Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жәрдемақыны тағайындау шарттары 3 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 3 страница

 

 

29. Мемлекеттің отбасын дамыту саясаты, оның Қазақстан Республикасында жүзеге асыру жолдарын қарастырыңыз. Қазақстандағы отбасы және мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерде тәң жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады. Осыған байланысты, көптеген отбасы проблемалары бүгін ғана туындап отырған жоқ, толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі-зайыптылар жанжалы, сондай-ақ, жалғызбастылар проблемасы бұрын да болған, бірақ, оған жете мән берілмеген. Оған қоса, адамның өзінің жеке өміріне, некеге, сүйіспеншілікті мүдделерінің қанағаттандырылуына, рухани жақындыққа деген талабы да арта түскен.Қазақстан бойынша мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін нақты зерттеу жұмыстары адам мен коғам бар жерде жар сүю, жас ұрпақты толыққанды тәрбиелеу, әке болу және ана болу бақытына ие болу талап-тілек, кажеттіліктері орын алған жерде отбасы әрқашанда қажет болғандығына, сол себептен де, біздің барлық күш-жігеріміз сол отбасын нығайтуға, оны тұрақтандыруға бағытталуы кажеттілігіне көзімізді жеткізе түседі.Отбасы – ұлттық мәдениеттің ұлттық салт-дәстүрлердің, ұлттық психологияның сақтаушысы. Ол барлығын ұдайы жаңғыртып отырады. бірақ, сонымен бірге, өзгеріске ұшырап отыратын, әлеуметтік мәдени орта мен елдегі халықтың көп ұлтты құрамы ықпал-әсерінен олардың кейбірін белгілі дәрежеде жоққа шығарып, жойып немесе өзгертіп отырады. Саяси-әлеуметтік процестер мәселесі ауқымында қазақстандық отбасын зерттеу барысында ұлттық тұрғыдан алғандағы некенің орын алуы мен өрістеуі ғана емес, сонымен бірге бағалау көрсеткіштері – қандай да бір әлеуметтік немесе этникалық ортадағы ол некелерге деген көзқарас-қатынас сипаты да ескерілетіндігін айта кеткен жөн. Сол сияқты, ұлттық аралас отбасыларындағы тілдік және мәдени-тұрмыстық процестер де қарастырылады. Әсіресе, мұндай отбасыларын ұрпақ, буын тұрғысынан зерттеуге баса назар аударылады, ал бұл өз кезегінде, қандай да бір ұлттық этникалық және некелік-отбасылық процестердің одан әрі даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік берері сөзсіз.Қазақстан Республикасы отбасы саясаты қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық негіздерінің құрылу сипаты бүгінгі таңда отбасынан сүйеніш-тірек іздеуге қазақстандық азаматты материалдық қажеттіліктер мен мүдделер, отбасылық ұйымдардағы бірлескен еңбек қана емес, сонымен бірге, психологиялық себептер де: қоғамдық тұрақсыздық сезімі, жұмыссыздық алдындағы қорқыныш, әлеуметтік қорғансыздық сезімі, өмір, мүлікті сақтау қамы, сонымен қатар, қарым-қатынас, тілдесу, өз жеке басының бағалығын сезіну, өз «менін» бірегейлігін тану талап қажеттіліктері де игермелейтіндігін атап көрсету қажет. Бұл қажеттілік өте эмоционалды турде көрініс табады. Өзінің бағалығын еезіну, өзгелер, оның ішінде, ең алдымен ең бастапқы ұйым – отбасы тарапынан қолдау, ниеттестікті сезіну сияқты бірқатар сезімдерге ұласады. «Әрбір адам іздегенін өзінен-өзі болғандай бірден табатын, ол қандай болса да, озін отбасы бақытының бір бөлшегіндей сезінетін жерде ғана нағыз берік отбасы құрылады».Ғалымдардың пікірінше, қазақстандық отбасының қоғам мен мемлекеттің іс қайраткерлігіндегі рөлі өте зор. Себебі, отбасы қазақстандық тұлғаның қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге, адамның отбасы аясында да, одан тыс жерде де өзін-өзі жетілдіруге, өзін таныта білуіне де мүмкіндіктер туғызады, оның әлеуметтік, өндірістік және шығармашылық белсенділігіне жағдай жасап, ынталандырып отырады, адамның физикалық және психологиялық жай-күйін сактауға және нығайтуға жағдай тудырып, оның өзіне тән ерекше қасиеттерінің ашылуына мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты, қазіргі кезде әрбір отбасы өзі қажет деп тапқан көлемде бала өсіре алатындай жағдайларды тудыру Қазақстан Республикасы отбасы саясатының басты міндеті.Қазіргі қазақстандық отбасының әлеуметтік-психологиялық мәселелерін зерттеуде бала туу және көп балалы отбасы санының төмендеуі немесе көбеюі, ажырасу көрсеткішінің жоғарылығы, толымсыз отбасының үлес санының жоғарылығы, некесіз немесе кезекті неке аясында туып, тәрбиеленген балалар үлес санының артуы, балалар мен жеткіншектер қылмысы және тағы да басқа әртүрлі ғылыми және практикалық мәселерді қарастыру қажет.Тұтастай алғанда ұлттық қатынастарды да, сол сияқты, аралас некелерді де мемлекеттік саясат жүйесінде қарастыру қажеттігі олардың ғылыми маңыздылығына ғана емес, сонымен қатар іс жүзіндегі қажеттілігіне де байланысты. Ол, бір жағынан, біздің Қазақстандағы некелік-отбасылық қатынастардың қазіргі жай-күйі туралы білімімізді кеңейтуге және олардың келешектегі дамуын болжауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, елдің қандай да бір облысында орын алған этнодемографиялық жағдайды, интернационалды процестердің тұрмыстағы сипатын, қос тілділіктің кеңейілуі мен таралуы және тағы да басқа процестерді өз дәрежесінде бағалауға мүмкіндік береді.Халыктар арасындағы тығыз қарым-қатынастарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сол халықтардың тарихи қалыптасқан бірлескен тіршілік жүйесін сақтап қалу шарасы ғана, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және демографиялық факторлармен байланысты еркін көші-қонды дамыту ісі халықтардың өзара алмасу, өзара бірін-бірі байытуының Қазақстан Республикасы отбасы саясатын дамытудың, сол сияқты қоғам біртұтастығының маңызды факторларының бірі ретіндегі ұлтаралық отбасыларын нығайтудың лайықты негізін құра алады.Бүгінгі таңда елімізде отбасы бастан кешіріп отырған өзгеріс процестеріне сай мемлекеттің ұтымды нәтижелі отбасы саясаты жоқтың қасы.Мемлекеттің отбасы саясатының нәтижелілігі іс жүзінде, әдетте, жағдайы төмен отбасыларына заттай-қаржылық жәрдем беру, балалы аналар, өндірістегі әйелдерге көмек көрсету тағы да басқа сияқты шаралармен шектеледі. Реформалар процесінде отбасы мүдделері назардан тыс қалып отырады. Жеке меншік пен нарықтық қатынастар өздігінен отбасының дамуы мен нығаюына өздігінен алып келе алмайды.Бүгінгі таңда отбасы меншігі, отбасылық кәсіпкерлік пен өндірісті нығайтудың зор маңызы бар. Тиімді мемлекеттің отбасы саясатын жүргізу арқылы отбасының экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, оның әлеуметтік жағдайын арттыру, оның тұлға мен қоғам арасындағы дәнекерлік рөлін нығайту максатында «жеңілдіктер мен артықшылықтар саясатынан» кіріс пен несиелер саясатына өтуді жүзеге асыру қажет. Айта кетерлік жайт, мемлекеттің отбасы саясатының теориялық және әдістемелік тұрғыда жетілмегендігі әлеуметтік саясатқа кері әсерін тигізіп, мемлекеттік саясатпен іс-қайраткерлік жүйесі ретіндегі Қазақстан Республикасының тиімді отбасы саясатын қалыптастыру және дамыту процесін тежейді.Назар аударарлығы Қазақстанның тиімді отбасы саясаты отбасы институты, отбасылық құндылықтарды нығайту және дамыту; қоғамдық даму процесінде отбасы саясатының мақсаттары мен принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан үкімет органдары шешімдерін, отбасы тіршілік-әрекетін сараптауда жүзеге асыру; отбасының еңбек белсенділігі негізінде өз қызмет-міндеттерін атқаруына, мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыру процесіндегі өз субъектілік рөлін атқаруына қажетті қолайлы базистік жағдайлар туғызу; әлеуметтік тұрғыда әлсіз отбасыларының әлеуметтік қамқорлықпен қамтамасыз ету сияқты тағы да басқа міндеттерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.Осыдан келе, отбасын әлеуметтік қолдау мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асырудың басты формасы болып табылады. Отбасын әлеуметтік қолдау дегеніміз – отбасы және жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің әлеуметтік-экономикалық психологиялық жағдайларына «көмектесетін экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, ақпараттық шаралар жүйесі.Өзінің мазмұны жағынан тиімді отбасы саясаты кешенді болып келеді және қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салдарындағы мемлекет пен отбасы арақатынастарының айқын көрінісі болып табылады. Күрделі жүйе ретіндегі отбасы кешенді зерттеу отбасы шеңберіндегі процестердің мазмұны мен бағытын айқындауда ғана емес, сонымен бірге, қоғамның негізгі сяяси-әлеуметтік экономикалық және мәдени сипаттарының аталған процестерге ықпалын, бір жағынан, ол процестердің қоғамға ықпалын, екінші жағынан мемлекеттің отбасы саясатын мақсатты түрде, ғылыми негізде қалыптастырудың шешуші факторларын анықтауға мүмкіндік береді.Отбасы саясатының тиімділігін теориялық негіздеу мәселесін терең пайымдап жете түсінуді талап етеді. Оны ғылыми тұрғыда шешу отбасы институтын тұрақтандыру, нығайту және дамыту бойынша қоғамның күрделі практикалық міндеттерінің тиімді шеішілуіне негіз болады. Мемлекеттің отбасы саясатын ғылыми тұрғыда талдап зерттеудің негізі 60-80 жылдары бұрынғы КСРО-да жарыққа шыққан. А.И. Антонов, И.В. Бестужев-Лада. В.В. Бойко, В.А. Борисов, Д.И. Валентей, Э.К. Васильева, С.И. Голод, Т.А. Гурко, А.Я. Кваша, Н.Г. Юркевич және тағы да басқа зерттеулерінде қаланған болатын.Отбасы – қоғамның аса маңызды бастапқы ұясы болып табылады. Ол рухани мәдениеттің дамуын қамтамасыз етеді, еңбек құндылықтарының сақталып, олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне қатысады. Адамдардың бірлесіп өндіріс құндылықтарын ұйымдастыруда маңызы зор және ең соңғысы халық санының өсіп-өнуі осы отбасына байланысты болады. Сонымен қатар, отбасы – біздің қоғамымыздың жоғарғы рухани құндылықтардың бірі болып табылады.Қоғам өмірінде отбасының маңыздылығына мемлекетте үлкен жауапкершілікпен карайды. Отбасы – болашақ жастарды тәрбиелеу мен денсаулықты нығайтуда қоғамның экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін қамтамасыз етуде демографиялық процестерді жақсартуда маңызды рөл атқарады. Онда жеке адамның мінез-құлықтарының негізі оның еңбекке, моральға, мәдени құндылықтарға қарым-қатынасының негізі қалыптасады. Бұл дегеніміз қоғамымыздың болашағына өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтарымыздың экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан отбасының нығаюы үшін оған материалдық, тұрғын үй, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету, баланы тәрбиелеуде мемлекет тарапынан көмек көрсетудің маңызы зор.Отбасы – халық санын өсірудің қайнар көзі ретінде еліміздің демографиялық дамуында елеулі рөл атқарады. Халықтың өсіп-өнуі демографиялық жағдайдың қалыптасуына, оның тұрақтылығына, отбасындағы балалардың санына тікелей байланысты болады. Сонымен қатар отбасы демографиялық саясаттың басты объектілерінің бірі болып табылады. Өйткені, қазіргі қоғамдағы отбасының ерекшеліктерін ескермей, демографиялык процестерді әлеуметтік басқаруды жүргізу мүмкін емес.Қазіргі таңда әр баланың жақсы өсіп жетілуі, денсаулығы мықты анаға байланысты екендігі мәлім. Сондықтан әйел салауаттығы отбасы үшін өте маңызды. Ал отбасылардағы игіліктен кез-келген қоғамның игілігі, өркениетті қоғамға жетудің негізі басталары анық. Салауатты отбасы ғана өскелең өмір иелерін өсіріп, денсаулық сақтау мекемелерімен әлеуметтік қызмет салаларына ауыртпашылық түсірмейді. Бүгінгі біз әрбір отбасы өз қажеттілігін қанағаттандырып мықты денсаулығын қамтамасыз ете алған жағдайда ғана отбасы денсаулығын сақтау және отбасы медицинасы туралы айтуымызға болады. Күнделікті салауатты өмір түсіріп, қоғамның заңды нормаларын қадағалаған жағдайда ғана қоғам адамдардың денсаулығын сақтауда мол табыстарға жететіні даусыз екені рас. Қазір дені сау адамның денсаулығы турасында айтуымыз керек сияқты. Өйткені оның негізінде қоғамға пайдалы денсаулық мәселесі жатыр. Қазіргі әлеуметтік-экономикалык киындықтардың халқымыздың өсуіне едәуір нұқсан келтіріп отыр. Осыған орай мемлекетіміздің стратегиялық міндеті – халық санын арттыру үшін еліміздің әлеуметтік-экономикалык дамуына сай әйелдерді әртүрлі отбасылық көмек түрлерімен, әлеуметтік зейнетақымен және ананы қорғаудың кепілдік құқықтарымен байланысты. Осы жөнінде мемлекет тарапынан қолдау тіпті ерекше болуға тиіс.Отбасының дамуының жаңа заңдылықтары мен негізгі тенденцияларының пайда болуы, қазіргі кезеңдегі отбасы мен қоғамның өзара қарым-қатынасының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар қазіргі кезеңде отбасында оның құрылымы мен атқаратын қызметіне нақтылы әлеуметтік тұрғыда бағыт таба білу – адамзаттың өмір сүру қызметінде нақ осы маңызды орталар арқылы ұлттық мәдениетіміздің жаңғыруының да негізгі механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Отбасы қоғаммен бірге дами отырып, өзінің ішкі заңдары мен заңдылықтарын қабылдайды. Болашақ қоғамымыз жақсы болсын десек, өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың жан-жақты жетіле дамуына отбасының тұрақты болуына толық жағдай жасауымыз керек.Сондықтан бүгінгі таңда өркениетті қоғам қатарына жету үшін ең алдымен, отбасы саясатына жете көңіл бөлу керек. Біз тек отбасының даму заңдылықтарын терең түсінген кезеңде ғана оған бүгінгі таңда жан-жақты дамуына көмектесе аламыз.

30.Қазақстан Республикасының мүгедектер, қарт адамдар, жастар жөніндегі әлеуметтік саясаты талдаңыз. Қарт адамдарға қатысты мемлекеттік — саясаттың бағыттарынан бастайық: 1-ден, елімізде жүріп жатқан демографиялық өзгерістерге дайындау, 2-ден егде үлкен жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, 3- ден халықтың өсу категориясына анықтайтын қажеттіліктермен мұқтаж сәйкес әлеуметтік қызмет терін әрі дамыту.ҚР қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің инфрақұрылымы әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық жартылай стационарлық және стационарлық емес түрлерінен тұрады.2000 жылдардың ортасында қалыптасқан тұратын үйіне барып қызмет көрсету, әлеметтік тұрмыстық әлеметтік медициналық, құқықтық, қызмет көрсетудің муниципалдық орталықтары дамып келеді.Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің стационарлық торабының дамуы брнеше бағыттар бойынша жүргізіліп келеді.Тұрақты өмір сүрудің ең бір қолайлы жақсы жағдайларын жасау;Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және реабилитациялаудың қайта қалпына келтірудің сапалы түрін ұйымдастыру;

Әлеуметтік мәдени бағыттағы қызметтерді беру;

Өзара қарым- қатынастарындағы байланыстарды нығайту;

Интернат үйлер, герантологиялық орталықтар.

 

Еліміздің еңбек және әлеуметтік министірліктің 2006-2008 жж арналған жоспарларында келесідей шараларды жүзеге асыруға көзделген:

әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық мекемелерде 2000-4000 жаңа орындарды іске асыру;

жүзден астам әлеуметтік қызметтің бөлімдерін ашу;

үйге, тұрғын үй жайға әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету қосымша мамандырылған бөлімшелерді ашу;

үйге барып қызмет көрсету үлесін 10-12 пайызға көтеру [50].

Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі негізінен тұрақты жұмыс атқарылып отырғанымен осы адамдардың жеке қажеттіліктері толығымен есепке алынбайды.

Атаулы көмек көрсету әлеуметтік қызметтердің орталықтары маңызды рөл атқарылып келеді. Олардың тең жартысы кешендік орталықтар. Олардың әлеуметтік қызметтері бардық түрлерін бере алады деп айтуға болады.

Республиканың Солтүстік Шығыс облыстарында орталықтар кешенді қызмет көрсету негізінде жұмыс істейді. Орталықтың құрамында:

— герантологиялық бөлімдер,

— психикалық бөлімдер,

— психикалық жүктемені кеміту кабинеттері,

— сенім телефондары,

— қарым-қатынас клубы

Қарт адамдардың өмірінің қамтамасыз етудің болашақтағы моделі деп, егде жастағы жалғызбасты адамдардың арнаулы үйлерін айтуға болады яғни жалғызбасты адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға әлеуметтік қызметтің жаңа түрі — әлеуметтік пәтер [44].

Егде жастағы ерлер мен әлеуметтік жұмыс атқарудың қазіргі технологиясының ішінде «Өзіне-өзі көмек көрсету» және «өзара көмек» жүйелерін ажыратуға болады. Практика көрсетіп отырғандай өзіне-өзі көмек және өзара көмек көрсету топтары бұл шағын бес – жеті адамнан құрастырылатын ұжымдар. Олар кейбір жағдайларын алдын ала құрастырыла береді. Көптеген жағдайларда осы топтық белсенді мүшелерінің бірі ұйымдастырылуы мүмкін. Олар жақын тұратын, бір- бірімен ұдайы байланыста болатын адамдарды біріктіреді. Топ мүшелерінің проблемаларын, қажеттіліктерін олар оны бірігіп шешіп, бір-біріне көмектесу арқылы іске асады. Өзара көмек көрсету топтары өмірінің әр түрлі саласындағы мәселелерді шешуге көңіл аударуы. Олардың кейбіреулері өздерінің мүшелерінің проблемаларына қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал жасап, қажетсінеді. Қоғам олардың көзқарасын өзгертуге тырысады. Мүгедекетрдің отбасылары бірін-бірі қолдауды қамтамсыз ету үшін. Осындай топтарды құруға мәжбүр болады. Мысалы шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да болмасын мүшелерінің қарым — қатынастар жасауға шын мәнінде құқылы болуға тиісті. Бірақ бұл біздің елде заң жүзінде бекітіліп негізделген.

Өзара көмек көрсету топтары өмірдің әр түрлі саласында мәселелерді шешуге көңіл аударады. Олардың кейбіреулері өздерінің мүшелерінің проблемаларына қоғамдық пікірдің қажетсуі. Қоғамдық оларға көзқарасын өзгертуге тырысады. Мүгедектердің отбасылары бір – бірін қолдауды, қамтамасыз ету үшін осындай топтарды құруға мәжбүр болады. Мысалы: шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да болмасын мүшелерімен қарым- қатынастар жасауға шын мәнінде құқылы тиіс. Бірақ біздің елде заң түрінде бекітіліп, негізделмеген. Бұл қарым- қатынастарға арналған қызмет арқылы іске асырылады. Көптеген топтар бірнеше бағыттарда жұмыс істейді. Бұл топтар өздерінің ресурстары таусылғанға дейін жұмыс атқарады. Өзара көмек көрсететін топтары әлеуметтік ұйымдардың негізінде құрылып, әрекет жасауға негізделген. Әлеуметтік қызмет белгілі бір жағдайда өзара көмек топтарының ішіндегі қатынастарының өзгешеліктерін айқындалып отыр. Сонымен әлеуметтік қызметтің осы топтарға жасайтын ықпалы әр түрлі бағыттарда болып отырады. Кейде өзара көмек тобы әлеуметтік қызметтің шеңберіде қайсібір жағдайларда өз бетімен дербес түрде рәсімдейді. Устав қабылдап, тіркеуден өтіп, қоғамдық ұйымның статусын алады. Мысалы ТМД ардагерлері құқықтарын сақтау мақсатында ауқымды жұмыс атқарып келеді.Өзара көмек ұйымдастыруда топтардың әр түрлі міндетті қызметтері іске асырылады. Олардың мүшелері:Бірінші, туындап отырған қиыншылықтарды шешу жөнінде ұсыныстар алады;Екінші, керек болған жағдайда материалдық көмек алады;Үшінші, өздеріне деген ықыласты қолдауды сезінеді;Төртінші, Қарт адамдарға өзара көмек көрсететің қалыптасуына және дамуына тікелей немесе жанама келесідей факторлар әсерін тигізе алады;Бесінші, өзара көмектің және мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік саясаттың тиімділігіне ықпалы;Алтыншы, әлеуметтік жұмыстың практикасында қарт адамдарға байланысты проблемалар болуы;Жетінші, әлеуметтік терапия мен реабилитацияға жұмсалатын қаржылардың ұдайы өсуі;Сегізінші, мүмкіншіліктерді іске асыруда қарт адамдардың бірдей жағдайда болмауы

Өзара көмек- бұл жалпы қажеттіліктерді және проблемалары бар қарт адамдардың ерікті түрде өзара іс- әрекеті.Өзара көмек әлеуметтік қолдаудың түрі ретінде өзінің құрамына төмендегілерді еңгізеді.

— рухани қолдау;

— ақпараттық көмек;

— статустық қолдау;

Өмір сүрудің субьективтілігін қолдау үшін- ақпараттық және статустық қолдаулардың маңызы зор.Ал эмоционалдық қолдау-әлеуметтік қолдаулардың басқа түрлерін қабылдау үшін маңызды.Қарым-қатынас жасау-егде жастағы қарт кісілердің қызметінің жетекші түрі және эмоционалдық қолдаудың басты элементі. Сондықтан да эмоционалдық қолдауды қарт кісілердің өзара көмек түрінің негізі деп атайды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және қала береді.1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы өкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Кейіннен аталған құжатты Үкімет қабылдаған соң, 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды.Аталған бағдарламалардың бәрі жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.
2008 жылы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрі – «Нұр Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті.
Білім және ғылым министрлігінің құрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды.Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары: «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған.Жұмыспен қамту:Еңбек және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінде тұрақтандырушы рөл атқарды, жастарға көп кездесетін өмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік берді, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасады.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 53 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав