Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

 

23. Тұлғалық нәтижелер. 10-11-сыныптарының оқушылары:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңына және құқықтық тәртіпке құрмет;

2) белсенді азаматтық қөзқарасын, патриоттық сезімін; еліне деген мақтаныш сезімін;

3) әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну;

4) қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет;

5) өз елінің табиғатын сақтау және көркейтуге ұмтылатынын;

6) салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын;

7) қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауын;

8) өзіндік жұмыстарды орындау біліктігі мен өздігінен білім алу қабілетін;

9) үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық, басқаларға деген мейірімділік пен кішіпейілділікті;

10) үлкендер мен және өз жасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау дағдысын;

11) отбасылық құндылыққа сыйластықпен қарау;

12) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалау біліктігін көрсете білуі тиіс.

24. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. 10-11-сыныптарының оқушылары:

1) әртүрлі жағдайларда алгебралық білім жүйесін;

2) ақпаратты табу, талдау, өңдеу және жинақтау біліктігін;

3) математикалық материал бойынша берліген алгоритмді сауатты орындауды;

4) математикалық формулаларды қолдану біліктігін, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру біліктігін;

5) қоршаған орта мен саралас пәндердегі заңдылықтарды суреттеу және талдау үшін игерілген алгебралық түрлендірулер мен функционалды-графиктік кескіндеуді;

6) жуықтап және дәл, ауызша және инструменттер көмегімен есептеуді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын қаншалықты игергенін;

7) математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;

8) дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

9) математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

10) тану, жобалау, құрастыру және зерттеу әдістерін;

11) оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі тиіс.

 

«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

 

1. Түсінік хат

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды моделдеп қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.

3. Геометрияны оқыту көптеген мамандықтарды меңгеруге қажетті математикалық және практикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

4. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.

5. Геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

1) логикалық ойлауды одан әрі дамыту;

2) тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;

3) кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;

4) геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту;

5) бейнелік ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамыту;

6) графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту;

7) геометрия тарихы және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.

6. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес оқытудың келесі міндеттері шешілуі тиіс:

1) кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру;

2) кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

3) кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

4) сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

5) кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру;

6) геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру;

7) есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

8) геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;

9) нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту;

10) практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.

7. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:

1) геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;

2) векторлық-координаталық бағыт;

3) шамаларды өлшеу бағыты;

4) функционалдық бағыт.

8. 10-11 сынып геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады.

9. Оқушылар оқып біледі:

1) кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын;

2) кеңістіктік фигуралардың теңдігін;

3) дөңес фигураларды;

4) геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді;

5) көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды;

6) кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын;

7) кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін;

8) геометриялық фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметрияларды).

10. Геометрияны оқыту үдерісінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

11. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін құрастыру және шешу;

2) теңсіздіктерді дәлелдеу;

3) геометриялық шамалардың қатынасына арналған есептерді шешуде пропорцияның қасиеттерін қолдану;

4) квадрат түбірдің қасиеттерін және санның модулін қолдану;

5) кейбір бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін қолдану;

6) тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдану;

7) геометриялық есептерді алгебралық әдіспен шешу кезінде тепе-тең түрлендірулерді қолдану;

8) геометриялық есептерді шешу кезінде тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендірулерін қолдану;

9) геометриялық шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу үшін туындыны қолдану;

10) кейбір геометриялық денелердің көлемінің формулаларын шығару үшін интегралды қолдану.

12. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) геометриялық есептерді құрастыру және шешу кезінде физикалық үдерістерді сипаттау;

2) векторлық алгебраны физикалық үдерістер моделінде түсіндіру;

3) стереометриялық аппараттың көмегімен оптикалық құбылыстарды сипаттау;

4) көпжақтарды оқу барысында қатты заттың кристалдық құрылымын пайдалану;

5) кеңістіктік фигуралардың өзара орналасуын оқу барысында ғарыштық объектілер мен бүкіл ғаламдық құрылымдардың орналасуын пайдалану.

13. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) ендік пен бойлықты доға мен шеңбердің градустық өлшемі ретінде түсіндіру;

2) ендіктер мен мередиандарды сфераның жазықтықпен қималары ретінде түсіндіру;

3) географиялық объектілердің (таулардың биіктігі, ойпаттың тереңдігі және т.б.) сандық сипаттамаларын табу.

14. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) биологиялық құрылымдардағы симметриялар.

15. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) атомдағы электрондардың кеңістіктік орналасуы;

2) органикалық қоспалардағы химиялық байланыстардың симметриясы;

3) көпжақтарды оқу барысында әртүрлі заттар молекулаларының формаларын пайдалану.

16. «Информатика» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) дайын сызбалар бойынша есептерді шешу, кеңістіктік денелерді бейнелеу мен динамикалық жағдайларды жаңғырту үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;

2) қолданбалы программалар пакеттерін пайдаланып координаталық жазықтықта нүктелер жиынын салу;

3) кеңістіктегі геометриялық жағдайларды бейнелеу үшін графикалық 3D программалар пакеттерін пайдалану.

17. «Технология» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) сызу және өлшеу құралдарын пайдалану;

2) геометриялық фигураларды кескіндеу кезінде сызу дағдыларын пайдалану;

3) нақтылы объектілердің сызықтық және бұрыштық элементтерін өлшеудің әртүрлі әдістерін қолдану.

18. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен пәнаралық байланыстар:

1) геометриялық ұғымдардың пайда болу және даму тарихымен танысу;

2) қоғамның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі геометриялық есептердің пайда болуын қамтамасыз ету;

3) мәдени ескерткіштерде кездесетін геометриялық фигуралардың қасиеттерімен танысу;

4) сөздік қорын математикалық терминдермен байыту;

5) сөйлемді сауатты құрастыруға үйрету;

6) дедукциялық ойлауды, талдауды және дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойын сауатты айта білуге үйрету.

19. «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды;

2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.

20. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді, оған жету оқушының орта мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 86 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав