Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЗАНЯТИЕ 1.2.3 5 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 3 страница

2.ортаңғы бассүйек шұңқырының үйлескен жарақаты

3.алдыңғы бассүйек шұңқырының үйлескен жарақаты

4.бассүйек жіктерінің үйлескен жарақаты

5.торлы сүйектің үйлескен жарақаты

18.3.27.159.2

3-жасар бала 2-ші қабат биіктігінен құлады. Қысқа уақытқа есінен танған, бір реттік құсу болған. Объективті: сол жақ төбе-самай аумағында жарақаттық ісіну анықталады, оң білек сүйектерінің ығысқан сынық белгілері бар. Бассүйек рентгенограммасында жарақаттық зақымдану белгілері анықталған жоқ. Динамикада науқастың жағдайы жарақат алғаннан 10 сағаттан кейін нашарлады: мазасыздық, photophobia, cephalalgia пайда болды. Біраздан соң бала есінен танып қалды. Тонико-клоникалық тырысулар, оң жақтан парез пайда болды. Анизокория (сол қарашық оң жақтан үлкен), брадикардия анықталды. Артериалды қан қысымы 80/40 мм.сын.бағ. сіздің алғашқы диагнозыңыз:

1.үйлескен жарақат: бассүйек ішілік гематома, оң жақ білек сүйектерінің ығысқас сынығы

2.үйлескен жарақат: оң жақ білек сүйектерінің ығысқан сынығы,менингит.

3.үйлескен жарақат: оң жақ білек сүйектерінің ығысқан сынығы, энцефалит

4.үйлескен жарақат: оң жақ білек сүйектерінің ығысқан сынығы, бас миының шайқалуы

5.үйлескен жарақат: оң жақ білек сүйектерінің ығысқан сынығы бас миының соғылуы

18.3.27.160.2

Әкесі 1жасар баласын жоғары лақтырып тұрып, байқаусызда еденге құлатып алды,Бала басымен соғылып, қысқа уақытқа есінен танып қалды, тынысы тоқтап, тері жабындары бозарып, бір ретті құсу болды. Сосон бала ұйықтап қалды. Қарағанда оң жақ төбе аймағында көлемі 3х2 см аймақ ішке қарай, тереңдігі 0,7 см-ге кіріп тұр. Сол жақ білектің деформациясы, пальпацияда күрт ауырсынады. Неврологиялық статусында патологиялық белгілер жоқ. Қандай алдын ала диагноз болуы мүмкін:

1.үйлескен жарақат: бас миының соғылуы, бассүйегінің ішкі қарай басылып сынуы, білек сүйектерінің сынуы

2.үйлескен жарақат: бас миының гематомамен басылуы, білек сүйектерінің сынуы

3.үйлескен жарақат: бас сүйек негізінің алдыңғы ми шұңқыры арқылы сынуы, білек сүйектерінің сынуы

4.үйлескен жарақат: бас миының соғылуы, білек сүйектерінің сынуы

5.үйлескен жарақат: бас сүйек негізінің ортаңғы ми шұңқыры арқылы сынуы, білек сүйектерінің сынуы

18.3.27.161.2.

Әкесі 1жасар баласын жоғары лақтырып тұрып, байқаусызда еденге құлатып алды,Бала басымен соғылып, қысқа уақытқа есінен танып қалды, тынысы тоқтап, тері жабындары бозарып, бір ретті құсу болды. Сосон бала ұйықтап қалды. Қарағанда оң жақ төбе аймағында көлемі 3х2 см аймақ ішке қарай, тереңдігі 0,7 см-ге кіріп тұр. Сол жақ білектің деформациясы, пальпацияда күрт ауырсынады. Неврологиялық статусында патологиялық белгілер жоқ. Диагноз қою үшін қандай тексеру жүргізу керек.

1. бас сүйегінің және білек сүйектерінің рентгенографиясы, бас сүйектің кт

2. білек сүйектерінің рентгенографиясы, люмбалды пункция

3. білек сүйектерінің рентгенографиясы, бас миы удз

4. білек сүйектерінің рентгенографиясы, артериалды қысымды өлшеу

5. білек сүйектерінің рентгенографиясы, көз түбін тексеру

18.3.27.162.2.

12 жасар бала жарақат алғаннан 1 сағаттан кейін, әлсіздікке, селқостыққа, ұйқышылдыққа, жүрек айнуына, 2 рет болған құсыққа шағымданып түседі. Баланың айтуынша түсерден 1 сағат бұрын күрес жаттығулары кезінде қарсыласының мықын қырқасына басымен соғылған. Есінен айырылмаған. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Неврологиялық статусы: есі анық. Бала қарау кезінде адекватты, қарашықтары OD=OS. Фотореакция сақталған. Бұлшықет тонусы екі жақта бірдей. Жалпы милық және менингиалдяқ белгілер жоқ. Ромберг қалпында теңселеді. 2-проекциялы краниограммада сүйек жарақаты белгілері анықталмайды. Шамалы бармақ басылуы іздері анықталады. Қандай тактикалық ем қолданылады:

1. фуросемид

2. фуросемид, аспаркам

3. диакарб, аспаркам, фенобарбитал

4. фуросемид, аспаркам, NaBr

5. фуросемид, аспаркам, NaBr, фенобарбитал

18.3.28.163.1.

аталған ем компоненттерінің ішінен, күйік ауруының үшінші дәрежесін емдеудегі басты болатынын көрсетіңіз:

1.ауырсынуды басатын заттарды тағайындау

2.жоғалтқан сұйықтықты толықтыруға бағытталған инфузиялық терапия

3.протеолиз ингибиторларымен антигистаминді заттарды енгізу.

4.антибактериалды заттардың

5.стероидты гормондарды тағайындау

18.3.28.164.2.

бала 3 жаста. Госпитализациядан 2 сағат бұрын ыстық су құйылған ыдысты үстіне төгіп алған. Баланың жағдай ауыр, қозған, ыңқылдап жатыр. Күйіктік жара аймағында ауырсыну байқалады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ-34 рет. Жүрек тондары анық, тахикардия 148 рет/мин. АҚ-100/60 мм.сб б. Сіздің диагнозыңыз:

1.күйік ауруы.күйік шогының торпидты сатысы

2.күйік ауруы. күйік шогының эриктильді сатысы

3.күйік ауруы.токсемиялық сатысы

4.күйік ауруы.септикопиемиялық сатысы

5.күйік ауруы.реконволенсенция сатысы

18.3.28.164.2.

бала С,. 4 жаста. Госпитализациядан 1 сағат бұрын ыстық су құйылған легенге құлаған. Баланың жағдай ауыр. Тері жабындары бозғылт, беті үшкірленген. Адинамия, селқос, сыртқы ортаға назар аудармайды, шөлдейді, құсады. Дене қызуы 35,4 0С, ТАЖ-40 рет/мин. Пульсі жиі, толымдылығы әлсіз, ЖСЖ-104 рет/мин. Сіздің диагнозыңыз:

1.күйік ауруы.күйік шогының торпидты сатысы

2.күйік ауруы. күйік шогының эриктильді сатысы

3.күйік ауруы.токсемиялық сатысы

4.күйік ауруы.септикопиемиялық сатысы

5.күйік ауруы.реконволенсенция сатысы

18.3.28.166.2.

Бала Б,. 5 жаста. Хирургия бөлімінде 15 күн бойы денесінің және аяқ-қолдарының күйіктік жарақаттан кейін емделіп жатыр. Баланың жағдай ауыр. Тері жабындары бозғылт. Дене қызуы 38-38,6 0С, тәбеті төмендеген, ұйқысы бұзылған. Өкпесінде қатқыл тыныс, төменгі бөлімдерде әлсіреген. ТАЖ-44 рет/мин. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс толымдылығы әлсіз, қысымы төмен, ЖСЖ-140-150 рет/мин. Іші қалыпты пішінді, пальпацияда жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұрады, көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде Нв-140 г/л, эритроцитоз-4,59х1012 /л, жалпы белок-50г/л, Зәр анализдерінде белок-,0,066, эритроциттер-5-6 к/а, салыстырмалы тығыздығы 1012. Сіздің диагнозыңыз:

1.күйік ауруы.күйік шогының торпидты сатысы

2.күйік ауруы. күйік шогының эриктильді сатысы

3.күйік ауруы.токсемиялық сатысы

4.күйік ауруы.септикопиемиялық сатысы

5.күйік ауруы.реконволенсенция сатысы

18.3.28.167.2.

Бала И,. 6 жаста. Хирургия бөлімінде 33 күн бойы, күйіктік жарақаттан кейін емделіп жатыр. Күйіктік жара көлемі 33%-ды құрайды. Баланың жағдай ауыр. Дене қызуы гектикалық. Тері жабындары бозғылт, бала салмақ жоғалтып жатыр. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ калибрлі сырылдар, ТАЖ-48-рет/мин. Жүрек тондары тұйықталған, систолалық шуыл, пульс 150 рет/мин, қысымы мен толымдылығы әлсіз. Іші сәл қампиған, ішек перистальтикасы әлсіз. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығып тұрады, көкбауыры 2 см-ге ұлғайған. Нәжісі кейде қан аралас, зәрі азайған. Қан анализінде Нв-80 г/л, эритроцитоз-2,8х1012 /л, т.к0,8, лейкоцит-14,08х109 /л, нейтрафиллез, т/я-7,с/я,-70, жалпы белок-50 г/л, күйіктік жара грануляциясы нашар, іріңді бөлініс ағады. Сіздің диагнозыңыз:

1.күйік ауруы.күйік шогының торпидты сатысы

2.күйік ауруы. күйік шогының эриктильді сатысы

3.күйік ауруы.токсемиялық сатысы

4.күйік ауруы.септикопиемиялық сатысы

5.күйік ауруы.реконволенсенция сатысы

18.3.28.168.3.

Бала 7 жаста. Күйік ауруымен хирургиялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Денесінің 28% күйігі бар, III-IIIАБ ст., жағдайы орташа ауырлықта. Тамақтанады, су ішеді. Өкпесінде везикулярлы дем. Сырыл жоқ. ЧДД-28. Жүрек тондары таза, ырғақты. ЧСС-100 р/мин. АҚҚ-90/60 мм с.б.б. Іші жұмсақ, басқанда ауырмайды. Бауыры және көкбауыры қалыпты. Қан анализінде Нв – 110 г/л, эритроцитоз – 3,84*1012 г/л, жалпы белок - 64 г/л. Күйік жарасы таза, жазылып келеді. Аздаған некротикалық струп бар. Жарақаттың цитограммасы қанағаттанарлық. Қандай емдеу тактикасын сіз қолданасыз, неге//

жалпықуаттандыратын, алмастырушы терапияны жалғастыру – өз бетімен грануляциялануға мүмкіндік береді//

гормонотерапия және плазма құю - өз бетімен грануляциялануға мүмкіндік береді//

грануляцияланған тінді кесу – дөрекілеу тыртықтанудың пайда болуы//

+тазаланған жердің жедел аутодермопластикасы – физиологиялық, жара тыртықсыз эпителизацияланады//

тотальды некроэктомия – келлоидты тыртықтардың пайда болуы, жарадан қан ағуды тоқтатады

18.3.29.169.1.

жаңа туған нәрестелердегі қисық мойын белгілері:

1.басының сырқат жаққа қисаюы, басының қарама қарсы жаққа бұрылуы, мойынның алдыңғы бүйір беткейінің ісініңкіреуі

2.басының қарама-қарсы жаққа бұрылуы, мойынның алдыңғы бүйір беткейінің ісініңкіреуі

3.басының сау жаққа бұрылуы, басының сырқат жаққа қисаюы

4.мойынның алдыңғы бүйір беткейінің ісініңкіреуі, басының сырқат жаққа қисаюы

5.тыртықтық тяжды палпациялау, басының сырқат жаққа қисаюы

18.3.29.170.2.

Сіз 14 күндік нәрестені қарап отырсыз, ол басын сол жаққа қисайтып, оң жаққа бұрып отыр. Пальпацияда сол жақ еміздікше-бұғана-төс бұлшықеті бойымен тығыздалған түзіліс анықталады. Лимфатикалық түйіндер ұлғаймаған. Қабыну белгілері жоқ. Сіздің диагнозыңыз:

1.мойын лимфадениті

2.мойын миозиті

3.туа болған қисық мойын

4.дермоидтты киста

5.лимфангиома

18.3.29.171.2.

3-жасар қыз балада оң жақ бетінің ассиметриясы байқалады. Басы оңға қарай қисайып, солға қарай бұралған.Бастың қозғалысы шектелген, қиындаған. Мойынының оң жағында, бұғанадан жоғары еміздік тәрізді өсіндіге бағытталған, тығыз, ауырсынбайтын тяж пальпацияланады. Алғашқы диагноз қандай?

1.оң жақты бұлшықеттік қисық мойын

2.бет қаңқасының дамуының ассиметриясы

3.краниостеноз

4.гидроцефалия

5.колобома

18.3.29.172.2.

балаға 8-ай. Басы алға және оңға еңкейген, солқа бұрылған. Оң жақ еміздікше-бұғана-төс бұлшықеті бойында, Т/3 бөлімінде, өлшемі 2х2,3 см болатын тығыздалу, тығыз консистенциялы ісіну анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

1.Клиппель-Фейл синдромы

2.спастикалық қисық мойын

3.десмогенді қисық мойын

4.туа болған қисық мойын

5.қанат тәрізді мойын

18.3.29.173.2.

бала М. 4-жаста. Жағдайы қанағаттанарлық, соматикалық сау. Бетімен бас сүйектің ассиметриясы. Басы солға қисайып оңға бұрылған. Сол жақ иығы мен жауырыны жоғары тұр. Еміздікше-бұғана-төс бұлшықеті тяж тәрізді, ұстағанда тығыз, қысқарған. Сіздің тактикаңыз:

1.массаж, ЛФК

2.Шанц таңғышын салу

3.Зацепин бойынша миотомия операциясы

4.лидаза мен калий иодидімен электрофорез

5.Глиссон ілмегімен тару

18.3.29.174.3.

9 жастағы ұл балада тексеру кезінде бетінің асимметриясы, басының алдыға еңкеюі және оңға қарай бұрылуы байқалды. Оң жақ мойын аймағында тері астында тығыз бұлшық ет контуры көрінеді. Сіздің емдеу тактикаңыз және неге//

ортопед байқауында болу - өз бетімен емделеді//

физиотерапия тағайындау – мойын бұлшықет аймағындағы гематоманың сорылуы//

мақталы-гипстік «жаға» салу – басты қалыпты жағдай фиксациялайды//

ЕДШ (ЛФК) және массаж тағайындау – бастың жағдайын жақсартты//

+Микулич бойынша миотомия – қалыпты жағдайға келтіруге жол береді

18.3.30.175.1.

аталған аурулардың ішінде қайсысы қаңқа дисплазиясына жатады:

1.дисхондроплазия, блаунт ауруы, моделунг ауруы, сүйек-шеміршек экзостоздары

2.мешелдік деформациялар, сүйек-шеміршек экзостоздары, остеохондропатиялар

3.дистрофиялық сүйек кисталары, моделунг ауруы, мешелдік деформациялар

4.остеохондропатиялар, блаунт ауруы, дистрофиялық сүйек кисталары

5.мешелдік деформациялар, дистрофиялық сүйек кисталары, остеохондропатиялар

18.3.30.176.2.

Науқас М. 7 жаста. Жамбас буынындағы ауырсынуға, оң аяқтан ақсауына шағымданады. Физикалық жүктемеден кейін ауырсыну күшейеді. Объективті: оң жақ санның бұлшықеттерінің атрофиясы, оң жақ сан-бөксе қатпарының тегістелуі, оң жақ сан аумағы сол жаққа қарағанда 1,5 см азайған.оң жақ сан ішке қарай ротацияланған, бүгу контрактурасы бар және жазғанда ауырсынады. Рентгенограммада: сан сүйегі басының мүжілгендігі анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

1.санның туа болған шығуы

2.Пертес ауруы

3.Гильон ауруы

4.Шойерман ауруы

5.Ван-Нек ауруы

18.3.30.177.2.

науқас С., 13 жаста. Сол жақ сирақтың ж/3 бөлімінде ауырсынуға шағымданады және сол жерде ісіну анықталады. Объективті: сол жақ сирақтың ж/3 бөлімінде ісіну анықталады, сүйектің бұдырлануы анықталады. Пальпацияда күрт ауырсынады. Тізе буынын бүгіп жазғанда ауырсыну күшейеді. Балтыр сүйектерінің рентгенограммасында: эпифиздің тұмсық тәрізді шошаюы және қосымша валиктің болуы анықталады.Сіздің диагнозыңыз:

1.Тимол ауруы

2.Осгутт-Шлаттер ауруы

3.Пертес ауруы

4.Шойерман ауруы

5.Гесс ауруы

18.3.30.178.2.

науқас К., 5 жаста.Оң жақ табанының медиалды жиегіне жақын жерде ауырсынуына шағымданады. Объективті: ладия тәрізді сүйек аумағында ісіну байқалады, саусақ-табан буынында пальпация мен қозғалыс кезінде ауырсынады. Рентгенограммада-ладья тәрізді сүйектің фрагментациясы. Сіздің диагнозыңыз:

1.Келлер ауруы І

2.Осгутт-Шлаттер ауруы

3.Шойерман ауруы

4.Келлер ауруы ІІ

5.Кальве ауруы

18.3.30.179.2.

Науқас З., 13 жас. Шағымдары: сол табанның дорсальды беткейіндегі ауырсыну. Объективті: жүрген кезде және табанды бүккенде және пальпацияда ІІ-ІІІ толарсақ сүйектер басы аймағында ауырсыну. Рентгенограммада ІІ-ІІІ толарсақ сүйектер басының фрагментациясы мен контрастылығының жоғарылауы. Сіздің диагнозыңыз:

1. Келлер ауруы І

2. Келлер ауруы ІІ

3. Шинц ауруы

4. Шайерман ауруы

5. Кальве ауруы

18.3.30.180.3.

Бала 3 жаста. Жағдайы орташа ауырлықта. Аяқ-қолдарының қысқаруы анықталады. Қолдары кіндігіне әзер жетеді. Аяқ қолдың проксимальды сегменттерінің қысқаруы (иық және сан сүйектерінің) дистальды сегменттерімен салыстырғанда (білек және жіліншік сүйектері) айқын. Вальгустық және варустық деформация анықталады. Лордоз, жайпақ табан. Макроцефалия, брахицефалия. Емдеу тактикасы, неге//

+ортопедиялық – аяқ-қолдың барлық бөліктерін дұрыс қалыпта бекіту//

сүйекті резекциялау – аз жарақатты, буын контрактурасына әкеледі//

Илизаров аппаратын салу – сүйектің өсу зонасы бұзылмайды//

сүйектің аутопластикасы – физиологиялық//

артродез – аз жарақаттық, буын анкилозына әкеледі

18.3.31.181.1.

Туа біткен маймақтық қандай табан деформациясы элементтерінен тұрады:

1. вальгусты деформация, табан эквинусы, табан пронациясы, табан аддукция

2. варусты деформация, табан эквинусы, табан супинациясы, табан аддукция, табан инфлексиясы

3. табан супинациясы, табан күмбезінің жалпақтануы, вальгусты деформация

4. табан инфлексиясы, табан пронациясы, табан күмбезінің жалпақтануы

5. вальгусты деформация, табан пронациясы

18.3.31.182.2.

Науқас Б., 3 ай. Жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық тұрғыдан дені сау. Объективті: табанның өкшелік бүгілуі, супинация, табандық беткейдің сыртқы қырдың төмен түсуімен ішке бұрылуы, табанның тігінен күмбезінің ұлғаюымен алдыңғы бөлімнің әкелінуі. Сіздің диагнозыңыз:

1. маймақтық

2. жалпақ табан

3. жалпақ-вальгусты табан

4. артрогриппоз

5. амниотикалық маймақтық

18.3.31.183.2.

Науқас А., 1 ай. Балада табанның тобық буыныда өкшелік бүгілуі, табанның супинациясы мен аддукциясы. Деформация компоненттері көнгіш, күш салусыз түзеледі. Сіздің диагнозыңыз:

1. жалпақ табан

2. артрогриппоз

3. туа біткен маймақтық І дәрежелі

4. туа біткен маймақтық ІІ дәрежелі

5. туа біткен маймақтық ІІІ дәрежелі

18.3.31.184.2.

Науқас Г., 2 ай. Балада табанның тобық буыныда өкшелік бүгілуі, табанның супинациясы мен аддукциясы. Деформация компоненттері көнгіш, күш салусыз түзеледі. Тобық буынындағы қозғалыс шектелген, коррекция кезінде негізінен жұмсақ тіндер жағынан кейбір деформация элементтерін түзеуге кедергі келтіретін серпімді қарсыласу байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

1. жалпақ табан

2. артрогриппоз

3. туа біткен маймақтық І дәрежелі

4. туа біткен маймақтық ІІ дәрежелі

5. туа біткен маймақтық ІІІ дәрежелі

18.3.31.185.2.

Науқас Д., 2,5 ай. Балада табанның тобық буыныда өкшелік бүгілуі, табанның супинациясы мен аддукциясы. Деформация компоненттері көнгіш, күш салусыз түзеледі. Тобық буынындағы және табандағы қозғалыстар шектелген, деформацияның қолмен коррекциясы жүргізілмейді. Сіздің диагнозыңыз:

1. жалпақ табан

2. артрогриппоз

3. туа біткен маймақтық І дәрежелі

4. туа біткен маймақтық ІІ дәрежелі

5. туа біткен маймақтық ІІІ дәрежелі

18.3.31.186.3.

Науқас З., 3,5 жас. Табан деформациясы келесі компоненттерден тұрады: табанның өкшелік бүгілуі, табандық беткейдің сыртқы қырдың төмен түсуімен ішке бұрылуы, табанның тігінен күмбезінің алдыңғы бөлімнің әкелінуі. Балтыр бұлшықеттерінің гипотрофиясы, балтыр сүйектерінің ішкі торсиясы. Сіздің тактикаңыз:

1. консервативтік, табанды дұрыс қалпында бинтпен орау

2. консервативтік, кезеңді коррекциялаушы таңғыштар

3.консервативтік, емдік денешынықтыру, массаж

4.операция- Зацепин бойынша лигаментокапсулотомия

5. табан сүйектерінің сына тәрізді резекциясы, лигаментокапсулотомия

18.3.32.187.1.

Көрсетілген клиникалық симптомдардың қайсысы 2 жас 2 ай жасындағы баладағы туа біткен сан шығуына тән:

1. сан әкетілуінің шектелуі, аяқтың абсолютті (анатомиялық) қысқаруы, Тренделенбург симптомы теріс

2. сан әкетілуінің шектелуі, аяқтың салыстырмалы (функционалдық) қысқаруы, сан тері қатпарларының ассиметриясы, Тренделенбург симптомы оң, жамбас бұлшықеттерінің атрофиясы

3. сан әкетілуінің шектелуі, сан бүгілуінің шектелуі, Тренделенбург симптомы оң, сан бұлшықеттерінің атрофиясы

4. тері қатпарларының ассиметриясы, сан бұлшықеттерінің атрофиясы, аяқтың абсолютті (анатомиялық) қысқаруы

5. Тренделенбург симптомы теріс, аяқтың салыстырмалы (функционалдық) қысқаруы, сан бүгілуінің шектелуі

18.3.32.188.2.

1,6 жастағы балада санның сол жақтан әкетілуінің шектелуі, аяқтың салыстырмалы функционалдық қысқаруы, сан тері қатпарларының ассиметриясы, Тренделенбург симптомы оң, жамбас бұлшықеттерінің атрофиясы байқалады. Қандай ем әсерлі:

1. төменгі жақтан тарту, аяқты баспау

2. Велинский шинасын салу

3. аддукторотомия, «шорты» гипс таңғышын салу

4. гипс таңғышын әкетусіз («шорты») салу

5. оперативті ем, себебі аяқтың қысқаруы бар

18.3.32.189.2.

7 айлық балада ультрадыбыстық зерттеуде туа пайда болған ұршық шығуының клиникасы анықталды.Нақтылау үшін қандай зерттеу көрсетіледі:

1.жамбас-сан буын рентгенографиясы

2.Лауэнштейн бойынша жамбас-сан буын рентгенографиясы

3. жамбас-сан буын артрографиясы

4. жамбас-сан буын радиоизотопты зерттеуі

5. жамбас-сан буын артроскопиясы

18.3.32.190.2.

Бала 1 жаста.Анасының айтуы бойынша жамбас-сан буынында екі жақтан қозғалыстың шектелуіне шағымданады.Бұл патология туа пайда болған.Патология 6 айлығында отопедтің профилактикалық тексеруінде анықталған.Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Соматикалы дені сау.Жергілікті қарауда жамбас-сан буынында екі жақтан қозғалыс шектелген.Бала стационарлы емдеуге жолданды.Аддукторотомиямен екі жақ ұршық сүйегі басына жабық түзету жасалынды.Одан кейін гипсті шорты салынды.Қайта түскенде гипсті шорты шешілді.Жамбас-сан буынының тура проекциялы рентгенограммасында ұршық ойысының төбесі кесілген.Ұршық сүйегінің басы ойыста.Сүйектену ядросы әлсіз.Сфералылық бұзылған.Шентон сызығы сатылы.Виленский шинасы салынды.Сіздің диагноз:

1.дисплазия нәтижесінде ұршықтың туа біткен екі жақты шығуы

2.екі жақты коксартроз

3.спастикалық паралич фонында екі жақты шығуы

4.остеомиелиттен кейін екі жақты шығу

5.екі жақты кокса вара

18.3.32.191.2.

Ортопед қарауында,7 айлық балада бұлшық ет атониясы,арефлексия,оң жақтан жамбас-сан буынының босауы,аяқтың салыстырмалы ұзындығының қысқаруы.Ортопедтің диагнозы:

1.жамбас-сан буыны дисплазиясы

2.спастикалық паралич негізінде ұршық шығуы

3.әлсіз паралич негізінде ұршық шығуы

4.эпифизарлы остеомиелит негізінде патологиялық ұршық шығуы

5.аяқтың туа біткен қысқаруы

18.3.32.192.3.

Бала 1,6 жаста. Сол жақ санының сыртқа айналуының шектелуі, аяқтың салыстырмалы (функциональдық) қысқаруы, санның тері қатпарларының асимметриясы, Тренделенбург симптомы оң, бөксе бұлшық еттерінің атрофиясы. Емдеу тактикасы, неге//

сол аяқты созу (тарту), аяғына бастырмау – контрактура пайда болады//

Велинский шинасын салу – буын анкимлозы пайда болады//

+аддукторотомия, гипстен «шорты» тәріздес таңғыш салу – таңдаған гиперкоррекцияда шығуды орнына келтіреді//

санды сыртқы бұрмай гипстен таңғыш салу («шортысыз») - таңдаған гиперкоррекцияда шығуды орнына келтіреді//




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 54 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.046 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав