Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Механикалық әсерлерден қорғану. Механикалық факторлардан, оның ішінде тетіктердің қозғалатын бөлшектерінің ықтимал қармауынан

Читайте также:
  1. Дәріс 2. Гидромеханикалық үдерістер
  2. Механикалық әсерлерден қорғану.
  3. Механикалық әсерлердің қорғаныс құралдары.
  4. Оршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы

Механикалық факторлардан, оның ішінде тетіктердің қозғалатын бөлшектерінің ықтимал қармауынан қорғайтын арнайы киім:

жалпы өндірістік ластанулардан және механикалық әсерден (оның ішінде жекелеген заттармен: куртка, шалбар, шолақ комбинезон) қорғауға арналған ерлер және әйелдер киімі,токсинді емес тозаңнан қорғауға арналған ерлер және әйелдер костюмі,пальто, шолақ пальто, судан қорғайтын ерлер және әйелдердің плащтары,судан қорғайтын ерлер мен әйелдердің костюмдері,механикалық әсерден және жалпы өндірістік ластанулардан қорғауға арналған шахтерлердің костюмдері,токсинді емес тозаңнан, механикалық әсерден және жалпы өндірістік ластанулардан қорғайтын ерлер мен әйелдердің комбинезондары,арнайы алжапқыштар,ерлер мен әйелдердің жұмыс және арнайы тігілген халаттар,механикалық әсерден қолды жеке қорғау құралдары,өрт сөндірушілерге арналғандардан басқа тігілген қорғайтын қолғаптар мен биялайлар,балалардікін қоспағанда, тоқыма қолғаптық бұйымдар,қолды дірілден жеке қорғау құралдары.

Аяқты соққыдан жеке қорғау құралдары:

Аяқты механикалық әсерден (соққыдан, тесілуден және кесілуден) қорғайтын былғары және басқа да материалдардан тігілген арнайы аяқ киім;жалпы өндірістік ластанулар мен механикалық әсерден қорғауға арналған арнайы былғары аяқ киім,аяқты тайып кетуден жеке қорғау құралдары,тайып кетуден, оның ішінде майланған беттерден қорғайтын арнайы аяқ киім.

Басты жеке қорғау құралдары:

Қорғайтын каскалар мен қорғайтын каскеткалар,мотоцикл мен мопед жүргізушілері мен жолаушыларына арналған қорғайтын шлемдер,көзді жеке қорғау құралдары.

46. Мемлекеттік еңбек инспекторының лауазымдық міндеттері.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтау бойынша дер кезiнде және сапалы тексерулер жүргiзуге;

3) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн жұмыс берушiлердi, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;

4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтауының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштерiн жинауды, қорытындылауды, жүйеге келтiрудi және талдауды жүзеге асыруға;


5) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге;

6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бақылауды жүзеге асырған кезде азаматтармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға;

7) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi органды және басқа да мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;

8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы, соның iшiнде жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуы тоқтатылған (тыйым салынған) кезде материалдар әзiрлеуге және оларды құқық қорғау органдарына жiберуге;

9) азаматтардың, ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi арыздарын, өтiнiштерi мен ұсыныстарын дер кезiнде қарауға;

10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бiлiктiлiк талаптарына сәйкес қажеттi әзiрлiгi болуға;

11) өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде алған мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеуге мiндеттi.

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары, мемлекеттiк еңбек инспекторларының осы бапта тiзiп көрсетiлген мiндеттерiнен басқа:

1) уәкiлеттi органды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабардар етуге;

2) уәкiлеттi орган белгiлеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйi туралы ақпаратты жүргiзуге және тоқсан сайын уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав