Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алқатұқымдастар-кіріккен өсімдіктер

Читайте также:
  1. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі - жидек немесе қауашақ. Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ (физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы

Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баклажанның гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.

Баклажан - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баклажанның өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1,5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады.

Баклажанды көшет арқылы жылыжайда өсіреді. Қыс ызғары кетіп, орташа температура 150С-ден жоғарылаған кезде көшетті отырғызуға болады. Егістікке отырғызуға дейін көшет 65-75 күн жылыжайда өседі.

Баклажанның жемісі 0,4-1,0 килоға дейін тартады. Ол алмұрт немесе қияр тәрізді, түсі қоңыр немесе күлгін қара болып келеді. Жемісінің құрамында нәруыз, май болады. Бұдан өзге кальций, фосфор, темір және өзге тұздары да бар. Баклажан медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті азайту үшін қолданылады. Баклажан - түсімді дақыл, 1 гектарынан 15-30 т түсім алынады.

Алқа тұқымдастар - 90-ға жуық туысты топтастыратын, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай атырапта кең таралған қосжарнақты өсімдіктер. Негізінен алғанда Орталық және Оңтүстік Америкада өседі. Олар шөптекті, бұталы немесе алма ағаш тәрізді болып келеді. Гүлі тұтасып біріккентостағаншадан және кірігіп тұтасқан бес күлтежапырақшадан тұрады. Сондықтан кіріккенкүлтелі өсімдіктер деп аталады. Жемісі - жидек (қызанақ, қара алқа), кейде қауашақ (меңдуана, шырайгүл, темекі). Алқа тұқымдастардың гүлін әр түрлі бунақденелілер, тропиктік елдерде құстар, тіпті сүтқоректілер тозаңдандырады.

3.Жеміс оның түрлері Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады. Экзокарпий мен мезокарпий клеткаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-жетілу кезінде жемістің клетка шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам (антропохория) арқылы таралады. Құрамында белок, май, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.

18.билет




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 102 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав