерлердi қайта даярлау және білiктiлiгiн арттыру бағдарламалары жүйелi, көкейкестi сұраныстарды ескеруге және кезең-кезеңiмен қайта қаралуға тиiс. Педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды бiлiктiлiктi арттыру институттарымен қатар жергiлiктi атқарушы органдар қалыптастыратын мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде аймақтық университеттердiң базасында жүзеге асырылуға тиiс.
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды қоса алғанда оқытудың жаңа технологияларын енгiзу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жақсарту мiндеттерi бiр-бiрiмен өзара байланысты және бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру, дистанциялық оқытуды енгiзу және тағы басқалар арқылы оқу процесiне қазiргi заманғы технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын енгiзудi көздейдi.

28.Халықты әлеуметтік қорғауда тұрғын-үй саласындағы саясатының тиімділігін дәлелдеіңіз. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр.Кез-келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – «әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету».Жылжымайтын мүлік рыногы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және қарқынды дамушы рыноктардың бірі болып табылады. Жылжымайтын мүлік рыногы ауқымы кең рынок болып саналады. Тұрғын үй – рыноктық экономикада экономиканың түрлі секторының даму қарқынын және халықтың, жалпы елдің келешегіне деген сенімін бейнелейтін өсімнің көрнекті көрсеткіші. Тұрғын үй мәселесі Кеңес дәуірі кезінен-ақ шешуі қиын мәселе болатын. Ел экономикасы өтпелі кезеңнен өтіп, дамудың даңғыл жолына түскен шақтан бастап халықтың саны да өсіп, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артты.Жеке тұрғын үй баспанасының болуы – әрбір отбасы үшін бірінші кезекті қажеттілік. Бұрынғы кеңестік жүйеде мемлекеттік тұрғын үй құрылысы үшін бюджет ресурстарының орталықтандырылған бөлінісі мен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін кезекте тұрған азаматтардың арасында тегін бөліп беруді бейнелейтін еді. Қазақстанның тәуелсіздік алып, рыноктық қатынастарға өтуі бұл үлгінің сәйкессіздігін көрсетті. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және құрылысты бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы жағдайында тұрғын үйге қол жеткізудің негізгі көздері тұрғындардың өз қаражаттары мен әлемнің экономикасы дамыған елдеріндегідей банктік несиелер ғана болып қалды. Осыған орай, тұрғын үй мәселесін шешу Қазақстанның мемлекеттік саясаты үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы ретте «Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тұрғын үй саласының дамуына ерекше назар аударып, басты бағыттары ретінде жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, тұрғын үйді жалға беруді дамытуды атап көрсеткен. Сонымен қатар, тұрғындардың жекелеген бөліктерін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және өзектілігімен жалғасын тапқан «2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданған.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, қазіргі жағдайда тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік рыногының дамуы жан-жақты терең зерттеуді, ғылыми талдауды, жаңа сапалы шешімдерді іздестіруді талап етеді.

 

Тұрғын үй нарығының теориялық негіздері, нарықта сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу жағдайлары және оларға әсер ететін факторлар, тұрғын үй нарығының шетелдік ерекшеліктері қарастырылады.

Мемлекет экономикасының жағдайын сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштерді жақсартудың тұрақты тенденцияларына қол жеткізу, экономиканың барлық салаларында терең құрылымдық қайта құруларды іске асыруды талап етеді. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу адамның аса маңызды қажеттіліктерінің бірі. Сондықтан азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттің қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі. Тұрғын үй нарығы және оның даму қарқыны ұлттық экономиканың негізгі жағдайының даму дәрежесін сипаттайды. Отандық тұрғын үй нарығының қалыптасуы халық шаруашылығының басқа салаларын ынталандырушы және нарықтық экономикаға өтудің негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылды. Жекешелендіру үрдісінің қауырт жүргізілуінің нәтижесінде қысқа уақыт ішінде мемлекетте нарықтық қатынасқа қатысатын жеке меншік топтар қалыптасып үлгерді. Отандық тұрғын үй нарығы жылдам екпінмен дамып, қазір өркениетті және ұйымдасқан формаға ие болып отыр.

Тұрғын үй сферасы - тұрғын үй қорын қалыптастыру, ұйымдастыру, басқару, айырбастау сияқты күрделі процестермен қоса, өндіріс саласын (жобалау, құрылыс, жөндеу, реконструкциялау, жаңарту, бұзу) және қызметтер саласын (тұрғын үй қорының ағымдық қызмет етуін қамтамасыз ететін қызмет түрлері) бірге қамтитын күрделі құрылым. Сонымен бірге тұрғын үй сферасында тауарлар, қызметтер және жұмыстар қайта бөлінеді. Тұрғын үй қор нарығы және тұрғын үй қызметтер нарығының бірігуі тұрғын үй мүлік нарығын, яғни тұрғын үй нарығын, қалыптастырады. Тұрғын үй нарығының толыққанды жұмыс істеуі үшін, тұрғын үй қатынастарын қалыптастыратын барлық құрамдас элементтердің, мемлекеттің тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңдылықтары шеңберінде жұмыс істеулері талап етіледі. Тұрғын үй саласының ғылыми - теориялық және тәжірибелік жағдайларына жасалған зерттеулер, тұрғын үй нарығының, тұрғын үй қор нарығы және тұрғын үй қызметтер нарықтарынан тұратындығын көрсетті. Нарықтардың бұл түрлері бір-бірін толықтырады, бірақ әр түрлі айнымалыларға байланысты ерекшеленеді. Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша, отандық тұрғын үй нарығының құрылымының жүйесі 1 - сызбада көрсетілді.Пайымдауымыз бойынша, тұрғын үй нарығы дегеніміз- тұрғын үй объектісін тұрғызу, айналымға түсіру, қолдану және қаржыландыру сияқты нарықтық тетіктердің өзара байланысты жүйесі және тұрғын үй объектісін сату-сатып алу мәмлелерінің орындалумен бірге мүліктік құқықтардың тараптар арасында ауысуын қамтамасыз ететін құрылым.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 46 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав