Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Электр тоғының адам ағзасына әсері.

Читайте также:
  1. A) вакуумдық электрондық шамдарға
  2. A) Чем больше концентрация КC1, тем больше потенциал электрода
  3. B) Соединение атома водорода одной молекулы с сильно электроотрицательным элементом другой молекулы
  4. I. Выбор электродвигателя и кинематический расчет
  5. I. Упругие волны. Электромагнитные волны. Геометрическая оптика.
  6. I.5. Основная идея электронных таблиц Excel
  7. II раздел. Задания этого раздела выполняются студентами самостоятельно письменно или устно (в записи на электронном носителе).
  8. II раздел. Задания этого раздела выполняются студентами самостоятельно письменно или устно (в записи на электронном носителе).
  9. II. Дистанционное электронное голосование
  10. III. Электричество и магнетизм

Электр қондырғылары, құралдары мен агрегаттар өнеркәсіп мен тұрмыстың барлық салаларында кеңінен қолданыс тауып отыр. Электр қол аспаптары кең ауқымда қолданылады. Барлық жұмыс істеушілер қандай да бір дәрежеде электр энергиясымен байланысты. Электр тоғын дұрыс қолданбаған немесе белгіленген талаптарын сақтамаған кезде электр тоғы аса қауіпті болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес электр тоғынан зақымданудың өлімге әкелген жағдайларының 75-80% 1000 В дейін кернеумен электр қондырғыларында болады, бірінші кезекте 220 дан 380 В дейін кернеумен қондырғыларда. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіз еңбек шартын қамтамасыз ету үшін электр тоғының азам ағзасына қалай әсер ететіндігін, тоқтан зақымданудан қорғанудың қандай шаралары қолданылатындығын, электр тоғынан зақымданған адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігін және т.б. білу қажет.

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тоғы деп аталады. Металлдарда зарядтарды тасымалдаушылар электрондар – элементарлы зарядпен теріс зарядталған бөлшектер болып табылады. Тоқ күші i деп аз уақыт аралығында dt: өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр dq саны аталады.

Электр тоғы айнымалы болуы мүмкін, бұл жағдайда оның күші немесе бағыты (немесе екеуі де) уақытта өзгереді, немесе тұрақты болады, егер оның сипаттамалары өзгермейтін болса. СИ жүйесінде тоқ күшінің бірлігі ретінде ампер (А) қабылданған.

Электр тоғының адам ағзасына әсері өзгеше және жан-жақты сипатқа ие. Адам ағзасы арқылы өткен кезде электр тоғы ағзаның түрлі жүйелеріне термиялық, электролиттік және биологиялық әсер береді. Бұл жағдайда адамның өмірі үшін маңызды органдардың қызметі бұзылуы мүмкін: ми, жүрек, өкпе. Электр жарақаттары жалпы (электрдің соғуы) және жергілікті деп бөлінеді. Жергілікті электр жарақаттары – бұл анық көрінетін дененің зақымданулары: электр күйіктері, электр таңбалары, терінің металлдануы және механикалық зақымданулар. Электр күйіктері тоқтың адам денесі арқылы өтуінен немесе оған электр доғасының әсер етуінен болады. Электр доғасынан болатын күйіктер неғұрлым қауіпті және ауыр салдарларға әкеліп соғады (терінің зақымданған бөлігінің жансыздануы және тіндердің күйіп кетуі), себебі электр доғасының температурасы бірнеше мың градусқа жетеді. Шамамен барлық электр жарақаттарының 2/3 күйік болады. Электр тоғы өткен жерлерде теріде электр таңбалары пайда болады, олар анық көрінетін, диаметрлері 1-5 мм болатын сұр немесе солғын сары түсті дақтар. Бұл дақтар емделеді және уақыт өте зақымданған тері қалыпты түріне қайта келеді. Электр таңбалары шамамен электр жарақатын алған әрбір бесінші адамда кездеседі.

Терінің металлдануы оның үстіңгі қабаттарына электр доғасының әсерінен буланған немесе балқыған майда металл бөлшектерінің енуі салдарынан туындайды. Зақымданудың мұндай түрі тоқтың электролиттік әсерінің нәтижесінде де болуы мүмкін. Әдетте уақыт өте зақымданған тері түседі, зақымданған жері қалыпты түрге келеді, ауру сезімдері жоғалады. Терінің металлдануы шамамен әрбір оныншы зардап шегушілерде кездеседі.

Механикалық зақымданулар (терінің және түрлі тіндердің жыртылуы, шығып кетулер және т.б.) адам денесі арқылы өткен тоқтың әсерінен бұлшық еттердің қатты еріксіз ұстамалы тартылуларының салдарынан болады.

 

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 360 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав