Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыс күшінің нарық жағдайын анықтайтын факторларды айқындаңыз

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. D. жұмыс істейтіндердің саны мен шаруашылық айналымының көлеміне
  3. MS DOSіске қосылғанда компьютер конфигурациясын анықтайтын файл қалай аталады? A) confіg.sys
  4. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
  7. Абиотикалык факторлардын тири организмге асери
  8. Абылдаудың негізгі қасиеттерін айқындаңыз
  9. Адам ағзасына зиянды және қауіпті факторлардың әсері.
  10. Арым-қатынастағы өзара ақпарат алмасу , өзара әрекеттесу және өзара түсінуді айқындаңыз.

 

38.Жұмыссыздықтың себептері. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және оның тиімділігін көрсетіңіз. Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.Ағылшын экономисті А.Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, — “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ” ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д.Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д.Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық” қамтамасыз етуге болады.Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік “сұранымның молшылығы” жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып көрсетті.Қазіргі кезде де даусыз болып қала береді. Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктік бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа.Жасырын жұмыссыздық — өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.

Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.

Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т.б.

Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.

Жалпы жұмыссыздық – үш критерийге қатар жауап беретін адам жұмыссыз болып есептелетін кездегі жұмыссыздық, олар:

а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,

б) белсенді түрде іздеп жүр,

в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)

Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.

Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) – жұмыс істеглері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.

Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен”туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы әйелдер мен еркектер ар асындағы теңсіздікті айғақтайды.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатты өлшеу:экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық,жекеәлеуметтік, мәдени,экологиялық, жеке




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав