Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абай философиясы,адам мәселесі

Читайте также:
  1. Дәріс 13.Философиядағы адам мәселесі.
  2. Көркем эдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
  3. Кедейшілікке әкелетін өсімнің мәселесі:C) Я. Бхагватидың зерттеулері.E) Бразилияның экономикалық тарихынан белгілі.
  4. Лемдік азық-түлік мәселесі , шешу жолдары.
  5. Мемлекеттік басқарудағы үнемділік пен өнімділік мәселесінің қойылуы
  6. Нердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері
  7. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
  8. Психологиядағы минез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз
  9. Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары

Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 171-6.). Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қыңдық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мурасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. Адам мәселес- жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам — философиясы, әлеуметтану, психология, физиология, педогогика, медицина т.б. ғылымдардың объектісі болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары — әпсаналардағы мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенеке т.б.) менСократтан басталады. (Протагор: “адам — заттардың өлшемі”, Сократ: “өзіңді өзің танып біл”). Ежелгі Үнді, Қытай,Грек филос-сында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, “кіші әлем”, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады;

 

56. Позитивизм, неопазитивизм, сын рационализм. Поззивизм - бұл принципке негізделген яғни барлығы шынайы дейтін бағыт. ПОзитивтік білім жеке, арнайы ғылымның және олпрдың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп туу мүмкін. Конт бойынша ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес бейнелеп беруде. Позитивизмнің тағы бір негізі эмпериоктицизм ол әдісті лсынау дегенді білдіріп мезтафизикалық табиғаттфы білдіріп имденген әдісті барлық жағдайларынан тазартуды ұсынды.мах бойынша әдіс әлемнің элеметті бір тұтачс элементтен тұрады деген. Неопазитивизм философия табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланыстыруы қызыметінің ерекше түрі сонда неопазитивизмнің 1-ші варианты логикалық позитивизм б т. Проппердің айтуы бойынша сыни тұрақты рациолнализм ғылым пайда болғалы бері бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келеді. Сыный рац-м қандайда бір таза рационалистік моделдеу өңдеп шығару мен айналысатын барлық уақытта барлығына сенім арттыратын бағыт. Поппер ғылым заңдылықтарын аналитикалық пайымдау мен оларды баөылаудан анық-н айтты.

 

57. Өмір философия. Өмірді Дильтий өмірді ерікпен іңкарлык сезіммен тербеліс деректері деп анықтайды. Өмірді хаосты тәртіпке келтіреді. Ө.ф-сы ағымның негізгі ұғымы ретінде ө, ф-сдағы бүрынғы болмыс категорисына қарсы қойыла бастады. Болмыс жоқ тек қалыптасу бар, ал қалыптасу деп өмір деп аяқтайды. Өмір организмдік дейгейде өліммен шектелсе организмдіктен биік формалар құрайды. Осы тұрғыдан алғанда шындық өмірден алынған тәжірибеден алынған тәжірибенің өзі. Өмірлік тәжірибе зердеге тең емес, ақыл-ойға сыймайды.

55. Қазіргі заман ғылым фи-сы. Классикалық фи-ң негізгі өкілі Кант жане Марбург жане Бадден. Мұнда екі фи-қ мектеп орын алды. Бұл мектептерге тән жалпы мәселелер Кант әілімінің ақылға сыймайтын тұстарын қазіргңі жағдайға қолайлы принциптерге қолайлы қоғаммен принциптерге сүйенәп ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге ғылыми танымның методтарын түсінуге тыцрысты. Шындықты тусіндіруге транцендентальдык методка арка суйеуге,таным шындыкты бейнелеу немесе реальдылықты ұсыну ғана емес екендігіне сәйкес,жалпы ғылымдағы танымның предметін іс әрект ретінде қалыптастыруға бағытталады.Әрбір мектептің өкілі көрген,Наторп олар ғылыми танымды психоанализімнен яғни ғылыми білімнің антропологиялық негіздегі бірлігінен босатуға тырысты.Ал Баден мектептің өкілі Марсель.Ясперс,құндылық өз алдына бар патшалықты қалыптастырып обьект пен субьект арғы жағында трансцендентальдық әлемнің маңызынкөрсетті.

 

58-сұрақ

Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым.

Зигмунд Фрейд

Зигмунд Фрейд, нем. Sigmund Freud, толық аты Сигизмунд Шломо Фрейд, нем. Sigismund Schlomo Freud; 6 мамыр 1856 жыл, Фрайберг, Австрия — 23 қыркүйек 1939 жыл, Лондон) — Австрия психологі, психиатрі және неврологі. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы.Зигмунд Фрейдтың өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады:«Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген.» 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл үшін оған алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады.

Эрих Фромм

Фромм Эрих (1900-1980) - неміс-американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы. 1933 жылы АҚШ-қа қоныс аударды. Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік психоанализ» деп атады. Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау коғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп» элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ноmо еsрегапs (үміті бар) деп сипаттайды.

 

59-сұрақ

Неофрейдизм – қазіргі заман философиясының бағыты, классикалық психоанализді социологиялық және этнографиялық теориялармен қосу. Неофрейдизмнің З. Фрейдтің биологизмінен айырмашылығы, тұлға – қоғам мен мәдениетте айқындалады.

Неофрейдистер – А.Адлер (1870-1937), К.Хорни (1885-1952), Э.Фромм (1900-1980) осы философияның түп негізгі идеялары арқылы адамдардың өмірінің әлеуметтік құрылымын түсіндіруге тырысқан. А.Адлердің ойынша тұлғаның жүріс тұрыс мотивтерін түсіндіру үшін оның ұмтылыстарын «санасыз өмірлік жоспарын» соңғы мақсатын білу қажет. Осылардың арасында адам өмірінің қиыншылығын немесе өзінің сенімсіздігін жеңуге тырысады.Адлерге сәйкес, индивид өзінің денесінің мүшелерінің дамуындағы ақаулары үшін толымсыздық немесе аз толымсыздық сезімінде болады. Осы сезімді асып өтуге және басқалар арасында өзіндік негізделуге ұмтылғанда, ол өзінің шығармашылық потенциясын белсендетеді. Бұл белсенділік компенсация немесе жоғарғы компенсация деген атқа ие. Жоғарға компенсация ол толықсыздық сезіміне деген реакцияның ерекше формасы. Оның негізінде ерекше қабілеттерімен ерекшеленетін көрнекті тұлғалар, ұлы адамдар шығады.Неофрейдизмнің көрнекті өкілі болып Э.Фромм саналады. Ол психоанализ, марксизм, экзистенциализм идеяларын біріктіруге тырысты. Ол тұлғада туа біткен ештеңе жоқ деді, ал барлық психикалық көріністер – ол тұлғаның әртүрлі әлеуметтік ортаға берілуінің салдары. Фромм тұлғаның әрбір түрінің қалыптасу сипатын әлеуметтік ортаның тікелей ықпалынан еместігін, ал адамзаттың өмір сүруінің екі жақтығын, яғни экзистенциалды немесе теоретикалықтан шығарады. Фромм тарихи қайшылықтарды жоюды жаңа гуманистік қоғам тудырумен байланыстырды.

 

60-сұрақ

Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.

Адам болмысы.

Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен-күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі-жиі туғыза түсуде. Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігіне де күмән жоқ. Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашқы түрі “мен” және “сен” деп бөлінуден басталады да, әр адам өзінің “менін” басқалармен қарым-қатынаста танытуға тырысады. Адам организмінің қандай ерекшеліктері мен биологиялық қажеттіліктері қоғамдық өмірге ықпал етті, оған негіз болды. С.Крапивенский А.Роза (АҚШ) мен Я.Шепаньскийдің (Польша) еңбектеріне сүйене отырып, адам организмінің бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетті.

1.тік жүру адамның негізгі анатомиялық ерекшелігі ретінде оған қоршаған ортаны оңтайлы қабылдауына мүмкіндік берді, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді;

2.күрделі де нәзік қимылдарды орындай алатын берік қолдар;

3.кеңістікте жақсы бағыт беретін және үш өлшемді де көре алатын, алдыға бағытталған көзқарас.

4.психикалық өмір мен интеллектік жоғары дамуына жағдай жасайтын үлкен ми мен күрделі жүйке жүйесі;

5.ерін, көмекей күрделі өзгеріске түсіп, сөйлеу қабілетінің қалыптасуы;

6.балалардың ата-аналардан ұзақ уақыт бойында бағыныштылықта болуы, өсу мен жетілудің ұзақ уақытқа созылуы;

7.туа біткен импульстер мен қажеттіліктердің икемділігі.

8.сексуалдық құмарлықтық тұрақтылығы тағы басқа да ерекшеліктер.

Бұлардың бәрі адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін қамтиды, сонымен қатар‚ оның мәдени, әлеуметтік іс-әрекеттерінің биологиялық негіздері болып табылады. Адам биологиялық ақпаратпен қатар әлеуметтік ақпаратты да иеленеді. Адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және болашағымен байланысуды тек сезіну - түсіну ғана емес, бұл рухани қарым-қатынастық адамның қазіргі болмысының жан-жақтылығымен, тереңдігімен өлшенеді. Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның әртүрлі қасиеттерін көрсететін “личность”, “индивид”, “индивидуальность” ұғымдарын қазақ тілінде “тұлға”, “индивид”, “индивидуалдылық” деп айтып жүр еді.


 

64.Диалектика теориясының мәселелері. Диалектика жүйе хақында. Диалектиканың негізгі принциптері. Обьективтік және субъективтік диалектиканың бірлігі. Диалектика категорияларының мәні. Диалектиканың категориялық аппараты. Диалектика адмның ғылыми-танымдық және практикалық түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде. Диалектикалық терістеу құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтарын тудырады, ол өзін - өзі терістеу ретінде көрінеді. Терістеу жалпы сипатта, оның көмегінсіз ешқандай даму да, өзгеріс те болмайды. Бірақ терістеу өткенді жалаң жоққа шығару емес, оған жан – жақты баға беру, сондай аналитикалық бағалаудың нәтижесінде оның өміршең, бағалы жақтарын анықтап, оны ұстап қалуға әрекет жасау болып табылады. Терістеуді – терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты – сабақтастықты түсіндіруге болады. терістеу, сабақтастық – жалпы дамудың, соның ішінде ғылыми көркемдік дамудың да объективтік заңдылығы. Сабақтастық жоқ жерде ілгер өрлеу,даму болмайды. Адамзат баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет пен көркемөнерді, ғылыми жетістіктерді қайта жасамайды. өткен заманда істелген жұмыспен, пайда болған әдеби туындымен таныс болмасақ, онда біз дүниені танудың бұрыннан белгілі әдіс, жолдарын қайта қарастырып, уақыт өткізер едік. Сабақтастықтың арқасында мұндай жағдайды бастан кешірмейміз.Кейінгі ұрпақ өзіне дейін істелген істі, қалыптасқан эстетикалық талғам мен ой – пікірді өзінің тың көзқарасымен, жаңа мүмкіндігімен ілгері дамытып жетілдіреді, оны неғұрлым жоғары сатыға көтереді, байытады. Тарихи сабақтастықтың екі түрі болады. оларды шартты түрде «уақыт пен кеңістік» деп атаймыз. «Уақыт» және «кеңістік» сабақтастығы – бір дәуірден екінші дәуірге өту арқылы болатын өрлемелі дамуды сипаттайды.

Диалектиканың негізгі принциптері:

- Жалпы байланыс принципі

- Жүйелік принципі

- Себеп – салдарлық байланыс принципі

- Тарихилық принципі

Жалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір – бірімен тығыз байланыстығын білдіреді.Байланыстар сыртқы және ішкі, тікелей және жанама, генетикалық және функционалдық, кеңістік және уақыттық, кездейсоқ және қажетті болуы мүмкін.Ең көп тараған байланыс – сыртқы және ішкі байланыстар. Мысалы, адамның ішкі байланыстары биологиялық түр ретіндегі ішкі ағзалық өзгерістер, сыртқы байланыстар адамның әлеуметтік жүйенің мүшесі ретіндегі байланыстары.Жүйелілік айналадағы көп байланыстардың арасында реттілік, өзара бір – біріне бағынушылық бар екендігін көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте өмір сүреді. Себеп – салдарлық байланыс біреуі екіншісін тудыратынына меңзейді. Заттар мен құбылыстар өзінен - өзі пайда болмайды, олардың әрқайсысының не ішкі не сыртқы себептері бар. Себеп салдар туғызады, ал салдардың өзі басқа бір жағдайда себепке айналады. Себеп – салдар байланысы осындай жағдайдың жалпылық сипатын дәлелдейді. Тарихилық қоршаған ортаның мәңгілігін, тарихтың, әлемнің жойылмайтындығын және уақыттың шексіздігін көрсетеді. Диалектиканың категориялары заттар мен құбылыстардың арасындағы жалпы байланыстарды қарастырады.

Диалектиканың негізгі категориялары:

Мән мен құбылыс

Түр мен мағына

Себеп пен салдар

Мүмкіндік пен шындық

Қажеттілік пен кездейсоқтық

Жоғарыда біз атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді. Біріншіден, құбылыстардың бір – бірімен тығыз байланыстығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты – оның ішкі қайшылықтары идеясы. Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея. Диалектика байланыстар мен даму туралы білім жүйесі бола отырып, бірнеше функцияны орындайды. Ең алдымен, әрине, диалектика дүниетанымдық функцияны орындайды, өйткені, ол әлемдегі заттар мен құбылыстардың бір – бірімен байланыса отырып, ұдайы өзгерісте, дамуда болатындығын теориялық түрде дәлелдейді.

 

65.Кеңістік және Уақыт- Механикалық козғалысты карастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін сөз еттік. Бұл екі үғымның физикадағы маңызы өте зор. Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және map, жуан және жіңішке, ұрзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын кәрсететін ұғымдар қалыптасады. Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады). Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара кашыктықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындык өлшеуіш кұралдар колданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. дене козғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді.Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты. Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзкарасымыз калыптасады. Уақытқа катысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады.Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір калыптылығы, бір бағыттылығы (уакыт тек алға карай, өткеннен болашакка қарай жылжиды).Уакыт арнаулы кұрал - сағаттың көмегімен елшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады. Уакыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады.Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан, физикада кеңістіктің бір кесіндісі және кайсыбір уакыт аралығы өлшенеді. [1] Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды

 

67. Адамның шығу мәселесі: философиялық,әлеуметтік-мәдени,биологиялық аспектілері

«Адам»түсінігі барлық адамдарға тән биологиялық, психологиялық,әлеуметтік аспектілерді қамтиды.Биологиялық түр мен әлеуметтік топтың жалғыз өкілі индивид. Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы оның орны және қоғамдық өмірдегі оның рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философияның пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әртүрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды.Адам-феномен.Оның табиғатын түрлі ғылымдар,айталық,антропология,тарих,филология,саясаттану,этнография,психология,дәрігерлік т.б ғылымдар философияны зерттеді.

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 114 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав