Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік еңбек инспекторының лауазымдық міндеттері.

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. Абылай ханның мемлекеттік қызметі
  3. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  4. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  5. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  6. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  7. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
  8. Ай еңбекте сақтар туралы «жүйрік атты турлар» деген атау кездеседі?
  9. Ай мемлекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін бірінші болып мойындады?
  10. Айырбастың бұл нысанында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне

Мемлекеттік еңбек инспекторының лауазымдық міндеттері.

Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты болып еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету табылады.

Мемлекеттік бақылау жұмыс берушінің немесе қызметкердің ЕҚ және ҚТ талаптарын орындауына мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

Тексерулер жоспарлық және жоспардан тыс деп бөлінеді. Жоспарлық – бұл еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңнамларымен белгіленген алдыңғы тексерулерге қатысты уақыттық интервалдарды ескере отырып жүргізілетін тексеру. Жоспарлық тексеру кешенді болуы мүмкін, яғни басқа бақылаушы органдармен бірлесіп өткізілуі мүмкін. Жоспарлық тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен артық емес өткізіле алады, ал шағын кәсіпкерлік үшін – үш жылда бір реттен артық емес.

Жоспардан тыс тексерулер жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарын бұзу туралы жүгінуі жағдайында, және де мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін және ЕҚ және ҚТ бұзуды тез арада жоюды талап ететін фактілерді анықтаған жағдайда жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерулер жүргізген жағдайда жоспарлық тексерулер басқа мерзімге ауыстырылады.

Тексерудің ұзақтығы, ерекше жағдайлардан басқа, он күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастау алдында жұмыс берушіге келесі құжаттарды көрсетеді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгілеген тәртіпте тіркелуі тиіс жоспарлық тексеруді тағайындау туралы акт;

2) қызметтік куәлік;

3) қажет болғанда – режимдік нысандарға келуге құзіретті органдардың рұқсаттамалары.

Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасайтын тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауап береді.

Өткізілген тексеру және оның нәтижелері туралы ақпарат жұмыс берушінің тексеру актілерін есепке алу кітабына енгізіледі. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын бұзулардың анықталуына байланысты мемлекеттік еңбек инспекторы келесі актілерді шығарады (жасайды):

1) тапсырма: ЕҚ және ТҚ талаптарын бұзуды жою туралы; өндірістік нысандарда және жабдықтарда, және де өндірістік процестерде жарақатқа қауіпті және апаттық жағдайлардың туындауын болдырмау үшін ЕҚ және ҚТ бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы; жекелеген өндірістердің, цехтардың, бөлімшелердің, жұмыс орындарының және жабдықтардың және тұтастай алғанда ұйымның қызметіне тыйым салу (уақытша тоқтату) туралы. Бұл кезде ұйымның қызметіне тыйым салу туралы акт сот шешімі шыққанға дейін жарамды болады. Үш күн өткенге дейін жұмыс беруші бұзуларды жойған жағдайда, ұйымның қызметіне тыйым салу туралы актіні акт шығарған мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың, республикалық маңыздылықтағы қаланың мемлекеттік еңбек инспекторы күшін жояды.

2) әкімшілік құқықбұзулар туралы хаттама;

3) әкімшілік құқықбұзулар туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;

4) әкімшілік құқықбұзулар туралы іс бойынша қаулы.

Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушінің ЕҚ және ҚТ талаптарын бұзуға әсер етудің құқықтық шарасы болып табылады. Бұл актілер лауазымды жеке және заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті.

 

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 56 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав