Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орғаныстық жерлендіру және нөлдеу.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Изоляцияның бүлінуінің әсерінен кернеу астында қалған металды құрылымдарды немесе электр құрылғылардың корпусын ұстау нәтижесінде алынатын электрлік жарақаттарды болдырмау және аппаратураларды қорғау үшін қорғанысты жерлендіру орналастырылады. Ол электр қондырғылардың метал бөліктерін жермен әдейі жалғау арқылы жасалынады. Жерлендіру құрылғыларын (ЖҚ) жобалау кезінде адамның электр тоғымен жарақат алу ықтималдылығы ескеріледі. Алайда, бір-бір салада және жалпы өмірде адамдардың толыққауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін еместігі белгілі. Сондықтан, жерлендіру құрылғылардың (ЖҚ) аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін адам электр тоғымен жарақат алу қаупі жағдайының болу ықтималдылығын азайту деп түсіну керек. Эффективті жерлендірген желілерде электр қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп жерлендіргіштегі φж потенциалы 10 кВ-тан аспайтын, ал жерлендіргіштің нәтижелі кедергісі жылдың кез-келген мерзімінде 0,5 Ом-нан аспайтын болып саналады. Жоғары жиілікті және өте жоғары жиілікті электромагниттік өрістен қорғану. Электромагниттік өріс пен сәулеленудіңәсерінен мыналар байқалады: әлсіздік, шаршағандық, тершеңдік, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, жүрек ауруы. Қозушылық, көңілсіздік, сөйлеу мен көру реакциясыныңұзақтығы артады, иіс сезу шекарасы төмендейді. Бірнеше көріністер байқалады, әсіресе, асқазан, бауыр, өт, және тағы басқа органдардың жұмысын төмендетеді. Асқорыту және жыныстық рефлекстері нашарлап кетеді. Артериалды қысым, жүрек соғу жиілігі, электрокардиаграмма формасының бұзылулары да жиі байқалады. Бұл жүрек түтікшелер жүйесінің бұзылғандығын көрсетеді. Ақуыз бен көміртектің алмасуы бұзылады, зәр мен қандағы азоттың мөлшері артады, альбумин концентрациясы төмендеп, глобулин концентрациясы артады, лейкоцит, тромбоцит саны артып, әрі қан құрамыныңөзгерістері байқалады. Өте жоғары жиілікті сәулеленудің маңызды эффекттерінің бірі, ол көздің көруін төмендетуі. Төменгі жиіліктерде айтылған эффект байқалмағандықтан, бұл эффект тек өте жоғары жиіліктерге ғана тән. Жағдайдың төмендеуінің дәрежесі сәулеленудің интенсивтілігі мен ұзақтығына байланысты. Кернеулік пен жиіліктіңөсуі көру мен жағдайдың төмендеуімен тығыз байланысты. Өте жоғары жиіліктік сәулелену көзден жас ағуды, қозғыштықты, көздіңқарашығының кішіреюін тудырады. Біраз уақыттан (1-2 тәуліктен) кейін, яғни қайта сәулелену кезінде көздің көруі төмендейді, бұл жағдайдың кумулятивті сипатты екендігін көрсетеді. Сәулеленудіңәсерінен қөздің жиектері жарақаттанады. Көздіңұлпаларының ішінде ең сезімталы – хрусталик, диапазоны 1-10 ГГц. Айтылғандардың бәрінен байқағанымыз, электромагниттік толқындарлы сәулеленуден адамдардың организмінде күрделі физика-биологиялық процесстер байқалады, бұл адамныңәрбір органдары мен ағзаныңқалыпты жұмыс істеуін бұзады. Өте жоғары дәрежедегі электромагнитті сәулелену кезінде жұмыс істейтін адамдар көбінесе, тез шаршайды, бастары жиі ауырады, жүрегі ауырып, әлсіздене береді. Олар тершең, қозғыштығы артып, ұйқысы бұзылады. Жобалап отырған қабылдап – таратушы базалық станцияда өте жоғары жиілікті электромагниттік өрістің көзіне мыналар жатады: гетеродин блоктары, генератордың жиіліктері, стволдардың біріктіру және бөлу жүйелері, антенналар. Қабылдап – таратушы станцияның машиналы бөлмесіндегі жұмыс істеуші адамдарға қосымша сәулелену әсер етеді. Ол сәулеленулер экрандаушы корпустарыныңұқыпты жабылмауынан болады.

қорғаныстық жерге тұйықтау – электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалатын жерге тұйықтау;

нөлдік қорғаушы өткізгіш – қорек көзінің тұйықтап жерге қосылған бейтарабына ашық өткізгіштік бөліктерді қосуға арналған 1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғылардағы қорғаушы өткізгіш;

 

нөлдік жұмыстық өткізгіш – бір фазалы ток көзінің жерге мығым тұйықталған, тұрақты ток желісінде жерге мығым тұйықталған ток көзімен, үш фазалы ток желісінде генератор немесе трансформатордың жерге мығым қосылған бейтарабымен қосылған 1 кВ дейінгі кернеудегі электр қабылдағыштардың қорегі үшін пайдаланылатын өткізгіш;

Нөлдік жұмыспен үйлестірілген және нөлдік қорғаушы өткізгіш – нөлдік қорғаушы үйлестіру функциясы және нөлдік жұмыс өткізгіш;




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 151 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав