Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо)?

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Никола Макиавелли (1469-1527). Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған. Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі.Сенсуализмның тарауына әсер етті.Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі. Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген. Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 80 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав