Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алғашқы көмек көрсетілерде

Читайте также:
  1. Lt;variant>Идеяны күллі нәрсенің алғашқы бастамасы деп мойындайтын философиялық көзқарас
  2. Алғашқы кезеңдер
  3. Андай философиялық теория қоғамдағы әлеуметтік айырмашылықтарды зерттеуге көмектеседі?A) әлеуметтік стратификация теориясыALMAT
  4. Аристотельді не себепті "адамзаттың алғашқы ұстазы" деп атайды?
  5. Ауа» «Бу» «алғашқы материя» деген ұғымды білдіретін термин
  6. дәріс. Көмекші мектептегі сыныптан тыс оқу
  7. Жаңа базаны құрудағы алғашқы қадам
  8. Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
  9. Жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету курсы мен анестезиология және реаниматология кафедрасы

Адам күйіп қалғанда ең бірінші атқарылатын шаралар: күйік дәрежесін, күйдіру көздерін анықтау қажет. Күйік дәрежесі адамның көңіл-күйіне, қиналуына, денсаулығының нәшарлауына, жараның көлемі мен тереңдігіне байланысты белгілі болады.

1. Егерде тері бетінің 10 пайызы күйсе: науқас мазасызданады, тыныс алуы, тамырының соғуы жиілейді, жүрегі айныйды, шөл қысады. Ол бірнеше күннен кейін басылады.Әрине, оны емдеу шаралары жеңілдетеді.

2. Адам денесінің 20 пайызы күйсе: қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы нәшарлайды, тынысы тарылады, орталық жүйке жүйесінде өзгерістер туады. Кейде адамның естен тануы (шок) мүмкін. Күйген жерге микроб түссе, адам бойында сепсис ауруы пайда болады. Ол күйік шалған адамның жағдайын одан әрі нәшарлатады.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілер алдында күйдіру көзін анықтап, оған себеп болған заттарды дереу жойғаннан соң, адамнан күннің көзін көлеңкелейді. Киімі жанып жатса, сумен сөндіреді, күйген адамды кез келген қалың матаға орайды. Көбінесе, киімі күйген адамдар оттан қашамын деп жүгіріп, жел киіміндегі оттың одан әрі жануына себеп болып, адам одан сайын қатты күйеді. Осы есте болсын. Жалпы, күйген жердің киімін жұлмаламай, ептеп кесіп алады.

Күйікте киім матасы теріге жабысып қалса, оны қайшымен тықырлап қырқып тастайды. Адам денесі химиялық заттардан күйіп қалса, дененің күйген жерін суық сумен 15-20 минут бойы жуады. Қышқыл, сілтіге күйгенде ас содасы ерітіндісіне (стақан суға 1 шай қасық), немесе спирт, марганец қышқылды калий ерітіндісіне (марганцовка) малынған таңғышты орап тастайды. Күйіктің екінші, үшінші, төртінші дәрежесінде науқасты ауруханаға жатқызады, әртүрлі антибиотиктер және глюкоза тәрізді дәрілерді егеді, қан құяды. Бұл кезде күйік шалған адамға дәрумені мол, құнарлы сұйық тамақтар берілуге тиісті.

Денедегі күйік ежептәуір болса, оның ауыр, жеңіліне қарамастан, науқасты шұғыл түрде емдеу мекемесіне жеткізеді. Күйген жерді таңғышпен орауға болмайтын жағдайда зардап шегушіні ақ жаймаға орап, одеялмен қымтап, зембілмен алып барады. Тыныс алу жолдары мен көзі күйіп қалғанда терінің ауыр-жеңіл күйгеніне қарамастантан, емханаға тездетіп апарады.

«Жедел жәрдем» кешіккен жағдайда зардап шегушіге анальгин немесе аллергияға қарсы дәрілерді беруге болады. Және де су, жылы шай, шырын, газсыз минералды су беру қажет. Жалпы ереже бойынша алькогольді ішімдіктерді беруге тыйым салынады. Алғашқы көмек көрсетілгенінде денедегі көпіршіктерді жармайды, қалың таңғыштармен орамайды, мұз баспайды, күйікті қолмен ұстамайды. Мұның бәрі тіндерді өлтіріп, жараның жазылуын қиындатады. Дәрігер келгенге дейінгі көмектің мақсаты күйген жерді ластанудан сақтандыру, микроб түсуден қорғау, ауруды бәсеңдету.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав