Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сақтандыру және еңбекті қорғау жұмыстарын мемлекеттік тұрғыда ұйымдастыру талаптары.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

ЕҚ жəне ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілер келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

1) өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты қызметкерлердің өміріне жəне денсаулығына басымдықты белгілеу; 2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау талаптарына сəйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету; 3) қызметкерлердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелері, процедуралары мен сынбағамдары болуы тиіс; 4) еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласындағы біртұтас талаптарды белгілеуге; 5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сəйкес ЕҚ жəне ҚТ саласында қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың жəне ұйым басшыларының арасында құқықтар мен міндеттерді ажыратуға; 6) еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган, қызметкерлердің жəне жұмыс берушілердің өкілдері арасында ЕҚ жəне ҚТ саласындағы əрекеттердің үйлесімділігін қамтамасыз етуге; 7) ЕҚ жəне ҚТ саласындағы заңнамаларға жəне басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық келісім- шарттарға сəйкес болуға. ЕҚ жəне ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу өздерінің құзіреттіліктеріне қарай сəйкес өкілетті мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. ЕҚ жəне ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекетік тіркеуден өтуі тиіс жəне ресми жарияланған күннен бастап əрекетке енгізіледі.ЕҚ жəне ҚТ бойынша нұсқаулықтарды əзірлеуді жұмыс беруші бөлімшедегі,цехтағы, қызметтегі, зертханадағы жəне тұтастай алғандағы ұйымдағы əрбір мамандық үшін, сондай-ақ жекелеген жұмыс түрлеріне жəне жұмыс орындары үшін жүзеге асырады. Нұсқаулықтарды əзірлеуді жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша келісім-шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласындағы ғылыми мекеменің мамандары жүзеге асыруы мүмкін. Нұсқаулықтар жабдықтарды дайындаушы-зауыттардың пайдалану жəне жөндеу құжаттарында, жəне де жұмыс берушінің технологиялық құжаттамаларында мазмұндалған қауіпсіздік талаптарын жəне өндіріс жағдайларын ескере отырып, Қазақстан Республиаксының еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілері негізінде əзірленеді. Нұсқаулықтарда келесі тармақтар көрсетілуі тиіс: 1) нұсқаулықтың атауы, мұнда қандай мамандық үшін жəне жұмыстардың қандай түрі үшін арналғандығы көрсетілген; 2) технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы.

Нұсқаулықтың талаптары технологиялық процестің ретіне сəйкес жəне осы жұмыстар орындалатын жағдайларды ескеріп мазмұндалады:

1) еңбек қауіпсіздігінің жəне қорғаудың жалпы талаптары; 2) жұмысты бастау алдында еңбек қауіпсіздігінің жəне қорғаудың талаптары; 3) жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің жəне қорғаудың талаптары; 4) апаттық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің жəне қорғаудың талаптары; 5) жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігінің жəне ьқорғаудың талаптары.

Нұсқаулықтарды жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау қызметімен немесе жауапты тұлғамен жəне басқа да мүдделі құрылымдармен, лауазымды тұлғалармен жəне қызметкерлердің өкілдерімен келіскеннен кейін бекітеді. Жоғары қауіптілікке байланысқан кəсіптер немесе жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықтарды қайта қарастыру, үш жылда бір реттен сирек емес өткізілуі тиіс.Нұсқаулықтарды қайта мерзімінен бұрын қарастыру жаңа технологияларды немесе техникаларды енгізу кезінде, өндірістегі қайғылы оқиғаларды, апаттарды, қирауды тергеу нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, стандарттарының өзгеруіне байланысты.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 53 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав