Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек қорғау туралы заңнама.

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  3. Linux негізін қалаушысы туралы
  4. Lt;variant> ғылымға табыну және адамзат прогресі туралы идея
  5. Lt;variant>Болмыс туралы ілім және танымды ұғыну теориясы ретінде
  6. Lt;variant>Ци туралы ілім.
  7. Ақпаратты қорғау объектісі
  8. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  9. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  10. Азақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары

«Еңбек қорғау» түсінігі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы нормативтер. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Терминдер мен анықтамалар. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.

Заманауи өндірістің дамуы жаңа өнімділігі жоғары станоктарды, машиналарды, әртүрлі бағыттардағы жабдықтарды жасау, оларды пайдалануды қарқындату, процестер технологиясын жетілдіру және профилактикалық техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жақсарту жолымен келеді. Мұның барлығы жұмыс берушілердің алдында еңбек қауіпсіздігі және қорғау сұрақтарын зерттеу бойынша әр тараптағы және күрделі міндеттерді қояды.

Мазмұндалатын курс, еңбек заңнамалары, қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік база, өртке қарсы шаралар, өндірістік санитария және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін басқа талаптар бойынша негізгі мәліметтерді қамтиды.

Құбылыстардың мәнін, олардың ықтимал қауіптілігін түсініп, заңнамалық базамен және нормативтік-құқықтық құжаттармен танысып, студент жұмысшының ағзасына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін жоятын және жарақаттануды болдырмайтын тәсілдерді білікті түрде іздеп таба алады. Заңнамалық актілерде осы факторлардың анықтамалары берілген. Олардың ең маңыздылары төменде берілген.

Зиянды өндірістік фактор – дегеніміз бұл қызметкердің ауруына немесе еңбекке қабілеттігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпақ денсаулығына теріс әсер етуге әкеп соғуы мүмкін әсері. Қауіпті өндірістік факторды у ақытша немесе орнықты еңбекке жарамсыздықпен (еңбек мүгедектігі немесе кәсіби ауру) немесе өліммен байланыстырады. Қауіпті еңбек жағдайлары дегеніміз — белгілі өндірістік және жойылмайтын табиғи факторлар еңбек қорғау ережелерін сақтамаған жағдайда жарақатқа, кәсіби ауруға, қызметкерлердің денсаулығының күрт нашарлауына немесе улануына әкеп соғатын, нәтижесінде орнықты еңбекке жарамсыздық, кәсіби ауру немесе өлім болатын еңбек жағдайлары.

Адамзат тәжірибесі тіршілік ортасымен, әсіресе өндірістік салада қауіпсіз өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін белгілі әдістерді, тәсілдерді жинақтаған. Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл қызметекерлерге еңбек қызметі барысында зиянды және қауіпті әсер етуді болдырмайтын іс-шаралардың кешенімен қамтамасыз етілген, қызметкердің қорғалу жағдайы. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – жұмыс істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістің әсерін болдырмайтын ұйымдық іс-шаралардың және техникалық құралдардың жүйесі. Жұмыстардың әрбір түрі үшін қауіпсіздік техникасының белгілі түрі бар, адам оларды оқып-үйреген соң жұмысқа жіберіледі. Жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

Осылайша, «еңбек қорғау» түсінігі қауіпсіздік нормаларынан бөлінбейді, ол өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процестерінің, қызметкерлердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулықтарын сақтауға бағытталған ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және басқа да нормаларды, ережелерді, процедуралар мен сынбағамдарды сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштерді білдіреді.

Еңбек қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі өнеркәсіптік аймақта немесе қалалық ортадағы қолайсыз экологиялық жағдаймен төмендеуі мүмкін, мұны қашанда естеу ұстау керек. Қызметкерлердің еңбек қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гигиенасына құқығын қамтамасыз ететін негіз қалаушы құжаттар болып табылған және табылады:

1. ҚР Конституциясы; 2. Бастапқы қабылданған «Еңбек қорғау туралы» (1993 ж.) заңнан бастап қазіргі кездегі «Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне» дейін (2007 ж.) ҚР Заңдары. 3. Заңды күші ұлттық заңдардан асатын, Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық Конвенциялар мен Келісімдердің бірқатары.

Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі талаптар.

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы мемлекеттік саясат келесілерге бағытталған:

1) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және қабылдау;

2) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу;

3) еңбек жағдайларын, қауіпіздігі мен қорғауды әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбек қорғау құралдарын өндіру, қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғау жөніндегі қызметтерді ынталандыру жүйесін жасау және жүзеге асыру;

4) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында қадағалау жүргізу;

5) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау мәселелері бойынша ғылыми зертеулер жүргізу;

6) өндірістегі қайғылы оқиғаларды және кәсіби ауруларды есепке алудың біртұтас тәртібін белгілеу;

7) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау және бақылау;

8) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қоғамдық бақылау жасау тәртібін нормативтік бекіту;

9) өндірістегі қайғылы оқиғалардан және кәсіби аурулардан жапа шеккен қызметкерлердің, және олардың жанұя мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;

10) өндіріс пен еңбек ұйымдастырудың заманауи техникалық деңгейімен жойылмайтын ауыр жұмыс және зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары үшін еңбек төлемі шарттарын белгілеу;

11) еңбек жағдайларын және қорғауды жақсарту бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шет елдік жұмыс тәжірибесін тарату;

12) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша мамандарды дайындау және біліктілікті жоғарылату;

13) өндірістік жарақаттану, кәсіби аурулар туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыру;

14) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында біртұтас ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

15) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган және өздерінің құзіреттігіне сәйкес басқа да өкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

1. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, процедуралардан және сынбағамдардан тұруы тиіс.

2. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша талаптар Қазақстан Республикасы аумағында қызмет жасау кезінде жұмыс берушілер және қызметкерлердің орындауы үшін міндетті.

 

10.Сақтандыру және еңбекті қорғау жұмыстарын мемлекеттік тұрғыда ұйымдастыру талаптары.

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптар. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша нұсқаулықтарды жұмыс берушінің әзірлеу және бекіту ережелері.

ЕҚ және ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілер келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өміріне және денсаулығына басымдықты белгілеу; 2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету; 3) қызметкерлердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелері, процедуралары мен сынбағамдары болуы тиіс; 4) еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы біртұтас талаптарды белгілеуге; 5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес ЕҚ және ҚТ саласында қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың және ұйым басшыларының арасында құқықтар мен міндеттерді ажыратуға; 6) еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган, қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдері арасында ЕҚ және ҚТ саласындағы әрекеттердің үйлесімділігін қамтамасыз етуге; 7) ЕҚ және ҚТ саласындағы заңнамаларға және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық келісім-шарттарға сәйкес болуға.

ЕҚ және ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу өздерінің құзіреттіліктеріне қарай сәйкес өкілетті мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. ЕҚ және ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркеуден өтуі тиіс және ресми жарияланған күннен бастап әрекетке енгізіледі.

ЕҚ және ҚТ бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс беруші бөлімшедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және тұтастай алғандағы ұйымдағы әрбір мамандық үшін, сондай-ақ жекелеген жұмыс түрлеріне және жұмыс орындары үшін жүзеге асырады. Нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша келісім-шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы ғылыми мекеменің мамандары жүзеге асыруы мүмкін. Нұсқаулықтар жабдықтарды дайындаушы-зауыттардың пайдалану және жөндеу құжаттарында, және де жұмыс берушінің технологиялық құжаттамаларында мазмұндалған қауіпсіздік талаптарын және өндіріс жағдайларын ескере отырып, Қазақстан Республиаксының еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілері негізінде әзірленеді. Нұсқаулықтарда келесі тармақтар көрсетілуі тиіс: 1) нұсқаулықтың атауы, мұнда қандай мамандық үшін және жұмыстардың қандай түрі үшін арналғандығы көрсетілген; 2) технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы.

Нұсқаулықтың талаптары технологиялық процестің ретіне сәйкес және осы жұмыстар орындалатын жағдайларды ескеріп мазмұндалады:

1) еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың жалпы талаптары; 2) жұмысты бастау алдында еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары; 3) жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары; 4) апаттық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары; 5) жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары.

Нұсқаулықтарды жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және қорғау қызметімен немее жауапты тұлғамен және басқа да мүдделі құрылымдармен, лауазымды тұлғалармен және қызметкерлердің өкілдерімен келіскеннен кейін бекітеді.

Жоғары қауіптілікке байланысқан кәсіптер немесе жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықтарды қайта қарастыру, үш жылда бір реттен сирек емес өткізілуі тиіс. Нұсқаулықтарды қайта мерзімінен бұрын қарастыру жаңа технологияларды немесе техникаларды енгізу кезінде, өндірістегі қайғылы оқиғаларды, апаттарды, қирауды тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, стандарттарының өзгеруіне байланысты.

 

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 114 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав