Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шуды нормалау.

Өндірістің барлық салаларындағы және транспорттағы техникалық прогресс техникалық құрылғылардың қуатының артуына және өндіргіштік қабілетінің артуына,көлік құралының жылдамдығына және қозғалыс интенсивтілігіне, қалалық құрылыстың дауына және т.б. байланысты адам өндірісте және тұрмыста әрдайым шудың үлкен интенсивтілігінің әсерінде болуына алып келді. Шу адам ағзасына және бірінші кезекте орталық нерв жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне зиянды әсерін тигізеді. Интенсивті шудың ұзақ уақыттық әсері есту қабілетін нашарлатуы мүмкін, жеке жағдайларда есту қабілетінен мүлде айырылуы мумкін. Шудың қауіптілігі оның біртіндеп әсер етуінде,зардап шегуші оның әсерін бірден түсінбейді. Шу еңбек қабілеттілігінің төмендеуі,еңбек сапасы,қателік және т.б. салдарынан экономикалық жоғалтулардың себепшісі болады. Жұмыс жасап отырған адам ойлау қабілетіне көп күш түсірген сайын оған әсер ететін шудың зияны соғұрлым жоғары болады.

Шумен нәтижелі күрес жүргізу үшін оынң физикалық табиғатын,негізгі пайда болу заңдылықтарын және таралуын білу қажет. Шу деп адам құлағына естілетін, жағымсыз дыбыстардың бәрін айтуға болады. Шу дегеніміз интенсивтілігі және жиілігі әртүрлі дыбыстардың ретсіз үйлесімділігін айтады. Дыбыстық толқындардың таралу кеңістігін дыбыстық өріс деп атайды. Дыбыс бұл серпімді ортада (қатты, сұйық, газды) жайылатын механикалық тербеліс және физикалық құбылыс. Дене қозғалысының қайталануы арқылы өтетін минималды уақыт аралығын тербеліс периоды (T), ал оған кері өлшемді тербеліс жиілігі (ƒ) деп атайды.

Сайып келгенде, тербеліс жиілігі 1 секунд ішінде өткен тербеліс санын анықтайды. Жиіліктің өлшем бірлігі Герц (Гц), 1Гц=1с‾¹. Дыбыстың тербеліс жиілікке байланысты үш диапазонға бөлінеді: 1) тербеліс жиілігі 20 Гц-ке дейінгі инфрадыбыстар 2) 20 Гц-тан 20000 Гц-ке дейінгі аралықтағы тербеліс жиілігі 3) ультрадыбыстық тербеліс жиіліктері: 20000 Гц-тан жоғары. Адамның есту қабілеті 20 Гц-тан 20000 Гц-ке дейінгі аралықтағы дыбыс тербелістерін естиді. Барлық дыбыстық диапазондарды мынадай түрлерге бөледі: 1) төмен жиілікті 400 Гц-ке дейінгі 2) орташа жиілікті 400Гц-тен 1000Гц-ке дейінгі және 3) жоғары жиілікті 1000Гц-тан жоғары.

Дыбыс дерекнамасы арқылы ауада пайда болатын тербеліс барысында дыбыстық қысым пайда болады және ол атмосфералық қысым үстіне таңылады.

Бұл арқылы бірлік уақытта энергияның дыбыс толқынымен орын алмастырылуы және оның толқын таралуына перпендикуляр бағытта пайда болуын дыбыс интенсивтігі деп атайды. Дыбыс қысымы мен дыбыс интенсивтігі өлшемі бойынша үлкен аралықта өзгереді. Қысым бойынша 108 ретке дейін, интенсивтілік бойынша 1016 ретке дейін. Адамның есту қабілеті абсолютті өзгеру интенсивтілігіне емес, жанама дыбы өзгеру интенсивтілігіне қабілетті. Соған орай практика жүзінде интенсивтілікпен дыбыс қысым деңгейін өлшеу үшін жанам логарифмдік шкала қолданылады. Ол децибел өлшемімен (дБ) көрсетіледі. Дыбыс қысымы мына формула бойынша анықталады: Lp=20 lgp/p0

Мұнда: p -Берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па; p0 -шектік дыбыс қысымы (1000 Гц жиілікте, 2*10‾5,Па)

Жазу формуласы дыбыс интенсивтілігінің деңгейін анықтау формуласын көрсетіп тұр.

Барлық естілетін дыбыс диапазондары 140 дБ аралығында жатады. Сондықтан децибел шкаласын пайдалану ыңғайлы. Бұл әр түрлі шуларды 0 мен 140 дБ аралығында бүтін сандарды қолдану мүмкіндігін береді. Өйткені өзгеру деңгейі 1 дБ ге қарағанда аз, яғни бұл дыбысты естіп байқау мүмкін емес.

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 75 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав