Читайте также:
|
Вопрос №1
| V2 | Астрономия қандай мәселелерді қарастырады? |
| Аспан денелерінің физикалық табиғатын зерттейді. | |
| Аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен эволюциясы мәселелерін шешеді. | |
| Аспан денелерінің көрінетін және нақты орнын, қозғалысын зерттейді. |
Вопрос №2
| V2 | Информацияны қабылдау әдістері бойынша астрономияның негізгі бөлімдерін атаңыз |
| B. Астрофизика. | |
| D. Аспан механикасы. | |
| F. Астрометрия. |
Вопрос №3
| V2 | Астрономияның үш ғылыми революциясының бастауы |
| B. Коперник ілімі және телескоптың ойлап табылуы. | |
| E. Спектрлік анализ және фотография. | |
| H. Космосқа аппаратураның шығарылуы. |
Вопрос №4
| V2 | Астрономияның пайда болуы мен дамуының түрткісі |
| A. Практикалық қажеттілік. | |
| D. Астрология. | |
| F. Сыртқы әлемді тану құмары. |
Вопрос №5
| V2 | Қазақстанда кәсіби астрономия қашан пайда болды? |
| D. 1941 ж. қазанда. | |
| E. 1941 ж. 21 қыркүйегінде Алматыда толық күн тұтылуынан кейін. | |
| H. ҚазКСР ғылым академиясына дейін. |
Вопрос №6
| V2 | Төменде келтірілген аспан денелері атауларының қайсысы қазақша атаулар болып табылады? |
| D. Үркер. | |
| E. Шолпан. | |
| H. Темірқазық. |
Вопрос №7
| V2 | Шоқжұлдыздар дегеніміз не және олар неліктен ойлап шығарылған? |
| Аспанда бағдарлану мақсатында. | |
| Астрономдардың ыңғайлылығы үшін. | |
| Шоқжұлдыздар– ең жарық жұлдыздары бойынша ұқсастандырылатын аспан сферасының облыстары. |
Вопрос №8
| V2 | Жұлдыздар, планеталар, Ай және Күннің көрінетін қозғалыстарының сипаттамасы. |
| C. Көрінетін Күннің жылдық қозғалысы және Айдың айлық қозғалысы жұлдыздар арасында сағат тіліне қарсы бағытталған. | |
| E. Планеталар жұлдыздар арасында сағат тілі бойынша да, қарсы бағытта да қозғалады (бұралаңдайды). | |
| G. Барлық аспан денелерінің тәуліктік қозғалысы сағат тілі бойымен бағытталған. |
Вопрос №9
| V2 | Қандай шоқжұлдыздарды зодиактық деп атайды? |
| C. Күннің жылдық жүріп өтетін жолындағы 13 шоқжұлдыздардың ішіндегі 12 шоқжұлдыздарды. | |
| E. Үлкен планеталардың жүріп өтетін жолындағы Змееносецтан басқа 12 шоқжұлдыздарды. | |
| H. Айдың айлық жүріп өтетін жолындағы шоқжұлдыздарды. |
Вопрос №10
| V2 | Аспан күмбезі мен аспан сферасы түсініктері. |
| F. Астрономиядағы аспан сферасы – центрі бақылаушының көзінде болатын, кез келген үлкен радиусты жорамал сфера. | |
| G. Күндіздік аспан күмбезі – біздің ішкі санамыз бірдей қашықтықта қабылдайтын, біздің атмосфера тығыздығының флуктуациясынан шашыраған Күн жарығы. | |
| H. Аспан күмбезі көптеген адамдардың елестетуі бойынша – аспанның әсем бейнесі. |
Вопрос №11
| V2 | 1 - аспан сферасының негізгі бағыттары мен нүктелері. |
| D. Вертикаль сызық – тіктеуіш сызығының бағытымен сәйкес келетін сызық. | |
| F. Әлем өсі – аспан сферасының центрінен өтетін және Жердің айналу өсіне параллель сызық. | |
| G. Зенит – вертикаль сызықтың аспан сферасымен қиылысатын, жоғарыдағы нүкте. |
Вопрос №12
| V2 | 2 - аспан сферасының негізгі сызықтары. |
| A. Аспан экваторы – аспан сферасының әлем өсіне перпендикуляр жазықтықпен қиылысуынан пайда болған үлкен дөңгелегі. | |
| C. Математикалық горизонт – бұл аспан сферасының тіктеуіш сызығына перпендикуляр жазықтықпен қиылысуынан пайда болатын үлкен дөңгелегі. | |
| G. Аспан меридианы – аспан сферасының полюс пен зениттен өтетін үлкен дөңгелегі. |
Вопрос №13
| V2 | Горизонталь координаталар жүйесі. |
| B. Азимут – бұл сфера центрінен оңтүстік нүктеге және математикалық горизонттың шырақ биіктігі дөңгелегімен қиылысу нүктесіне бағыттарының арасындағы бұрыш. | |
| E. Горизонталь координаталар жүйесінің негізгі жазықтығы математикалық горизонт жазықтығы болып табылады. | |
| G. Математикалық горизонт жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш биіктік деп аталады. |
Вопрос №14
| V2 | Бірінші экваториалдық координаталар жүйесі. |
| C. Экваториалдық жүйенің негізгі жазықтығы болып аспан экваторы жазықтығы табылады. | |
| E. Аспан экваторы жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш иілу деп аталады. | |
| H. Сағаттық бұрыш – бұл аспан меридианы мен шырақ жазықтықтары арасындағы бұрыш. |
Вопрос №15
| V2 | Екінші экваториалдық координаталар жүйесі. |
| B. Көктемгі күннің теңелу нүктесі – бұл Күннің оңтүстік жартышардан солтүстікке өтетін, экватордың эклиптикамен қиылысу нүктесі. | |
| D. Бірінші координата тік шарықтау болып табылады (көктемгі күннің теңелу нүктесі және шырақ иілуі дөңгелегі мен экватордың қиылысу нүктесі бағыттарының арасындағы бұрыш). | |
| G. Тік шарықтауды аспан экваторы жазықтығында тәуліктік қозғалысқа қарсы есептейді. |
Вопрос №16
| V2 | Планеталар дегеніміз: |
| Жұлдыздарды орбиталар бойымен айналатын аспан денелері. | |
| Жұлдыздардан массалары жүздеген есе аз объектілер. | |
| Өздік қуатты энергия көздері жоқ аспан денелері. |
Вопрос №17
| V2 | Эклиптикалық координаталар жүйесі |
| A. Эклиптика – бұл аспан сферасына жүргізілген проекциядағы жұлдыздар арасында Күннің жылдық жүріп өтетін жолы. | |
| D. Эклиптикалық жүйедегі координаталар ұзақтық пен енділік болып табылады. | |
| G. Эклиптикалық координаталар жүйесі күн жүйесі денелерінің орбиталарын есептеу кезінде қолданылады. |
Вопрос №18
| V2 | Жер формасы және қозғалысы, олардың нәтижелері. |
| B. Әлем полюсі биіктігі бақылау орнының енділігіне тең. | |
| D. Теңіз кемелері көрінуінің өзгеруі мен Ай тұтылуы Жердің шар тәрізділігінің дәлелі болып табылады. | |
| F. Мезгілдердің ауысуы тәуліктік айналу өсінің орбита жазықтығына көлбеу жасайтынына байланысты. |
Вопрос №19
| V2 | Батпайтын және шықпайтын шырақтарға арналған шарттар |
| A. Батпайтын шырақтар үшін: иілу δ> (90° - j) | |
| C. Батпайтын және шықпайтын шырақтар үшін: -(90° - j) <δ< (90° - j) | |
| G. Шықпайтын шырақтар үшін: δ< -(90° - j) |
Вопрос №20
| V2 | Параллактикалық үшбұрыш (п.ү.): анықтамасы және қасиеттері |
| C. П.ү. – төбелері полюс, зенит және шырақ болып келетін сфералық үшбұрыш. | |
| D. П.ү. бір қабырғасы зениттік қашықтық болып табылады. | |
| F. П.ү. бір төбесі Әлем полюсі болып табылады. |
Вопрос №21
| V2 | Сфералық үшбұрыш: анықтамасы және қасиеттері |
| A. Сфералық үшбұрыш (с.ү.) үлкен дөңгелектердің доғаларымен құрылады. | |
| C. С.ү. бұрыштарының қосындысы (A + B + C) 180°-тан үлкен және 540°-тан кіші. | |
| E. С.ү. бұрыштары үшбұрыш төбелерінен қабырғаларына жүргізілген жанамалардан түзіледі. |
Вопрос №22
| V2 | Сфералық тригонометрияның теоремалары (A, B, C – бұрыштар, a, b, c – қабырғалар). |
| B. sin a/sin A = sin b / sin B = sin c / sin C | |
| F. cos a = cos b cos c +sin b sin c cos A | |
| H. sinacosB = sinccosb – coscsinbcosA |
Вопрос №23
| V2 | 1 – уақыт өлшеулері |
| C. Секунд (атомдық) – бұл негізгі күйдегі 133Cs атомы шығаратын электро-магниттік толқын тербелістерінің 9 192 631 770 периодының ұзақтығына тең уақыт аралығы. | |
| D. Жұлдыздық уақыт – бұл көктемгі күн теңелу нүктесінің сағаттық бұрышы. | |
| G. Тропикалық жыл – нағыз Күн центрінің көктемгі күннің теңелу нүктесінен өткен көршілес екі уақыт аралығы. |
Вопрос №24
| V2 | 2 – уақыт өлшеулері |
| A. Уақытты өлшеу үшін уақыттың өлшем бірлігін таңдау керек (қандай да бір табиғи қатаң периодты процесті және санақ басын). | |
| E. Шын күндік тәулік – берілген орындағы Күннің екі көршілес әрі аттас кульминациялар аралығындағы уақыт. | |
| G. Орташа күндік тәулік – берілген орындағы орташа Күннің екі көршілес әрі аттас кульминациялар аралығындағы уақыт. |
Вопрос №25
| V2 | 3 – уақыт өлшеулері |
| A. Астрономияда уақытты бұрышпен өлшейді. | |
| B. Күннің экватор бойымен жылдық қозғалу жылдамдығы айнымалы. | |
| D. Бірдей уақыт моментіндегі орташа уақыт пен шын күндік уақыт айырмасы уақыт теңдеуі h деп аталады. |
Вопрос №26
| V2 | 4 – уақыт өлшеулері |
| C. Мұсылмандық күнтізбе Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) Мединадан Меккеге хижра жасауынан басталады. | |
| E. Жергілікті уақыттар айырмасы ұзақтылықтар айырмасына тең. | |
| H. Орташа күн – бұл шын Күннің тропикалық жылына тең периодта экватор бойымен бір қалыпты қозғалатын виртуалдық нүкте. |
Вопрос №27
| V2 | Аспанда шырақтардың орнын өзгертетін эффекттер |
| А. Көкжиек үстінде рефракция шырақты жоғыралатып көрсетеді. Және мынадай формуламен өрнектеледі: r = 60,25² tg z (z < 70° болғанда). | |
| D. Рефракция себебінен Жер полюстерінде полярлық күндер түннен ұзағырақ. | |
| H. Тәуліктік параллакс ол бақылау нүктесіне жүргізілген, шырақтан Жер радиусы көрінетін бұрыш. |
Вопрос №28
| V2 | Планеталардың көрінерлік қозғалысы |
| В. Элонгация ол Күн мен планеталар арасына бағытталған бұрыш. | |
| G. Птолемейдің геоцентрлік жүйесі планеталардың көрінерлік қозғалысын дәл нақты сиппаттайды. | |
| H. Жерге қарағанда Күнге жақын планеталар ішкі және одан алыс планеталар сыртқы деп саналады. |
Вопрос №29
| V2 | Планеталардың толық қозғалысы |
| Сыртқы планеталар үшін синодтық қозғалыс теңдеуі: 1/S = 1/T – 1/P, мұндағы S және P – планеталардың синодтық және сидерлік айналу периоды, ал Т – Жердің айналуының жұлдыздық периоды. | |
| Е. Синодический период – екі кезектелген бірдей конфигурациялы планеталар арсындағы уақыт аралығы. | |
| G. Эллипстің эксцентриситеті мынаған тең: e = (a2-b2)0,5 / a, мұндағы a және b – эллипстің жартылай осьтері. |
Вопрос №30
| V2 | Орбита элементері |
| С. Шығыс торабының гелиоцентрлік бойлығы – көктемгі күн теңелу нүктесі мен шығыс торабының арасына бағытталған Күн центрінен алынған бұрыш. | |
| D. шығыс торабынан w перигелийдің бұрыштық қашықтығы - перигелий мен шығыс торабының арасына бағытталған Күн центрінен алынған бұрыш. | |
| G. Орташа аномалия – егер ол орташа бұрыштық жылдамдықпен 2p/Т радиус шеңберін бойлай қозғалатын болса, (t-t0) уақыт аралығында планета сипаттай алатын, шеңбер доғасы, мұндағы Т – планетаның айналу периоды. |
Вопрос №31
| V2 | Екі дене есебі |
| С. Гравитациялық күш экрандалмайды. | |
| D. Екі дене есебінің нақты теңдеуі: v2 = f (M + m) (2/r -1/a), мұндағы v – m массалы дененің жылдамдағы, M – центральды дененің массасы, f – гравитациялық тұрақты, a –эллипса үлкен жартылай осі, r - радиус-вектор. | |
| Е. Кеплердің үшінші заңының нақтыланған түрі: T12(M + m1) / T22 (M +m2) = (a1/a2)3 |
Вопрос №32
| V2 | Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы |
С. Дененің критикалық (параболалық) жылдамдығы Vcirc тең.
| |
| Е. Жерге спутник орбитасының жақын нүктесі перигей деп аталады. | |
| F. Үшінші космостық жылдамдық бағытқа тәуелді және 16.6 дан 72.8 км/с аралығында жатады. |
Вопрос №33
| V2 | Аспан денелерінің көлемі, пішіні және оларға дейінгі қашықтық |
| С. Астрономиялық бірлік ол Жерден Күнге дейінгі орташа ара қашықтық. | |
| Е. Горизонталды параллакс ол бұрыш, егер ол көзге перпендикуляр болған жағдайда, шырақтан Жер радиусы көрінеді. | |
| F. Алып аспан денелерінің пішінін гравитация күші мен айналулар анықтайды. |
Вопрос №34
| V2 | Жердің қозғалысы |
| А. Эклиптпкалық параллакстың пішіні эклиптикалық ендікке тәуелді. | |
| G. Жердің айналуының дәлелі Кариолис күші, Фуко тәжірибесі, лақтырылған, түсетін дененің шығысқа қарай ауытқуы. | |
| H. Жерде жыл маусымдарының ауысып тұруы оның айналу осьтері орбита жазықтығына еңкеюімен түсіндіріледі. |
Вопрос №35
| V2 | Прецессия және оның салдары |
| С. Прецессия ол Ай мен Күннің өзіне тартуынан пайда болған момент әсерінен Жердің айналу остерінің бағытының өзгеруі. | |
| D. Прецессияның әсерінен көктемгі күн теңелу нүктесі ығысады. | |
| Е. Экваторды бойлай көктемгі күн теңелу нүктесінің орын ауыстыру жылдамдығы 46,11²/ жылды құрайды. |
Вопрос №36
| V2 | Айдың фазасы және қозғалысы |
| В. Бойлық бойынша тербелуі Жердің айналасында Айдың бірқалыпсыз жылдамдықпен айналуымен пайда болады. | |
| С. Айдаһар айы ол бір ғана орбита торабы арқылы Айдың екі рет кезектеліп жүруінің арасындағы уақыт аралығы. | |
| H. Айдың қозғалысы 2000 мүшеге жуық есептейтін теңдеумен сипатталады. |
Вопрос №37
| V2 | Астрономияның бұрышты өлшейтін құралдары және сағаттар |
| D. Кварцтік сағаттар – айнымалы токтың генераторы, оның тербелу периоды айнымалы электрлік өрісте орналасқан кварцтік пластинкамен қойылады. | |
| Е. Берілген уақыт аралығында сағаттарды түзетіп өзгертіп отыру сағатардың жүрісі деп аталады: w = (u1 – u2) / (T*2 –T*1), мұндағы u1 және u2 – Т1 және Т2 моменттерінде сағаттарды түзету. | |
| G. Астрономиялық трубаны бұру бұрышы екі дөңгелек бойынша саналады, олар трубаның екі өзара перпендикуляр осьтерімен тығыз байланысты. |
Вопрос №38
| V2 | Спутниктік навигацияның және геодезияның жүйесі |
| С. Спутниктік навигациядан шығатын теңдеу: ri =c(ti0 – tie), мұндағы ri – бақылаушыдан спутникке дейінгі қашықтық, c – жарық жылдамдығы, ti0 – бақылаушымен сигналды тіркеу мезеті, tie - сигналдың сәулелену мезеті. | |
| Спутниктік навигацияның басты жұмысқа керек теңдеуі: (x – xi)2 + (y – yi)2 + (z – zi)2 = c2 (ti0 +dt – tie)2 , мұндағы і – спутник нөмірі, dt – спутниктік сағаттарға қатысты бақылаушының сағатын белгісіз түзетілуі. | |
| Навигациялық спутниктің координатын дәл анықтау үшін 20 жер обсерваториясының желілері бар. |
Вопрос №39
| V2 | Экваториалдық координаттарды анықтаудың абсолютті әдістері |
| А. Еңкею жоғарғы және төменгі кульминацияларда шырақты бақылаумен мынадай формула бойынша анықталады: δ = 90° - 0,5(zd – zu), мұндағы zd және zu – төменгі және жоғарғы кульминациялардың зениттік арақашықтығы. | |
| С. Күннің тік шарықтауын мынадай формуламен анықтауға болады: sinα* = tgδ*/tge, мұндағы e - экватордың эклиптикаға еңіс бұрышы. | |
| H. Жергілікті жердің ендігін мынадай формуламен анықталады: j = 90° - 0,5(zd + zu). |
Вопрос №40
| V2 | Жұлдыздардың өзіндік қозғалысы |
| Е. Жұлдыздардың өздік қозғалысы қашықтыққа тәуелді. | |
| F. Өздік қозғалыс ол прецессияны, нутацияны және абберацияны ескермей бір жыл ішінде жұлдыздың ығысу бұрышы. | |
| G. Өздік қозғалыс бір бірлікте өлшенуі: бұрыштық секунд/жыл. |
Вопрос №41
| V2 | Астрономиялық карталар, каталогтар және мәліметтер базасы |
| С. Халықаралық аспан тірек санақ жүйесі өздік қозғалысы нөлге тең ғарыштық алыс қашықтықтыға радиокөздерге байланған. | |
| D. Қазіргі таңда нақтырақ астрономиялық каталог «Гиппаркос» ғарыштық каталогы болып табылады. | |
| Е. Халықаралық астрономиялық орталықтар Страсбургта орналасқан (Франция). |
Вопрос №42
| V2 | Космостық геодезия және ЖЖС бақылау әдістері. |
| A. Космостық геодезияның негізінде Жер бетінен бұрыштық өлшеулер үшін Жер мен Айдың жасанды серіктерін тірек нүктелері ретінде қолдану жатыр. | |
| D. Лазерлік ұзақ метрияның негізгі формуласының түрі: r = 0.5 (cDt +Dr1 + Dr2), мұндағы r - ізделініп отырған ұзақтық, Dr1 және Dr2 – атмосферадағы сәулелердің іркілуі мен аппаратураның қателігіне байланысты сәйкес түзетулер. | |
| G. Доплерлік ЖЖС бақылау әдісінің негізгі теңдеуінің түрі: |
Вопрос №43
| V2 | Астрометриядағы тым ұзын базалы радиоинтерферометрлер (ТҰБР). |
| B. ТҰБР базасы бірнеше мың километрді құрайды. | |
| D. Радиотелескоптардағы атомдық сағаттар секундтың миллиондық бөлігі дәлдігімен синхрондалулары керек. | |
| G. Радиоинтерферометрлердің көмегімен Халықаралық аспандық тіреу жүйесі құрылған. |
Вопрос №44
| V2 | Электромагниттік сәуле шығарудың негізгі түсініктері және қасиеттері. |
| A. 1 эВ = 1, 6´10+19 Дж | |
| C. Көрінетін сәуле шығару кванттарының энергиясы 2-3 эВ тең. | |
| D. 1А = 10-8м | |
| F. Көрінетін сәуле шығарудың ұзын толқынды шекарасы – шамаман 760нм. |
Вопрос №45
| V2 | Жер атмосферасы. |
| A. Жер атмосферасының екі мөлдір терезесі бар: оптикалық және радио терезе. | |
| E. Спектрдің инфрақызыл облысында сәуле шығаруды су молекулалары және көмірқышқыл газы жұтады. | |
| F. Радиодиапазонда атмосфера толқын ұзындығы 1 см -ден 20м –ге дейінгі сәуле шығару үшін мөлдір болады. |
Вопрос №46
| V2 | 1 – Астрофотометрия негіздері |
| E. Ағын сәуле шығару көзіне дейінгі қашықтыққа кері пропорционал кемиді. | |
| F. Берілген аудан арқылы өтетін ағын сәуленің түсу бұрышының косинусына пропорционал. | |
| H. Жарқырау – сәуле шығару көзінің бірлік уақытта шығаратын барлық энергиясы. |
Вопрос №47
| V2 | 2 – Астрофотометрия негіздері |
| A. Ағын – бірлік уақытта берілген ауданнан өтетін сәулелік энергия мөлшері. | |
| C. Энергетикалық жарықтылық – берілген бағытта бет арқылы өтетін сәуле шығару ағынының бірлік денелік бұрышқа және сәуле шығару бағытына перпендикуляр бірлік ауданға қатынасы. | |
| G. Жұлдыздық шамалар шкаласы – жұлдыздар және басқа да денелермен тудырылатын жарықтылықтардың фотометрлік логарифмдік шкаласы. |
Вопрос №48
| V2 | Жұлдыздық шамалардың энергетикалық шамалармен байланысы. |
| A. Жұлдыздық шама – бұл объектінің спектрі энергиясының түйіні және прибордың өткізу жолағы. | |
| B. Спектрде энергияның таралуы – бұл дененің сәуле шығару энергиясы мөлшерінің толқын ұзындығына тәуелділігі. | |
| D. Болометрлік жұлдыздық шама – барлық спектрлік интервалдағы сәуле шығарумен анықталатын объектінің жұлдыздық шамасы. |
Вопрос №49
| V2 | Молекулалық физика бойынша негізгі мағлұматтар. |
| A. Идеал газ күйінің теңдеуі: p = mRT/μ, мұндағы p – қысым, m – газ массасы, R – универсал газ тұрақтысы, T – абсолют температура, μ – салыстырмалы молекулалық масса. | |
| B. Температура – дененің жылулық күйін сипаттайтын және дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама. | |
| C. Больцман тұрақтысы – бұл бір молекуланың 1К есептелген ықтималдылығы ең жоғары энергиясы. |
Вопрос №50
| V2 | Электромагнетизм және оптика бойынша негізгі мағлұматтар. |
| B. 1граммға есептелген жұтылу коэффициентін заттың әр шаршы сантиметріне 1 грамм масса сәйкес келетін қабатының оптикалық қалыңдығы деп қарастыруға болады. | |
| C. Бірлік көлемді кернеулігі Н магнит өрісінің энергиясы Н2/2p тең. | |
| E. Еркін жүгіріс ұзындығы – бөлшектің кезекті екі соқтығыс аралығында жүріп өтетін жолы: Λ = 1/nσ, мұндағы n – бөлшектер концентрациясы, ал σ – эффективтік қима. | |
| H. Жұқа оптикалық қабат – бұл оптикалық қалыңдығы t<< 1 болатын қабат. |
Вопрос №51
| V2 | Абсолют қара дененің (а.қ.д.) сәуле шығару заңдары |
| B. Термодинамикалық тепе-теңдік – дене бірлік уақытта қаншалықты жұтса, соншалықты шығаратын физикалық күй. | |
| C. Планктың а.қ.д. сәуле шығару мүмкіншілігіне арналған формуласы: endn = (2phn3/c2)[exp(hn/kT) -1] dn, мұндағы h – Планк тұрақтысы, k – Больцман тұрақтысы, n- жиілік, T – абсолюттемпература. | |
| D. Виннің ауысу заңы: lmax = 0,0029 / kT |
Вопрос №52
| V2 | Астрономиядғы ең белгiлi спектрлiк сызықтар және ең маңызды физикалық эффектілер. |
| A. Спектрдiң көрiнетiн облысындағы ең белгiлi сызықтар: сутектің бальмерлік сызығы Hα - Hε, кальцийдің екi рет иондалған сызығы H және K, натрийдің D1, D2 сары дублеті, гелий сызығы, екi рет иондалған оттегiнiң тыйым салынған сызықтарының жасыл дублеті. | |
| B. Сәуле шығарудың поляризациясы симметриялық емес молекулаларда, ұсақ тозаңдарда, еркiн электрондарда жарықтың ыдырауы кезінде пайда болады. | |
| F. Спектрлiк сызықтардың пайда болуы атомдардың iшкi қуатының тұрақты өзгерiсiмен (жұту-сәулелендіру) байланысты. |
Вопрос №53
| V2 | Оптикалық телескоптардың мақсаттары мен типтері. |
| A.Телескоптардың негізгі мақсаты - аспан денелеріндегі сәулеленуді жинау. | |
| E.Телескоптың мақсаттарының бірі рұқсат етілген мүмкіндіктерді ұлғайту болып табылады. | |
| G. Телескоптың міндеттерінің бiрi бейненi құру болып табылады. |
Вопрос №54
| V2 | Телескоптың сүлбелері мен сипаттамалары. |
| A. Кеплердiң рефракторы фокустерi қатар қолданылған екi таратылған қос-дөңес линзалардан тұрады. | |
| E. Аспанның үлкен аумақтарын суретке түсіру үшін жарыққа төзімді телескоптар: Шмидт камералары және Максутов телескоптары қолданылады. | |
| F. Объективдиаметрі телескоптың негізгі параметрі болып табылады. |
Вопрос №55
| V2 | Телескоптар аберрациясы. Адаптивтіжәне активті оптика. |
| A. Сфералық айналарда өте үлкен сфералық аберрация болады. | |
| B Салыстырмалысаңылау –бұл объективдиаметрiнiң телескоптыңфокусқашықтығынақатынасы болып табылады. | |
| F. Адаптивтi телескоп дифракция бейнесiне жетуге көмектесетін жер атмосферасы арқылы шығарылған толқындық фронттыңөзгеруін компенсациялайды. |
Вопрос №56
| V2 | Телескоптардың монтировкасы |
| C. Кіші көлемді телескоптар (диаметрі 1м аз) немісмонтировкасында қойылады,ондаостердің біреуі Жердің айналу осінепараллель. | |
| D. Ағылшынмонтировкасындателескоптың негізгі (полярлық) осі өзінің шетімен екі тіреуіш колоннаға сүйемелденеді. | |
| F. Күнді бақылау үшін толық қондырғылар қолданылады, олардың бір айнасы жазық, ал екіншісі - сфералық. |
Вопрос №57
| V2 | Астроклиматтың рөлі |
| A. Жер атмосферасы жарықтың түсу жолын қисайтады, толқын ұзындығына тәуелді сәулеленуді баяулатады, жарым-жартылай оны поляризацияландырады және кескінді бұлдырлатады. | |
| B. Жер атмосферасы электромагниттік сәулеленуді екі түрлі спектр аймағында өткізеді: 1 см-ден 20(30)м аралығындағы радиодиапазонда орналасқан көрінетін және оған жалғасқан кішігірім ультракүлгін және инфрақызыл аймақтарда. | |
| C. Астроклиматтың негізгі факторлары: ашық түндердің саны, атмосфераның мөлдірлігі мен тұрақтылығы, нүктелік сәуле шығару көзі кескінінің өлшемі және аспан фоны (жарқырауы). |
Вопрос №58
| V2 | Радиотелескоптар |
| B. Радиотелескоптың сезімталдылығының нүктелік сәуле шығару көзінің орнына тәуелділігін бағытталу диграммасы деп атаймыз. | |
| G. Радиоинтерферометр жолының айырмасы а = b sinα, b – база ұзындығы, α - база бағыты және беткі жазықтыққа түсетін толқындар арасындағы бұрыш. | |
| H. Диаметрі 306 м болатын дүниежүзіндегі ең үлкен радиотелескоп Пуэрто -Рикода орналасқан. |
Вопрос №59
| V2 | Инфрақызыл және рентгендік астрономия |
| A. Су молекуласы және көмірқышқыл газы инфрақызыл сәулелерін қарқынды жұтады. ИҚ сәулелерінің толқын ұзындықтарын жер беткейінен тек бірнеше интервалын бақылай аламыз (терезе мөлдірлігінен), онда да тек таулы аймақтардан немесе ұшақтан. | |
| D. Ең танымал ғараштық ИҚ телескоптар: IRAS, «Спитцер» және «Гершель». | |
| E. Ренгенде және гамма-диапазонда жоғары энергиялы физика техникасы қолданылады: сцинцилляциялық есептеуіштері, ионизациялық газ детекторлары. |
Вопрос №60
| V2 | Сәуле қабылдағыштары - 1. |
| B. Қабылдағыштың сезімталдылығы деп шығыс сигналының өлшенетін ағынға немесе жарықтылыққа қатынасын айтамыз. | |
| E. Қабылдағыштың спектрлік сипаттамасы - ол сезімталдықтың толқын ұзындығына тәуелділігі. | |
| F. Қабылдағыштың сезімталдылығы сигнал шамасының әр түрлі заңдылығына тәуелді. |
Вопрос №61
| V2 | Сәуле қабылдағыштары - 2 |
| A. Сезімталдылық шегі - тіркелетін ағынның немесе жарықтың минималды көрсеткіші. | |
| C. Фотографияныңнегізгіартықшылықтары: сигналжинақтауқасиеті, панорамалы, документалды, объективті. | |
| G. Сипаттамалық фотографиялық қисық - негативтің қараюының оған түскен энергия мөлшеріне тәуелділігі. |
Вопрос №62
| V2 | Сәуле шығаруды қабылдағыштар - 3 |
| A. Фотоэлектрлік сәуле шығаруды қабылдағыштар сыртқы және ішкі фотоэффект құбылыстарына негізделген. | |
| E. Фотокөбейткіш – сәуле шығаруды эмиттер-динодтардың көмегімен күшейетін токқа түрлендіретін электр-ваакумдық құрылғы. | |
| F. Тіркеудің фотоэлектрлік әдісінде фотокөбейткіште пайда болатын ток немесе импульс күшейткіші қажет. |
Вопрос №63
| V2 | Сәуле шығаруды қабылдағыштар - 4 |
| A. Фотокедергілердің жұмыс істеу принципі ішкі фотоэффектке негізделген. | |
| E. ЗБҚ-қабылдағыштар – электр зарядын жинақтай алатын және сақтай алатын МОЖ-кондесаторлар жиынынан тұратын мозаика. | |
| G. ЗБҚ-матрицалардағы зарядтарды азайту ЭЕМ-да кернеу импульстары түрінде іске асады. |
Вопрос №64
| V2 | Фотометр және фотометрлік жүйелер. |
| A. Фабрилинзасы – фотокөбейткіш фотокатодында телескоптың кіріс қарашығының суретін құрастыратын фотоэлектрлік фотометрдегі линза. | |
| C. Фотометр – сәуле шығару интенсивтілігін өлшейтін құрылғы. | |
| F. Фотометрдің міндетті элементтері кіріс диаграммасы, фильтрлер жиынтығы, көрсететін окуляр, сәуле шығару қабылдағыштары болып табылады. |
Вопрос №65
| V2 | Спектрлік құрылғылар - 1 |
| F. Жарық дисперсиясы – ақ жарықтың жеке түстерге (спектрге) жіктелуі. | |
| G. Эшеллет – берілген штрих формасы бар дифракциялық тор. | |
| H. Спектрографтың сызықты дисперсиясы – камераның фокустық қашықтығы f мен бұрыштық дисперсия dα/dl көбейтіндісіне тең шама. |
Вопрос №66
| V2 | Спектрлік құрылғылар - 2. |
| A. Спектр – толқын ұзындығына тәуелді объектінің электромагниттік сәуле шығару энергиясының таралуы. | |
| E. Спектрлік құрылғының негізгі сипаттамасы спектрлік рұқсаттама болып табылады: R = l/Dl. Dl - бөлек көрінетін сызықтар арасындағы минимал интервал. | |
| G. Шағылдырғыш дифракциялық тор бетіне тығыздығы 1 мм -ге сәйкес оннан бірнеше мыңға дейін жететін көптеген бірдей қашықтықтағы штрихтар жасалған алюминийленген айна болып табылады. |
Вопрос №67
| V2 | Космостық сәулелер. Нейтриндік және гравитациялық құрылғылар. |
| C. Космостық сәулелер бүкіл әлемдік тартылу заңына бағынбайды. | |
| E. Гравитациялық антенна қызметін кез келген массалары теңдей сыналатын денелер (гантель типті) немесе созылған дене (цилиндр) және массалардың салыстырмалы аз ауытқуын немесе оларды туындататын күштерді тіркей алатын сезімтал құрылғы атқара алады. | |
| F. Нейтринолардың үш типі белгілі: осцилляцияланатын (периодты түрде бір-біріне түрленіп отыратын) электрондық, мюондық және тау-нейтрино. |
Вопрос №68
| V2 | Ай физикасы -1 |
| E. Айда мұз түрінде су бар. | |
| F. Айдағы мұздың кометалық тегі бар. | |
| G. Айда атмосфера жоқ. |
Вопрос №69
| V2 | Ай - 2 |
| D. Айдағы таулар биіктігі Жердегіден үлкен болуы мүмкін. | |
| G. Ай бетінде температура Цельсий бойынша +130 дейін жетеді. | |
| H. Айдағы көптеген кратерлердің қарқындық тегі бар. |
Вопрос №70
| V2 | Жер планета ретінде |
| A. Өткен заманда Жер сұйық фазада болған. | |
| C. Жерде магнит өрісінің болуы оның қойнауының сұйық күйде екендігін көрсетеді. | |
| F. Жердің жасы радиоактивті әдіспен анықталады. |
Вопрос №71
| V2 | Меркурий |
| B. Меркурий бетінің рельефі Айдыкіне ұқсас. | |
| D. Күнмен жарықталған бетінің температурасы 700 К дейін жетеді. | |
| E. Меркурийдің магнит өрісі әлсіз, бұл оның ядросының сұйық екендігін көрсетеді. |
Вопрос №72
| V2 | Шолпан |
| B. Шолпанда жыл мезгілдері ауысымдары жоқ. | |
| C. Шолпанның өз өсінен айналу периоды Күнді айналу периодынан үлкен. | |
| E. Шолпан бетіндегі атмосфералық қысым 90 атмосфераға дейін жетеді. |
Вопрос №73
| V2 | Марс |
| D. Күн жүйесіндегі биіктігі 27 км ең үлкен Олимп жанартауы Марста орналасқан. | |
| E. Марс бетінің космостық суреттерінде кеуіп кеткен өзен арналары көрінеді. Бұл Марс атмосферасының тығызырақ екендігін, сәйкесінше өткен замандағы климатының жұмсақтығын көрсетеді. | |
| G. Жерден полярлық қалпақтардан басқа Марстағы теңіздер мен материктер атауын алған ашық және қараңғы облыстар көрінеді. |
Вопрос №74
| V2 | Юпитер |
| C. Юпитер массасы Жерден 318 есе көп, алайда ол жұлдыз болу үшін 100 есе артық болу керек. | |
| E. Телескоптан көрінетін Юпитердегі қызғылт және сары түсті ашық және қараңғы жолақтар - әр түрлі биіктіктегі атмосфералық көтерілетін және түсетін ағындар. | |
| G. 1995 жылдан бастап бірнеше жыл бойы Юпитер айналасында Жерге Юпитер мен оның серіктерінің мыңдаған фотосын жіберген «Галилео» атты жасанды серік ұшып жүрді. |
Вопрос №75
| V2 | Сатурн |
| B. Сатурнның химиялық құрамы Күнге ұқсас, яғни Сатурн 99% сутегі мен гелийден тұрады. | |
| C. Сатурн атмосферасының эффективті температурасы 95К. | |
| H. Сатурн өзінің атақты сақинасымен космоста белгілі |
Вопрос №76
| V2 | Алып планеталар серіктері. |
| A. Барлық алып планеталардың әр түрлі формадағы және қанықтықтағы сақиналары болады. | |
| C. Сатурн сақиналары көптеген миллиард мұз кристалдарынан және кішкентай әрі үлкен мұзбен қапталған бөлшектер жиынынан тұрады. | |
| E. Күн жүйесінің ең үлкен серігі – Титан. |
Вопрос №77
| V2 | Төмендегілердің ішінде аспан сферасының элементтеріне жатпайтындары: |
| Ай | |
| Күн | |
| жер |
Вопрос №78
| V2 | Кульминация туралы айтылғандардың дұрысы: |
| Шырақтың аспан меридианын қиып өтуі | |
| Шырақ аспан меридианының жоғарғы бөлігін қиып өтуін жоғарғы кульминация | |
| Шырақ аспан меридианының төменгі бөлігін қиып өтуін төменгі кульминация деп атайды |
Вопрос №79
| V2 | Горизонталь координаттарының жүйесі туралы айтылғандардың дұрысы |
| негізгі жазықтығы ретінде математикалық көкжиек жазықтығы алынады | |
| Негізгі нүктелер ретінде зенит және оңтүстік нүктелері алынады | |
| Бірінші координат ретінде шырақтың зениттік қашықтығы z немесе көкжиектен биіктігі һ алынады |
Вопрос №80
| V2 | Шырақтың азимуты туралы айтылғандардың дұрысы |
| Шырақтың азимуты деп S оңтүстік нүктесінен бастап математикалық көкжиек бойымен батысқа қарай шырақтың вертикаль шеңберіне дейінгі доғаны айтады | |
| талтүстік сызық пен шырақ вертикаль сызығының көкжиекпен қиылысу нүктесі бағыты арасындағы бұрышты айтамыз | |
| Азимут 0º ~360º аралығындағымәндерді қабылдайды |
Вопрос №81
| V2 | Бірінші экваторлық координаттар жүйесі |
| негізгі жазықтығы ретінде аспан экваторы жазықтығы алынады | |
| Бірінші координат ретінде δ еңкеюі алынады | |
| Негізгі нүкте ретінде аспан экваторының Qжоғарғы нүктеcі алынады |
Вопрос №82
| V2 | Екінші экваторлық координаттар жүйесі |
| негізгі жазықтығы ретінде аспан экваторы жазықтығы алынады | |
| Бірінші координат ретінде шырақтың еңкеюі δалынады | |
| Екінші координат ретінде шырақтың тік шарықтауы α алынады |
Вопрос №83
| V2 | Шырақтың шығу және бату шарттары туралы айтылымдардың дұрысы |
| |
| |
| Бақылаушыға аспан экваторындағы барлық шырақтар шығатын және бататын болып көрінеді |
Вопрос №84
| V2 | Тәулік деп аталатын уақыттың өлшем бірлігінің ұзақтығы аспанда таңдап алынған нүктеге тәуелді.Астрономияда ондай нүктелер ретінде мына нүктелер алынады |
| Күн мен түннің теңелу нүктесі(жұлдыздық уақыт) | |
| Күннің көрінетін дискісінің центрі(шын күн,шын күндік уақыт) | |
| Орташа күн-уақыттың кез келген мезеті үшін теориялық түрде есептеуге болатын аспандағы ойша алынған нүкте(орташа күндік уақыт) |
Вопрос №85
| V2 | Жұлдыздық уақыттуралы айтылғандардың дұрысы |
| Көктемгі күн теңелу нүктелерінің екі бірдей кульминациялары арасындағы уақыт аралығы | |
| Көктемгі күн теңелу нүктесінің жоғарғы кульминациясынан оның Жұлдыздық нүкте басы болып жоғарғы кульминация моменті алынады | |
| Көктемгі күн теңелу нүктесінің жоғарғы кульминациясынан кез-келген келесі орынға дейінгі жұлдыздық тәулік бірлігіндегі уақыт - жұлдыздық уақыт деп аталады |
Вопрос №86
| V2 | Шын күндік уақыт туралы дұрыс тұжырым |
| Бірдей екі кульминациялар арасындағы және бірдей географиялық меридиандағы уақыт аралығы шын күндік тәуліктер деп аталады | |
| Күннің төменгі кульминациясынан оның кез-келген келесі орнына дейінгі уақыт аралығын шын күндік уақыт Тс деп атайды | |
| T с= t с + 12h |
Вопрос №87
| V2 | Орташа күндік уақыт туралы дұрыс тұжырым |
| Күнніңқозғалысымен байланысты тәуліктің тұрақты ұзақтығын алу үшін орташа эклиптикалық және орташа экваторлық күн деген екі нүкте ұғымы енгізілген | |
| Орташа эклиптикалық күн күннің жылдамдығымен эклиптика бойымен бірқалыпты қозғалады | |
| Орташа экваторлық күн аспан экваторы бойымен орташа эклиптикалық күн жылдамдығымен бірдей қозғалады және онымен көктемгі күн теңелу нүктесін бірдей уақытта қиып өтеді |
Вопрос №88
| V2 | Уақыт теңдеуі |
| η= Tm — Tс = tm — tс = aс — am | |
| Орташа уақыт пен шын күндік уақыттың бір мезеттегі айырмасы - уақыт теңдеуі деп аталады | |
| Tm = Tс + η= tс+12h + η |
Вопрос №89
| V2 | Әлемдік уақыт |
| Гринвич меридианының жергілікті орташа күндік уақыты - әлемдік уақыт T0 деп аталады | |
| T m - Tn= λh + n h | |
| T m = T 0 + n h |
Вопрос №90
| V2 | Белдеулік уақыт туралы дұрыс тұжырым |
| 1884 жылы орташа уақытты санау үшін белдеулік уақыт ұсынылды | |
| Уақытты санау бір-бірінен 150 ендікте орналасқан негізгі 24 географиялық меридианда жүргізіледі | |
| Нолдік белдеу ретінде Гринвияч меридианы қойылған |
Вопрос №91
| V2 | Декреттік уақыт туралы дұрыс тұжырым |
| Бұл қандай-да бір өкіметтік декрет (қаулы) негізінде енгізілетін уақыт | |
| Үйлер мен кеңселерге берілетін электр энергиясының дұрыс жұмсалуы үшін жаз мезгілінде жаздық уақытты енгізген | |
| Әр мемлекет орналасу жағдайына қарай белгілейді |
Вопрос №92
| V2 | Вин заңын көрсетіңіз: |
C)
| |
G)
| |
H)
|
Вопрос №93
| V2 | Абсолют қара дене үшін Планк формуласын көрсетіңіз: |
F)
| |
G)
|
Вопрос №94
| V2 | Қай тұжырым Коперник әлемі жүйесіне тән? |
| A) Жер басқа да планеталар тәрізді Күнді айнала қозғалады | |
| C) Әлем центрінде Жер емес, Күн тұрады | |
| E) Жер өз осі бойымен айналады және осы айналу шырақтардың тәуліктік қозғалысын түсіндіреді |
Вопрос №95
| V2 | Төменгі келтірілген тұжырымдардың қайсылары Кеплер заңдары болып табылады? |
| А) Әрбір планетаның Күнді айнала қозғалысының траекториясы (орбитасы) эллипс болып табылады, әрі оның бір фокусында Күн тұрады. | |
| D) Әрбір планета өзін Күнмен қосып тұрған түзу бірдей уақыт аралықтарында бірдей аудандар сызып өтетіндей түрде қозғалады. | |
| E) Күнді айнала қозғалып жүрген кез келген екі планетаның айналыс периодтарының квадраттарының қатынасы олардың Күннен орташа қашықтықтарының кубтарының қатынасына тең болады. |
Вопрос №96
| V2 | Декреттік уақыт туралы дұрыс тұжырым |
| Бұл қандай-да бір өкіметтік декрет (қаулы) негізінде енгізілетін уақыт | |
| Үйлер мен кеңселерге берілетін электр энергиясының дұрыс жұмсалуы үшін жаз мезгілінде жаздық уақытты енгізген | |
| Әр мемлекет орналасу жағдайына қарай белгілейді |
Вопрос №97
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 328 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |