Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аграрлық саланың басты міндеті?

Читайте также:
  1. C)& иықтың үш басты бұлшыќ еті, шынтаќ
  2. Linux кең таралған дистрибутивтары. Жүйелік администратордың алдына қойылатын басты мәселелер.
  3. Айырбастың бұл нысанында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне
  4. І.Тақырыбы: Бастың милық бөлімі: маңдай-шеке-шүйде, самай және емізіктәрізді аймақтар. Миға жалпы шолу.
  5. Көне Қытай философиясыныңтэтика адамгершілік мәселелеріне басты назар аударған бағыты
  6. Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде
  7. Мемлекет функциясы» түсінігінің басты міндеті:C) қоғамның тиімді тіршілік әрекетін қамту
  8. Мемлекеттік аграрлық саясат шаралары.
  9. Сөйлемге тән басты белгілерді атаңыз.

Бүгінгі күні аграрлық саланың алдында тұрған басты міндеттердің бірі –биржалық сауда, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кооперацияландыру және біріктіру сияқты нарықтық экономика құралдарын дамыту болып табылады. Өндірілген тауарды оны өткізу нарықтарына жылжытудағы биржалық сауданың маңызын ескере отырып, оны кезек-кезеңмен дамыту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде оны ұйымдастыру республиканың барлық аудандарында ауылдық ақпараттық-кеңес орталықтарынан тұратын кең жүйе құрған «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ы жүктеледі. Бұл орталықтар биржа саудасының тиімділігі туралы ауылдағы тауар өндірушілерге тегін түсінік беріп, олардан өз тауарларын биржа арқылы сатуы жөніндегі тапсырыстар қабылдайды. Одан кейін «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ы брокерлік қызмет құрып, тапсырыс берілген өнімдерді биржаларда сатуға қатысты ақылы қызмет көрсетеді. Бұл тауарды сатуда делдалдық қызметтің болмауына, нәтижесінде бір жағынан ауыл шаруашылық өндірісі табысының артуына, екінші жағынан өнімді сату құнының төмендеуіне
Екінші кезеңде фьючерстік сауда-саттық жасауға мүмкіндік беретін мамандандырылған тауарлы – шикізат биржасын құру жоспарланып отыр. Ал, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді біріктіру мен кооперациялауға келсек, бұл жұмыстарды мемлекеттік ынталандыру шаралары арқылы жеделдету қарастырылуда. Қазір арнайы бюджеттік бағдарлама арқылы тауар өндірушілерді ауылдық тұтыну кооперативтерін құруға ынталандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін оларға өндірістік инфрақұрылым жасақтауға орта мерзімдік мақсатты жеңілдетілген несиелер берілуде. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса береді депжоспарланып отыр. Сонымен бірге оларды квоталар мен лимиттерді бөлуге, лицензия, аттестация мен субсидия беруге тарту арқылы кооперативтер мен қауымдастықтардың және тағы да басқа қоғамдық бірлестіктердің ролін жоғарылату көзделіп отыр. Өз кезегінде бұл шара мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімді қабылдауындағы жариялылықты қамтамасыз етіп, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бағытталған қаржы ресурстары қозғалысының ашық болуына жағдай туғызады. Әлемдік азық-түлік нарығындағы қалыптасқан жағдайға сараптама жасаудың негізінде және сарапшылардың болжамдарына сүйене отырып азық-түлік проблемасы алдағы уақытта одан әрі ушыға түседі деген қорытынды шығаруға болады.

 

6

 

1. Шаруашылық механизмнің түрлері?

2. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз не?

3. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы құрамына нелер кіреді?

1. Шаруашылық механизм мыналарды қамтиды:

І Ұйымдастыру механизмі:

· Өндіріс, еңбек пен басқарудың ұйымдастырылған түрлері.

· Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен қызметтері

· Ұйымдастыру қатынастарын реттейтін нормалар мен нормативтер, құқықтық актілер

· Жоспар құру реті

· Өзіндік және орталықтандырылған басқарудың ара қатынасы

· Техникалық, экономикалық нормалар мен нормативтер

· Тауарды жеткізу мен өткізуге байланысты келісім жасасу реті

ІІ Экономикалық механизм:

Баға, табыс, еңбекті төлеу шарттары, қорларды қолдану шарты, салық төлеу шарттар, т. б.

ІІІ Әлеуметтік механизм:

Еңбек ұйымдарындағы өзін өзі басқаруды жетілдіру, әр категориялы жұмысшылар табыстары мен зейнетақылық қамтамасыз етудің деңгейі, тұрғындартың әр деңгейінің өмір сүру деңгейі.

 

2. Өндірісті ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі принциптер ден құралады: мамандандыру, пропорционалдық паралельдік, үздіксіздік және бірқалыптылық.

 

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.

 

7

1. Бас механик бөліміне қандай бөлімдер кіреді?

2. Ағымдық жөндеу дегеніміз не?

3. Мемлекетің тура әсер ету әдісіне нелер жатады?

 

1. Бас механик бөліміне құрал-жабдықтарды күтумен және модернизациялаумен, жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын конструкторлық-технологиялық бөлім, жөндеу жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын жоспарлау-өндірістік бөлімі, кәсіпорында жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын жоспарлы-ескерту жөндеу бөлімдері кіреді. Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.

 

2) Ағымдық жөндеу -агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайымтүрі болып саналады. Оған машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.

 

 

3. Мемлекеттің тура әсер ету әдісіне мыналар жатады:
· Мақсаттық бағдарламаларда,индикативті және басқа жоспарларда экономика дамуы стратегиялық мақсаттарының анықтама;
· Мемлекеттік тапсырыстар және өнімнің айқын түрлерінің жеткізуіне келісімдер, жұмыстардың орындалуы және қызметтердің көрсетуі;
· Сапаға нормативті талаптар және өнімнің технологиясының сертифиациялары;
· Өнімнің айқын түрлерінің шығаруымен және оларды жауып тастауға арналға заңға сүйенген әкімшілік шек қоюлар;
· Тапсырыстар мен келісімдерге және бағдарламаларға мемлекеттік қолдау корсету;
· Сыртқы саудалық қатынастарда тауар экспорты мен импорттау операцияларын лицензиялау;

 

1. Байқау аралық мерзім дегеніміз не?

2. Жылу күштік бөлімшесінің құрамы қандай?

3. Құрал-саймандар пайдалану сипаты бойынша қалай бөлінеді?

 

1. Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады. Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесі бойынша құрал-жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау белгілі бір нормативтерге негізделеді. Соның нәтижесінде кәсіпорын және оның жеке бөлімшелерінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарының келемі, оның кезектілігі бірыңғай станоктардың тобы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі анықталады. Бұл нормативтер жүйесіне жөндеудің күрделілік категориясы, жөндеу бірліктері, жөндеу циклының құрылымы мен ұзақтығы, жөндеу аралық және байқау аралық мерзімдер ұзақтығы, жөндеу мерзімінің ұзақтығы кіреді. Сонымен қатар оған құрал-жабдыққа қызмет керсетудің жендеу аралық нормативі, тез тозатын бөліктер запасы мен запас бөліктер, материалдарды жұмсау нормативтері де жатады. Агрегат күрделі болған сайын оның күрделілік катего­риясы да жогары болады.

2. Жылу күштік бөлімшесі қазандық, компрессорлық қондыр-ғы, жылу және канализациялық, су қондырғысын қамтиды.Қазіргі жағдайда Энергоресурстардың негізгі кезі болып кә-сіпорындарды өз Энергия көздерімен қамтамасыз етуі саналады. Кәсіпорынның өз Энергоресуртарымен жабдықталуы оған жоғары сапа, төмен баға және сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Энергияны кәсіпорын өз күшімен өндіруі орталықтан жаб-дықтаудың кәсіпорын үшін тиімсіз, техникалық жагынан мүмкін-дігі төмен болған жағдайда ғана қажет болады.Сонымен бірге, кәсіпорындарда қайталама Энергоресурс­тарды ұтымды пайдалану үлкен рөл атқарады. Мысалы: мартен пештеріндегі жылуды жылы су, бу өндіру үшін қолдану, жылы суды, буды ғимараттарды жылыту үшін және шаруашы-лық қажеттілікке пайдаланады. Кәсіпорынның Энергетика ша-руашылығының құрамына жылу күштік, газ, әлсіз токты, Электр жөндеу бөлімшелері жатады.

3. Қолданылатын құралдардың әр түрлілігін ескере отырып, өндірісте оларды дайындауды және қолдануды болжау үшін оның нақты жіктемесі жасалып, индекстелуі қажет. Жабдықтарды жіктеу негізінде өндірістік-техникалық және конструкцшшық белгілері бойынша оның топтамасы жасалады. Кәсіпорында толығымен қолданылытын құрал-саймандарды пайдалану сипаты бойынша арнайы және стандартты болып бөлінеді. Арнайы құрал ретінде нақты операцияда белгілі бұйымды ендіруге ғана қолданылатын құрал-саймандарды айтады. Оны тұгынатын кәсіпорындардың өздері дайындайды. Стандартты деп әр түрлі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатын құрал-саймандарды айтады. Олар құрал-сай-ман шығаратын зауыттарда өндіріледі.

 

1. Құрал-саймандар атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?

2. Жүк айналымы дегеніміз не?

3. Соғыстан кейін әлемдік экономика қалай өзгерді?

1. Құрал-саймандар атқаратын қызметіне қарай бақылау-өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып бөлінеді. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының құрамына құрал-сайман бөлімі, технологиялық жабдықтарды дайындау цех-тары, орталық құрал-сайман қоймасы, цехтың құ_рал-сайман тара-ту қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу шеберханалары кіреді. Өндірістік цехтарда құрал-саймандар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырумен құ_рал-сайман шаруашылығы айналысады.Қолданылатын құралдардың әр түрлілігін ескере отырып, өндірісте оларды дайындауды және қолдануды болжау үшін оның нақты жіктемесі жасалып, индекстелуі қажет. Құрал-саймандар, мысалы, темір өндеуші құралдар бойын­ша мынадай топтарға бөлінеді: кесуші, өлшеуші, монтаждау, қо-салқы құралдар және т.б. Олардың әрқайсысы, мысалы, кесу құ-ралдарының класы сияқты топтарға бөлінеді; кіші класстар өзкезегінде топтарға, топтар кіші топтарға, кіші топтар түрлерге, соңғылары тағы басқа тұрлерге бөлінеді.

 

2. Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір болімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын атайды.Жүк айналымы мен жүк ағындары негізінде көлік құралдарына деген қажеттілік және тиеу-түсіру жұмыстарының келемі есепте-леді. Жүк ағыны дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны. Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк ай-налымын құрайды. Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құ-ралдарына деген қажеттілік және жүктерді тасымалдауды ұйым-дастыру жүк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде анық-талады. Жүк ағынының кестесін тиімді құру деңгейі Көлік қызметтері-нің үнемділігіне ықпал етеді. Жүк ағынының кестесін құруда не-гізііісіі жүкті тасымалдаудың ең қысқа жолдары, қарама-қарсы та-сымалды болдырмау, көлік құралдарының бос жүрмеуін болдыр-мау шаралары қарастырылады. Ірі кәсіпорындарда жүк ағынының кестслері әкономико-математикалық әдіс бойынша және компью-терлік технология көмегімен атқарылады.Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері былай анықталады:

Q =Q R /D мұнда:

Qx - жылдық жүк ағыны;

RH - жүк ағынының біркелкісіздік коәффициенті;

DT-6ip жылдағы жұмыс күнінің саны.

Әрбір цех пен қойманың жүк ағыны мәліметтері бойынша кәсіпорынның жалпы жүк айналымының шахматты кестесі жа-салады, осының негізінде цехтардың, қоймалардың және жалпы кәсіпорынның жүк ағындарының кестесі жасалады. Шахматты кес-теде тігінен жүкті тиеуші-цехтар мен қоймалар, ал колденеңінен жүкті қабылдаушы-цехтар мен қоймалар көрсетіледі.

 

3.Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталғанинтернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технологилық үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Әлемдік экономиканыңжаһандануының жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. Мұның өзі инвестициялау мен несиелендіру саласында жаңа мүмкіндіктер туғызды, сондай-ақ сауданың бұрын болып көрмеген деңгейде дамуына алып келді. Ұлттық шекаралардың мәні күрт төмендеді. Бұрын сыртқы факторлар деп есептелетін елдің экономикалық дамуы ұлтаралық бизнес үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық кәсіпкерлік үшін де бейне бір ішкі факторларға айналып қалды. Бұл құбылыс интернационалдану деп аталды. Әлемдік экономиканың жаһандануы елдерді өздерінің басқару атқарымдарының бір бөлігін халықаралық ұйымдарға, ең алдымен Дүниежүжілік сауда ұйымына беруге мәжбүрлеп отыр. Бұл ұйым өз қызметін айтарлықтай кеңейтіп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасының нормалары мен ережелерін бұрын болып көрмеген дәрежеде сәйкестендіруге әрекет жасауда. Қазіргі уақытта ғалымдар осы үдерістің мәні мен нысандарын талдап, оның ауқымына, тереңдігі мен салдарларына түрліше баға беруде.

 

10

 

1. Кәсіпорында жөндеу жұмыстарын кім басқарады?

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас меха­ник бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді. Цехтарда цех механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары ұйымдастырылады.

Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне карай үш түрге бөлуге болады: орталықта жүргізу, жан-жақта жүргізу және аралас жөндеу. Орталықта жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөндеу-механикалық цехтар өз күшімен жүргізеді, жан-жақта жүргізілетін жөндеу жүмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметтерінің көмегімен атқарылады. Ал жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу-механикалық цехы жүргізеді.

 

 

2. Қойма аумағына қарай қалай бөлінеді.

Қойма аумағына қарай ашық,, жабық, және жартылай жабық болып бөлінеді.

Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физи­ка-химиялық талаптарына сай болып, қойма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарын жүргізу барысында барлык қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады.

Қоймалардың аумағы сақталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары және тағы басқа орындар болуы тиіс.

Қойма жұмыстарын ұйымдастыруда еңбекті көп қажет ететін жұмыс түрлерін, қол еңбегін азайту мақсатында қоймалардағы жетекші тасу-тиеу, ыдысқа салу, орау жұмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.

 

3. Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары қандай?

Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдарына мыналар жатады:

· көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру
және автоматтандыру жұмыстарын әрі қарай жетілдіру;

· біріккен немесе ортақ теміржол шаруашылығын құру мен
бірігіп пайдалануға берілетін автобазалар негізінде кәсіпорында орталықтандырылған қызмет көрсету түрінде
көлікті пайдалануды кеңейту;

· кәсіпорындарда беткі қабаты жаңартылған және жаңа
талаптарға сәйкес келетін жолдар мен тиеу-түсіру алаң-
дарын салу жұмыстарын ары қарай кеңейту;

· көліктік және тиеу-түсіру операцияларының кешенді технологияларын жасап шығару мен пайдалануды кеңейту;

· зауыт ішілік көлікке техникалық қызметті дамыту, көлік
құралдарын пайдалану тиімділігін көтеру;

· көлік шаруашылығын жоспарлау мен басқарудың алдыңғы
қатарлы нысандарды енгізу.

 

11

 

1. Басқарудың қазіргі жүйесінің белгілері?

Басқарудың қазіргі заманғы жүйесіне келесідей белгілер тән:

· шағын бөлімшелерде біліктілігі жоғары, саны жағынан өз жумысшылардың болуы;

· басқару деңгейінің аз болуы;

· мамандар табыс негізделген ұйымдық құрылымдарды құру;

· тұтынушылар сұранысына бағытталған өндірістік бағдарламалар мен графиктерді құру;

· қоймалардағы қордың аз болуы;

· ішкі және сыртқы орта өзгерістеріне тез бейімделу;

· тез жөнделетін жабдықтардың болуы;

· жоғары еңбек өнімділігі және шығындардың аз болуы.

· шығарылатын өнім спасының жоғары болуы және тұтынушылармен тығыз байланыс орнату,

 

2. Өндірісті оператаивті басқару дегеніміз не?

Өндірісті оперативті басқару – кәсіпорын қызметін басқаруды ұйымдастырудың негізгі элементі. Ол үлестік құралы бола отырып, өндірісті ұйымдастырудың барлық жақтарын қамтиды және онсыз кәсіпорын қызметі табысты бола алмайды.

Оперативті басқарудың мақсаты - өндірістік процесстің тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Оған келесілерді жатқызуға болады:

· бір мерзімде дайындалған өнім көлемін анықтау;

· өнімді дайындау уақыты мен орнын оперативті жоспарлау;

· ішкі өндірістің және сыртқы тапсырыстардың өтуінің координациясын;

· жұмыс өткізу үшін нарядтарды беруін;

· жұмысшылардың жұмыстарын қолайлы етілу және өндірістік процессті жабдықтаумен қамтамасыз ету;

· материалдарға тапсырыстарды таратып үлестіру;

· өнімдерді жеткізуді және тапсыру мерзімін белгілей отырып, оның орындалуын бақылау.

 

3. Мұнай өндеу зауыттары ҚР қай қалаларында орналасқан.

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав