Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күмістің физ-хим қасиеттері,минералдары.

Читайте также:
  1. Сурақ Au-ның физ-хим қасиеттері,минералдары

Ag-өте жұмсақ күміс түсті метал.Олардың физ қасиеттері өте жақын ж/е кристалдық тор олшемдерінің жақындығы олардың қорытпасын алуға мүмкіндік береді. Реттік ном:47, атомдық салм:107,87; тығыздығы,г/см3:10,5;балқу темп: 960,5;қайнау темп2212;шартты түрдегі ұзаруы;%:60;Мауос шк бойынша қаттылығы 2,7.

Ag қосылыстарында әдетте 1 валентті,б»рақ 2 ж/е 3 в қосылыстары да бар.H2 ж/е N-мен тікелей әрекеттеспейді.Бөлме температурасында ылғал ауада тотыққан қабықша түзе отырып,О2-ні сіңіреді,суыған кезде О2 бөледі.HNO3-nте ж/е қайнап тұрған H2SO4- жеңіл ериді.Оған орг. Қышқ мен сілтілер әсер етпейді.Маңызды қосылысы AgCl.

 

Сұрақ. Асыл металдардың кездесу формасы, өлшемдері, ерекшеліктері.

Геохимиктердің айтуы бойынша Au-ның жер бетіндегі мөлшері 5*10-7%.Аg-нен 20 есе,Hg-дан 200 есе аз. Au-ның гидросферадағы мөлшері жоғ.,бірақ конц-сы төмен,өндіру тиімсіз.Жер бетінде таралуы біркелкі емес.Кей жерлерде оның конц-сы жоғары. Au-ның түпкілікті кен көздері гидротермалдық түрге жатады.Мұндай кен көздерінің маңызды түрлеріне келесілер жатады:1)кварцтық желі-кең таралған түрі2)кварцты-пириттік3)кварцты-арсенопириттік4)кварцты-сүрмелі5)мыс-сульфидтік

Құрамында алтын бар кендердін технологиялық көрсеткіштері:

1) кенде алтынмен бірге өндірістік мөлшерде басқа пайдалы компоненттердің болуы:

2) кеннің тотығу дәрежесі (кендерде сульфидтік минералдармен салыстырғандағы тотыққан минералдардың мөлшері)

3) кендерде оны өңдеу технологиясын қиындататын компоненттердің болуы

4) кендердегі алтынның сипаты. Маңыздысы алтын түйіршіктерінің ірілігі

Алтын түйіршіктерін ірілігі бойынша келесі технологиялық түрлерге бөледі:

1. Ірі алтын-түйіршіктері 0, 1мм-ден үлкен (өте ірілері 1-5мм, 5мм-ден ірілері сом тума)

2. Ұсақ алтын - 0, 1 - 0, 001 мм

3. Майда дисперсиялық алтын - 0,001 мм-ден кіші

4. Субмикроскоптық алтын - 0,1мкм-ден төмен

Алтынның тотыққан және жартылай тотыққан алғашқы кендерінде негізінен ұсақ және ірі алтын болады. Кендерде сульфидтер мөлшерінің өсуімен майда дисперсиялық алтын мөлшері өседі.

Сұрақ. Қазақстан алтыны-ірі кен көздері, зоналық орналасуы, кендегі алтынның орташа мөлшері, әлемдік және ТМД елдері арасындағы алатын орны.

Қазіргі кезде Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 9-шы орында. Алтынның басым бөлігі 94-95% түпкілікті кендерден өндіріледі, 2,5-3% шашыранды кендерден өндіріледі. Атынның жер бетіндегі мөлшері 5млг/т. Алтынды өндіру бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында төртінші орында.

Қазақстанда 23 геологтық экономикалық алтыны бар аудандарды бөледі. Шамамен 50 шақты алтын және алтыны бар кешенді кендер зонасы бар деп есептеледі. Республиканың баланстық алтын кені 199 кен орнында шоғырланған. Ең ірілері Бақыршық, Васильковский, Ақбақай кен орындары. Кешенді кен көздерінің маңыздылары: Бозшакөл, Жаңа Лениногорск кен көздерінде шоғырланған. Алтынның орташа мөлшері 6 г/т. Алтын өндіретін кәсіпорындар Жезкент, Көкшетау тау-кен байыту комбинаты, Васильков, Ақжал руднигі, Суздальск, Бақыршық. Алтынды қосымша өндіретін кәсіпорындар: Казцинк ЖШС, Балқаш мыс зауыты, Зырян қорғасын комбинаты, Риддер полиметалды комбинаты және т.б. ТМД-да, Батыс Сібірде 20-дан астам ірі түпкілікті және шашыранды кен орындары орналасқан. Шығыс Сібірде, Оралда, Якутияда, Қиыр Шығыс, Солтүстік Шығыста кен көздері бар. Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстанда ірі кен көздері бар.

Алтынның тотыққан кендерінде айтарлықтай мөлшерде темір тотығы және басқа металл тотықтары кездеседі. Оларға шламды және сазбалшықты кендер жатады. Сондай-ақ мыстың минералдары (халькопирит пен хрезополадан басқа) сүрме, пиротин, көмірлі заттар, селен мен теллур қоспалары және т.б кендерді өңдеу процестерін қиындатады. Сондықтан кендерді өңдеу кезінде арнайы технологиялық сұлбаларды пайдаланады.

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 35 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав