Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар,крокодилдер, т.б. жатады. суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет оралып, суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (гр. «герпетон» - «жорғалау ілбі дар» + «логия» - ғылым) деп атайды. Жорғалаушылардың денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған

Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні қүрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяктары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш кеуде қуысы пайда болған. Омыртқа жотасы - мойын, арқа-бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. Күрделі қозғалыс жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында және кеуде қуысында бүлшықеттері жақсы дамыған. Кеуде қуысындағы қабырғааралық бұлшықеттердің жиылып-босаңсуына сәйкес, ауа өкпеге еніп, қайта шығады.

Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады. Халық арасындағы «жыланның уы тілінде» деген ұғым шындыққа жатпайды. Жыланның уы үстіңгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде болады. Сілекей бездері өзгеріп, у бөлетін бездерге айналған. Сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Жорғалаушылар өкпесімен ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген кіші ұяшықтардан түрады. Ауа өтетін тыныс мүшелері - жұп танау тесіктерінен, жүтқыншақтан, көмекейден, кеңірдектен және ауатамырлардан тұрады. Жүрегінің қүрылысы қосмекенділерге ұқсас үш қуысты (екі құлақшадай, бір қарыншадан тұрады). Жорға лау шылар қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөледі. Қарыншасы жартылай пердемен бөлінгендіктен, екі қүлақшадан қарыншаға өткен қан онша араласпайды. Жорғалаушылардың да денесіне аралас қан тарайды. Дегенмен артерия қайы көбірек. Крокодилдердің жүрегі толық төрт қуысты (екі құлақшалан, екі қарыншадан тұрады).

Жорғалаушылардың құрылысы күрделі екі бүйрегі жамбасқа жақын орналасады. Зәр (зәр қышқылы) бүйректе түзіледі. Түзілген зәр екі несепағар түтігі арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтай клоака арқылы сыртқа шығарылады.

Жуйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделене түскен. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры (ми қыртысының нышаны) пайда болған. Кейбір түрлерінің аралық миында төбе көзі орналасқан. Ол әсіресе гаттерияда (Жаңа Зеландияның ұсақ аралдарында таралған) жақсы жетілген. Күрделі қозғалыс әрекеттер жасайтындықтан, мишығы да жақсы дамыған. Жорғалаушылардың сезім мүшелері - көз, құлақ және танау тесіктері. Көзі қозғалмалы қабақты болып келеді. Жыланның қабақтары мөлдір, көздің алдыңғы жағын шыны тәрізді тұтас жауып тұрады. Есту мүшесі-ішкі және ортаңғы құлақ. Иіс сезу мүшесі - танау қуысында орналасады.
Жорғалаушылар - дара жынысты, бәрі де іштей ұрықтанады. Кейбір түрі ұрықтанған жұмыртқа салады, ал кейбір түрлері тірі туады. Қаражылан (гюрза) жұмыртқа салады.Сұржылан, қалқантұмсық ұрпақтарын тірі туады. Соны аңғарған халқымыз «жүмыртқадан жылан да, қыран да шығады», - деп қорытынды жасаған. Жорғалаушылардың дернәсілдері түрленбей, тікелей бірден ересектеріне ұқсас болады. Олар есе келе бірнеше рет түлей, денесінің сыртындағы ескі қабыршақты терісін түсіріп отырады. Жорғалаушылардың көптеген түрлері ылғалы мол әрі жылы тропиктік, субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Кейбір жыландар, кесірткелер құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді және биік таулы аумақтарда кездеседі. суда тіршілік ететін түрлері (жыландар, тасбақалар, крокодилдер) жұмыртқаларын су жағалауындағы жерлерге салады.

 

Жорғалаушылар зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Адам көпшілік түрлерін тағам ретінде пайдаланады. Терісінен, сауыттарынан әсемдік бүйымдар жасалады. Әсіресе жыландардың уынан қымбат бағалы дәрі-дәрмектер алынады. Қазіргі кезде крокодилдерді, жыландарды арнайы қолдан өсіретін фермалар, тәлімбақтар, жыланханалар ұйымдастырылған.

Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар,қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.

Билет

1 вопрос

Органикалық заттармен адамзат өте ертеден таныс болды. Қантты, майды, крахмалды, т.б. заттарды тағам ретінде қолданды, өсімдіктерден әр түрлі бояулар алып пайдаланды. Кейбір заттарды ашытып, спирт және сірке қышқылын өндірді. XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің бесты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Я.Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді

Майлар, триглицеридтер — органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линоленқышқылдарынан тұрады. Тірі организмдердің клеткалары мен тіндерінің (ткандерінің) негізгі құрамды бөліктерінің бірі; организмдегі энергия көзі; таза майдың калориялылығы 3770 кДж 100 г. Табиғи Майлар жануар және өсімдік Майлары болып бөлінеді. Триглицеридтер құрамына С8-ден С24-ке дейінгі қалыпты құрылысты, негізінен жұп санды көміртек атомдарының қаныққан және қанықпаған қышқыл қалдықтары кіреді. Барлық Майлардың тығыздығы 1-ден аз. Тек жоғары вакуумда қайнайды. Суда ерімейді.Бензинде, керосин мен бензолда ериді. Алкоголиз, ацидализ реакцияларына түседі. Қышқылдардың қос байланысы бойынша сутекті (гидрогендеу), галогенді, галогенсутекті қышқылдарды, т.б. қосып алады. Аса қызған бумен, минералды қышқылдармен және ферменттермен әрекеттескенде глицерин және май қышқылдарын түзіп гидролизденеді. Ауадағы оттекпен тотыққандапероксидті қосылыстар, оксиқышқылдар, т.б. түзеді. Құрамында биол. активті заттар (қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, витаминдер, токоферолдар) болады. Майлар техникалық мақсатта қолданылады

Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққын) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар — химиялық құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік К. немесе моносахаридтер және полимерлік Көмірсулар — молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін Моносахаридтердің конденсация өнімдері. Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН)nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН)nСОСН2ОН, мұндағы n>1. Моносахаридтердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбекпен біральдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады. Тізбектеп көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гексозаға (С6), т.б. бөлінеді. Кейде кетоза атауына "ул" жұрнағы жалғанады (мысалы, пентулоза, гептулоза, нонулоза, т.б.). Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптик. белсенді стереоизомерлер түзіледі. Көмірсулар табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. Көмірсулар тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (Көмірсуларды ашы-ту арқылы спирт қышқылдар, т.б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фотосинтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін көмірсулар табиғи айналымда болады.

Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан күралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы эр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

Белоктар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері белоктардан құралған. Олар организмде әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.

Белоктардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.

Белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.

Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г белок қабылдауы керек. Азықпен түскен белок әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.[1]

Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Сондықтан Фридрих Энгельс: «Тіршілік — белок заттарының өмір сүру формасы» — деп үйретеді.

Белок тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде белок молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

Вопрос

Қосмекенділер – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар(Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.

Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. [1]

Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене ұзындығы 2-3 см-ден 1,8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар). Мишық жетілмеген. Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар.

 

 

.

Билет

1.Жасуша ядросы,хромосомалар,ген:Ядро -организмдегі белоктық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін клетканың негізгі бөлігі.Ядро-жасушаның реттеуші орталығы.пішіні-домалақ,таяқша,үрмебұршақ тәрізді,екі жағын қаптайды.Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады.Ядро қабықшасында өте ұсақ тесіктер –шұрықтар бар.сол арұылы цитоплазмамен байланысады.Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып жасушаның барлыұ тіршілік әрекеттеріне(осу,көбею,зат алмасу)қатысады.Қабықша заттардың қозғалысын реттейді.Шырында хромосомалар мен ядрошықтар болады .Ген(грек.туу)-ДНҚ молекулалардағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.Ген организмнің белгілері мен ерекшелік касиеттерінің қалыптасуына тікелей қатысады.ж\е хромосомада моншак тәрізді тізбектеліп орналасады.Қызметіне байланысты ген 2ге бөлінеді: Құрылымдық жъ\е реттеуіш.Жасушаның бөлінуі кезінде ДНҚ молекуласы хромосомаға ширатылатындықтан хромосоманың қасиеттерімен белгілерін бақылайтын гендерді құрылымдық,ал олардың сыртқы ортада көрінуін қамтамассыз ететін гендерді реттеуіш деп атайды.Гендер организмнің нақты бір белгісін ж\е нәруыз молекуласының түзілуін анықтайды. ДНҚ(ген)-ақпараттықРНҚ(геннің көшірмесі)нәруыз-белгі. Хромосома(гр.бояу-дене)деген мағына береді. Хромосома жасуша ядросында тұрақты болатын, центрометриасы бар,екі хроматидтен тұратын құрылым.Гендердің хромосомада орналасқан орнын локус деп атайды.Диплоидты жасушаларда хромосомалар жұп болып келеді.олардың пішіні,мөлшері ж\е одан орналасқан гендер де бірдей ұқсас болады.Мұндай хромосомаларда гомологті хромосомалар деп атайды.Ал гомологті хр-дың бірдей локусында орналасқан қарама қарсы(альтернативті)бір жұп белгілердің (доминантты ген-А,рецесивті ген-а) дамуын анықтайтын гендерді аллелді ген деп атайды.Олар әкесінен ж\е шешесінен беріледі.ұрықтанған жұмыртқа жасушасы зигота деп аталады.Зиготада хр-лар жиынтығын диплоидты(2П)мысалы,ол бұршақ өсімдігі гүлінің қызыл ж\е жасыл түсін,бір геннің екі аллелін көрсетеді.

2.Сүйекті балықтар:омыртқалы жануарлар класы.қазір балықтардың ең түрге бай тобы.дене ұзындығы 0,7-1см ден 5,7м ге дейін,салмағы 1,5т га жетеді.Ішкі қаңқасы сүйектенген.Әрдайдым тері сүйектері болады.Қабыршақтары әртүрлі:ганоидты,космойдтық сүйекті.желбезектері қоршауларымен бөлінбеген.Кейбір түрлерінің торсылдағы жойылған.Ұрықтану сыртқы ортада өтеді,кейбіреулері тірі табады.Тыныс алуы бүйрек ж\е желбезек арқылы.класс тармағы бар:қалаққанаттылар ж\е сәулеқанаттылар.С.Б қазір 20000-нан астам түрі бар.Дене пішіндері де әртүрлі.Денесң бас,тұлға ж\е құйрық бөлімдеріне бөлінген.С.Б денесі жалпақ жне ірі қабыршақтармен қапталған.Қабыршақтарында сызықтары болады соған қарап жасын ажыратуға болады.Сүйектері өте көп.Жақсүйектерінде ж\е т.б сүйектерде тістер бар.

3.Өсімдік ұлпалары: Құрылысы, атқаратын қызметі ұқсаса жасушалар тобын ұлпа дейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпаларынан мүшелер, ал мүшелерден ағза түзіледі:Жасушалар тобы стрелка, ұлпа, стрелка, мүше, стрелка, ағза.Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші ұлпа, жабын ұлпа, негізгі ұлпа тірек ұлпасы, өткізгіш ұлпа, бөліп шығарушы ұлпа. Тірек ұлпасы - өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде орналасқан ұлпалар өсімдікте тірек қызметін атқарады. Тірек ұлпасы сабаққа жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет береді. Нәзік сабақтары қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкен жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты. Мысалы, алмұрт, шетен, беже, жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар тірек ұлпа. Жаңғақ, шие, алхоры, өрік, шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі тірек ұлпасына жатады.
Негізгі ұлпа - өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Тірі жасушалардан тұрады. Сабақта, пиязшықта, жапырақта, жемтамырда, тамыр сабақта болатын қоректік ұлпалар қор жинауға қатысады. Жасушалар арасындағы ауа кеңістік-тері де қоректік ұлпаға жатады. Зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсулар, майлар қорға жиналады. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып, негізгі ұлпа дейді. Фотосинтездеуші ұлпа хлоропластары бар тірі жасушалар тобынан тұрады. Жұқа өңнің астында орналасады. Жапырақ пен сабақтағы фотосинтездеуші ұлпа жасушаларының арасында бос кеңістіктер бар. Әсіресе, суда және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктерде жақсы дамыған. Қызметі негізгі ұлпа сіңіру фотосинтездеуші қорға жинаушы газ алмасу қызметін атқарады.
Жабын ұлпа - өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді. Түзуші ұлпа – жасуша қабықшасы жұқа, бір бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. Түзуші ұлпа сабақпен самырдың ең ұшында болады. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Қызметі жасушалар ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады. Тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Сылынған қабық пен сынған ағаштардың қайта қалпына келуі түзуші ұлпаның қызметіне байланысты.1 .Өң жасушалары тірі, бір бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өскен кезінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды қаптап тұрады. Қызметі өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануынан қорғайды. 2.Тоз көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналады. Қызметі су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз қабат. 3.Қыртыс ең соңынан, түзілетін қабат. Өсімдік сабақтары жуандаған сайын тозда жаңа қабаттар пайда болып, қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болады:

 

10-билет




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 444 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав