Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

аратау қорығы

Читайте также:
  1. Ақсу-Жабағылы қорығы

2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген

Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған

Табиғат ескерткіші [1] — ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат объектілері. Халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғауға алынады.

Қызыл кітап [1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды

Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер Консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады

Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын организмдер.

Қорықша [1] – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады. Мыс., Қапшағай аңшылық қорық ш-нда дәрі-дәрмектік шөптерді жинауға тыйым салынғанымен, аң аулауға рұқсат етіледі. Олар зоология, ботаника, гидрология, геология, геоморфология, гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді, жергілікті және респ. мәндегі Қорықша болып бөлінеді. Онда белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі; қ. Ботаникалық қорықшалар, Зоологиялық қорықшалар.

Резерват (лат. reservetus — сақталған) — негізгі қорғалатын нысаны табиғи кешен құрауыштарының бірі болып табылатын қорғалатын табиғи аумақ. Резерваттар міндеті (орман, батпақ, орнитологиялық және т.б.) мен режімі бойынша сараланады: басқарылмайтын Резерват — мұнда табиғи процестер адамның ешқандай араласуынсыз өзінен-өзі табиғи негізде реттеледі және басқарылатын Резерват — қорғалу режімі бойынша қорыққа жақындау келеді. Резерваттар Ұлыбританияда, Бирмада, Африка елдерінде бар. Резерватты кейде қорық және қорықша деп атайды

Сапрофиттер - органикалық өлі заттармен қоректенетін, микро ағзалар. Кейбір түрлері адамға қауіпті

Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.

Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер,

 

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 52 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав