Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек қауіпсіздігінің терминдері мен анықтамалары.

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. Ай еңбекте сақтар туралы «жүйрік атты турлар» деген атау кездеседі?
  3. Айырбастың бұл нысанында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне
  4. Аристотель еңбектеріндегі ғылымдардың жіктелуі(« органон» « категориялар»).
  5. Демек, нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.
  6. Еңбек құқы бойынша жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
  7. Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.
  8. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі талаптар.
  9. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және өткізу.
  10. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және өткізу.

«Еңбек қорғау» түсінігі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы нормативтер. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Терминдер мен анықтамалар. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.

Заманауи өндірістің дамуы жаңа өнімділігі жоғары станоктарды, машиналарды, әртүрлі бағыттардағы жабдықтарды жасау, оларды пайдалануды қарқындату, процестер технологиясын жетілдіру және профилактикалық техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жақсарту жолымен келеді. Мұның барлығы жұмыс берушілердің алдында еңбек қауіпсіздігі және қорғау сұрақтарын зерттеу бойынша әр тараптағы және күрделі міндеттерді қояды.

Мазмұндалатын курс, еңбек заңнамалары, қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік база, өртке қарсы шаралар, өндірістік санитария және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін басқа талаптар бойынша негізгі мәліметтерді қамтиды.

Құбылыстардың мәнін, олардың ықтимал қауіптілігін түсініп, заңнамалық базамен және нормативтік-құқықтық құжаттармен танысып, студент жұмысшының ағзасына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін жоятын және жарақаттануды болдырмайтын тәсілдерді білікті түрде іздеп таба алады. Заңнамалық актілерде осы факторлардың анықтамалары берілген. Олардың ең маңыздылары төменде берілген.

Зиянды өндірістік фактор – дегеніміз бұл қызметкердің ауруына немесе еңбекке қабілеттігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпақ денсаулығына теріс әсер етуге әкеп соғуы мүмкін әсері. Қауіпті өндірістік факторды у ақытша немесе орнықты еңбекке жарамсыздықпен (еңбек мүгедектігі немесе кәсіби ауру) немесе өліммен байланыстырады. Қауіпті еңбек жағдайлары дегеніміз — белгілі өндірістік және жойылмайтын табиғи факторлар еңбек қорғау ережелерін сақтамаған жағдайда жарақатқа, кәсіби ауруға, қызметкерлердің денсаулығының күрт нашарлауына немесе улануына әкеп соғатын, нәтижесінде орнықты еңбекке жарамсыздық, кәсіби ауру немесе өлім болатын еңбек жағдайлары.

Адамзат тәжірибесі тіршілік ортасымен, әсіресе өндірістік салада қауіпсіз өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін белгілі әдістерді, тәсілдерді жинақтаған. Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл қызметекерлерге еңбек қызметі барысында зиянды және қауіпті әсер етуді болдырмайтын іс-шаралардың кешенімен қамтамасыз етілген, қызметкердің қорғалу жағдайы. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – жұмыс істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістің әсерін болдырмайтын ұйымдық іс-шаралардың және техникалық құралдардың жүйесі. Жұмыстардың әрбір түрі үшін қауіпсіздік техникасының белгілі түрі бар, адам оларды оқып-үйреген соң жұмысқа жіберіледі. Жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

Осылайша, «еңбек қорғау» түсінігі қауіпсіздік нормаларынан бөлінбейді, ол өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процестерінің, қызметкерлердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулықтарын сақтауға бағытталған ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және басқа да нормаларды, ережелерді, процедуралар мен сынбағамдарды сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштерді білдіреді.

Еңбек қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі өнеркәсіптік аймақта немесе қалалық ортадағы қолайсыз экологиялық жағдаймен төмендеуі мүмкін, мұны қашанда естеу ұстау керек. Қызметкерлердің еңбек қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гигиенасына құқығын қамтамасыз ететін негіз қалаушы құжаттар болып табылған және табылады:

1. ҚР Конституциясы; 2. Бастапқы қабылданған «Еңбек қорғау туралы» (1993 ж.) заңнан бастап қазіргі кездегі «Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне» дейін (2007 ж.) ҚР Заңдары. 3. Заңды күші ұлттық заңдардан асатын, Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық Конвенциялар мен Келісімдердің бірқатары.

 

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 89 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав