Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сюжет пен фабула мәселесі. Композиция

Читайте также:
  1. IV. КОМПОЗИЦИЯ
  2. В жизни композиции нет,(3) а в пейзаже композиция есть. Ты не жизнь фотографируешь,(4) а делаешь фотографию,(5) а она живёт по другим законам.
  3. ГЛАВА ДЕВЯТАЯ. СЮЖЕТ В КИНО
  4. Дәріс 13.Философиядағы адам мәселесі.
  5. Декомпозиция
  6. Декомпозиция анализируемых объектов.
  7. Декомпозиция и агрегирование в системном моделировании
  8. Дидактическая сюжетно-ролевая игра «Ателье».
  9. Занятие с детьми 4-5 лет на сюжет сказки «Теремок».
  10. Использование сюжетно-ролевой игры в экологическое образование детей старшего дошкольного возраста

Қаралатын мәселелер:

- композиция туралы түсінік;

- композициялық бүтіндік;

- идеяларды жүйелеуде, образдарды тұтастыруда, мазмұнын қиыстыруда композицияның атқаратын ролі;

- сюжет туралы ұғым, сюжет және тартыс;

- сюжет-көркем шығарма мазмұнын құрайтын оқиғалар жүйесі;

- эпилог пен прологтың көркем шығармада алатын орны.

Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ

қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен

жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.

Композицияның көркемдік қуатылығы--әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.

Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.

Тақырып-өнер туындысының іргетасы, сондықтан әдеби шығарма туралы сөзді тақырыптан бастаған жөн.

Тақырып-әдеби шығармада сөз болатын негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлрдың бағыт-бағдары. Шығарманың тақырыбын, яғни не жайында айтылатынын, яки нендей мәселелерді қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оңай секілді. Алайда шығарма тақырыбын айқындауға жеңіл, үстірт қарау дұрыс болмайды. Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып-алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғаладрың, суреттелетін өмір құбылысытарын шеңбер-шегі. Ал шығарманы талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып-шығарма мазмұнынының негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылғн, суреттелген жағдайлрдың қоғамдқ өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы. Яғни әдеби шығарманың тақырыптық аясына енген жағдайлар өмірдегі алғашқы өз қалпында қалмайды, жазушының түсінігіне сәйкес тиісті мән беріліп, көркемдік шешімін тапқан сурет-бейнелер, маңызды мәселелер болып шығады. Сондықан тақырыпты анықтағанда тек өмірдегі бар жағдайларды санамалап шығуымен немесе жеке мәселелердің маңыздылығын крсетумен іс бітпейді. Өйткені сол өмір құбылыстарының қай қырынан алынып, қалай бейнеленгенін, қаншалықты ұғымды, әсерлі көркемдік шешім тапқанын айқындаудың мәні зор. Тақырыпты шығарманың тұтас мазмұндық жүйесінен бөліп алып, жекелеп, оқшаулап қарау шартты түрде ғана мүмкін, өйткені шығармада белгілі бір жағдайлар, кейіпкерлер таңдап алынуы, соларға ерекше назар аударылуының өз-ақ жазушның мақсат-нысанасы мен бағыт-бағдарын аңғартады. Осыдан келіп тақырып пен идея деген ұғымдардың жалғастығы көрінеді. Олар бір-бірімен кірігіп, бірін-бірі реңк беріп, қабысып жатады. Тақырыптың қандай көркемдік шешім табатыны шығарманың идеясымен тығыз байланысты.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; онда жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеялы жатады. Себебі, «Әдебетші-таптың көзі, құлағы мен үні. Өз табының көңіл-күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді» (М.Горький). Жазузшы өз шығармасымен өмірге күш қосады, әрине өз табының мақсаты-мүддесіне сай үн қосады. Міне, осыдан келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы тумақ.

Қорыта айтқанда, тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея-жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.

Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіреді. Солардың бірі пролог (грек сөзі-алғы сөз)-көркем шығармаға кіріспенің бір түрі. Мұнда кейде негзгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады, кейде бас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың көңіліндегі аздаған сыр айтылады. Мысалы: «Шұғаның белгісіндегі» І тарау, бір жағынан прологтың да қызметін атқарып тұр. Екі салт атты бірі-автор да, екінші-әңгімеші Қасымжан. Жол үстінде бірін-бірі ел, жер жайын әңгімелеп келе жатады да, енбі бірде Қасыжанның: «Сол сүрлеумен барып, Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз»-деген сөзі автор елең ете қалады.

- «Шұғаның белгісі» дегеніңіз не нәрсе, тау ма?-дедім.

- Жоқ, әншейін бір обашық,-деді. Кейін қалып бара жатқан соң, тағы бірр тебініп қатарласып:

- Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау,-деді.

- Мен қайдан білейін, бұл жаққа бірінші келуім,-дедім.

- Білмессіз…сіздер жассыздар ғой,-деді. Маған қрағанда өзі едәуір көпті көрген үлкен адам болып көтеріліп қойды.

- Сіз білмейтін шығарсыз, жассыз ғой, уақытысында Нұғаның әңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді…Өйб шіркін, өзі де Шұға десе Шұға еді-ау!-деді.

Жолдасымның бұл сөзінен мен де Шұғаға ынтықтым. Анығын сұрап білгім келді.

- Шұғаның әңгімесін айтсаңыз қайтеді, жол қысқарсын,-дедім.

- Айтайын,-деді

Қара керді тағы тебініп тағы тебініп қатарласты. Жалпылдатып жайылып келе жатқан етегін жинай тақырымына асып, ерніндегі насыбайын ьстап, бір-екі түкірініп алып, ыңғайланып:

- Бұл қызық әңгіме, тыңдаңыз,-деді.

Пролог, біріншіден, шығармаға әншейін кіріспе ғана емес, шығармадағы көркем шындықты қабылдауға дайындық, оқырманды соған үйіре тартып, баурап алатын суреткерлік тамаша тәсіл; екіншіден, шебер жасалған пролог сюжеттен тыс тұрғанмен, композицияға орнымен орайласатын, жіксіз жымдасатын беташар екенін аңғарамыз.

Пролог әр тұста әр сипатта болған. Мысл, Көне грек трагедияларында көрермен көңілін сахнаға аудару үшін арнау, жарлау түрінде қолданған. Бұл тәсіл қазіргі пьесаларда бастаушы, диктор, ақын сөзімен беріледі.

Пролог секілді сюжеттен тыс элементтердің бірі-эпилог (грекше-соңғы сөз)-көркем шығарманы қорытудың бір түрі: тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін тұрып, басты қаһармандардың одан арғ хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.

Бұған да мысалды «Шұғаның белгісінен» келтірелік:

«Шұғаның өлген орнын көру Әбдрахманға мақсұт болды. Жұрттың «өлді» дегеніне нанбаған секілді. Бәріміз келдік.

Есімбектің үйі қым-қуыт екен. Келе жатқан көп адамды көрген соң, келіндері далаға шықты. Көздері қып-қызыл!..Зәйкүл ымдап шақырады. Қалтасынан алып бір қағаз ұсынды. Хат екенін білдім. Жүрегім елжіреп, жылап жібердім. Әбдірахман да сезіп тұр екен, оңашарақ шығып оқыдық. Әбдрахманның көз жасы сорғалап хатқа тамумен болды. Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:…Хаты деген артық жазған ғашық жардың,

Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармен

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың!…»

Сюжет (француз сөзі-зат)-көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі жолы. Көркем шығарманың мазмұнындағы түрліше мінездер мен типтендірудің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, оқиғалар тізбегі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы әрекеті ретінде, қозғалыс, ждаму үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, «сюжет дегеніміз,-дейді Горький,-жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы» Сюжет өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі-өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс-әр түрлі адамдардың іс-әрекетіндегі немесе ой-сана, көзқарасындағы қарама-қайшылық. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен абысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы тартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімері, сөздері арқылы олардың характері ашылып, айқындала түседі. Көркем шығармадағы қақтығыстар, жеке суреттеулер арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін оқиға тізбегі бара-бара логикалық тиянақтылық тауып, негізгі шиеленіс-тартыстың түйіндері әбден шешіліп, бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы толық ашылуы аса қажет.

Қалай десек те сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасында тығыз байланы, сабақтастық бар. Өткені, оқиға дегеніміз-адамның басынан кешетін жағдайы, немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал адам мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны дау тудырмаса керек.

Сюжет-бірнеше адамдардың қарым-қатынасындағы белгілі бір кезең, әлеуметтік тартыстың бір көрінісі, сюжеттің аяқталуы-баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, өз шешімін табуы. Жазушы бір не бірнеше оқиғаны суреттеу арқылы кейіпкердің характерін, мінез-бітімін айқын айтып көрсетуі ықтимал. Мәселе кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеу арқылы мінез-сипатын нанымды түрде көрсетуде. Неғұрлым кейіпкерлердің характерлері, бейне-тұлғасы дараланып, әсерлі көрінсе, соғұрлым шығарманың сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі.

Бір-бірімен қарым-қатынасындағы адамдар өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі қимыл-әрекет үстінде, шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады. Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі тартып жату себебі де соған байланысты.

Тартыс (латын сөзі-қақтығыс, айқас)-өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамғатән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың нер туындысындағы жинақталуы, суреттеледі. Өнердегі өмірлік тартыс-көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, өнер туындысына тіршілік беріп тұрғн жұлын. Олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс-оның сюжет мен композициясын өрбітер өзгеше құрал, қозғаушы күші. Өнер туындысын өмірлік тартысқа құру деген сөз-шығарма сюжетін шиыршық атқан шымырлыққа, коомпозициясын ширақ та шынайы сұлулыққа жеткізу. Әдеби шығарманың оқырманды баурап әкетер тартымдылығы да осында жатады. Сюжеттің, оған өзек болған өмірлік тартыстың әрбір иінінде, бұрылысында оқырманға керегі-дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел (мотивировка): образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Ол жоқ жерде образ да жасанды, оқиға да жалған.

Сюжеттің жаны мен жүрегі тартыс. Ал тартыстан сюжет құрап, қалыптастыратын-композиция.

Тартыс-(латынша-қақтығыс)-көркем шығармадағы сюжет желісінде арқау болатын,айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Конфликт драмалық шығармаларда ширақ, шиеленіскен түрде кездеседі. Ондағы характер*кейіпкер мінезі-қайшылығы мол әрекеттер арқылы ашылып отырады. Горький: «Егер характерлер мықты болса, олардың қақтығыспауы мүмкін емес»,-деген. Көркем шығарма қаһармандарының арасындағы қайшылық, тарты олардың қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен, әр қилы көзқарастарынан да көрінеді. Әсіресе, драмалқ жанрда мұның екі түрі де анық байқалады. Сахнадағы кейіпкерлердің іс-әрекет тартысы болуымен бірге, іштей өзіндік психологиялық тартыстар да орын алмақ. Эпикалық прозадағы тартыс көбінесе қиншылығы мол оқиғалардың шиеленісі.

М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясындағы негізгі қайшылық, шығармаға арқау болған күрес-артыс туралы айта келіп: «Үлкен қоғамдық шындықты ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығы күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болады»,-дейді. Міне, осыдан байқағанымыздай, адам, мен адам тартысы ғана емес, өтіп бара жатқан дәуір мен жаңа заман арасындаңы қарама-қайшылық та үлкен шығармалардың арқауына айналмақ. Өміре ескі мен жаңаның, жақсылық пен жамандықтың күресі бітпек емес. Әр түрлі қайшылық, қарама-қарсылық қақтығытар өмірде үнемі туып отырады.

Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттер тарихына қарап отырсақ, ең таңдаулы шығармалардың бәрі әрқашан терең тартысқа құрылған. Келелі, қиын дәуірлік шындықтың сан иірім сыры тек қана тартыс арқылы ашылады. Қай дәуірде болсын заман болмысы дегенді жай ғана емес, күрелі әрі кесек адам бітіміне жинақтап көрсетеді.

М.Әуезовтің сөзімен айтқанда:

«Абай кезіндегі қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар.

Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты-ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тисболдым. Демек, Құнанбай образы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс халқының мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні-ескіні көрсету нәтижесінде туды».

Бақылау сұрақтары:

1. Композиция деген не?

2. Композицияның көркемдік қуаттылығы дегеніміз не?

3. Композициялық тәсіл туралы не білесің?

4. Сюжет деген не? Қай елдің сөзі, терминге анықтама бер.

5. Сюжеттің негізі не?

6. Сюжеттік элементтерге нелер жатады?

7. Сюжеттен тыс элементтерге не жатады?

8. Сюжеттен тыс элементтердің шығарма идеясына қатысы қандай?




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 277 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав